Умақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау. 2 страница

· қалада материалды-техникалық жабдықталған бәсекелестікке қабілетті өнім шығаратын жаңа өндірістер жұмыс жасайды («Гранито Плюс» ЖШС, екі арматура зауыты, «Базальт ЛТД» ЖШС), бірақ қазақстандық нарықта ресейлік, қытайлық және басқа шетел өндірушілердің көп жылдан бері басым болуы кәсіпорындарға республикада нарыққа шығуға жол бермей отыр;

· инновациялық белсенділіктің төмен деңгейі;

· айналымдағы қаражаттың жетіспеушілігі және ұзақ мерзімді төменгі пайыздық несиелерге қол жетімсіздік.

Ауыл шаруашылығы

Қаладағы аграрлық секторда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 107 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 372 қожа шаруашылығы, 77 қайта өңдеу кәсіпорындары айналысады. Одан басқа мал мен құс өсіріп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен 12275 үй шаруашылығымен айналысатын халық бар.

2010 жылы болжам бойынша жалпы өнім 4,3 млрд.теңгені құрайды, бұл 2001 жылдың деңгейінен 3,8 есе артық (1123,5 млн.теңге), оның ішінде егін шаруашылығының өнімі – 2190,2 млн.теңге (708,5 млн.теңге), мал шаруашылығы – 2130,5 млн.теңге (415,0 млн.теңге), нақты көлем индексі – 114,5%. Егін шаруашылығы 50,9% және мал шаруашылығы – 2130,5 млн.теңге (415,0 млн.теңге), нақты көлем индексі 114,5%. Егін шаруашылығы 50,9% және мал шаруашылығы 49,1% құрайды.

Құрылымы бойынша суғарылатын шабындыққа бөлінген 6870 га егістік алқап толығымен ауыл шаруашлығы дақылдарын өсіруге пайдаланылуда.

Егу құрылымында дәнді дақылдардың үлес салмағы – 19,7%, майлы дақылдар – 37,8%, картоп, көкөніс және бақша дақылдары – 27,9%, жемшөп дақылдары – 14,6%.

Қалада жүгері, техникалық дақылдар, картоп, көкөніс-бақша дақылдары өсіріледі, жеміс шаруашылығы дамуда.

Түсімінің өсуі есебінен қант қызылшасы өндірісі де көбейді. Егер 2001 жылғы түсім 1 гектардан 228 центнерден айналып, жалпы көлемі 22,0 мың центнер болса, 2010 жылы осы сәйестікке қарай 28,6 мың центнер және гектардан 267,6 центнер болып отыр.

Соңғы жылдары майлы дақылдар мен көкөніс-бақша дақылдарының өсуі байқалады, олар 2010 жылы сәйкестікке қарай 2595 га және 1138, бұл 2009 жылға қарағанда 124 га артық.

2009 жылы 1281,9 мың тонна картоп пен көкөніс-бақша дақылдары шығарылды, 2004 жылға қарағанда 52,3 мың тоннаға өсу байқалды.

Жеміс шаруашылығының дамуына қолайлы табиғи жағдайлар себебін тигізуде. Жыл сайын жеміс-жидек көшеттері көбейіп келеді, көпжылдық көшеттер 85,8 % құрайды.

2000-2009 жылдары барлығы 114,5 га жеміс-жидек отырғызылды, бұл ескі көшеттердің орта есеппен 42%-ға дейін жаңаруына қол жеткізді.

Бақтар мен жүзім егістіктерін отырғызу және өсіруге мемлекеттік субсидиялық қолдаудың нәтижесінде бақтардың ауданы 59,5 га ұлғайып, 2010 жылы 159 га құрады.

2009 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіретін жылыжайлар жүйесін дамыту жұмыстары басталды. 2009 жылға дейін қалада жалпы ауданы 1,2 га, оның ішінде көкөніс дақылдарына 0,4 га, 1 жылыжай ғана қызмет істеп тұрған.

Жылыжайлардың құрылысы несиелікпен қатар өз қаржыларының есебінен де жүзеге асырылды. 1 жылыжай 2009 жылы пайдалануға берілсе, 6 – 2010 жылы.

Қазіргі уақытта қалада 8 жылыжай бар, оның ішінде 2 типтік – көкөніс және гүлдер өсіретін жалпы ауданы 2100 ш.м., 6 гелиожылыжай – көкөніс өсіретін – ауданы 3300 ш.м.. 2010 жылдың қаңтар-қазан айларында 10,5 тонна көкөніс және 680 мың дана гүл жинап алынды.

Қала халқын қысқы мерзімде жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында сыйымдылығы 9855 тонна 12 көкөніс қоймалары бар, оның 5-і күрделі жөндеуді талап етуде.

2010 жылдың 1 қаңтарына көкөніс қоймаларына 2463 тонна көкөніс және 1425 тонна картоп салынып қойылды.

2009 жылы «Жерұйық» коммуналдық базары» МКК бюджет есебінен 70 млн.теңгеге 2000 тонна сыйымдылығы бар көкөніс қоймасының құрылысы аяқталуда. Базар басшылары облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу және жаңа көкөніс қоймасына өнім қою жөнінде келісім шарттарға отырған.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеудің дамыған ресурсын сақтап қалатын технологиялары енгізілуде: қарқынды, дымқыл сақтаушы және тамшылап суғару. 2010 жылы қарқынды технология бойынша қалада ауданы 2430 га болатын, бұл 2004 жылға қарағанда 630 га артық, қытай бұршақ (соя) өсірілуде. Дымқыл сақтаушы технология мен тамшылап суғару әдісі 2004 жылы қолданылмаған. Тамшылап суғару әдісі бойынша 2010 жылы 25 га ауданға бақ отырғызылды.

Соңғы жылдары агроөндірістік кешенді мемлекеттік қолдау барысында көктемгі-күзгі және жинау жұмыстары ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығы техникасының паркі толықтырылып, басқа да мал шаруашылығы мен егістік жұмыстарын дамытуға бағытталған шаралар жүргізілді.

2006-2008 жылдары 10 ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші мал сатып алу және ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жалпы сомасы 4,2 млн.теңге шағын несиелер алды.

2009 жылы 56 ауыл шаруашылығын өндірушіге 16,9 млн.теңге ЖЖМ, тұқым, уландырушы заттар, гербицидтер және т.б. сатып алып, көктемгі-күзгі жұмыстарды жүргізу үшін жәрдемақы бөлінді.

Сонымен қатар көктемгі-күзгі және жинау жұмыстарын жүргізуге 2010 жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер арзандатылған бағамен 450 тонна ЖЖМ, 164 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алды.

Ағымдағы жылы көктемгі-күзгі және жинау жұмыстарын жүргізу үшін 62 шаруашылық субъектілеріне 8,6 млн.теңге, арық суын пайдаланғаны үшін – 5,0 млн.теңге, бау шаруашылығын дамытуға – 9,0 млн.теңге жәрдем қаражат берілді.

Ауыл шаруашылығы техникасы, энерго тасымалдаушы, запас бөлшектер құнының жоғарылығы, банк несиелерінің қымбаттылығы қаладағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің басым көпшілігінің негізгі қорларын жаңартуға мүмкіндік бермейді, бұл саланың техникалық жабдықтарының әлсіздігіне және лизинг бойынша техникаларды сатып алу мүмкінсіздігіне әкеліп соғады.

2004-2009 жылдарғы барлық қаржыландыру көздері бойынша 22 дана ауыл шаруашылығы техникасы, олардың 13-і ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өз есебінен, және 9-ы лизинг негізінде сатып алынды.

Мал шаруашылығында малдың және құстың барлық түрлері бойынша тұрақты өсу байқалып отыр, сәйкесінше мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі де артуда.

2001 жылмен салыстырғанда 2010 жылдың 1 қазанына ірі қара малдың саны 1,8 есе, қой-ешкі – 1,4 есе, шошқа – 1,6 есе, жылқы – 1,9 есе, құс – 3,2 есе өсті.

Ірі қара малдың (58,3%), қой-ешкі (53,4%) басы жеке тұрғындардың шаруашылығында басым, ал жылқы (41,1%) және түйе (100%) қожа шаруашылықтарында, және құс (77,5%) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында шоғырланған.

Ет өнімдерінің сапасын арттыру және санитарлық-малдәрігерлік талаптардың күшейтілуі үшін сатуға белгіленген малды соятын орындардың пунктері мен алаңдары көбейтілді.

Асыл тұқымды және өнімді ірі қара малдың сапасын арттыру мақсатында қалада 4 сиырлар мен тайыншаларды қолдан ұрықтандыратын пунктер бар.

Қалада 2 типтік мал сою пункттері бар: «Талсай» СПК, «Талдықорған Ет» СПК. Есепті мерзім ішінде 3 мал сою алаңдары пайдалануға берілді («Самай» ҚШ, «Берлік» ҚШ, «Софин» ҚШ).

Малдәрігерлік-профилактикалық шаралар дер кезінде өткізіліп тұрады. Эпизоотикалық жайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы малдарының бруцеллез ауруы бойынша өткен жылы 8,04 мың бас ІҚМ және 25,0 мың бас ҰТМ зерттелді.

Мал иелеріне алу, жою және кешкен зардаптарын қайтару шараларын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 306000 теңге бөлінді.

Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға бруцеллезге оң реакция берген ҰТМдарды алып-алу және жою жұмыстары жүргізілді.

Қаладағы ауыл шаруашылығы малдары туберкулез ауруына шалдықпаған.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді 68 шағын өндіріс жүзеге асырады, оның ішінде 25 наубайхана, 3 шағын диірмен, 4 макарон цехы, 3 май алу, 15 кондитер цехы, 2 жеміс-жидек консервілеу цехы, 4 шұжық, 2 сүт зауыты, 4 алкогольді ішімдіктерді құю және басқа. «Көгер ЛТД» ЖШС жұмыртқа және құс етін өндірумен айналысады.

Ағымдағы жылдың 9 айында шағын өндірістердің тағам өнімдерін шығару көлемі 991,0 млн.теңгеге өнім шығарылды немесе 2009 жылға қарағанда 100,2%.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірісін дамыту жобаларын іске асыру жалғастырылуда. «Дедов» ҚШ несие есебінен 25,0 млн.теңге сомағашырын құю құралдарын монтаждау жұмыстарын бастады.

«Талдықорған ПОШ» ЖШС жүнді алғашқы өңдеуден өткізу цехының құрылысын бастады, қазіргі таңда облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілерімен жүн дайындау жөнінде келісімдерге отырып, Беларусь кәсіпорындарымен одан ары өңдеу үшін жүнді жеткізу туралы келіссөздер жүргізілуде.

Сүтті қайта өңдеумен тәулігіне 6,5 мың тонна қуаттылығымен, 72,3% - жүгімен «Lactis LTD» ЖШС, «Лязат 2006» ЖШС айналысады.

«Lactis LTD» ЖШС халықаралық стандарттау сапасының сертификатына ие және сүт өнімдерінің әртүрлі түрлерін шығарады. Сондай-ақ кәсіпорын Талдықорған өңірі бойынша 8 сүт жинау дайындық пунктерін ұйымдастырған. Сонымен қатар өз қаражаты есебінен 12,0 млн.теңгеге Сарқан қаласындағы сүт зауытын қалпына келтірді.

Бүгінгі таңда қалада 4 ауылдық тұтынушылар кооперативі қызмет істеуде, оның ішінде «Талсай Ет» АТК ет өңдеу, нан және нан өнімдерін пісіру бойынша, «Ляззат» АТК ары қарай өңдеуден өткізу үшін көкөніс өсірумен айналысатын қожа шаруашылықтарының басын қосты, «Жетітоған» су пайдаланушылардың тұтынушылар кооперативі. Ағымдағы жылы жылыжай және көкөніс қоймаларының құрылысымен, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен және бақ өсірумен айналыспақшы және «Есжанов» ҚШ базасында асыл тұқымды мал өсіру жөніндегі АТК құрылуы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бәсекелестікке қабілетті өнім шығару үшін ИСО және ХАССП халықаралық стандарттарына негізделген сапа менеджменті жүйесін енгізген «Ащыбұлақ» ҚШ (жеміс-жидек өнімдерін өңдеу), «Арқабаев» ЖК (сүт өнімдерін өңдеу), «Талсай Ет» (ет және нан өнімдерін өндіру), «Дары Семиречья» ЖШС (шырын, джем және тосап өндіру) атап кетуге болады.

Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі проблемалары:

- егін шаруашылығында жерлердің аз мөлшеріне орай ғылыми-негізделген себу айналымын сақтауға және қазіргі заман технологиясын кеңінен қолдануға мүмкіндік болмай отыр;

- суғару жүйесінің техникалық жағдайы нашарлауы суғару шабындығының дұрыс пайдаланбауына және ауыл шаруашылығы дақылдары түсімділігінің төмендеуіне әкеліп соқты;

- ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейі 85%-дан асып кетті;

- мал шаруашылығындағы орта және ірі тауарлы өндірістердің жеткіліксіз дамуы селекциялық тұқымдық ірі көлемді жұмыстардың өткізілуіне, ауыл шаруашылығы малдарын теңгерімді түрде жемдеу және шабындықтарды тиімді түрде пайдалануға, өнім шығару процесін механизациялаудың және автоматтандырудың деңгейіне кедергі келтіріп отыр;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындардың технологиялық құрал-жабдықтарының тозуының доғарғы деңгейі, сапалы шикізаттың жоқтығына және дайындау-өтімдік жүйесінің әлсіз дамуына орай қайта өңдеудің төмен деңгейі және қуаттылықтың жүктемділігі.

Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының негізгі мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саланың өнімділігі және пайдалылығын арттыру және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуі болып табылады.

Міндеттері болып:

· Ауыл шаруашылығы құрылымдарын орта және ірі кәсіпорындарға айналдыру;

· Үздік технологияларды қолдану аймағын кеңейту;

· Техникалық жабдықталудың сапалы өсуі негізінде техникалық және технологиялық жетілдіруді қамтамасыз ету;

· Экспорт текшесіне көтерілу және ішкі тұтынуды қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті сапалы ауыл шаруашылық өнімдерінің және азық-түліктің тұрақты өндірісі;

· Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау жүйесін және көтерме саудасын дамыту;

· Асылтұқымды шаруашылықты дамыту;

· Еңбек өндірісінің өсуін қамтамасыз ету

табылады.

Шағын және орта бизнес

Шағын және орта бизнес жоғары қарқынмен дамуда, бұл саладағы субъектілер саны 2004 жылға қарағанда 1,8 есеге өсіп, 12,3 мың бірлікті құрады, сәйкесінше жұмыспен қамтылғандар саны – 1,2 есе өсіп, 14,5 мың адамды құрады.

Негізінен шағын кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлермен көрсетіледі (46,2%), 15,2% – шағын бизнес кәсіпорындарына (заңды тұлғаларға), ең аз үлес – 3,0% шаруа (фермерлік) қожалықтары түрінде сипатталады.

2004-2009 жылдары шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім көлемі 2,0 есе артып, 12,0 млрд.теңгені құрады.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар үлесі 16,0%-дан 22,3% дейін артты.

Бюджетке төленетін төлем 2004-2009 жылдар ішінде 3,7 есе өсіп, 1,4 млрд.теңгені құрады. Жалпы облыстық көрсеткіштегі қаланың үлестік салмағы – 11,2%.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың проблемалары:

· Заңды тұлға түріндегі кәсіпорындар санының аздығы;

· Шағын кәсіпкерлікті дамыту деңгейі бойынша жоғары саралау сақталуда;

· Шағын бизнес құрылымында коммерциялық сала басым;

· Шағын бизнесті қолдау инфрақұрылымының әлсіз дамуы.

Сауда мен қызмет көрсету саласы

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2009 жылы 13,6 млрд.теңгені құрады, 2004 жылға қарағанда 2,8 есе өсті. Нақты көлем индексі 2009 жылы салыстырмалы бағада 106,9 % құрады, 2004 жылы – 105,1%.

Қалада 2009 жылы 4 қалалық базар, оның ішінде 3 әмбебап және 1 коммуналдық базар.

Қазіргі кезде қалада 1856 ныснадар істейді, оның ішінде: 930 сауда нысандары, 268 қоғамдық тамақтану нысандары, 658 тұрмыстық және қызмет көрсету нысандары.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2009 жылы 14,5 мың адамды құрады, 2004 жылға қарағанда 1,5 есе артты. 2009 жылы 12,8 млрд.теңгеге жұмыс және қызметтер іске асырылған, бұл 2004 жылдан 2 есе жоғары.

Туризм

Қалада туристер қабылдайтын 29 нысан жұмыс істейді, оның ішінде 26 қонақүй. Туристік қызмет пен келушілерді орналастыру бойынша қызмет көрсететін 3 кәсіпорын бар. Халықаралық туризмді ұйымдастыру саласында қалада 16 фирма жұмыс істейді.

2009 жылғы туристік саладағы жалпы көрсетілген қызмет көлемі 76,8 млн.теңгені құрады.

Қазіргі кезде қаланың туристік имиджінің негізін – қазіргі заманғы ғимараттар, аэровокзал, жол бойындағы кемпинг, сауда үй желілері, ойын-сауық кешендері, мейрамханалар және т.б. құрайды. Қала маңындағы аумақта 1-6 күн аралығында 11 туристік жолдар әзірленіп, жұмыс істеуде.

Ішкі туризмді дамыту мақсатында жасөспірім ұрпақты туризмнің белсенді түрлерімен айналысуға тартуға бағытталған өзіндік туристік іс-шаралары жүргізіліп тұрады. Жыл сайын туристік көпсайыс пен жартасқа шығу жарыстары, «Жоңғар» туриадасы, су туризмінен шебер санаты, балалар регатасы мен басқалары өткізіліп тұрады.

Балалар-жасөспірімдер туризміне ерекше көңіл бөлінеді. Алматы облысында «Менің Отаным – Қазақстан» экспедициясын жүзеге асыру басталды.

Туризм дамуындағы проблемалар:

· Ішкі туризмде мамандандырылған туристік фирмалардың жетіспеушілігі;

· Жаранамалық-имидждік жұмыстың жетіспеушілігі, қаланың туристік әлеуеті туралы жарнамалық ақпарат көлемінің жеткілікті болмауы;

· Кадрларды дайындау, қайта даярлау мен біліктілігін көтеру деңгейінің нашар болуы және туризмнің ғылыми қорының болмауы;

· Жол бойындағы қызмет көрсетудің төмен деңгейі.

Құрылыс

Қалада құрылыс жұмысын 35 ұйым іске асырады. 2009 жылы құрылыс жұмысының (қызметінің) көлемі 11,2 млрд.теңгені құрады, бұл 2004 жылға қарағанда 6 есеге артты.

Құрылыс дамуының негізгі көрсеткіші – тұрғын үйлерді іске қосу, бұл 5,3 еседен артық өсіп, 35,9 мың шаршы метрді құрады. 2009 жылы қалада барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үй құрылысына 1,7 млрд.теңге бағытталған, бұл 2004 жылғыдан 53%-ға артық.

Тұрғын үй құрылысы көлемінің едәуір бөлігі жеке құрылыс салушылар есебінен қамтамасыз етілді. Бюджет қаражаты есебінен 6 мың шаршы метр тұрғын үй немесе жалпы осы кезеңде пайдалануға берілген тұрғын үйдің 20%-ы салынып, пайдалануға берілді.

Сонымен бірге, жас отбасылары, бюджет саласының қызметкерлері, жалғызбасты аналар мен басқа да әлеуметтік топтар үшін тұрғын үй мен жалға берілетін үйдің қол жетімді болу мәселесі әлі де орын алуда.

Құрылыс дамуындағы проблемалар:

· Қаладағы құрылыс материалдарын өндіру кейбір түрлеріне деген қажеттілікті қанағаттандырмайды, сондықтан олардың басым бөлігі импортталынады, бұл құрылыстың қымбаттауына әкеледі;

· Құрылыс жұмыстарының сапалық деңгейінің жеткілікті болмауы;

· Білікті жұмысшы мамандары мен инженерлік құрамның жетіспушілігі;

· Тұрғын үйдің жылына бір адамға шаққанда енгізілуінің төмендігі – 0,25 ш.м..

Инвестициялық қызмет

Кейінгі 5 жыл ішінде қала экономикасына салынған инвестиция сомасы 2,4 есе көбейіп 12,0 млрд. тенгені құрады. Облыста инвестиция көлемі бойынша қала 3,8% құрайды.

Инвестиция құрамының 64,2%- бюджет қаржысы, 32,7%- кәсіпорындар мен мекемелердіңөз қаржылары, 31%- қарызға алынған қаржылар.

Жалпы көлемде бюджеттік инвестициялар үлесі 34,1% дан 61,5% дейін өсуі байқалуда.Өсімге Республикалық тұрғын үй құрылысы Бағдарламасына сәйкес тұрғын үй және инженерік- коммуникациялық инфрақұрылымның құрылыстары әсер етті.

Кәсіпорындармен мекемелердің өз қаражаты есебінен инвестициялар көлемі 1,7млрд. тенгеден 3,9 млрд. тенгеге дейін немесе 2,3 есе ұлғайды.

Салалық құрылымда су, газ және электр қуатын өндіру және таратуға салынған инвестициялар басым болды, жалпы инвестициялар көлемінде олардың үлесі 1,7% дан 11,2% дейін және көлік және байланыс- 2,9% дан 12,2% дейін ұлғайды.

Аумақтық банктік институттар сипаттамасы

Облыс аймағында екініші деңгедегі банктердің 13 бөлімшелері орналасқан.

2004 жылға салыстырмалы берілген несиелердің көлемі 12,4 есе, депозит салымдарының көлемі 5,8 есе көбейді. Депозит салымдарының арақатынасындағы жеке тұлғалардың салымы 94,2% дан 76,5% дейін және заңды тұлғалардың салымы 6,2% дан 23,4% дейін өзгерді.

Ипотекалық несиелеу 5,8%-дан 14,2% өсті

Қаланың экологиялық мәселелері

Талдықорған қаласында 2000 артық жұмыс істеп тұрған кәсіпорындармен мекемелер, әр түрлі шаруашылықпен айналысатын 10000 жеке кәсіпкерлер бар.

Негізгі ауа бассейнінің ластануы өнеркәсіп кәсіпорындарының, жылумен қамтамасыз ету нысандарының және автомобиль көлігінің шығарған қалдықтарынан құралады.

2010 жылдың 1 қаңтарына Талдықорған қаласы бойынша 25 мың бірлік автомобиль көлігі тіркелген, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 41,4%-ға көп.

Атмосфералық ауаның негізгі ластаушысы –шығысы жылына 300 мың тоннаға дейін құрайтын, көмірмен жұмыс атқарушы жылуэнергетикалық кешен. 2005 жылдың мәліметі бойынша қала көлемінде шығарылған жалпы зиянды заттектердің ішінде «Талдықорғанжылусервис» мекемесі шығарған ластаушы заттектердің көлемі 3,2 мың тонна немесе 65,3%, Талдықорған РЭЧ - 0,5 мың тоннаны құрайды.Сонымен қатар жеке сектордағы тұрғын үй ғимараттарын жылыту үшін жылына 90 мың тонна тас-көмір қолданылады, соның есебінен 2005 жылы атмосфераға 4,7 мың тонна зыянды заттектер шығарылған, бұл көрсеткіш 2000 жылмен салыстырғанда 78,6%-ға көп.2004 жылдың деңгейіне салыстырғанда атмосфераға зыянды қалдықтардың шығарылуы 2,1% өсті, оның ішінде сұйық және газ түріндегі заттектер – 88%.Өнеркәсіптік заттектердің шығарылуы 10,4%, күкіртті андигид - 0,4%, азот диоксиді- 17,2%, иіс газы- 19,6% өсті. Жерүсті суларының негізгі ластаушылыры өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындар болып саналады. Шаруашылық субьектілерінің көбейуіне байланысты сарқынды сулардың өсуі байқалуда.Кейінгі жылдары кесілген және отырғызылған ағаштардың және бұталардың ойдағыдай балансы байқалады.Осы үрдісті сақтау және арттыру үшін, жаңадан отырғызылған ағаштар және бұталардың сақталуын қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Жыл сайын 700 мың текше метр ҚТҚ құралып, 1976 жылдан бері іске қосылған санитарлық алаңға шығарылады.

Есептік көрсеткіштер бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар эксплуатациялық кезең аралығында 15 млн. текше метрді құрайды.

Наши рекомендации