Аржы саясаты мен қаржы механизмі
Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады. Қаржы саясаты ел экономикасын дамытудың басым бағыттарына қарай, сондай-ақ өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы, құрылымды құрайтын басқа да салалардағы, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып қалыптастырылады. Қаржы саясатының мазмұны, нысаналы бағыты және тиімділігі қоғамдық құрылыстың сипатымен, өндіріс-құрал- жабдығын меншіктену түрлерімен анықталады. Қазақстанда қаржы саясатын жүзеге асыру шаралары ҚР Конституциясында, елдің Бюджет жүйесі туралы заңы мен Салық кодексінде, республиканың жыл сайынғы қаржы жылына арналған Республикалық бюджеті туралы заңдарында, басқа да заңнамада, ел Президентінің жарлықтары мен жолдауларында, республика Үкіметінің қаулыларында айқындалған.
Қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасынан тұрады.
Қаржы стратегиясы - экономикалық және әлеуметтік стратегияны білдіретін, болашаққа есептелген узақ мерзімді қаржылық саясат курсы. Қаржы стратегиясы жасалу барысында оның негізгі бағыттары болжамдалады, қаржыны қолдану және ұйымдастыру қағидалары белгіленеді, экономикалық саясат арқылы жасалған және қабылданған экономикалық даму бағыттарындағы қаржы ресурстарының кажетті шоғырлануы туралы мәселелер шешіледі. Қаржы тактикасы - ел дамуының белгілі бір кезеңіндегі міндеттердің шешімі және осы дамуды қаржы саясатының міндеттерін шешуге бағытталган қаржылық қатынастарды ұйымдастыру әдістерін дер кезінде өзгерту жолымен қамтамасыз ету. Қаржы тактикасы экономикалық жағдайлар және әлеуметтік факторлар қозғалысымен анықталатындықтан, икемдірек болады. Қаржы стратегиясы мен каржы тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық мақсатты шешуге жағдай жасайды, сонымен қатар оның дамуының шешуші бөліктерін анықтайды және қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысаны мен әдістеріне сәйкестендіреді.
Қазіргі кезеңде қаржылық саясаттың көмегіммен шешілетін басты міндеттерің қатарына мыналарды жатқызуға болады:Елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржылық ресурстардың неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету; Қаржылық ресурстарды қоғамдық өндірістің сфералары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау; Экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржылық механизмді жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру. Елдің қаржылық жағдайы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс; инвестициялаудың ауқымы; Негізгі капиталдарды жаңартудың қарқындары; Еңбек өнімділігінің өсуі; Халықтың тұрмыс деңгейі; Мемлекет бюджетінің деңгейі. Қаржылық саясат мемлекет қызметінің салық салу және экономикаға ықпал ету мақсатымен меемлекет шығыстарының құрылымын реттеу саласындағы және бюджетті реттеу саласындағы екі өзара байланысты бағыттарынан тұрады. Қаржылық саясаттан фискалдық саясат-яғни мемлекеттің салықтық-бюджеттік саясатты бөліп көрсетеді. Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржылық механизм – экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының,қаржылық ресурстарын қалыптастырып пайдалану әдістерінің жиынтығы.Қаржы механизмінің құрылымы қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердіц қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржылық механизм мемлекет қаржысының механизмі,шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық механизмі,сақтық механизмі болып бөлінеді.Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды қорғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режімі, қаржыны ұйымдастыру.