Кіріспе. Қазақстан мемлекетінің депозиттік салымға кепілдік саясаты мемлекетінің қаржы рыногын қалыптастырудағы

Қазақстан мемлекетінің депозиттік салымға кепілдік саясаты мемлекетінің қаржы рыногын қалыптастырудағы стратегиялық бағыттарының бір саласы. Бұрын-соңды либералды экономикада болмаған халықтың нарық заңдылықтарының мақсаттары мен принциптерін түсіне қоюы қиын, оның үстіне нарық заңдылықтарын халыққа ұғындырып жатқан ешкім жоқ. Нарық жағдайындағы қаржылық сауаттылығы жоқ халықты қаржы рыногына тартудың бірден-бір жолы-мемлекеттің халықты қолдайтын заңнамалық негізді жасауы. Осы мақсатта 1995 жылы 31 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қабылданып, мемлекеттік құрылымын анықтайды. Конституциямен бір күнде өмірге «Қазақстан Республикасындағы Банктер және Банк қызметі туралы» №2444 Заңы қабылданды. Осылай еліміз нарықтық экономикалық қатынастардың заңы негізін қалыптастырды.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңы: «Банк- осы Заңға сәйкес банк қызметін жүзеге асыруға құқылы комерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға,... банк ретінде мемлекеттік тіркеуін және банк операцияларын жүргізуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан лицензиясы болуымен белгіленеді»[2]- дейді. Осылай экономикалық реформаға көшкен Қазақстанның қаржылық рыногының негізін қалаған заң қабылданды. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 заңы Қазақстан Республикасының банк жүйесін екі деңгейге бөледі. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (Қазақстан Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді»[3].- делінген. Осылай Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі құрылып, екінші деңгейлі банктер комерциялық банктер деп аталады.

Біздің ізденіс тақырыбымыз: « Қазақстан Республикасының депозиттік салымға кепілдік саясаты». Бұл тақырып Қаржы рыногын қалыптастырған Қазақстандағы өзекті мәселелерінің бірі. Қаржы нарығына сырттан қымбат әрі қатал талаптар қойылған инвестиция тартқаннан гөрі, ішкі нарықтағы бос әрі әрекетсіз жатқан тұрғындардың қолындағы қаржыны-депозит салымы арқылы тартқан ел экономикасына оң әсер беретіні белгілі. Біріншіден қаржының жаңа көздері ашылады, екіншіден әрбір салымшының ақшасы экономиканың нақты саласына несие болып құйылады. Осы арқылы салымшы , банкі және несие алушы депозиттің пайдасын үшке бөледі. Екінші деңгейлі банктер қаржы рыногындағы ең басты ұйымды отырушы күшке айналып шыға келеді. Дегенмен мемлекет өзі қабылдаған заңдары арқылы комерциялық банктердің қызметін қатаң қадағалауға ала отырып, заңдылықтардың орындалуын да қадағалайды.

Зерттеу жұмысымыздың бірінші бөлімінде «Комерциялық банктердің депозиттік саясатының негізгі міндеттері халықтың қысқа мерзімді депозиттеріне қарағанда ұзақ мерзімді депозиттерді дамыту және осының негізінде қаражаттардың тұрақты көздерін қалыптастыру қарастырылды. Талап еткенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде карточкалық шоттарды кезеңдер бойынша көбейту, клиенттерге көрсетілетін депозиттік және онымен байланысты банктік қызметтер ауқымын көбейту қаралған. Осы бірінші бөлімде депозитті ұйымдастыру, басқару және сақтандырудың шетелдік тәжірибелері де қарастырылған. Либералды экономика тарихында АҚШ, Германия, Франция, Англия, Жапония сияқты елдердің депозиттерді сақтандыру құрылымдарынан мысал келтірілген.

Жұмыстың екінші бөлімі «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік қызметін талдау»- деп аталады. Бұл бөлімде Қазақстан Республикасының депозиттік салымға кепілдік саясаты сөз болады. Бүгінгі ұрпақ екі түрлі қоғамдық экономикалық формацияны бастан өткерді. Кеңестік социализмде барлық жиған тергенін 1947 жылы және 1961 жылы ақша реформалары кезінде жоғалтып алды. 1991 жылы социализмнен бас тартып, жоспарлы экономикадан іргемізді алшақтатқанда, ұлттық валютаны енгізумен бірге КСРО жинақ кассаларындағы депозиттік салымдар бір күнде тиынға айналды. Халық жиған-тергенінен тағы айырылып қалды. Осылай экономиканың қаржы саласындағы қиындықтары халықтың банктерге деген сенімін жоғалтты.

Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңына қол қою арқылы халықтың банкке деген сенімін арттыру үшін, депозиттерді сақтандыру шараларын іске асырды. Зерттеу жұмысымызда мемлекеттің депозиттік саясатындағы қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау қызметін атқаратын уәкілетті органдар Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасына берілген құзіреттер екінші бөлімнің бірінші параграфында сөз болады. Уәкілетті орган банктер қызметіндегі кәсіптік қызметті жүргізуге лицензия береді және заңнамалық талаптар бұзылғанда, лицензияны қайтарып ала алады. Осылай банктердің заң талаптарын бұзуына жол бергізбейді. Осы бөлімде депозиттерге міндетті кепілдік беру шараларын ұйымдастыратын- «Қазақстанның депозиттерге міндетті кепілдік беру Қоры « АҚ туралы сөз болады. Қорға- Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне мүше болу үшін, ҚҚА-ның Басқармасынан лицензия алған жеткілікті.Және банкілік есеп шот ашу, депозиттер қабылдау мен жүргізуге рұқсаты бар банктер- депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіреді.

Зерттеу жұмысының екінші бөлімнің екінші параграфы депозиттерге міндетті кепілдік беру Заңына орай құрылған «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ қызмет аясына арналады. Қордың жалғыз құрылтайшысы Қазақстанның Ұлттық Банкі. Қорды құрудың негізгі мақсаты-қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы-банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда немесе банктер өз еркімен қайта құрылымдап немесе таратылғанда депозитор-салымшылардың шығынын өтеу. Салымшылардың алданып қалмауының алдын алуды мемлекеттік мүддеден қамтамасыз ету. Сондай-ақ банктерді банкроттық жағдайға жеткізбеу- Қордың гуманистік миссияның бір тармағы.

Зерттеу жұмысының үшінші бөлімінде Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдіктердің орындалуының нақты атқарылуы қарастырылады. Жұмыста көрсетілгендей Қазақстанда тіркелген банктердің бәрідерлік жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға банк шоттарын ашу мен жүргізуге лицензия алуы, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне автоматты түрде кіруі болып табылады. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен Қадағалау қызметін атқаратын тарату комиссиясын орнықтырады, олардың жұмысына бақылау жасайды.

Қазақстан Республикасының Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: « Қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика сектронының кредиттік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте қаржылық жүйеге бақылауды әлсіретуге болмайды, банктерді проблемалық кредиттерден тазарту және қорландыру мәселелерімен тығыз айналысу қажет. Бұл үшін Ұлттық Банк пен Үкіметке Президент Әкімшілігінің үйлестіруімен экономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша- кредит саясатының жаңа жүйесін әзірлеу қажет болады. Тиімділіктің басты өлшемі- біздің салымдарымыздан түсетін қайтарым деңгейі»- деп атап өтті[1].

Дамыған елу елдің қатарына кіру- халықтың әлқуатын нығайту арқылы іске аспақ, бұл-Қазақстан банктік жүйесіне де әсер етеді. Қуатты халықтың қаражаттары мол, экономикалық белсенді болатыны белгілі. Банктерге тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Олай болса депозиттік салымдарға деген мемлекеттік саясаттың оң болуы- ішкі ресурстарды тартудың тиімді жолы.

Наши рекомендации