Терминдер мен анықтамалар
ЖЕТІНШІ БӨЛІМ
ЖОБАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ
Терминдер мен анықтамалар
Жаңа машиналарды жобалау – конструкторлар мен жобалаушылар деген жалпы атпен біріктірілген, белгілі тұлғалардың қызметтерінің күрделі түрі. Жобалау дегеніміз бұл жобалау әдістемелері мен сатыларын жақсы білетін және жаңа бұйымды жасауда жобалау процедуралары мен операцияларды практикада қолдана алатын конструктор-жобалаушылар маманданған әрекеттерінің негізгі обылысы.
П. И. Орлованың бейнелеп айтуынша – жобалау белсенді болу керек [33]. Белсенді жобалау бұл:
- қолданыстағы үлгілерді көз жұма көшіре салмай, ал ойланып, заманауи машина жасауда игерілген, берілген жағдайларда ең тиімді конструкторлық шешімдер арсеналынан оймен таңдап құрылымдау керек;
- әр түрлі мәліметтерді дұрыс үйлестіре игеріп, жаңаларын және жақсаотылғандарын таңдап игеру керек, яғни шығармалық инициативамен, өнертапқыштықпен құрылымдау керек; өзінің өнертапқыш қарқынымен жаңа жобаларды жасай білу.
- өндірістің даму динамикасын ескере отырып, ұлттық экономиканың өскелең талабын қанағаттандыратын және техникалық ескіруден ұзақ уақытқа сақтандырылған, өміршең, икемшіл, резервтері бай машиналарды жасау;
- машиналардың құрылымдық тиімділігі, кинематикалық және күштік сұлбасының жетілгендігі, жасау құны, энергия сыйымдылығы, габариттері, металл сыйымдылығы, сенімділігі және массасы, технологиялығы, күтім жасау қолайлылығы, жинау-бөлшектеу, тексеруі, реттелуі және т.б. жағынан мұқият салыстырмалы бағалай, бірнеше жобалық нұсқаларды талдау.
Жобалау методологиясы – бұл әлі де жасалмаған нысанның құрылысы, логикалық ұйымдасуы, принцип әрекеттері мен құрамы жөнінде іздеу және шешім қабылдау әдістері, құралдары және алгоритмдері, сонымен қатар оны берілген жағдайда жасау үшін қажетті сипаттаулар жасау жөніндегі ғылым. Жобалаудың негізгі түсініктеріне мыналар жатады (МЕСТ – 22487 бойынша):
Жобалау шешімі – бұл жобалаудың әрі қарайғы бағыттарын немесе оны аяқтауды қарастыру және анықтау үшін қажетті және жеткілікті жобалау обьектісінің аралық немесе ақырғы сипаттамасы.
Жобалау алгоритмі – жобалауды орындау үшін қажетті сипаттаулар жиынтығы.
Жобалау тілі – жобалау кезінде ұсыныстар мен өзгерістерді таныстыруға арналған тіл.
Жобалау процедурасы – орындалуы жобалау шешімдерімен аяқталатын әрекеттер жиынтығы.
Жобалау операциясы – жобалау процедураларының бір бөлігін құрайтын, алгоритмі жобалау процедураларының бірқатары үшін өзгеріссіз калатын әрекеттер немесе әрекеттер жиынтығы,.
Бұйымды өңдеудің барлық сатылары МЕСТ бойынша міндетті түрде орындау қарастырылмайды. Әдетте, ол әр жобалау ұйымдарының тәртібі бойынша орындалады және олар қателіктерге әкелуі мүмкін. Мұндай қателіктің түріне бұрынғы мыңжылдықтың 60 жылдары Уралмаш заводында жасалған, үлкен диаметрлі бір ғана құбырдан жасалған және жұмыс процесінің вертикальді күйдегі тартқыштардың көмегімен ұсталатын, 9D мачталық мұнара типтегі бұрғылау қондырғысын жатқызуға болады. Принциптік сипаттамадағы үлкен қателік бұрғылау қондырғыларының жетектерінде шынжырлы берілістерді қолдану концепциясы болып отыр, ол жетектің және оның элементтерінің жеткіліксіз сенімділігі мен қолайсыздығын дәлелдейді.
Ескере кету керек, өндірістің сыбайлас салаларында - тау-кен, металлургия, авияция салаларында – альтернативті жетектік шынжырлар болып көп ағынды планеталық тісті берілістер қолданылады (мысалға, порт крандарының шығыр жетектерінде, ұшақ пен тікұшақтарда, прокаттау станоктарында және комбайндарда).
7.2. Жобалаудың процедуралық моделі (ЖПМ)
ЖПМ – бұл жүйелік амалдарды жүзеге асыратын жобалаудың логикалық сұлбасы (7.1-кесте қараңыз).
Жобалаудың барлық жағдайында жобаның техникалық және технико-экономикалық тиімділігін, мүмкіндік шешімдердің әртүрлі нұсқаларын таңдауды, шешімдерді салыстырмалы бағалауды, эскиздік жобаны орындауды ескеру қажет.
Бірақ жобаны шамадан тыс сатылау уақыт шығыны мен жұмыс ресурстарының өндірістік емес шығындарына әкеледі. Сондықтан сатыны таңдау нысанның күрделілігін ескерумен, жаңару дәрежесімен және жобалауда кететін қателіктер салдарын ескеруі керек.
Жобалау процедурасының мазмұнын тереңірек қарастырайық. Жаңа нысанды жасауда қажеттілікті анықтау мәжбүрленеді:
1) өндіріс саласының күйімен;
2) жаңа технологиялар мен жаңалықтарды орындау қажеттілігімен;
3) еңбек өнімділігін арттыру қажеттілігімен;
4) қол жұмыстарын жоюмен;
5) жарақаттануды азайтумен.
Және де бұл халық шаруашылық жоспарларында мен салалық ұйымдардар жоспарларында көрсетіледі.
Жобалау мақсатын анықтау. Жобалау мақсатының формулировкасы нысанды игеру нәтижесін анықтайды. Мақсатты тандау процедурасының негізгі мәселесі болып болжаудың инженерлік әдістері негізінде нысанның жалпы тұлғасын жобалау табылады.
7.1-кесте
Жобалаудың процедуралық моделі
Игеру кезеңдері | Жобалау процедуралары | Жобалау мәселелерін шешу әдісі | Ақпарат көзі | ||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
Бұл уақытта мүмкін болатын бәсекелік даму бағыты, болашақта пайдалану мүмкіндгі, іске асыру тиімділігі мен мүмкіндіктері ескеріледі.
Игерілетін нысанның негізгі белгілерді анықтау элементтер арасында көп белгілі қатынастарының сұлбасын тұрғызудан тұрады.
Техникалық шешімдердің мүмкін варианттарын іздеу шығармашылық бастауға, белгілі тәсілдері және алгоритмі бар шығармашылық ізденіске және ақпарат көздеріне сүйенеді.
Шешімді қабылдау – бұл белгілі мақсаттарға техникалық шешімнің сәйкестігін анықтайтын көрсеткіш нұсқалары немесе көрсеткіштер бойынша ең жақсы вариантын таңдау. Шешім қабылаудың соңғы кезеңінде шешім қабылдау теориясын және экономикалық есептеуді қолданылады.
Қабылданған шешімді талдау – бұйымды жұмыс қабілеттілігіне және техникалық іске асыру мүмкіндігіне тексеру. Талдау тәсілдері: кинематикалық, динамикалық, модельдеу. Соңғы кезең – техникалық ұсынысты игеру.