Тұрмыстық мердігерлік шарты
Түсінігі: Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшы азаматтың тапсырмасы бойынша тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.
Суб.:мердігер және тапсырыс беруші
Объектілері: тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттер
Тараптардың құқықтары мен міндеттері:Тапсырысшы өзiне жұмыс нәтижелерiн өткiзгенге дейiн кез келген уақытта мердiгерге тапсырысшының шарттан бас тартуы туралы хабарлама алғанға дейiн орындалған жұмыс үшiн мердiгерге белгiленген бағаның бiр бөлiгiн төлеп, тұрмыстық мердiгерлiк шарттан бас тартуға құқылы және тапсырысшы мердiгердiң сол кезге дейiн жасаған шығындарын өтеуге мiндеттi.
Тапсырысшыға жұмыстардың нәтижелерiн өткiзген кезде мердiгер оған дайындалған немесе қайта жасалған затты не орындалған жұмыстың өзге нәтижесiн тиiмдi және қауiпсiз пайдалану үшiн сақталуы қажет талаптар туралы, сондай-ақ тиісті талаптардан сақтамауын тапсырыс берушiнiң өзiне және басқа адамдарға келтiрiлуi мүмкiн зардаптары туралы хабарлауға мiндеттi.
Мердiгер тұрмыстық мердiгерлiк шарт жасалғанға дейiн тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлерi мен ерекшелiктерi туралы, жұмыстың бағасы мен оған ақы төлеудiң нысаны туралы қажеттi және сенiмдi ақпарат беруге, сондай-ақ тапсырысшыға оның өтiнiшi бойынша шартқа және тиiстi жұмысқа сәйкес басқа да мәлiметтердi хабарлап отыруға мiндеттi. Егер жұмыстың сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсырысшыға мердiгер оны орындайтын нақты тұлғаны көрсетуге тиiс.
Тапсырысшы мердiгерден алынған ақпараттың толық немесе сенiмдi болмауының салдарынан тапсырысшы көздеген қасиеттерi жоқ жұмыстарды орындауға шарт жасалған жағдайларда тапсырысшы тұрмыстық мердiгерлiк шартты бұзуды және зиянды өтеудi талап етуге құқылы.
Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс мердiгердiң материалынан орындалатын болса, шартты жасау кезiнде тапсырысшы материал үшiн толық немесе тапсырысшы мердiгер орындаған жұмыстың нәтижесiн алған кезде түпкiлiктi есеп айырыса отырып, шартта көрсетiлген бөлiгi үшiн ақы төлейдi.
Шартқа сәйкес материалды мердiгер кредитке, оның iшiнде тапсырысшының материалға ақыны бөлiп-бөлiп төлеуi талабымен беруi мүмкiн.
Тұрмыстық мердiгерлiк шартында жұмыстың бағасы тараптардың келiсiмiмен белгiленедi және ол мердiгер жарияланған прейскурантта көрсетiлгеннен жоғары болмауы керек. Тапсырысшы жұмысқа ақыны мердiгер оның нәтижесiн түпкiлiктi тапсырғаннан кейiн төлейдi.
Тараптардың жауапкершілігі: Тұрмыстық мердiгерлiк шарт бойынша орындалған жұмыстың кемшіліктерін тегін жою туралы талап, егер заң актілерінде белгіленген тәртiпте өзге мерзiм (қызмет мерзiмi) көзделмесе, ол кемшiлiктер тапсырысшының өзiнiң және басқа да адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi болған жағдайда тапсырысшы немесе оның құқық мирасқоры жұмысты қабылдаған кезден бастап үш жыл iшiнде қойылуы мүмкiн. Мұндай талап бұл кемшiлiктердiң қай уақытта анықталғанына қарамастан, оның iшiнде кепiлдiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн анықталған кезде де қойылуы мүмкiн.
Мердiгер аталған талапты орындамаған жағдайда тапсырысшы нақ сол мерзiм iшiнде не жұмыс үшiн төленген бағаның бiр бөлiгiн қайтаруды, не кемшiлiктердi өз күшiмен немесе үшiншi тұлғалардың көмегiмен жоюға кеткен шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.
Тапсырысшы орындалған жұмыс нәтижесiн алуға келмеген немесе тапсырысшы оларды қабылдаудан өзгедей жалтарған жағдайда мердiгер тапсырысшыға жазбаша түрде ескерте отырып, сол ескерткен күннен бастап екi ай өткен соң мердiгерлiк нысанасын қисынды бағаға сатуға, ал одан түскен соманы, мердiгерге тиесiлi барлық төлемдi шегерiп, тапсырысшының атына нотариустың депозитіне салуға құқылы.
Шарттың тоқтатылуы: Тұрмыстық мердiгерлiк шарт тараптардың бiрiнiң қайтыс болуы негiзiнде тоқтатылған жағдайда шарттың тоқтатылу зардабы тиiстi тараптың құқықтық мирасқоры мен оның келiсiм-шарт жасасушы агентiнiң арасындағы келiсiм бойынша, ал олар келiсiмге келмеген кезде орындалған жұмыстың мөлшерi мен оның бағасы, жұмсалған және сақталған материалдың құны, сондай-ақ басқа да елеулi жағдайлар ескерiле отырып сот арқылы айқындалады.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты жария шарттарға жатады.
Рылыс мердігерлігі шарты
Түсінігі: Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты бойынша мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгiленген мерзiмде белгiлi бiр объектiнi салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы мердiгерге жұмысты орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға, оның нәтижесiн қабылдап алуға және ол үшiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттенедi.
Суб.: мердігер және тапсырыс беруші
Объектілері: кәсiпорын, үй (оның iшiнде тұрғын үй), ғимарат немесе өзге де объект,салынып жатқан объект.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері:Құрылыс объектiсi жұмысты өткiзудiң шартта белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн дүлей күштiң салдарынан қираған немесе бүлiнген кезде тапсырысшы, егер шартта өзгеше көзделмесе, орындалған және (немесе) қалпына келтiру жұмыстарының құнын төлеуге мiндеттi.
Мердiгер құрылысты және оған байланысты жұмыстарды жұмыстың көлемi мен мазмұнын және жұмысқа қойылатын басқа да талаптарды айқындайтын жобалау құжаттамасы мен жұмыстың бағасын айқындайтын сметаға сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.
Шартта өзге нұсқаулар болмаған кезде мердiгер жобалау-құжаттамасында және сметада (жобалау-сметалық құжаттамада) көрсетiлген барлық жұмыстарды орындауға мiндеттi деп түсiнiледi.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, шетел тiлiнде жасалған жобалау-сметалық және басқа техникалық құжаттама мердігерге мемлекеттік немесе орыс тiлдерiне аударылып берiледi. Өлшем бiрлiктерi заң актiлерiнде белгiленген метрикалық жүйеге сәйкес болуға тиiс.
Құрылыс мердігерлігі шартында жобалау-сметалық құжаттаманың құрамы мен мазмұны айқындалуға тиiс, сондай-ақ тараптардың қайсысы және қандай мерзiмде тиiстi құжаттаманы беру керек екенi көзделуге тиiс.
Құрылыс жүргiзу барысында жобалау-сметалық құжаттамада есептелiнбеген жұмыстарды және осыған байланысты қосымша жұмыстар жүргiзу мен құрылыстың сметалық құнын өсiру қажеттiгiн анықтаған мердiгер тапсырысшыға ол туралы хабарлауға мiндеттi.
Мердiгер өз хабарламасына тапсырысшыдан он күн iшiнде жауап алмаған жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе шартта бұл үшiн өзгеше мерзiм көзделмесе, бос тұрыстан келтiрiлген залалдарды тапсырысшының есебiне жатқыза отырып, тиiстi жұмысты тоқтата алады.
Тапсырысшы қосымша жұмысқа және оған ақы төлеуге келiсiм берген кезде, жұмыс мердiгердiң кәсiби қызмет аясына кiрмейтiн не мердiгерге байланыссыз себептермен орындалмайтын болған жағдайларда ғана мердiгердiң аталған жұмысты орындаудан бас тартуға құқығы бар.
Тапсырысшы жобалау-сметалық құжаттамаға мердiгер үшiн қосымша шығындарға және (немесе) жұмыстың орындалу мерзiмiн ұзартуға байланысы жоқ өзгерiстер енгiзудi талап етуге құқылы.
Мердiгер үшiн қосымша шығындарды керек ететiн жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу тараптардың келiсiлген қосымша сметасының негiзiнде тапсырысшының есебiнен жүзеге асырылады.
Егер мердiгерге байланыссыз себептермен жұмыс құны сметадан кемiнде он процентке асып кетсе, ол сметаны қайта қарауды талап етуге құқылы.
Жобалау-сметалық құжаттамадағы, мұндай құжаттама өзiнiң тапсырысы бойынша жасалған жағдайларды қоспағанда, мердiгер жобалау-сметалық құжаттамада жаңсақтықтарды анықтауға және жоюға байланысты шығарған қисынды шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.
Егер шартта тапсырысшының құрылысты тұтасымен немесе белгiлi бір бөлігінде материалдық қамтамасыз етуі көзделмесе, бөлшектер мен конструкцияларды қоса алғанда, құрылысты материалдармен, сондай-ақ жабдықтармен қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi мердiгер мойнына алады.
Мiндетiне құрылысты материалдық қамтамасыз ету кiретiн мердігер өзі берген материалдарды (бөлшектерді, конструкцияларды) немесе жабдықтарды орындалатын жұмыстардың сапасын нашарлатпай пайдалану мүмкiн болмай қалатындығы анықталатын тәуекелге барады.
Тапсырысшы берген материалдарды (бөлшектердi, конструкцияларды) немесе жабдықтарды орындалатын жұмыстардың сапасын нашарлатпай пайдалану мүмкiн болмай қалатындығы анықталған жағдайларда мердiгер тапсырысшыдан оларды қисынды мерзiмде ауыстыруын талап етуге мiндеттi, ал бұл талап орындалмаған жағдайда мердiгер шарттан бас тартуға және тапсырысшыдан шарттың орындалған жұмыс бөлігіне бара-бар бағасын төлеуді, сондай-ақ осы сомамен жабылмаған залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
Тапсырысшы құрылыс салу үшiн жер учаскесiн шартта көрсетiлген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге мiндеттi. Шартта мұндай нұсқау болмаған жағдайда жер учаскесiнiң көлемi мен күйi жұмыстың уақытылы басталуын, оның қалыпты жүргiзiлуiн және мерзiмiнде аяқталуын қамтамасыз етуге тиiс.
Тараптардың жауапкершілігі:Мердiгер шартта, жобада және тараптар үшiн мiндеттi құрылыс нормалары мен ережелерінде көзделген талаптардан жол берілген ауытқулар үшін, сондай-ақ құрылыс объектiсiнiң жобалық-сметалық құжаттамада көрсетiлген көрсеткiштерiне, оның iшiнде кәсiпорынның өндiрiстiк қуаты сияқты көрсеткiштерге жете алмағандығы үшiн тапсырысшының алдында жауапты болады.
Yйдi немесе ғимаратты қайта жаңғырту кезінде (жаңартқанда, қайта салғанда, қалпына келтiргенде және т.б.) мердiгерге үйдiң, ғимараттың немесе оның бөлігінің беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін төмендеткені немесе жойғаны үшін жауаптылық жүктеледі. Құрылыс мердiгерлiгi шартында тапсырысшының талап етуi бойынша және тапсырысшының есебiнен мердiгер жауапты болмайтын кемшiлiктердi (ақаулар мен шала iстелген жұмыстарды) мердiгердiң жою мiндетi көзделуi мүмкiн.
Кепілдiк мерзiмi шегiнде анықталған кемшiлiктер үшiн егер, объектiнiң немесе оның бөлiктерiнiң қалыпты тозуының, оны дұрыс пайдаланбаудың немесе тапсырысшы өзi немесе ол тартқан үшiншi тұлғалар жасаған пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың дұрыс болмауының, объектіні тапсырысшының өзі немесе ол тартқан үшінші тұлғалар жөндеуді тиісті дәрежеде жүргізбеуі салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, мердігер жауапты болады.
Шарттың тоқтатылуы: