Оқулықтар және оқу құралдары. Мақалалар. 11 страница

Решетов Ю. С. Реализация норм советского права. Казань,1989

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқық нормаларын іс жүзіне асыру» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқық нормасын іс жүзіне асыру ұғымы, әдістері, құқық қолданудың негізгі сатылары.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Нормативтік құқықтық актілерге түсінік беру

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2010-2011 Курс 1 Семестр ______

Дәрістің мақсаты:

Заң шығарушы органның құқық нормаларында субьектілерінің бекітілген мінез-құлықтарын толыққанды түсінудегі құқық нормаларын талқылаудың маңызын көрсету.

Жоспары:

1.Құқық нормаларын талқылаудың мақсаттары мен маңызы.

2.Құқық нормаларын талқылаудың түрлері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Құқық нормаларын талқылау – құқық актілерінде орын алатын құқық нормаларының мазмұнын ұғыну және түсіндіру. Талқылау барысында нормативті нұсқаудың мазмұны, олардың әлеуметтік бағытталғандығы, құқықтық реттеу жүйесіндегі ролі мәселелері шешіледі. Талқылау заңдық нормалардың абстрактілігіне, арнаулы терминологияға, құқық шығармашылық әрекеттің ақаулығына байланысты қажет. Құқықтық нормаларды талқылау әрекетінің мақсаты заңдық нұсқауларды біртектес дұрыс түсінуді және оларды орынды қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.

Талқылаудың екі жағы танылған:

- мазмұнын субъектінің өзінің ұғынуы;

- өзгелерге түсіндіруі.

Ішкі интеллектуалды процесс ретіндегі норма талаптарын ұғыну мен құқық мазмұны туралы өзіндік тұжырымдарын құқықтық актіні қалай түсіну қажеттігін көрсету мақсатында сыртқа шығару құқықты талқылау ұғымына бірігеді.

Құқықты талқылау мәселелері құқық қолдану мен құқықты жүзеге асыру көлемінен асып кетуде. Себебі, ол мемлекеттік-құқықтық өмірді ғылыми және кәдуілгі тану процессінде дербес мағынаға ие. Сондай-ақ, қолданыстағы құқықтың мазмұны туралы нақты түсініктің болуы құқықшығармашылық әрекетінің барысында да аса қажет. Онсыз жаңа құқықтық акт қабылдау немесе бар актілерді жүйелендіру мүмкіндігі болмай қалады.

Талқылау объектісі болып заңдар және заңға бағынышты актілер саналады. Оларда бекітілген нормалар ғана емес, актілердің преамбуласы да, өзге де бекітілген ережелері маңызды болып табылады.

Талқылау пәні заңда көрініс тапқан заң шығарушының тарихи еркі танылады. Заңды қолддану уақытындағы заң шығарушының да еркі ескеріледі, себебі талқыланған актілерден кейінгі шығарылған құжаттарда алдыңғы актінің мазмұны тікелей немесе жанама түрде бұзылуы мүмкін. Әрине, бұндай жағдай заңдылықтың қатаң режимі сақталған және құқықтық тәртіп орнатылған жағдайда орын алуы тіпті де мүмкін емес.

Талқылау субъектілері деп құқық нормасының мазмұнын түсіндіруге заңмен, арнаулы құзіретті органдардың өкілеттілігімен рұқсат етілген құқық субъектілерін айтамыз. Құқықты талқылаудың түрлеріне байланысты талқылау субъектілері де әртүрлі болады. Кәдімгі талқылау субъектісі ретінде кез келген адам танылатын болса, кәсіби талқылаудың субъектілер заң мамандары болып табылады. Ал, ресми талқылау құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Сот Кеңесіне берілген. Конституциялық Кеңес Парламент қабылдаған заңдарды, халықаралық шарттарды бекіткенге дейін Конституцияға сәйкестігін қарайтын, дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешетін, Конституция нормаларына ресми түсіндірме беретін арнаулы мемлекеттік орган болып табылады. Жоғарғы Сот Кеңесі соттардың қарауындағы істерге байланысты талқылау жасауға құқылы.

Талқылау субъектілеріне байланысты екі топқа жіктеледі: ресми және биресми. Ресми талқылау – құқық нормаларының мазмұнын арнаулы заңдық нәтиже туғызатын актілерде арнаулы мемлекеттік органдардың түсіндіруі. Ресми талқылау нормативті және казуалды болып бөлінеді. Нормативті түсіндіру біртектес барлық істерді шешу барысында міндетті болатын, жалпы сипаттағы түсіндірме. Оның өзі екіге бөлінеді: аутентикалық және легалдық. Аутентикалық талқылау деп нормативті актілерді қабылдаған органның өзінің түсіндірме беруін айтамыз. Легалдық талқылау - басқа органдар қабылдаған құқықтық актілерді заңмен рұқсат етілген, соған өкілетті мемлекет органдарының талқылауы. Казуалды түсіндіру нақты істі қарау кезінде міндетті болатын түсіндірме. Қазақстан Республикасында заң актілерін талқылау құқығы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне және сот органдарына берілген.

Биресми талқылау деп заңды міндеттілік күші болмайтын, талдау тереңдігімен, сенімділігімен және негізделгендігімен сипатталатын құқық нормаларын талқылаудың бір түрін айтамыз. Ол үшке бөлінеді: доктриналды, кәсіби және кәдімгі талқылау. Кәдімгі талқылау – құқықтық нормаларды әрбір жеке азаматтың өзінің білім деңгейіне және жеке сенімдеріне сәйкес түсіндіруі.

Кәсіби талқылау деп құқықтық арнаулы білімі бар мамандардың өз қызметін жүзеге асыру барысында беретін құқық нормаларына түсіндірмесін айтамыз. Доктриналды талқылау – монографияларда, ғылыми еңбектерде және тағы басқа құқық нормаларын ғылыми саралау кезінде жүргізілетін талқылау.

Талқылау тәсілдері құқықтық актілерді талдау әдістерінің салыстырмалы ерекшеленген жиынтығы. Оның мынандай түрлері бар:

-грамматикалық (тіл заңдылықтары, грамматика ережелері, орфография көмегімен талқылау);

-логикалық (логика заңдылықтары мен ережелері көмегімен талқылау);

-жүйелік (құқық нормасының өзге нормалармен жүйелік байланысын анықтай отырып, оның нақты орнын ескере отырып шешу);

-арнаулы заңдық (заңнамада қолданылатын заңдық терминдердің мазмұнын ашу арқылы талқылау);

-тарихи-саяси (нақты құқықтық норманы қабылдаудың саяси және нақты тарихи астарын анықтай отырып түсіндіру).

Құқық нормаларын талқылау барысында талқылау актілері қабылданады. Оған мынандай белгілер тән:

- заң нормасы мазмұнын түсіндіру қызметін атқарады;

- нормативті емес, нақтыландырушы нұсқаулардан тұрады;

- дербес маңызы болмайды, талқылау жасалынып отырған актілермен бірге қолданылады;

- құқық нысаны немесе қайнар көзі бола алмайды.

Құқықтағы ақаулық – жалпы алғанда құқықтық реттеу аймағына жататын белгілі бір қоғамдық қатынастардың нақты құқықтық нормалармен реттелінбеген жағдайлары. Ақаулықтың екі шартын ескерген жөн:1) фактілі жағдайлар құқықтық реттеу аймағында болуға тиісті; 2) нақты фактілі жағдайларды реттейтін құқық нормасының болмауы шарт.

Ақаулықтың үш түрі туралы айтуға болады:

- позитивті құқықтағы ақаулық – ол не заңның, не заңға бағынышты актілердің, тіпті әдет-ғұрыптың да, прецеденттің де болмауын білдіреді;

- нормативті-құқықтық реттеудегі ақаулық – заң нормалары мен заңға бағынышты акт нормаларының болмауын білдіреді.

- заңнамадағы ақаулық – заңның болмауын көрсетеді.

Құқықта ақаулықтың болуының әртүрлі объективті және субъективті шарттары болады. Олар дер кезінде анықталынып, заңдық жолмен тойтарылуы керек. Құқықтағы ақаулықты жоюдың басты жолы құқықшығармашылық процессінің көмегімен жаңа құқық нормасын қабылдау болып табылады. Ақаулықтың орнын толтыру құқыққолдану процессінің көмегімен, құқық ұқсастығы мен заң ұқсастығын қолдану жолымен жүзеге асырылады.

Заң ұқсастығы нақты заңдық істі дәл осы қоғамдық қатынасқа емес, бірақ ұқсас қоғамдық қатынастарға арналған нормаларға сүйене отырып шешуді айтамыз.

Құқық ұқсастығы деп нақты заңдық істі құқықтық жалпы қағидалары мен мағынасына сүйене отырып шешуді айтамыз. Ақаулықтың орнын толтырудың бұл әдісін ұқсас жағдайды реттейтін нақты норма болмаған жағдайда ғана қолдануға болады. Бұндай қолдану барысында конституцияларда бекітілетін әділеттілік, заң мен сот алдындағы теңдік тәріздес құқықтың жалпы қағидаларының маңызы ерекше. Сондықтан да, құқық қолданушы басым түрде өзінің құқықтық санасына сүйене отырып және істі дәлелдей отырып, нақты конституциялық нормаларға сүйенуі мүмкін.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

1 Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

2 Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

3 Қажетті қортындылардың жасалуы

4 Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

5 Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:.

1. Құқық нормаларын талқылаудың мақсаттары мен маңызы.

2. Құқық нормаларын талқылаудың түрлері.

№2 СӨЖ: Глоссарий Ұғыну, түсіндіру, ресми талқылау, казуалды талқылау, ресми емес талқылау, доктриналдық талқылау және т.б,.

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

1 Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

2 Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

3 Рәсімдеу сапасы

4 Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: «Құқық нормаларын талқылау» тақырыбы бойынша арнаулы терминдерді пайдалана отырып, сөзжұмбақ құрастыру.

Тақырып көлемінде лекцияда қарастырылған сұрақтар бойынша түсініксіз мәселелерді талдау

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет жғне құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

2. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.

3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1999.

4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Москва, 1996

5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1998.

6. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

7. Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

8. Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

9. Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

10. Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

11. Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва,1996, 1998.

1. Қосымша әдебиеттер:

2. Абдрасулов Е. Законодательная процедура толкования закона и Конституции // Саясат. 2000 №1.

3. Абдрасулов Е. Субъекты официального толкования закона. // Правовая реформа в Казахстане. 2001. №2

4. Вопленко Н. Н. Официальное толкование норм права. М., 1976.

5. Караев А. К вопросу о толковании Конституции. Фемида. № 6. 1999 г.

6. Лазарев В. В. Пробелы в праве и пути их устранения. М.; 1974.

7. Малько А. В. Стимулы и ограничения в праве. Теоретико-информационный аспект. Саратов, 1994.

8. Пиголкин А. С. Толкование нормативных актов в СССР. М., 1962.

9. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы, 2003.

10. Черданцев А. Ф. Толкование советского права. М., 1976.

11. Черданцев А. Ф. Логико-языковые феномены в праве, юридической науке и практике. Екатеринбург, 1993.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

« Құқық нормаларын талқылаудың түрлері» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Субьектілері бойынша құқық нормаларын талқылау, тәсілдері бойынша құқық нормаларын талқылау,

Көлемі бойынша құқық нормаларын талқылау.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқыққа сай мінез-және құқыққа қайшы жүріс тұрыс

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2010-2011 Курс 1 Семестр ______

Дәрістің мақсаты:

Қоғамдық қатынастарды реттеудегі құқыққа сай мінез-құлықтың, заңдық жауапкершіліктің маңыздылығын көрсету.

Жоспары:

1. Құқық бұзушылық ұғымы, түрлері.

2. Құқық бұзушылықтың құрамы.

3. Заңды жауапкершілік.

4. Құқыққа сай жүріс тұрыс түсінігі.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Адам әрекеті заң тұрғысынан үш түрлі болуы мүмкін: құқықтық, құқыққа қарсы, заңды бей-жай /құқықтық салдары болмайды, құқық тұрғысынан бағаланбайды/. Құқықтық мінез-құлық - құқық нормасында көрсетілген, мемлекетпен кепілдендірілетін және қорғалатын, қоғам мүддесі тұрғысынан қажетті және мүмкін болатын құқық субъектілерінің әрекеті.

Белгілері:

1/ Әлеуметтік маңыздылығының болуы, қоғамдық мақсат, мүдделерге сай келеді /мазмүндық жағы/.

2/ Жеке тұлғаның санасы мен еркіне бағынышты /субъектілік жақ/.

3/ Заңмен белгіленген көлемде болады /формалды жағы/.

4/ Мемлекетпен қорғалады.

5/ заңдық салдар туындатады.

Құқыққа сай әрекеттердің түрлері:

1) Әлеуметтік белсенді, пайдалы әрекет /құқықтық сана мен мәдениеттің, жауапкершіліктің және еріктіліктің ең жоғарғы дәрежеде болуы/.

2) Конформистік әрекет /тұлғаның сыртқы жағдайлар мен өзгелерге бейімделуінің нәтижесі; терең және жан-жақты сезінусіз орындау/.

3) Маргиналды әрекет /қорқынышқа немесе жеке есепке негізделген әрекет/.

Құқық бұзушылық - заңды жауапкершілік тудыратын деликт қабілетті адамдардың кінәлі, құқыққа қарсы әрекеті. Белгілері:

1) Іс-қимыл /әрекет немесе әрекетсіздік/;

2) Кінә;

3) Құқыққа қарсылық;

4) Қоғамға зияндылық, зиянды нәтиже;

5) Іс-қимыл мен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс;

6) заңды жауапкершілік.

Құқыққа қарсылық пен қоғамға зияндылық - негізгі объективті белгі болып табылады. Құқық пен құқыққа қарсылық ажыратады. Қоғамға зияндылық - адамзат қоғамының құндылықтарына қол сұғады, жеке және қоғамдық мүддеге зиян келтіреді. Ол типтілігі, кең таралғандығымен де қоғамға зиянды.

Қоғамдық қарсылық 2 жақты: 1/ қоғамға зиянды /қауіпті/ әрекет заңмен ресми түрде құқыққа қарсы деп танылуы керек. Құқыққа қарсылық қоғамға зиянды әрекеттің объективті формасы /сыртқы жағы/; 2/ құқыққа қарсылық құқық бұзушылықтың объективті жағы. Объективті болу себебі: құқық бұзушылық құқықтағы мәндікке зиян келтіреді, яғни қоғамдық құрылым негіздеріне, адам және азамат құқықтарына қол сұғады. Заңдық форма мен әлеуметтік мазмұн арақатынасы мынадан көрініс табады:

1/ заңдық форма құқық бұзушылық ретінде қоғамға аса қауіпті және зиянды әрекетті бекітеді. Бұнда қоғамға қауіптілікпен зияндылықпен қатар тікелей топтық - саяси мүдде де үлкен роль атқарады. Сондықтан әлеуметтік мазмұнға сәйкес; 2/ заңдық форма қылмысты анықтау барысында салыстырмалы дербестік көрсетеді; 3/ экономикалық саладағы әлеуметке қарсы көріністерді бекітуде заңдық форма үлесі аз. Бірақ ол оның әлеуметтік мәніне сай келеді; 4/ Мемлекеттік-саяси, әкімшілік қатынастар аймағында заңдық бекітілуге тиісті билікті қолдау міндеті жатады.

Құқық бұзушылық 4 құрамдас бөліктен тұрады: субъект, объект, субъективті жақ, объективті жақ.

Құқық бұзушылықтың объектісі – құқыққа қарсы және қоғамға зиянды әрекет бағытталған қоршаған ортаның құбылыстары. Объект үшке бөлінеді: текті объект, онда қоғамдық қатынастардың барынша үлкен тобы қарастырылады; түрлі объект /адам өмірі, денсаулығы, мүлкі, намысы т.б./ және тікелей объект болады /ол қылмыс нақты бағытталған құбылыс/.

Құқық бұзушылықтың объективті жағы құқыққа қарсы және қоғамға зиянды әрекеттің анықталған актісі ретінде сипаттайтын элементтерінен құралады. Оған үш түрлі элемент кіреді:

- әрекет немесе әрекетсіздік;

- зиянды нәтиже;

- әрекет немесе әрекетсіздіктің зиянды нәтижемен себеп салдарлы байланысы.

Құқықбұзушылықтың субъективті жағын оны жасаудың әлеуметтік- психологиялық механизмін сипаттайтын, жеке тұлға санасының элементтері құрайды. Субъективті жақ кінә ұғымымен анықталады. Ол қасақана және абайсыздық болып бөлінеді. Қасақана тікелей кінә - тұлға өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін біледі, зиянды нәтиже туындау мүмкіндігін немесе тиістілігін көре біледі, соны қажет етеді.

Жанама қасақана кінә - субъект өз әрекетінің қоғамға қауіпті сипатын алдын ала біледі, зиянды нәтиже болу мүмкіндігін көре біледі, тілемейді, бірақ заңда көрсетілген зиянды нәтиже туындауын саналы түрде мүмкін етеді немесе оған бейжай қарайды.

Абайсыздық өз алдына екіге бөлінеді: қылмыстық өз-өзіне сенушілік немесе менмендік және қылмыстық немқұрайдылық немесе салғырттық. Қылмыстық өз-өзіне сенушілік тұлға өз әрекетінің қоғамға зиянды нәтижесін алдын ала біледі, бірақ негізсіз өзін-өзіне сену арқылы оның алдын аламын деп ойлайды.

Қылмыстық салғырттық тұлға өз әрекетінің қоғамға зиянды нәтижесін көре білмейді, бірақ тиісті және көре білуі мүмкін болады.

Құқық бұзушылықтың субъектісі деликт қабілетті жеке тұлғалар мен әлеуметтік ұйымдар.

Құқық бұзушылық әлеуметтік қауіптілігі /зияндылығына/ байланысты екі топқа бөлінеді: қылмыс және теріс қылық.

Қылмыс қылмыстық заңда көрсетілген және қылмыстық жазалау шараларын қолдануды тудыратын қоғамға қауіпті әрекет. Ол заңда толық түрде беріледі, кеңейте талқылауға болмайды.

Теріс қылық – заңда қылмыс деп танылмаған, қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігінің төменділігімен сипатталатын өзге де құқықбұзушылықтар. Теріс қылық

- азаматтық /мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар аймағында жасалатын, ұйымдар мен жеке азаматтарға мүліктік зиян келтірудегі т.б. көрінетін әрекет;

Наши рекомендации