Тасымалдың өзіндік құны.

1. Техникалық шығындар-өндіріс пунктінен тұтыну пунктіне жүкті жеткізу тәсіліне байланысты болады.

Шығындар келесі топтарға бөлінеді:

1) Жылжымалы құрамға қажеттілікті азайтуға байланысты жүкті тасымалдауға байланысты шығындар (ағашты іріктеу,жүкті қаптау,орналастыру т.б)

2) Жүк партиясын қоймаға жинауға байланысты шығындар

2.Магистральды қөлік түріне жүкті жеткізуге және коммерциялық операцияларды орындауға байланысты шығындар (тиеп- түсіру)жолдардың күтімін қамтамасыз ету,жолдарды пайдалану ,ашық жылжымалы құрамда жүктерді бекітуге байланысты шығындар.

3.Магистральды көлік түрімен жүк тасымалдауға байланысты шығындар (бастапқы және соңғы операцияларды орындауға және бос қайтуға байланысты)

4.Магистарльды көлік түрінен жүк қабылдаушының мекен жайына байланысты шығындар.(тиеп -түсіру шығындарын қоса).

Тасымалдаумен байланысты барлық шығындар шартты түрде келесілерге бөлінеді:

1) тұрақты

2) тұрақсыз

3) тиеп-түсіру жұмыстарының шығындары

4) жолға байланысты шығындар

Пайдалану шығындары жанар – жағармайдың қосалқы бөлшектердің, жабдықтардың әрекетті толайым бағаларына және жалақының тарифтік ставкасына байланысты есептелінеді.

Шағын деңгейіне келесілер әсерін тигізеді.

1) Жүк ағымының көлемі.

2) Тасмал ұзақтығын жүкпен және жүксіз жүру бағытын анықтайтын тасмалдау туралымәліметтер.

3) Жылжымалы құрамның паркіне әсер ететін жүк ағымның құрлымы, жүк көтерілімдіктің және сиымдылықтың қолдану деңгейі.

4) Жалақы жанармай, электроэнергия қолданудың әр түрлі деңгейін қарастыратын географиялық байланыс ауданы.

5) Ағымдышығындарды есептеуде басқа да қосымша факторларды ескереді:

Тж:

1) 1жоды және 2 жолды линияда тасмалдау ерекшеліктері.

2) Тарту құралының түрі.

3) Жолдың профильі (тігінен және көлденеңінен).

4) Поеъзд салмағы және сапасы.

Өк:

Өзеннің тереңдігі, өзенағысының жылдамдығы, кеменің қозғалыс бағыты (ағыс бағытымен және ағысқа қарсы) каналдардан өту кезіндегі шлюздердің саны, кеменің түрі (самоходный не с)кеменің жүк көтерімділігі, порттың санаты.

Ак:

Жылжымалы құрамның сипаттамасы, ауа райы және жол жағдайлары, жүк ерекшелігі.

Авто көлігінде пайдалану шығындарының өсуіне әсер етеді:

1) Отын бағасының өсуі

2) Жүргізушілердің жалақысының өсуі

3) Майлау,пайдалану шығындарының өсуі.

4) Автокөлік бағасының өсуі

Автомобиль көлігінде тасмалдаудың өзіндік құны шығындарының статьялары:

1) Жанар – жағармайға кететін шығындар.

2) Жүргізушілердің, кондуктордың еңбек ақысы.

3) Майлау материалдарына кететін шығындар.

4) Техникалық күтім және жөндеу жұмыстарының шығындары.

4.1) жөндеу жұмыстары бойынша жұмысшылардың еңбек ақысы.

4.2) пайдалану материалдары (қосалқы бөлшектер) шығындары.

5) Шиналарды ауыструға және жөндеуге кететін шығындар.

6) Жылжымалы құрамның амартизациясы.

7) Накладные расходы.

7.1) инженерлі техникалық қызметкердің еңбек ақысы.

7.2) кәсіп орынды басқару апаратына кеттін шығындар.

7.3) ғимараттарды құрылғыларды жөндеудің шығындары.

Мұнда: 1,2,3,4,5,6тасмалдаудың жүрісіне байланыстыауыспалы шығындарға жатады.

2 статья шартты түрдетұрақты шығындарға жатады.

7 статия тұрақты шығынға жатады және ол тасмалдау жүрісіне байланысты емес.

Жүргізушілердің еңбек ақысы келесі формуламен анықталады:

ЗПв=(Чт* Q+Jткм* Р)*1,5.

Чт – бір тонна кмге есептелген еңбек ақының ставкасы (таривті ставка)

1,5 – еңбек ақыға қосылатын әр түрлі косымшалар

Ауыспалы шығындар

Спер = Cкм*Lобщ

Сауыс=Cкм*Lжалпы

Скм – 1км-ге кететін шығындар нормасы

Тұрақты шығындар

Спос=Cач*Aчр

Стұр=Cас*Acж

Сач – 1авт, сағатқа келетін шығындар нормасы

АЧ - жұмыстағы авто сағат

Жиынтық шығындары

Сэкс= ЗПв+Спер+Спос

Спайд=l Ажүр+Саут+Стұр

Жалға қатысты шығындар автомобиль колігінен баска барлық көлік түрінде есептелінеді

Сжол=С1км*Lжалпы

C1км -жолды жөндеуге немесе жол құрамына кететін шығындар

Ең ұтымды колік түрін таңдауға арналған пайдалану шығындарын есептеудің блок схемаы

АК ТК ӨК

1) Таривтік ставкаларға байланысты жүргізушілердің еңбек ақысын анықтау

2) 1км.ге кететін шығын нормаларына байланысты ауыспалы шығындарды анықтау

3) Жылжымалы құрамның 1сағ.жұмысына кететін шығындардың нормасна байланысты тұрақты шығындарды анықтау

4) Берілген жүкті тасмалдау көлеміне байланысты жыйынтық пайдалану шығындарын анықтау

5) Көліктік өнімінің бірлігін есептеу

6) Шығындық ставкалардың өлшемін салыстыру

7) Өнім бірлігіне кететін минимум пайдалану шығындарының критериі бойынша көлік түрін таңдау.

Тасымалдау процесіедегі пайдалану шығындарының құрамы

Сэкспл=Спайд АК ТК ӘК ӨК ТеңК ҚК
1)Жүкті тасмалдауға дайындық - - - - - -
2)АК-нен магистральді көлікке тиеп-түсіру және қайта тиеу - - + - - +
3)Жылжымалы құрамның тиеп-түсіру кезіндегі бос уақыт + + + + + +
4)Қозғалысқа кеткен шығындар + + + + + +
5)Қатынас жолдарының қалыпты жағдайларын қамтамасыз ету - + + + + +
6)Тасмалдау кезіндегі жүктің бүлінгеніне, жоғалуына шығындарының орнын толтыру + + + + + +

«+» көліктік ұйымдармен ескерілетін шығындар

«-» көліктік ұйымдармен ескерілмейтін ұйымдар

Тасмалдаудые өзіндік құны көлік жұмысын сипаттайтын маңызды және ортақ көрсеткіші болып табылады.

Тасымалдаудың өзіндік ұұны көлік ұйымының келесі шығындарынан тұрады:

1)өндіріс процесі кезінде өндіріс құралдарын қолдану (майлау материалдары,жанар жағармай, шиналар, қосалқы болшектер және т.б)

2)еңбек құралдары.

3)еңбек ақысы

Тасмалдаудың өзіндік құны көлік ұйымының бір көлік өніміне кететін пайдалану шығындары

Sт= Спайд/Q

Sт.км=Спайд∕P

Sт-1т. жүк үшін

Sткм 1ткм

Пайдалану шығындары тасмалдау процесімен байланысты көліктік ұйымның және жүк иесінің шығындарынан тұрады.

Ұйымның шығындарын шартты түрде екіге бөледі.Тұрақты және ауыспалы шығындар.

Кәсіпорынның тұрақты шығындарын 1т-ға немесе 1авто.сағат жұмысқа нормалдау қабылдаған.

Sт=[тг/т]

Sткм=[тг/ткм]

S=Ст+Сткм*l

Кез-келгенндік баға құрастыру жүйесінде өнімнің өзіндік құны таривті анықтаудың негізі болып табылады .

Өнімнің өзіндік құнын бағаның ең төменгі шегі деп қарастыруға болады.

Тасмалдау қызметін өзіндік құнынан төмен сату кәсіпорынға салынған шығындарды қайталауға мүмкүндік бермейді.

5 тақырып.Көліктегі капитиалдык салымдар(Көліктегі күрделі салымдар

(Капитальные вложения). Келтірілген шығындар туралы түсінік. (5 апта)

Күрделі салымдар жаңа қорларға немесе әрекеттегі негізгі қорларды жөндеуге бағытталған бірдей уақыттағы шығындар.негізгі өндірістік қорлар материалдық заттық формасын өзгертпей және өнім құнын бірден амартизацины есептеу жолымен бөлшектеп ауыстыру арқылы бірнеше өндірістік циклде ескерілетін еңбек қорлары.Көлік саласы күрделі салымдарды ең көп қажет ететін эканомика салаларының бірі болып табылады.Оның күрделі салымдары қайтару мерзімі салыстырмалы түрде ұзақ болып келеді.Көлік саласында тұрақты құрылғыларға және жылжымалы құрамға кететін салымдарды айырады.

Әр түрлі көлік түріндегі негізгі қорлардың құрлымы.

Көлік түрі ЖҚ Ғимараттар мен құрылғылар жабдықтар Тағы басқалар
ТК
АК
ӨК
ТК
ӘК
ҚК

Көлік түріне байланысты қажетті күрделі салымдар келесідей;

ТК-60/40% 60-тұрақты құрылғы

AK-30/70% 40-жылжымалы құрал

ӘК-20/80%

ҚК-90/10%

Жүкті бір көлік түрінен басқа көлік түріне ауыстыру тәсілдері.

Әр түрлі ауыстыру тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

1.тура тәсіл(ең көп қолданылады)тікелей бір көлік түрінің жылжымалы құрамынан жүк басқа көлік түріне тапсырылады(кеме,вагон),бұл тәсілде көлік құралы жүкті түсіруде тұрып қалмайды.

Кемшілігі;жүкті ауыстыру пунктіне әр түрлі көлік құралдарының келуін нақты сәйкестендіру қажет.

2.көлік құралдарының тұрып қалуын ескеретін тура тәсіл.Бұл тәсілде вагондар,автомобильдер,қысқа уақытқа қойма ретінде қолданылады.Жүкті ауыстыруда тұрып қалу уақытыарзан көлік құралдары күтеді.

Кемшілігі;қосымша тіркеме құралдарының қажеттілігі пайда болады.

3.жинақтап ауыстыру көбінесе бұл тәсілде вагондарда жүк тасмалдау үшін жүктердің қажетті санын анықтау үшін қажет.

Кемшілігі;жүкті қабылдаушыға жеткізу уақыты артады және жүктің саны толмайынша жүкті алу мүмкіндігі болмайды.

4.аралық қоймалар арқылы ауыстыру қоймаға жеткізілген жүк қоймаға түсіріліп жылжымалы құрамның келуіне дейін тиелудә күтеді.

Артықшылығы;тапсырушының талабына байланысты жүкті кез келген уақытта алуға болады.

Кемшілігі;жүкті жеткізуге көп уақыт кетеді.

6 тақырып.Толайым бағалар жүйесі, тариф түрлері. Жүк тарифі, әр түрлі көлік түрлерінде оларды құрастыру принціпі. (6, 7 апта).

Дәріс тақырыбы: Толайым бағалар жүйесі, тариф түрлері. Тарифті құрайтын бөліктер.

Дәріс мақсаты: Толайым бағалар жүйесі және тариф туралы түсінік алу. Толайым бағалардың және тарифтердің түрлерін, олардың маңызын, айрықша ерекшеліктерін және қалыптастырудың жолдарымен танысу. Тарифті құрайтын бөліктерді оқу.

Кез-келген экономикалық жүйеде бағаөлшеу,реттеу,ынталандыру және бағыттау қызметін атқарады.

Қазіргі таңда нарықтағы баға өндіріс ерекшелігіне және көлік қызметін тұтынуға байланысты, яғни берілген көлік түрі қызмет көсстетін нарық түрінде.

Қызмет көрсетудің толайым және бөлшек нарық түрі болады (жүк тасымалдау –толайым баға, жолаушы тасымалдау бөлшек бағаға жатады.)

Жалпы алып қарағанда көліктік жүйе және әрбір көлік саласының түрлері күрделі өндірістік және экономикалық қарым қатынастарымен сипатталады. Қандай-да бір көлік түрінің тиімділігін анықтау тасымалдаудың бағасын (құнын), пайдалану шығындарын, күрделі салымдарды бағалау және тағы да басқа шығындарды анықтау үшін маңызды.

Бағалардың бірнеше негізгі түрлері болады:

1) Толайым

2) Сатып алу

3) Тапсыру

4) Бөлшек баға

5) Көліктік тарифтер

Негізгі толайым бағалар 2 түрге бөлінеді

1 кәсіпорын толайым бағасы

2 өндірістің толайым бағасы

Негізігі толайым (көтерме) бағалар 2 түрге бөлінеді: кәсіпорының толайым бағасы, өндірістің толайым бағасы.

Кәсіпорын толайым бағасы бойынша берілген кәсіпорынның өнімі сатылдады.

сатылады, іске асады).

Кәсіпорын толайым бағасының шамасы – ең аз дегенде қалыпты жұмыс істеп тұрған кәсіпорынға (пайдалану шығындарын орнын толтырудан басқа) негізгі қорларды және айналым құралдарын, банк кредиттерінің пайызын төлеу үшін және экономикалық стимул (белсендіру) қорларын (материалдық көмек қоры, әлеуметтік-мәдениеттік, тұрғын үй құрылысы, өндірісті дамыту фонды.) қолдану үшін және басқа да шығындардың орнын толтыруға жеткілікті пайда әкелуі тиіс.

Өндірістің толайым бағалары бойынша сату (өткізу) органдары кәсіпорының өнімін әр түрлі тұтынушыларға сатады, (реализует, іске асырады). Бұл бағаға кәсіпорынның толайым бағаларына қосылатын элементтерден басқа, сонымен қатар айналым шығындары мен өндірістің сату (өткізу) (өтім, сбытовые) ұйымдарының пайдасы кіреді.

Бөлшек бағалар бойынша: өндіріс өнімі мемлекеттік, жеке, акционерлік, кооперативтік, қала және ауыл тұрғындарының сауда желісі арқылы орындалады (Сатылады). Оның ішіне кәсіпорының және өндірістің толайым бағаларында келтірілген элементтерден басқа: қосылатын бағаның салығы, айналым шығындары және бөлшектеп сатудан түскен пайда кіреді (суреттегі мысал).

1)
Көлік
Сату органдары
Тұтынушылар
Кәсіпорынның толайым бағасы 20 мың$
өндірістің толайым бағасы 25 мың$
2)
Көлік
Бипек-Маркет
Кәсіпорынның толайым бағасы 29 мың$
Бөлшек баға 30 мың $
Бөлшек баға 35 мың$

Өндірістік толайым бағасы сату органдары әртүрлі тұтынушыларға өнімді сатады. Бұл баға кәсіпорын толайым бағасына кіретін техникалық элементтерден басқа өндірістің сату ұйымдарының шығындары мен пайдасы құрамына кіреді.

Сонымен қатар сатып алу және тапсыру бағалары болады. Олар тек қана халық щаруышылығының өніміне анықталады. Олар фермерлік шаруашылықтардың, шаруа қожалықтарының, кооператвтердің және басқалардың өндірістік шығындарының орнын тотырып, шаруашлығын және өндірісін кеңейту үшін жеткілікті қорландыруды және өз жұмысшыларның материалдық қызығушылықтарын қамтамасыз етеді.

Көліктік шығындар өнімнің барлық толайым бағалар түріне қосылады. Сондықтан бағаның қандай да болмасын өзеруі (жанар май бағасы, майлау материалдары, еңбек ақы ж.т.б) толайым бағаларды қалыптастыруға әсер етеді.

Ал тарифтерді келсек: Тариф – көлік өнімінің бағасы (құны) болып табылады. Басқаша атқанда тариф – қандай да бір нәрсені қолданғаны үшін ақы төлейтін, ставкалар жүйесі болып табылады, соның ішінде көліктік қызмет көрсту үшін де.

Көліктік тарифтердің толайым және бөлшек бағалардан ерекшелігі келесіде: тарифтер көлік өніміне анықталады, яғни заттық түрі жоқ, жүктер мен жолаушылардың орын алмасуымен анықталады. Ал толайым және жеке бағалар ұзындығы, массасы және т.б. шамасы бар нақты өнім түріне анықталады.

Тарифті құрастырудың негізі тасымалдаудың өзіндік құны болып табылады. Осыған байланысты тарифтің құрамдас бөлі болады 1 Бастапқы және соңғы операциялар шығындарының орнын толтыру, 2) қозғалыс операцияларының шығындарының орнын толтыру.

Осыған байлансыт тарифтік төлем негізін тасымалдау қашықтығы, бірыңғай жөнелту өлшемі, жүктің көліктік сипаттамасы (жүк классы), арнайы жылжымалы құрамды қолдану, аймақ бойынша тасымалдауды орындаудың шарттары құрайды. Осы факторладың әр біреуінің объектівті сипаттамасы бар, және ол тариф деңгейіне маңызды әсер етеді.

Тарифті құрайтын бөлшектерге: материалдар, жанармай, электроэнергия кететін шығындар, амортизациялық шығындар, еңбек ақыға байланысты шығындар косылады. Сонымен қатар тариф деңгейі негізгі өндірістік қорлар (НӨҚ, ОПФ) төлемін, банк кредиттерінің және әр түрлі қорларды құрасытырудың орнын толтыру үшін көлік ұйымдарына қажетті пайданы есептеу арқылы анықталады.

Көліктік тариф – көлік өніміне тағайындалған баға, яғни жолаушы және жүк тасымалдауға тағайындалған баға. Көліктік тарифтер көлік табысын қалыптастырады. Бірақта сонымен қатар олар көрсетілген қызметке ақша төлейтін тұтынушылардың көліктік шығындарына жатады.

Көліктік тарифтердің түрлері (көлік өнімнің бағалары):

1) Жүк тасымалдау тарифтері;

2) Жолаушы тасымалдау тарифтері;

3) Көліктік – экспедициондық тарифтер;

4) Тиеп-түсіру тарифтері.

Тарифтер тасымалдау түріне байланысты жүк және жолаушы; жалпы (жүктердің негізгі номенклатурасы үшін), ерекше (жүктердің жеке түрлерне немесе тасмалдау шарттарына байланысты), арнайы (арнайы қызмет үшін), уақыт бойынша (көлік құралының жұмыс уақыты бойынша) және тағы да басқа болып бөлінеді.

Жолаушы және жүк тасымалдау тарифтері маңызды көсеткіш болып табылады.

Жолаушы және жүк тасымалдау тарифтері халық-шаруашылық проблемаларды (өндірісті орналастыру, көлік түрлерінің арасында тасымалдауды жоспарлау) шешуде көліктік факторды ескеретін маңызды көрсеткіш болып табылады. Және де әрбір көлік түрінде шаруашлық есепті ұйымдастыру мен табыстар мен жийындарды анықтау үшін қажет. Дұрыс құрастырылған тарифтер тасымалдаудың ұтымды тиімді бағасын анықтайды, яғни көлік өніміне қажетті еңбек шығынын анықтап пайда әкелуге тиіс.

Жүк және жолаушы тарифтері қатынас түріне байланысты (қала, қалааралық, халықаралық және т.б.); қозғалыс жылдамдығына байланысты (қарапайым, жылдам, жолаушылық, экспресс); жөнелту түріне байланысты (ұсақ, вагон бойынша, қайық бойынша және т.б.); жылжымалы құрам түріне (типі, плацкарт купе, СВ) және басқа да белгілеріне байлансты бөлуге болады.

Сонымен қатар көліктік тарифтер келесідей болуы мүмкін:

1 мемлекеттік – үкімет деңгейінде ретеледі

2 аймақтық және жергілікті – аймақтық немесе жергілікті үкіметпен реттеледі

3 салалық (отраслевой) – салалық көліктік ұйымдармен анықталады

4 еркін (свободное) – кәсіпорындармен анықталады

5 келісім бойынша – тұтынушылар келісімі бойынша анықталады

6 контрактілік – бір немесе ұзақ уақытқа тасымалдауға бекітіледі. Олар

7 конфедициальді болып табылады (жариялауға болмайды).

Баға саясатының мәні көлік кәсіпорны шығындарының орнын толтыру және экономиканың көліктік потенциялын бекіту, сонымен қатар өндірілетін өнімнің қорытынды бағасында көліктік шығындарды азайту болып табылады (тарифтің әлеуметтік мәні деуге болады.). Сату көлемі, фирманың бәсекеге қабілеттілігі оның пайдасы, нарықтағы орны, қаржылық және іс тұрақтылығы бағаға байланысты болғандықтан баға бойынша шешім қабылдау кез келген кәсіпорының негізгі проблеммасы болып табылады.

Дамыған елдерде көліктік тарифтерді қалыптастыру мен көліктік тарифтерді қолдану, тарифтік саясаты мемлекет экономикасының біріңғай баға саясаты ретінде қарастырылады. Өйткені шығарылатын өнімнің көліктік құраушысының өсуі нарықта өнімнің бәсекеге қабілетісіздігіне әкелуі мүмкін.

Қазіргі таңда бұл жағдайды Қазақстан ішкі нарығынан байқауға болады, өңдеу кәсіпорындары жоқтығынан шетелге көптеген шикізаттар мен жартылай фабрикттар тасымалданады, (көлік шығындарын 2-3 есе көбейтеді), осы жайт қазақстанға қайта әкелінген өнім бағасына жағымсыз әсер етеді. Сонынмен қатар Қазақстанда толайым және бөлшектеп сату бағаларын өсіріп шет елден дайын өнім тасымалдайды.

Көліктік тарифтер көлік саласының пайдасын қалыптастырады, бірақ сонымен қатар көрсетілген қызметке ақы тлейтін тұтынушылардығң көліктік шығындары болып табылады. Былай атқанда: жүк иелері шығарылатын өнімнің бағасын көтермеу үшін төменірек бағамен қызмет көрсетуді сатып алғысы келеді, ал көлік саласының қызметкерлері өз өнімінен (тасымалдаудан) пайда түсіру үшін қызмет көрсетуді жоғары бағаға сатуға тырысады. Сондықтан кәсіпорындар тұтынушының қосымша талаптарын ескеріп нақты бағаға келісім жасайды, яғни дұрысын айтқанда тарифтік (баға) келісім туралы.

Көліктік қызметке Тариф (баға) тағайындау кезінде келесі факторлар ескеріледі (есептелінеді):

1) ең алдыменен олардың өзіндік құны (өнім бірлігіне кететін шығындары) Өзіндік құнды бағаның ең төменгі шегі деп қарастыруға болады.

2) сол сияқты қызмет көрсету нарығының орташа бағасы

3) тұтынушылардың төлем төлеу қабілеті (бағаның ең жоғарғы шегін анықтайды).

Тарифтік келсісім осы шекте (рамкакаларда) бекітіледі.

Тарифтерді құрастыру кезінде берілген аймақтың жол және климаттық факторлар да ескеріледі, белдеулік еселіктерді ескеру арқылы. Еселіктер мен үстемелер арқылы басқа да факторлар ескеріледі мысалы:арнайы ЖҚ қолдану.

Негізін тасымалдаудың өзіндік құны құрайтын тарифтің абсолютті өлшемі, көліктік нарықтың ерекшелігіне (коньектурасына), көліктік қызмет сұранысына және ұсыныстарына байланысты болады. Тарифтің өндірісті орналастыруға және қолдануға, дайын өнім бағасына әсер ететін реттеу және әлеуметтік қызметі де бар. Сондықтан әрбір елдің мемлекеті жеке аймақтарда, көлік немесе тасымалдау түрлерінде, бағаға бақылау жүргізеді және көліктік тарифтерді анықтайды.

Нарықта бағалар құбылып тұрады. Бұл жайт кәсіпорын мүмкіншілігіне ғана байлансты емес көлік түріне деген сұраныс пен ұсынысқа ж.т.б. байланысты.

Сатылым көлеміне байланысты кейде бағаның шектелуі немесе төмендеуі мүмкін. Мысалы қала сыртындағы елді мекендерге жолаушы тасымалдау тарифтеріне маусымдық жеңілдік жасау, кейбір жеке қалаларда зейнеткерлерге, студенттерге, тұрақты клиенттерге льгота, «Жанұялық тариф», тапсырыс берілген, сұраныс жоқ билеттерді жеңілдікпен сату.

Баға саясаты кәсіпорыннан нарық моделін білуді, бәсекелестердің баға саясатын, өз өндірісінің мүмкіндіктерін келешек нарық жғдайы туралы ақпаратты қажет етеді. Осы кезде жоғарыда аталған факторлврды ескеріп кешекте кәсіпорынның дамуын ескеріп бизнес-жоспар құрудың маңызы зор

Нарық бағасының өсуі мемлекет үшін экономикалық және әлеуметтік қауіп төндіруі мүмкін, сондықтан мемлекеттің міндеттерінің бірі нарықта бағаны реттеп тұру.

Рост рыночных цен может привести к экономической и соци­альной опасности для государства, поэтому одна из обязанностей государства состоит в регулировании цен (см. разд. 7.5).

Жеке көлік түрлерінің ерекшелігі, және оның әр түрлі тұтынушыларға қызмет көрсетуі оның өзіндік құнына әсер етеді. Әр түрлі көлік түрінде көліктік шығындар әр түрлі. Келесі кестеде тұтынушылардың көліктік шығындары келтірілген (Россия, 1998 ж)

Кесте 1

Көлік түрі   Жүк айналымы, %   Тұтынушылардың көліктік шығындары, %  
Темір -жол   49,4   37,6  
Автокөлік 6,0 49,5
Ішкі сулар бойынша (өзендер)   3,3   3,5  
Теңіз   7,9   7,9  
Құбыр   33,3   1,5  

Мемлекет экономикасы үшін ең қымбат көлік түрі Автомобиль көлігі болып табылады, бірақ оның нарықтық жағдайдағы артықшылығы «нақты уақытында жеткізу», жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, және ол кеңінен қолданылады.

Жүк тарифтері

Әр түрлі көлік саласының түрінде тарифтерді қалыптастыру, ең алдыменен жүк түріне байлансты. Сондықтан барлық көлік саласындабірыңғай жүктердің бірыңғай тарифті-статистикалық номенклатурасы болады. Оының ішінде көлік құралының жүк көтрімділігін ескерумен бірге жүк классы, көрсетіледі.

ТЖК: жүк тарифі келесі көрсеткіштерге байланысты есептеліеді (бөлінеді ) класс, жүк саны және ерекше белгілері (сұйық, қатты), тасымалдау қашықтығы, жөнелту түрі (вагонмен, ұсақ, контейнерде және тб) және де қатнас түрі, тарифті схеманың номері, вагонды жинау шығындары, жүкпен ілесіп жүру, сақтау және с т.б. сол сияқты операциялар.

АК: - келісілдген (сдельный) тасымалдау қашықтығына байланысты1 т жүк үшін анықталады.

- 1 Автотонна-сағат ақылы автотонна сағат және әрбір км жүкпен жүріске

- уақыт ішінде (повремененный) әрбір км жүріске, жүккөтерімділігіне байланысты көлік құралын қолдану

- км есептеу бойынша – КҚ жүк көтерімділігне және километражына байлансыт

- келісім бойынша – тапсырушының талаптарына байлансты ерекше жағдайда.

Ішкі су көлігінде тарифтер еркін, 1 т жүк үшін анықталады. , жүзу ауданына және қашықтығына байлансыты, жөнелту партиясына (қайық, жиынтық, ұсақ), бастапқы және соңғы операциялар ставкасына, тиеп түсіру операцияларына, өлшеу, сақтау,

Теңіз көлігі:Жүк және жүзу түрлеріне (шет елдік немесе каботажды) қатынас түріне, теңіз бассайдерінің аймақтық табиғаттық климаттық ерекшеліктеріне, ЖҚ түріне (рефлережатор, ролкер, лихтер)

Әуе К: еркін келісілген тариф қолданылады.

ҚҚ әрбір құбыр желісіне жеке анықталады, әртүрлі шығындарға байлансты.

Қазіргі кезде кез-келген экономикалық жүйеде баға өлшеу,реттеу жане ынталандыру қызметін атқарады

Бағалардың бірнеше негізгі түрлері:

1. Толайым баға

2. Сатып алу бағасы

3. Тапсыру бағасы

4. Бөлшектеп сату бағасы

5. Көліктік тарифтер

Негізгі толайым бағалар 2 түрге бөлінеді:

1. Кәсіпорынның толайым бағасы

2. Өндірістің толайым бағасы

Кәсіпорынның толайым бағасы бойынша кәсіпорын өнімі сатылады

Өндірістік толайым баға бойынша сату органдары,кәсіпорынның өнімін әр түрлі тұтынушыларға сатады.Бұл бағаға кәсіпорынның толайым бағаларына қосылатын элементтерден басқа сонымен қатар айналым шығындарымен өндірістің сату ұйымдарының пайдасы кіреді

Бөлшек бағала бойынша өндіріс өнімі мемлекеттік,акционерлік,коперативтік, қала жане ауыл сауда желісі арқылы сатылады.Оның құрамына кәіпорынның жане өндірістің толайым бағаларына келтірілген элементтерден басқа бағаға қосылатын салық.Айналым шығындары жане болшектеп сатудан түскен пайда кіреді.

Өндірістік толайым бағасы кәсіпоры техникалық элементтерінен басқа өндірістің сату ұйымдарының шығындары мен пайдасы да кіреді.

Сонымен қатар сатып алу жане тапсыру бағалары болады. Олар тек қана халық шаруашылығының өніміне анықталады.

Көліктік шығындар өнімнің барлық толайым бағалар түріне қосылады.

Тариф көлік өнімінің бағасы болып табылады

Тарифтер заттық түрі жоқ жүктермен жолаушылардың орын алмасуы мен анықталады. Тарифті құрастырудың негізгі тасымалдаудың өзіндік құны болып табылады

Осыған байланысты тарифтің құрамдас 2 бөлігі болады:

1.бастапқы жане соңғы оперециялар бойынша шығындардың орнын толтыру

2.қозғалыс операцияларының шығындарының орнын толтрыру бойынша

Тарифтік төлім негізін тасымалдау қашықтығы біріңғай жөнелту өлшемі, жүктің көліктік сипаттамасы арнайы жылжымалы құрамды қолдану аймақ бойынша тасымалдауды орындаужы құрайды.

Тарифті құрайтын бөлшектерге материалдар,жанармай,электроэнергия шығындары,амартизациялық шығындары,еңбек ақыға байланысты шығындар қосылады

Тарифтер тасымалдау түріне айланысты:

1.жүк жане жолаушы

2.жалпы

3.ерекше

4.арнайы

5.уақыт бойынша жане т.б

Жүк жане жолаушы тарифтері қатынас түріне байланысты қала,қала аралық,халықаралық болып бөлінеді.Қозғалс жылдамдығына байланысты тарифтер:қарапайым,жылдам,жолаушылық экспресболып бөлінеді.Жөнелту түріне байланысты тарифтер ұсақ вагон бойынша кеме бойынша болып бөлінеді.

Сонымен қатар көліктік тарифтер келесідей болуы мүмкін:

1.мемлекеттік

2.аймақтық

3.салалық

4.еркін

5.келісім бойынша

6.контрактілік

7.конфидукциалды

7 тақырып.Жолаушы тасымалдаудың тарифтері.Жолаушы тасымалдау тарифтерінің басқа тариф түрлерінен ерекшеліктері. (8 апта).

Наши рекомендации