Аржы ресурстары, қаржы қорлары

Қаржы– мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілерге ақшалай табыстар мен жинақтарды қалыптастыруға, оларды қоғамдық әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіне пайжалануға байланысты жалпы қоғамдық өнім құнымен ұлттық байлықтың бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде туындайтын ақша қатынастары.Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар.Ақша—бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы — жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.Қаржы ресурстары – бұл жалпы қоғамдыө өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу арқылы табылатын қоғамдық өндіріс қатысушыларының ақшалай жинақтары мен ақшалай қорлары. Қаржы қорлары - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары. Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары — бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы қаражаттар, сондай-ақ мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының негізгі түрлері болып табылады: Халықаралық валюта қорының және басқа халықаралық ұйымдарының кредиттері, Ұлттық банктің ішкі кредиттері; салықтар; бюджетке төленетін басқадай төлемдер; бюд­жеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар және өзгедей түрлері. Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының түрлеріне мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектісінің таза табысы - пайдасы; амортизациялықаударымдар; кредиттер; сақтық өтеулері; істен шыққан мүлікті сатудан түскен түсім-ақша; орнықты пассивтер; құрылыста ішкі ресурстарды жұмылдыру; серіктестіктер мен кооперативтер мүшелерінің үлестік және басқа жарналары; меншікті бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстар; жоғарғы құрылымдардан аударылған қаржы ресурстары; бюджет субсидиялары және басқадайлары.Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.

Орталықтандырылған қаржы ресурстары бюджет және макродеңгейдегі ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.Мемлекет тарапынан болатын жеңілдікті несиелендіру.
Орталықтандырылмаѓан қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасады және өндірісті кеңейтуге, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.

Қаржы ресурстарын босатып алудың мынадай жағдайлары бо­лады:

айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету;өндірісті қысқарту;тауар-материалдық құндылықтардың босалқы қорларын қысқарту;материал сиымдылығын қысқарту;меншікті қаражаттарды қарыз қаражаттарымен ауыстыру.

4. Қаржының экономикалық категориялармен өзара байланысы. (Баға, несие, еңбекақы)

Қаржы құндық бөлу үдерісіне қатыса отырып, баға, еңбекке ақы төлеу, кредит, сақ-тандыру және басқа категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-әрекет жасайды. Бұл ақшалай категориялар сонымен бірге ұдайы өндіріс циклінің барлық стадияларына қатысады, алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бір-дей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс үдерісінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі.

Баға және қаржы. Баға - тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақшалай нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді. ¥лттық табыс бөлінгенге дейін және қайта бөлінгенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақ-шаның мөлшерін алдын ала анықтайды және одан ары бөлінетін үдерістің алғашқы негізі болып саналады. Бөлініс үдерісінде еңбектің қоғамдық қажетті шығындарымен анықталатын құннан бағаның ауытқуы пайда болуы мүмкін, мұның нәтижесінде бірқатар өндірушілерде көп құн, басқаларында аз құн өткізіледі. Мұндай жағдайда қайта бөлгіштік үдеріске өзінің әдістерімен қаржы араласады: ол құнның бір бөлігін (мысалы, акциздердің, экспортқа немесе импортқа салынатын салықтардың, кеден баждарының көмегімен) алады немесе құнның кем алынған бөлігін субвенциялар, бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен алып береді.

Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарларымен және үйлесімдерімен белгіленген құн қозғалысының шарттарын ескере отырып бөлудің бағамен басталған үдерісі түзетіледі. Егер бағаның көмегімен өнімді өткізуден түсетін жалпы түсім-ақша қа-лыптасатын болса, қаржылық бөлу бұл түсім-ақшаны одан ары бөлуге арналған мақсатты ақшалай қорлар бойынша бөлшектейді. Сөйтіп, бөлудің қаржылық әдістері анағұрлым иілгіш келеді, олар бұл үдерістегі үлкен атаулы сипатты қамтамасыз етеді. Бөлу кеңділігінің дәрежесі әр түрлі: егер баға құнның қоғамдық қажетті шығындардан ауытқуы немесе шығындардың жеке-дара шығындардан ауытқуы түріндегі оның тек бір бөлігін бөлетін болса, қаржы жалпы қоғамдық өнімнің бүкіл құнын қайта бөледі.

Қаржы және еңбекке ақы төлеу. Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуы үшін алғышарттар жасайды, өзара іс-қимылда

ұдайы өндіріс үдерісін ынталандырады. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеу қоры (жалақы қоры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бұл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін. Шаруашылық практикада табыс категориясын пайдаланған жағдайда еңбекке ақы төлеу коры қол жеткен қаржылық нәтижелермен тығыз байланысты үйлесімде қалыптасады.

Еңбекке ақы төлеу тұтыну стадиясында, яғни тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу жолымен пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бір бөлігі қаржылық әдістермен халықтың салықтарды, сақтандыру бойынша жарналарды төлеуі түрінде; кредиттік әдіспен - банктерге салынған салымдар, мемлекеттік қарыздардың облигациялары түрінде; акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу жолымен жұмылдырылады.

Жалақы мен қаржының іс-әрекет етуінің айырмашылығы:

1) қаржылық бөлудің шекарасы анағұрлым кең; жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысты;

2) қаржы құнның біржақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның ыңғайласпа қозғалысына - еңбек құнына және оның ақшалай өтемақысына қатысты.

Қаржы және кредит. Қоғамдық өнім құнын бөлуге кредит те қатысады. Әрі қайта бөлгіштік үдерістер кредиттік қатынастардың сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты кредиттік қатынастарда да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін кредиттік деп аталатын ақшалай қорлар қалыптасып, пайдаланылады.

Қаржы мен кредиттің өзара байланысы қаржылық және несиелік ресурстарды қалыптастыру үдерістерінде анық байқалынады, онда екі категорияның іс-әрекеті өзара бағытталған - қаржының көмегімен банктің несиелік ресурстары құрылады: шаруашылық органдардың қаражаттары, амортизациялық аударымдар, материалдық ресурстарды сатып алуға бірден бағытталмайтын, айналым қаражаттарын толтыруға арналған өнімді өткізуден алынған түсім-ақшаның бір бөлігі. Несиенің көмегімен қаржылық ресурстар қалыптасады: несиелер шаруашылық органдардың қаржылық ресурстарын толықтырады - өтеу мезетіне дейін; табыстан банктердің бюджетке төлемдері - олардың қызметінің нәтижелері бойынша және бірқатар басқа жағдайларда; мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру үшін банктерден бюджеттік қарыз алу.

Сөйтіп,ұлғаймалы ұдайы өндіріс мұқтаждарын қамтамасыз етуде екі категорияның өзара бірін-бірі алмастырушылығы байқалып тұрады.

Қаржы мен несие арасындағы айырмашылық. Егер қаржы қоғамдық өнімді бөлетін және қайта бөлетін болса, несиеқаржы бастаған бөлуді жалғастыра отырып тек қайта бөлуге қатысады. Несиенің объектісі осы мезетте уақытша бос болып келетін құнның бір бөлігі болып табылады, бұл ақшаны қажетсініп отырған шаруашылық органдары мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құнды несие қорына шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Жинақталған ақшалай қаражаттарды пайдалану әдісі айтарлықтай айырмашылық болып табылады: қаржыландыру қаражаттарды өтеусіз және мерзімсіз тәртіппен бағыттауды шамаласа,несиелендіру қайтарымдылық, мезгілдік, ақылық жағдайларында жүргізіледі; несиенің аса маңызды қағидаты - берілетін несиенің материалдық қамтамасыздығы.


Наши рекомендации