Заңды тұлғалардың ұлты мен статуты

Халықаралық жеке құқықта субъектілерінің жағдайының ерекшелігі олардың тек қана құқықтар мен міндеттерге ие болуында ғана емес, сонымен қатар халықаралық-құқықтық нормаларды жасау мен жүзеге асыруында деуге болады.

Қазақстанның заңдарында да шетелдік заңдарда да заңды тұлғалар - бұл ең біріншіден кез келген дамыған және дамушы елдердің экономикасында маңызды рөл атқаратын әр түрлі кәсіпкерлік бірлестіктер. Қазақстандық заңнамада заңды тұлға дегеніміз – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым танылады.Заңды тұлғалар өз қызметінде бір мемлекетпен шектелмейді, олар шетелдік әріптестермен де шарт жасасуға құқылы, яғни сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыра алады. Сондықтан заңды тұлғаның ұлтын, оның құқыққабілеттілігінің көлемін анықтайтын жеке заңның, құрылу мен жойылу тәртібін, сондай-ақ заңды тұлғалардың басқа мемлекеттердегі құқықтық жағдайын қарастыру маңызды болып табылады.

Құрылымның заңды тұлға екенін анықтау үшін оның қай мемлекетке қатыстылығын және жеке заңын анықтау қажет, яғни заңды тұлғаның жеке заңымен(статутымен) оның құқыққабілеттілік көлемі, жойылу тәртібі т.б. құқықтық мәселелер анықталады. Заңды тұлғаның жеке статуты дегеніміз - заңды тұлғаның құқық қабілеттігін анықтау. Мысалы, Англияда «партнершип»(толық серіктестік) заңды тұлға бола алмайды, ал Қазақстанның заңдары бойынша ол заңды тұлға. Егер ағылшындар Қазақстан Республикасын ағылшын құқығы бойынша партнершип ұйымдастырғысы келсе, олардың заңды тұлға ретінде тіркелуге қажеттілігі керек емес, бірақ олар Қазақстанда жұмыс істей алмайды, өйткені қазақстандық заңнама бойынша олардың сауда айналымына қатысуға құқықтары жоқ.

Заңды тұлғаның жеке заңы – осы заңды тұлғаға қолданылатын елдің құқықтық тәртібі. Заңды түрде «заңды тұлғаның статуты» категориясы Қазақстан Республикасының АК 1100 бапта бекітілген (lex societatus) Жеке статутымен қатар заңды тұлғаның құқықтық мәртебесіанықталады: заңды тұлғалардың белгілері, құқыққа қабілеттілік көлемі, пайда болу мен тоқтатылу тәртібі т.б. Егер заңды тұлғаның статутымен Қазақстан Республикасының құқығы танылса, онда құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы АК-нің 33–57-баптарымен анықталады.

ҚР АК-де заңды тұлғаның статутын анықтайтын мәселелер тобы жалпы көрсетілген, ал РФ АК-нің 1202 баптың 2 тармағында бекітілген.

Олар:

1. заңды тұлға ретіндегі ұйымның мәртебесі;

2. заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны;

3. заңды тұлғаның атауына талаптар;

4. заңды тұлғаның құрылуы, қайта ұйымдастырылуы, жойылу және құқық мирасқорлық мәселелері;

5. құқыққабілеттілік мазмұны;

6. азаматтық құқықтарды иелену тәртібі мен азаматтық міндеттерді өзіне алу;

7. ішкі қатынастар, сонымен бірге заңды тұлғаның өзінің қатысушыларымен қатынастары;

8. өзінің міндеттері бойынша жауап бері қабілеттілігі.

Заңды тұлғаның жеке заңының құрылуын халықаралық жеке құқықтың классикалық доктринасы оның мемлекетке қатыстылығымен, яғни ұлтымен анықтайды. «Ұлт» термині халықаралық жеке құқықта заңды тұлғаларға қатысты шартты түрде қолданылады. Заңды тұлғаның ұлты – заңды тұлғаның белгілі бір мемлекетке қатыстылығы болып табылады.

Қарап отырғанымыздай, «ұлт» және «статут» терминдері өзара ұқсас болып келеді. Заңды тұлғаның белгілі бір мемлекетке қатыстылығы және сол мемлекеттің құқықтық тәртібіне бағынуы. Заңды тұлғаның ұлты оның статутын анықтайды, ал статуттың мазмұны заңды тұлғаның қандай ұлтқа ие болуына байланысты. Заңды тұлғаның статуты дегеніміз заңды тұлғаның ұлты болып табылатын елдің құқығын қолдану.

«Ұлт» термині тұрақты түрде теңіз, әуе, ғарыш кемелеріне қатысты қолданылады. Осылайша, “Сауда теңіз жүзуі” туралы заңның 11 баптың 1 тармағында бекітілген.[2]

Халықаралық жеке құқықтың тәжірибесінде әр түрлі критерияларды ескеретін, заңды тұлғаның ұлтын анықтаудың негізгі 3 тәсілі бар. Бірінші тәсілде, маңызды критерий болып заңды тұлғаның тіркелген жері болады: яғни заңды тұлға құрылған және жарғысы бекітілген елдің заңы. Бұл тәсіл АҚШ пен Ұлыбритания заңдарында қолданылады. Ағылшын авторлары бұл қағиданы инкорпорация деп атайды. Мысал ретінде, егер заңды тұлға Ұлыбританияда тіркеліп, жарғысын бекітсе онда ол инкорпорация қағидасы бойынша және ағылшын құқығымен заңды тұлға болып танылады.

Екінші тәсіл – заңды тұлғаның ұлтын оның орналасқан жері бойынша анықтау. Заңды тұлғаның орналасқан жері дегеніміз оның басқаруы орналасқан жер. Бұл қағида Батыс Еуропаның кейбір континентальды елдерінде қолданылады. Мысалы Франция, ФРГ.

Заңды тұлғаның ұлтын анықтаудың үшінші тәсілі негізгі критерий ретінде ұйымның қызмет ету орнын ұсынады. Бұл тәсіл Италияда және дамушы елдердің тәжірибесінде қолданылады.

Кейбір кездері жоғарыда аталған заңды тұлғаның ұлтын анықтаудың критерийлері, заңгерлерді олардың «формальді» болу себебімен қанағаттандырмайды. Сондықтан мемлекеттердің заңдары мен сот тәжірибесінде, «бақылау теориясы» қолданылады, ол бойынша заңды тұлға шын мәнінде кімнің иелігінде екендігі және кім оған бақылау жасайтындығы анықталады. Алғашында, бұл теория бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында пайда болды.

Әр түрлі елдердің заңдары мен тәжірибесі заңды тұлғалардың қай ұлтқа жататындығын анықтау мәселелерін шешу барысында, формальді критерийлермен бірге «бақылау» критериін қолданады. Әр бір мемлекеттердің заң шығару тәжірибесінде, экономикалық саясаттың мүдделеріне байланысты екі критерийді де пайдаланады. Мысалы, АҚШ-та соттылықты анықтауда инкорпорация қағидасы, ал салық салу мақсаттары үшін “қызмет ету орны” қағидасы қолданылады.

Наши рекомендации