Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерiне меншiгi.

Жеке меншiкте болмайтын жер учаскелерiн қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке берiлуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде шаруа (фермер) қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн, сондай-ақ үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн.
Жеке меншiк құқығын iске асыру

Егер ЖК және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң меншiк иесi мемлекеттiк органдардың қандай да бiр рұқсатын алмай, жер учаскесiн өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады.

Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасасуға құқылы.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi аталған құқықтарды осы Кодекстiң ережелерiн ескере отырып iске асырады.
Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мәмiле жасалған кездегi барлық ауыртпалықтарымен берiледi.

Жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт (өтеусiз пайдаланушымен) нысанында жасалады.

Жерге мемлекеттiк меншiк

Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс қажеттерiне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады.

Мемлекеттiк меншiк құқығын iске асыру

Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскелерi:

1) жеке меншiкке сатылуы немесе өтеусiз берiлуi;

2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлуi;

3) ЖК, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де құқықтық нысандарда iске асырылуы мүмкiн.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Жер ұғымы, және оны табиғат обьектісі ресурсы ретінде

Жер қағидалары, оны қорғау жолдары

Жерді қорғаудың заңдық негіздері

Тақырып 9. Жер қойнауының құқықтық режимі және оны қорғау

1. Жер қойнауының, пайдалы қазбалардың құқықтық жағдайының түсінігі және оларды қорғаудың жалпы сипаттамасы.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңы және жер қойнауын ұтымды пайдалануы мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да заңдар.

Азақстан Республикасының мемлекеттік жер қойнауы қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі.

Жер қойнауының, пайдалы қазбалардың құқықтық жағдайының түсінігі және оларды қорғаудың жалпы сипаттамасы.

Жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болса - жер бетiнен және теңiздердiң, көлдердiң, өзендердiң және басқа да су айдындарының түбiнен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогрестi ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге болатын тереңдiкке созылған жер қыртысының бөлiгi.

Пайдалы қазба - жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ күйiнде кездесетiн (соның iшiнде шипалы балшық) материалдық өндiрiсте қолдануға жарамды табиғи минералдық түзiлiм.

Жер қойнауын пайдалану қатынастары ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылдың 27 қаңтарындағы Заңымен реттеледі.

ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының 2-бабына сәйкес жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жайындағы заңдардың мiндеттерi - Қазақстан Республикасының мүдделерiн және оның табиғи ресурстарын қорғау, Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиiмдi пайдалану және қорғау, жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерiн қорғау, шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарының бiрдей дамуына жағдай жасау, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қатынастар саласында заңдылықты күшейту мақсатында жүргiзудi реттеу болып табылады.

ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының 3-бабына сәйкес Жер қойнауымен және жер қойнауын пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi:
1) жер қойнауын ұтымды, кешендi және қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету;

2) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;

3) республикалық және аймақтық мүдделердiң үйлесуiн қамтамасыз ету;

4) минералдық шикiзат базасын толықтыруды қамтамасыз ету;

5) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жариялы түрде жүргiзу;

6) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;

7) жер қойнауын пайдалану жөнiнде операцияларды жүргiзуге инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу.

ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының 6-тарауы «Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану» деп аталады және қоршаған ортаны қорғауға арналған.

Жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайтуға бағытталған iс-шаралар жүйесi

Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану:

1) халықтың денсаулығын және өмiрiн қорғау;

2) жер қойнауының ресурстарын тиiмдi және кешендi пайдалану;

3) табиғи ландшафттарды сақтау және бүлiнген жерлердi, өзге де геоморфорологиялық құрылымдарды қалпына келтiру;

4) жер сiлкiнудi, көшкiндi, су басуды, топырақтың отыруын болдырмау мақсатында жер қойнауының үстiңгi бөлiктерiнiң энергетикалық жай-күйiн сақтау;

5) су объектiлерiнiң табиғи жағдайын сақтауды қамтамасыз ету бағыттарына негiзделген құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық, технологиялық жүйелердi және басқа шараларды қамтиды.

Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында болжауды, жоспарлауды, жобалауды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау заңдарында көзделген экологиялық талаптар басымдық ретте сақталуға тиiс. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын негiзгi талаптар:
1) кен орнын игерудiң арнаулы тәсiлдерiн қолдану есебiнен жердiң үстiңгi қабатын сақтау;

2) жердiң техногендiк шөлейттенуiн болдырмау;

3) жер қойнауын пайдалану операциялары басталмай тұрып, табиғатты қорғау органдарымен келiсiлген автомобиль жолдарын салудың тиiмдi сызбасын жасау, сондай-ақ скважиналарды бұрғылауда тармақты әдiстi қолдану, iшкi үйiндiлер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудiң қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлiнетiн жерлердiң аумағын азайту;

4) топырақтың, аршу жыныстары үйiндiлерiнiң және өндiрiс қалдықтарының жел эрозиясын, олардың тотықтануын және өздiгiнен жануын болдырмау;

5) сiңiрме және тұщы су қабаттарын ластанудан сақтау үшiн оқшаулау;
6) жер үстi және жер асты суларын сарқылудан және ластанудан сақтау.
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды cақтық аймағының шегiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi осы операцияларды судың деңгейiнiң көтерiлуi жағдайында теңiздiң ластануын болдырмайтындай немесе барынша төмендететiндей етiп жүргiзуге мiндеттi.

Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды cақтық аймағының шегiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi жүргiзiлген операциялардың және мұндай жерқойнауын пайдаланушының кiнәсi болу-болмауына қарамастан су деңгейiнiң көтерiлуiнiң нәтижесiнде теңiздiң ластануы жағдайында қоршаған ортаға не жеке немесе заңды тұлғаларға келтiрiлген зиян мен залал үшiн жауапкершiлiкте болады.

Жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар:

1) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн, соның iшiнде өндiруге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн берiлетiн пайдалы қазбалар, кен орындары жерқойнауы учаскелерi қорының ауқымы мен құрылымын нақтылы бағалау үшiн жер қойнауын iлгерiлей геологиялық зерттеудiң толымдылығын қамтамасыз ету;

2) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзудiң барлық сатыларында жер қойнауы ресурстарын ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету;

3) бай учаскелердi таңдап игеруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөлiп алудың толымдылығын қамтамасыз ету;

4) кен орнын игеру кезiнде айырып алынған және жер қойнауында қалдырылатын негiзгi және онымен бiрге орналасқан пайдалы қазбаларды және қосалқы компоненттердi, соның iшiнде минералдық шикiзатты, өңдеу өнiмдерi мен өндiрiс қалдықтарын нақты есепке алу;

4-1) бастапқы өңдеу деректерi бойынша мемлекеттiк баланста есепте тұрған пайдалы қазбалар қорларын түзетудi жою.

Жер қойнауын қорғаудың негiзiн жер қойнауын пайдалану объектiлерiн геологиялық, гидрогеологиялық, экологиялық, инженерлiк-геологиялық және технологиялық зерделеудiң толымдылығы мен дәлдiгi құрайды.

Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан зиян келтiрген тұлғалар, егер зиян еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан болғандығын дәлелдей алмаса, онда келтiрiлген зиянды нақты залал көлемiнде өтеуге мiндеттi.

Жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн жер қойнауын пайдаланушылармен бiрлесе отырып, жер қойнауын зерттеу және пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар айқындайды. Зиянды есептеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Зиянның көлемiн анықтауға байланысты туындайтын дауларды Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарында айқындалатын тәртiппен сот шешедi.

Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылаудың мiндетi жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргізген кезде жер қойнауының ластануын болғызбау және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайту бөлiгiнде сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңы және жер қойнауын ұтымды пайдалануы мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да заңдар.

Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзгенде пайда болатын қатынастар ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңы және соған сәйкес қабылданған басқа нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi. Заң 10-тарау мен 76-баптан тұрады.

Пайдалы қазбалар мен техногендiк минералды түзiлiмдердiң кейбiр түрлерiне қатысты жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге байланысты ерекшелiктер, пайдалы қазбалардың осы түрлерi туралы және техногендiк минералды түзiлiмдер туралы заң актiлерiмен айқындалады.
Жер, су (жерасты және шипалы балшықтан басқа), орман, өсiмдiк және жануарлар әлемiн, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар арнайы заңдармен реттеледi.

Жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты азаматтық құқықтық қатынастар осы Заң нормаларымен реттелмеген болса, азаматтық заңдар нормаларымен реттеледi.

Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, шетелдiк азаматтар және заңды тұлғалар; сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар жер қойнауын пайдалану жөнiнде Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей құқықтармен пайдаланады және мiндеттер атқарады.

Заң белгiленген азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары Үкiметтiң, орталық әрi жергiлiктi атқарушы органдардың және мәслихаттардың актiлерiмен шектелмейдi. Мұндай актiлердiң заң күшi болмайды және орындалуға жатпайды.

Жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет меншiгi болып табылады. Егер контрактiде өзгеше көзделмеген болса, минералды шикiзат меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының меншiгiне жатады (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кәсiпорнына - шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығымен).
Техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар жер қойнауын пайдаланушының меншiгi болып табылады. Техногендiк минералдық түзілімдерді игеру кезiнде жер қойнауын пайдаланушы не жер қойнауын пайдаланушыдан техногендiк минералдық түзiлiмдерге меншiк құқығын алған үшiншi тұлға кен орнын игеру кезiнде салық төленбеген пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттiк сараптама жүргiзуге және құзыреттi органмен оны өндiруге келiсiм-шарт жасасуға мiндеттi.
Мемлекет меншiгiндегi техногендiк минералды түзiлiмдерден алынған пайдалы қазбаларға иелiк ету құқығы контрактыда айқындалады.

Минералды шикiзат, техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар немесе пайдалы қазбалар меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының иелiгiнде болса, ол минералды шикiзатқа, техногендiк минералдық түзiлiмдерге, техногендiк суларға немесе пайдалы қазбаларға иелiк етуге, олар жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға хақылы.

Барлық мүдделi тұлғалардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заң функцияларын жүзеге асыратын жоғары өкiлдi органының және жергiлiктi өкiлдi органдардың құзыреттi органда:

1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзудiң шарттарымен және оның нәтижелерi туралы шешiмнiң мазмұнымен;
2) жасалған келiсiм-шарттар бойынша конкурс шарттарының орындалуымен танысуға құқығы бар.

Тараптар құпия деп таныған ақпаратты Қазақстан Республикасының заң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарына, жоғары өкiлдi органы мен жергiлiктi өкiлдi органдарына беру құпиялылық режимдi бұзу болып табылмайды.

Наши рекомендации