Оқулықтар және оқу құралдары. Мақалалар. 10 страница
Сипатына байланысты материалдық және процессуалдық болып бөлінеді. Функционалдық роліне байланысты реттеуші (құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады) және қорғаушы (мемлекеттік мәжбүр ету мен заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты) болып екіге бөлінеді.
Заңды міндеттерінің табиғатына байланысты құқықтық қатынастар белсенді және бәсең болып жіктеледі.
Қатысушыларының құрамына байланысты құқықтық қатынастар қарапайым және күрделі болып ажыратылады. Қарапайым құқықтық қатынас екі субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, сатып алу - сату шарты. Ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, қылмыстық жазаны өтеу.
Құқықтық қатынастар әрекет ету мерзіміне байланысты қысқа мерзімді (айырбас) және ұзақ мерзімді (азаматтық) болып бөлінеді.
Жақтардың анықталу дәрежесіне байланысты салыстырмалы, абсолютті және жалпы құқықтық қатынастар болып айырылады.
Салыстырмалы құқықтық қатынас деп екі тарап та дербес және нақты анықталған және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттердің иесі болып табылатын құқықтық қатынастың бір түрін айтамыз. Абсолютті құқықтық қатынас деп субъективті құқық иесі ғана нақты анықталған, өзге субъектілердің барлығына оның субъективті құқығын бұзбау міндеті жүктелген құқықтық қатынастың түрін айтамыз.
Жалпы құқықтық қатынастар жеке тұлға мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынасты туындататын заңдардан бастау алатын қатынастың бір түрі. Нақты құқықтық қатынастар нақты заңдық фактінің негізіндн пайда болатын жеке тұлғалардың өзара немесе белгілі бір ұйыммен, мекемемен қарым қатынасын реттейтін құқықтық қатынастың бір түрі.
Заңды факт деп құқық нормасы құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстыратын өмірлік нақты мән-жайларды айтамыз. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың алғы шарты болып табылады. Олардың моделі заңдық норманың гипотезасында тіркеледі. Заңды фактілерді де әр түрлі негізде жіктеуге болады.
Туындайтын нәтижелерінің сипатына байланысты:
- құқық қалыптастырушы;
- құқық өзгертуші;
- құқықты тоқтатушы болып бөлінеді.
Құқықтық қатынасқа қатысушылардың еркіне байланысты:
- оқиға;
- әрекет болып бөлінеді.
Оқиға құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер ететін, адамдардың еркінен тыс өтетін заңдық факт. Оған баланың туылуы, төтенше оқиғалар т.б. жатады.
Әрекет құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің еркіне байланысты болады да екіге бөлінеді: құқықтық және құқыққа қарсы. Құқықтық әрекеттің өзі екіге бөлінеді: заңдық актілер және заңдық әрекет. Заңдық акт белгілі бір заңдық нәтижелерге жетуге бағытталған әрекет. Заңдық әрекет жанның ой-пиғылынан тыс заңдық нәтижелердің пайда болуына әкелетін әрекеттер.
Құқыққа қарсы әрекеттер қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, тәртіпшілік болады.
Кейде құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе жойылуына бір факті аздық етеді , бұндайда заңдық құрам әрекет етеді.
Глоссарий (терминдер): өндірістік қатынастар, идеологиялық қатынастар, құқық субьектілері, заңды маңызы бар фактілер, жеке тұлға, заңды тұлға, әрекет қабілеттілік, субьективтік құқық, құқықтың обьектісі, монистік көзқарас, плюралистік көзқарас, және т.б.
СӨЖ тапсырмасы:
№1 СӨЖ: Реферат
Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.
Рефератты бағалау критерийлері:
1 Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы
2 Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі
3 Қажетті қортындылардың жасалуы
4 Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы
5 Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі
Реферат тақырыптары:
1. Құқықтық қатынас қоғамдық байланыстың ерекше түрі ретінде.
2. Құқықтық қатынастың субьектілері.
3. Құқықтық қатынастың обьектілері және олардың жіктелуі.
4. Заңды дерек құқықтық қатынастың пайда болу, өзгеру, тоқтату негіздері ретінде.
5. Нарықтық экономиканы құруға бағытталған қоғамдағы құқықтық қатынастың ерекшеліктері.
6. Заңдық техника және оның нормативтік актілерді жүйелеудегі орны.
№2 СӨЖ: Глоссарий
Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.
СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері
1 Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру
2 Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру
3 Рәсімдеу сапасы
4 Сауатты талқылау
СОӨЖ тапсырмасы: «Құқықтық қатынас» тақырыбы бойынша арнаулы терминдерді пайдалана отырып, сөзжұмбақ құрастыру.
Тақырып көлемінде лекцияда қарастырылған сұрақтар бойынша түсініксіз мәселелерді талдау
Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.
Үй тапсырмасы:
Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.
Негізгі әдебиеттер:
1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет жғне құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
2. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.
3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1999.
4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Москва, 1996
5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1998.
6. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.
7. Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.
8. Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.
9. Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.
10. Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.
11. Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва,1996, 1998.
Қосымша әдебиеттер:
10.Ашимов А. Организация - юридическое лицо.// Право и государство. 2000. №3.
11.Варламова В. И. Правоотношения: философский и юридический подходы //Правоведение. 1991. № 4.
12.Грецов Ю. И. Проблемы теории правового отношения. Л.,1981.
13.Дудин А. П. Объект правоотношения. Саратов, 1980.
14.Дудин А. П. Диалектика правоотношения. Саратов, 1983.
15.Исаков В. Б. Юридические факты в советском праве. М., 1984.
16.Кропачев Н. М., Прохоров В. С. О понятии правовых отношений//Правоведение. 1985. № 3.
17.Протасов В. Н. Правоотношение как система. М., 1991.
18.Раимбеков Е. Понятие правовых отношений и их виды. // Фемида. 2001. №10
Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:
«Құқықтық қатынастың субьектілері» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқықсубьектілік, әрекетқабілеттілік, деликтқабілеттілік, Құқықтық мәртебе, Мемлекет құқықтық қатынастың ерекше субьектісі ретінде.
«Құқықтық қатынастардың обьектілері және олардың жіктелуі» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқықтың обьектісі, Монистік көзқарас, Плюралистік көзқарас.
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАН УНИВЕРСИТЕТІ
Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________
Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________
Дәріс тақырыбы Құқықты іске асыру
Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________
Академиялық жыл 2010-2011 Курс 1 Семестр ______
Дәрістің мақсаты:
Құқықтық нормалардың іс жүзіне асуының әлеуметтік маңыздылығын көрсету.
Жоспары:
1.Құқық нормаларын іс жүзіне асыру ұғымы және әдістері.
2.Құқық қолданудың негізгі сатылары.
3.Құқықтағы кемшіліктер және оларды толықтырудың тәсілдері.
4.Заң коллизиясы және құқық нормаларының бәсекелестігі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Құқықтық қоғамда халық бір жағынан, ал мемлекет екінші жағынан өз тарапынан құқық нормаларының талаптарын орындауға міндеттеме алады. Осы тұрғыдан алғанда құқықты іске асыру мәселесі екі жақты сипатқа ие болады және оны қарастыру екі бағытта жүргізіледі. Бірінші бағыты мемлекет органдары мен лауазымды тұлғалардың тарапынан құқыққа мойын сұнумен анықталса, екінші бағыт азаматтар мен олардың ұйымдары мен бірлестіктері әрекетінде құқықты іске асырумен ерекшеленеді.
Соңғы нәтиже ретіндегі құқықты іске асыру белгілі бір әрекет жасау немесе одан бас тарту талабы мен нақты жасалған әрекеттер арасында толық сәйкестікке жетуді білдіреді. Құқықты іске асыру арқылы заң шығарушы мүдделі болған нәтижеге, пайдалы мақсатқа жетуге болады. Әрине мақсатқа жету құқықты іске асыру ауқымынан тыс болады, дегенмен де құқықтанушыны заң талап еткен әрекеттер қызықтырады.
Үрдіс ретіндегі құқықты іске асыру объективті және субъективті жақтарымен сипатталады. Объективті жағынан ол белгілі кезектілікпен анықталған құралдармен және анықталған мерзімде әрі орында құқық нормаларында көрсетілген заңды әрекеттерді жетілдіруді білдіреді. Субъективті жағынан құқықты іске асыру субъектінің жүзеге асырылатын құқықтық талаптарға қатынасымен, нұсқалынған әрекеттерді жасау сәтіндегі оның еркімен сипатталынады. Ол құқықты іске асыруға өз еркімен, мүдделілігімен баруы немесе жағымсыз салдардан қорыққандықтан баруы мүмкін. Бастысы – әрекет түріне, оны жасаудың орны мен уақыты шарттарына қойылатын талаптарды мүлтіксіз орындау болып табылады. Міндетті шарттардың біреуін бұзуға жол берілетін болса, құқықты іске асыру болмаған деп саналады.
Құқық теориясында құқық нормаларын іске асырудың әр түрлі нысандары танылған. Құқық нормасының мазмұнымен негізделген құқықты іске асыру әрекетінің сипатына байланысты төрт нысан танылған: құқықты сақтау, орындау, пайдалану және қолдану.
Сақтау арқылы тыйым салушы нормалар іске асырылады, бұл нысанның мәні – тыйым салынған әрекетті жасаудан бас тарту болып табылады. Субъектінің әрекеті пәстігімен айқындалады немесе қазақшаласақ «сен тимесең, мен тимен» қағидасына сүйенеді деуге болады.
Орындау керісінше субъектіден міндеттеуші құқықтық нұсқауларды жүзеге асырумен байланысты болатын белсенді әрекеттерді талап ететін іске асыру нысаны болып табылады. Бұнда субъект өзіне жүктелген белсенді әрекетке деген міндеттілікті атқарады.
Құқықты пайдалану субъектінің өкілеттілігін жүзеге асыруға бағытталған, сондықтан да бұнда оның ерік-жігеріне байланысты белсенді мінез-құлық та, пәс әрекет те жасалуы мүмкін. Құқықты пайдалану - рұқсат беруші нормалардан бастау алатын мүмкіндіктерді жүзеге асырудан көрінетін құқықты іске асыру нысаны. Ол азаматтардың құқықтарын қорғауы, меншік объектілеріне заңдық жарлық ету құқығы, сайлау құқығын пайдалануы түрінде кездеседі.
Расын айтқанда құқықты іске асыру туралы оны орындауға қатысты ғана айту жөн. Бұнда өзге құқықтық құралдармен бірге кепілдендірілген нәтижелерге жетуді қамтамасыз ететін заңдық нормаларда танымал әрекет тәртібі қалыптастырылады, олар соңынан нақты, тікелей мағынасында фактілі қатынастарға ауысуға, яғни өмірде жүзеге асырылуға тиісті.
Құқықтық жүйенің тереңіне бойлайтын пайдалану және сақтау тәріздес құқықты іске асыру нысандарына жүгінсек алдымен анықталған тұжырым дәлелдене түседі. Бұл тұрғыда құқық реттеуші және тиімді қорғаушы әлеуметтік механизм ретінде көрінеді. Ол жоғарғы деңгейдегі ұйымдастырушылыққа сүйене отырып, экономикалық, жалпы әлеуметтік заңдылықтардың қызметін көрсететін құқықтық әрекет жасауға барынша мүмкіндік беріп, оны кепілдендіруі қажет. Және оның қызметі адам, олардың ұжымы әрекетін, қажеттіліктері мен мүддесін экономикалық, жалпы әлеуметтік, соның ішінде психологиялық көтермелеудің, реттеудің барлық жүйесімен терең, біртұтас өзара байланыс пен өзара әрекеттестікте болуымен сипатталады. Міне, осы тұрғыда құқықтық нысанды дамытудың, оның мүмкіндіктері мен қорларын пайдаланудың, құқықтың ролін қоғамдағы әлеуметтік, материалдық, рухани және өзге реттеушілер кешенімен үйлестіре отырып көтерудің анық жолы көрінеді. Құқыққа осындай көзқарас оған қарапайымдатылған түсінік беру мен оның ролін жөнсіз көтеру тәріздес әрекеттердің алдын алып, қоғам өміріндегі құқықтың шынайы құндылығын ашуға, оның әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі заңды ролін анықтауға мүмкіндік береді.
Құқықтық реттеу үрдісіне оның соңғы сатысында, ал кейбір жағдайларда құқықтық қатынастар пайда болған кезде құқықты қолдану қосылады. Құқық қолдану - құзіретті органдардың нақты өмірлік жағдайларға қатысты құқық нормаларын жүзеге асыруындағы мемлекеттік-биліктік ұйымдастырушы әрекеті. Құқық қолдану құқық шығармашылықтан кейінгі екінші маңызды, құқықтық реттеуге мәнді ықпалы бар фактор. Құқық шығармашылық органдары құқықтық жүйеге қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқының жалпы бағдарламаларын енгізсе, құқық қолдану органдары басталған реттеуді әрі қарай қағып алып кетіп, заңдық нормаларды өмірге енгізуді қамтамасыз етеді.
Құқық қолдануды туындататын жағдайлар ішінде құқықтық қатынастардың пайда болуымен байланысты түрлері де бар. Бірақ басым түрде құқық қолдануды анықтайтын жағдайлар оның басты функциясын – құқықтық реттеу үрдісінде мемлекеттік-биліктік қамтамасыз етілу әрекетінің қажеттілігін көрсетеді. Ал бұл жағдайлар өз сипатына байланысты құқықтық реттеу үрдісінде мемлекеттік мәжбүрлеуді пайдалануды талап етеді. Жалпы алғанда тарих мемлекеттік бұйырымдарды іске асыруға адам еркін көндірудің екі негізгі құралын таниды: ол марапаттауға уәде ету және белгілі бір құндылықтардан айырумен қорқытып, мәжбүрлеу.
Құқықтық мемлекетте жазалаушы және мәжбүр етуші шаралардың аймағы мен көлемі күрт өзгереді де, құқықтық нұсқаулардың «өзін-өзі қамтамасыз етуіне» мүмкіндіктер ашылады.
Құқық қолданудың ерекше белгілері:
- құзіретті мемлекеттік органдармен (сот, әкім) қолданылады;
- биліктік сипатта болады;
- сатылардан тұрады: істің фактілі және заңды негізін табу, шешім қабылдау;
- тиісті жеке биліктік акт қабылдаумен байланысты.
Құқық қолдану актісі – құзіретті субъектінің құқықтар мен заңды міндеттердің бар-жоқтығын және тиісті норманың негізінде олардың мөлшерін анықтау мақсатымен жасалатын мемлекеттік-өкілді жеке анықталған акт.
Құқық қолдану актісі:
- нормативті акті негізінде қолданылады;
- нормативті актіде мазмұндалған құқық нормаларын нақты жағдайларға, қатынастарға қатысты нақтыландырады;
- жекеленген (индивидуалды-анықталған) сипаты бар;
- құқық нысаны болып табылмайды және бір мәрте қолдануға ғана арналған;
- тиісті қоғамдық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына негіз болатын заңдық факт қызметін атқарады.
Құқықтың мақсаты адамдардың өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандырумен анықталады. Сондықтан да мемлекеттік ерікті құқықты іске асыру субъектілерінің еркімен сәйкестендірудің мән-мағынасы өте зор.
Глоссарий (терминдер): заң аналогиясы, құқықтың аналогиясы, лоббизм, заң коллизиясы, нормалар бәсекелестігі және т.б.
СӨЖ тапсырмасы:
№1 СӨЖ: Реферат
Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.
Рефератты бағалау критерийлері:
1 Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы
2 Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі
3 Қажетті қортындылардың жасалуы
4 Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы
5 Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі
Реферат тақырыптары:
1.Құқық нормаларын іс жүзіне асыру ұғымы және әдістері.
2.Құқық қолданудың негізгі сатылары.
3.Құқықтағы кемшіліктер және оларды толықтырудың тәсілдері.
4.Заң коллизиясы және құқық нормаларының бәсекелестігі.
№2 СӨЖ: Глоссарий
Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.
СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері
1 Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру
2 Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру
3 Рәсімдеу сапасы
4 Сауатты талқылау
СОӨЖ тапсырмасы: «Құқықты жүзеге асыру» тақырыбы бойынша арнаулы терминдерді пайдалана отырып, сөзжұмбақ құрастыру.
Тақырып көлемінде лекцияда қарастырылған сұрақтар бойынша түсініксіз мәселелерді талдау
Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.
Үй тапсырмасы:
Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.
Негізгі әдебиеттер:
1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет жғне құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
2. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.
3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1999.
4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Москва, 1996
5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1998.
6. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.
7. Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.
8. Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.
9. Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.
10. Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.
11. Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва,1996, 1998.
Қосымша әдебиеттер:
1. Григорьев Ф. А. Акты применения права. Саратов, 1995.
2. Завадская Л. Н. Механизм реализации права. М., 1992.
3. Мурзаев К. Применение права судебными органами.// Вестник КазГУ. 2001.№4.
4. Саутпаева Б. Практика применения действующего законодательства.// Фемида. 1999. №7.