Тақырып 10. Экономиканы мемлекеттiк қаржылық реттеу.

Сабақтың мақсаты - экономиканы мемлекеттiк қаржылық реттеуді терендетіп түсіну.

Сұрақтар:

1. Экономиканы реттеп отыру әдетте екi нысаны.

2. Қаржылық реттеудің мәні.

3. Валюталық-қаржылық реттеу.

Экономикалық процестердiң мемлекет тарапынан реттелуi кез-келген қоғамдық жүйенiң басқару элементi болып табылады. Мемлекеттiң экономикаға раласу дәрежесi қоғам дамуының әрбiр нақты тарихи кезеңiнде шешетің мiндеттерiне және мақсаттарына байланысты: реттеудiң формалары мен әдiстерi де осылар арқылы анықталады.

Экономиканы реттеп отыру әдетте екi нысанда - өзiн-өзi реттеу мен мемлекеттiк реттеу нысаныңда жүргiзiледi. Бiрiншiсi, қоғамдық өндiрiстiң түрлi буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өздерi жасап, пайдаланатын әдiстерiмен сипатталады. Екiншi нысан қоғамдық өндiрiстiң даму процесiне мемлекеттiң саналуан экономикалық инструменттерi, соның iшiнде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейдi.

Экономиканы мемлекеттiк реттеуде қаржы жүйесiнiң барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіңе қаржы жүйесiнiң әр буыны ықпалының өзгешелiктерi болады.

Қаржылық реттеу депэкономикалық жүйе шеңберiнде қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделiктi процесiн қамтамасыз ету шараларының кешенiн айтады. Мемлекет субсидия беру, тауарлар мен қызметтердi сатып алу, несиелеу, салықтар сияқты түрлi қаржы әдiстерiн пайдалана отырып, экономиканы реттеп отыру үшiн қаржы ресурстарын тартады. Қаржылық реттеудiң көмегiмен мемлекет халықтың төлем қабiлеттiлiгiнiң сұранымына, қорланудың қарқыныңа, тауарлар мен қызметтердi өткiзуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етедi.

Сонымен бiрге қаржы тұтқаларының көмегiмен мынадай негiзгi мәселелер шешiледi:

· материалдық өндiрiс сферасында жұмылдырылатын қаржы ресурстарының жалпы деңгейiн реттеу;

· өндiрiстiк сферадағы монополиялық қызметтi экономикалық шектеу;

· кәсiпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметің реттеу, олардың құқықтық және келiсiм-шарт тәртiбiн қамтамасыз ету;

· кәсiпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндiрiстi дамытуды материалдық жағынан көтермелеп отыру;

· кәсiпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын болудiң iшкi өндiрiстiк арақатынасын реттеу;

· ел, аймақ, сала, кәсiпорын, ұйым, фирма көлемiнде инвестициялық және инновациялық процестердi реттеп отыру.

Қаржылық реттеудiң басты мазмұны тиiстi фискалдық саясатты мемлекеттiң шығындары мен салық саясатын жүргiзудi қамтамасыз етуде затталады. Тiкелей қаржылық реттеудiң процесiн жүргiзе отырып, ұлттық табыстарға кәсiпорындардың, аймақтардың үлесiн көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттiк қаржыға аса зерек өндiрiстiк емес сфераның жәй-күйi де осындай тәртiппен реттеледi.

Әдетте, реттеу процесi объективтi және субъективтi факторлардың экономиканың жұмыс iстеу шарттарының саналуандығымен, әр түрлi категориларды, олардың элементтерiн пайдаланумен сипатталады.

Сондықтан осы негiздер бойынша мемлекеттiк реттеудiң жүйесiн шектеу типтерге, түрлерге, нысандарға және әдiстерге сыныптау өте қажет.

Реттеудiң екi типi бар: ол экономикалық (қаржылық, қаржылы, бағалық, несиелiк, валюталық және басқа реттеу) және әкiмшiлiк реттеу.

Қаржылық реттеудiң түрлерi: салықтық, бюджеттiк, мемлекеттiк-несиелiк, кедендiк-тарифтiк, валюталық-қаржылық iшкi шаруашылық реттеудi қамтиды. Қаржылық реттеудiң осы түрлерiне сәйкес оның мынандай нысандарын атауға болады: мысалы, бюджетте – қаржыландыру, салықта – тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда – сыртқы инвестициялау, сыртқы заемдар, сыртқы борыш; бұлар қаржылық реттеудiң негiзгi нысандары болып келедi. Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады. Нарықтық экономика кезiнде экономикалық, соның iшiнде қаржылық нысандар мен әдiстер арқылы жанама реттеме iс-әрекет етедi.

Жалпы, реттеушiлер ақша (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссиясының көлемi, валюталық бағам), несие (несие үшiн сыйақылар (мүдделер), есеп ставкасы мен ұлттық банктердiң резервтiк талаптары, ашық рыногтағы ұлттық банк операцияларының ауқымы), баға (реттемелi бағалардың деңгейi, еркiн және тiркелген бағалардың деңгейi, еркiн және тiркелген бағалардың арақатынасы, рентабельдiлiктiң шектi деңгейi) реттеуiштерiмен толықтырылады.

Мемлекеттiк қаржылық реттеу тұтқаларының iшiнде салықтарға аса маңызды орын берiледi. Салықпен реттеу кәсiпорындар мен халықтың экономикалық белсендiлiктегi ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегiмен рентабнльдiлiктiң деңгейi мен кәсiпорындардың қарамағында қалатын ақша жиналымдарының көлемi реттелiп отырылады. Бұған салық салу ставкаларының мөлшерi арқылы қол жетедi. Салықпен реттеуде салықтардың ставкалары факторымен қатар, салық жеңiлдiктерi жүйесiнiң зор маңызы бар.

Қаржылық реттеуде салық арқылы реттеудiң маңызы зор. Нарық экономикасында салықтар түбегейлi қайта құрушы рөлiн атқарады. Олар барлық деңгейдегi бюджеттi қалыптастырудың басты көзi, әлеуметтiк кепiлдiктердi қамтамасыз ету құралы, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қаржылық негiзi болып қана қоймай сонымен бiрге мемлекеттiң шаруашылық субъектiлерiмен халықтың қаржылық мүмкiндiктерi мүдделерiн теңестiру қызметің де атқарады.

Мемлекеттiк қаржылық реттеу проблемасының екiншi жағы бюджеттiк қаржыландыруды пайдалану тиiмдiлiгiнiң дәрежесi болып табылады.

Валюталық-қаржылық реттеудегi негiзгi әдiстер мыналар болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық ставкалары, халықаралық төлем құралдары мен бағалы қағаздардың бағамы, валюталық тәуекелдерi сақтандырудың әр түрлi әдiстерi. Сонымен бiрге экономика мемлекеттiк қаржылық ықпал жасап отырудың бәрiн тегiс қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеудi және экономиканы реттеудiң қосымша нысандары мен әдiстерiн қажет етедi.

Әдебиеттер:

1. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Бағалы қағаздар нарығын реттеу. /оқулық/. РМК «АӨА экономикасы және ААД ҒЗИ» баспаханасы Алматы 2007.

2. Ібрішев И.И., Үркүмбаева Ә.Р. Банктік тәуекелдер. /оқу құралы/. Қазақ көлік және Коммуникациялар академиясының баспасы. Алматы 2009.

3. Әділов Ж.М., Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Инвестиция менеджменті. /оқу құралы/.ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

4. Тінәсілов М.Д. Банк менеджментін ұйымдастыру. /оқулық/. ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

5. Тінәсілов М.Д. Сақтандыру ісінің қаржылық негіздері. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2011.

6. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Қаржы негіздері: теориясы, тәжірибелер мен есептеулер. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2016.

Наши рекомендации