Бақылау сұрақтары. 1. Банктің тартылған қаражаттары.Банктің депозиттік операциялары

1. Банктің тартылған қаражаттары.Банктің депозиттік операциялары

2. Коммерциялық банктердің депозиттік портфелін қалыптастыру

3. Коммерциялық банктердің депозиттік портфелін басқару

4. Банктің депозиттік саясаты

5. Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесінің құрылуы

6. Қазақстандағы депозиттік нарықтың жағдайы

Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер - 1-9, 11, 12.

Заңдамалар мен нормативтік актлер – 1, 2, 12.

Мерзімді басылымдар - 1-6.

Интернет - 1-7.

Тақырып. Банктік ресурстардың депозитке жатпайтын көздері және банкаралық несиелік ресурстар

Дәрістің мақсаты:Банктің несиелік ресурстарының қалыптасу көздерін, депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылуы, сонымен қатар, қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатын анықтауда студенттердің теориялық білімдерін қалыптастыру.

Дәріс жоаспары

1. Банктік ресурстардың депозитке жатпайтын көздері

2. Банкаралық несиелік ресурстар

Тақырып бойынша негізгі түсініктер:депозиттік емес тартылған қаражаттар, овернайткүндізгі заем, банкаралық депозиттер.

1. Банктің ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Бктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланыстыүлкен екі топқа бөледі:

· Депозиттік қаражаттар;

· Депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бірі арзан ресурс көзі болып табылады.

Соңғы кездері адамдар банкке сенім арта бастады. Бұл экономиканың тұрақты дамуынан ғана емес, салымшылардың ақшаларын банкте сақтауы қауіпсіз, қайта тиімді екеніне көз жеткізгендігінен деп айтуға болады. Ең бастысы - депозиттің қажетті түрін таңдап ал, ал салған ақшаны сақтау, оның процентін көбейтуге банк әрқашанда кепілдік береді. Көптеген банктер банк қызметі нарығында белгілі бір бағытты ұстауда.

Депозит ( латынша deposіtum - затты сақтауға берілген) - банкке уақытша пайдалануға сеніп берген уақытша бос ақша қаражаттары және де бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тартылатын қаражаттары.

Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

2. Банктің депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.

Банкаралық несие – бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері. БН бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады. БН негізін банкаралық деппозиттер құрайды.

Банкаралық депозиттер – бұл банктердің бір-бірінде ашқан корршотындағы қаражат қалдықтары.

Овернайт – банктердің ҰБ корршотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің ҰБ ашқан корршотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие. Сонымен қатар репо операциялары мен вексельдерді жатқызуға болады.

Тұжырымдар

Банктің ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Наши рекомендации