Ақырыптың мазмұны. 3 страница
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мемлекеттік қызмет жөнiндегi агенттiк, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттік комиссия, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiк, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi үкiмет құрамына кiрмейдi, оларға ҚР Президентiне тiкелей бағынатын және оған есеп беретiн мемлекеттік орган мәртебесi берiлген. Орталықтандырылған атқарушы органның құрылымдық комитеті тиiстi орталық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Оны тиiстi орталықтандырылған атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Құрылымдық бөлiмше орталық атқарушы құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау мiндеттерiн жүзеге асырады, сондай-ақ, салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады немесе мемлекеттік басқарудың iшкi саласына басшылық жасайды. Орталықтандырылған атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет бөлiмшенiң басшысын қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады. Оның құрылымын, құзыретiн және басқа мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылының тәртiбiн үкiмет белгiлейдi.
Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. Республика Үкiметi Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi бiткенше iс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi. Республиканың жаңадан сайланған Президентiнiң алдында өкiлеттiгiн доғару Үкiметтiң жаңадан сайланған Мемлекет басшысының атына жолданған және Үкiмет мүшелерi қол қойған жазбаша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. Өкiлеттiктi доғару туралы мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселені Парламент Мәжілісіне жолданатын жазбаша өтініш арқылы қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез келген мүшесi Республика Президентiне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi де орнынан түседi.
Республика Конституциясында көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы Республика Президентiне мәлiмдейдi. Республика Президентi орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған ретте, Президент оған өз мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыра берудi тапсырады. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi атқарып келген қызметiнен босатылуға тиiс. Премьер-Министрдiң қызметiнен босатылуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Республика Президентi өз бастамасымен Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы.
Республика Парламентiмен қарым-қатынасы:
- Республика Үкiметiнiң заң шығару бастамашылығы құқығы болады, ол тек қана Парламент Мәжiлiсiнде жүзеге асырылады.
- Заң актiсiнiң жобасын енгiзу туралы шешiм Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару жолымен қабылданады.
- Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi, оларды министрлiктердiң, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылайды;
- Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi табыс етедi;
- мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты ұлғайтуды көздейтiн Республика заңдарының жобалары жөнiнде қорытындылар бередi;
- Парламент депутаттарының сұрауларына жауап бередi.
- Республика Президентiн Президент тапсырмаларының орындалуы және өз қызметiнiң басқа да бағыттары туралы ұдайы хабардар етiп отырады;
- Республика Президентi актiлерiнiң орындалуын ұйымдастырады және оларды министрлiктердiң, өзге де орталық, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- заң жобасын Парламент Мәжiлiсiне енгiзу туралы Президенттiң тапсырмаларын орындайды;
- мемлекеттiк бағдарламаларды Президенттiң бекiтуiне ұсынады.
- Үкiмет Республика Президентiмен Үкiметтiң заң жобалары жөнiндегi жұмыстарының жоспарларын келiседi.
Республика Үкiметi Республика Конституциясының, заңдарының, Президент актiлерiнiң, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн нормативтiк және жеке қаулылар шығарады. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Үкімет қаулыларына Республика Премьер-Министрі қол қояды. Республика Премьер-Министрi өкiмдер шығарады. Премьер-Министрдiң өкiмдерi әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарылады. Өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған Үкiмет қаулылары мен Республика Премьер-Министрi өкiмдерiнiң Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады. Үкiмет қаулылар мен Республика Премьер-Министрiнiң өкiмдерi Республика Үкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен әзiрленедi және қабылданады. Үкiмет қаулыларының күшiн Республика Президентi мен Үкiметi жоя алады.
Премьер-Министр өкiмдерiнiң күшiн Республика Президентi, Үкiметi және Премьер-Министрi жоя алады.
Жергілікті атқарушы органдар – жоспарларды, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді. Жергiлiктi атқарушы органды Республика Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi болып табылатын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмi басқарады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы.2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Егер заңшығарушы және атқарушы конституция көпшілік елдердің бір немесе екі жоғарғы үкіметінің құрылымдарына тапсырылса, онда сот үкіметінің жағдайы күрделірек болады. Ол сот органдарының барлық жоғарғы және төменгі құрылымдарына сүйене отырып тапсырылады. Өзінің жүйедегі орнынан тәуелсіз, әрбір сот құрылымы өз алдына нақты істерді тек қана заңмен және құқықтық сананы негізге ала отырып рұқсат береді. Жоғарғы Сот қана емес, әрбір сот жүйесі сот билігін ұстаушы болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. ҚР Конституциялық Кеңесінің 15.02.02 ж. № 1 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қарСот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады.
Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды. Сонымен қатар Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады.
ҚР Конституциясының, 77-бабына сәйкес, судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi, және ол заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.
Заңды қолданған кезде судья төмендегi принциптердi басшылыққа алуға тиiс: адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне енген сот үкiмiмен танылғанша ол жасалған қылмысқа кiнәлi емес деп есептеледi; бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де қайтадан қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартуға болмайды; өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне болмайды; сотта әркiм өз сөзiн тыңдатуға құқылы; жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттемелер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн ол үшiн жауапкершiлiк заңмен алынып тасталса немесе жеңiлдетiлсе, жаңа заң қолданылады; айыпталушы өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес; ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген шектегi жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға мiндеттi емес; адамның кiнәлi екендiгi жөнiндегi кез келген күдiк айыпталушының пайдасына қарастырылады; заңсыз тәсiлмен алынған айғақтардың заңды күшi болмайды. Ешкiм өзiнiң жеке мойындауы негiзiнде ғана сотталуға тиiс емес; Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берiлмейдi. Конституциямен белгiленген сот төрелiгiнiң принциптерi Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бiрыңғай болып табылады. ҚР Конституциялық Кеңесінің 10.03.99 ж. № 2/2; 20.12.00 ж. № 21/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
Соттардың Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиiстi заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi.
Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкiлеттiгi тек заңда белгiленген негiздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кiдiртiлуi мүмкiн.
Судьяны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, Республика Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiнсiз не Конституцияның 55-бабының 3-тармақшасында белгiленген жағдайда, Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар және бiлiктiлiк емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Республика соттарының судьяларына заң бойынша қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.
Судьяның қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiкпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi және ол сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс.2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 81-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер берiп отырады.
ҚР 07.10.98 ж. № 284-1 Заңымен 82-бап өзгертілді; 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 82-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды.
Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды.
Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін. Сот алқалары төрағаларына өкілеттіктер беру тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Жоғары Сот Кеңесі Республика Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан құралады.
Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және жұмысын ұйымдастыру заңмен белгіленеді. ҚР Конституциялық Кеңесінің 05.07.00 ж. № 11/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi. Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайда, тәртiпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Республика Прокуратурасы төменгi прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бiрыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкiлеттiгiн басқа мемлекеттiк органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсiз жүзеге асырады және Республика Президентiне ғана есеп бередi.
Республиканың Бас Прокурорын өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттердi қоспағанда, Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокурор өкiлеттiгiнiң мерзiмi бес жыл.
Республика прокуратурасының құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi заңмен белгiленедi. ҚР Конституциялық Кеңесінің 26.12.00 ж. № 23/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңСудья қызметiне кандидаттарға тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататынына, жынысына, саяси көзқарасына, дiни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан қызметке орналасуға тең құқық қамтамасыз етiледi.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесінің мәні қазақстандық мемлекеттік ұйымдардың мазмұндарын білдіретін қағидаларда негізделеді. Мұндай қағидаларға мыналар жатқызылады: жүйенің біртұтастылығы, биліктің бөлінуі, демократизм.
2. Республика Президентi болып:
1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайыздан астамының дауысын алған;
2) қайта дауыс беру кезiнде, басқа кандидатпен салыстырғанда, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiк дауысын алған кандидат сайланған болып саналады;
Бұл айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады, сонымен қазақстанда парламенттен тыс, Президент сайлауы тікелей тәсілмен сайланатындығын байқауға болады.
Президенттiкке кандидаттар ұсыну құқығы белгiленген тәртiппен тiркелген республикалық, қоғамдық бiрлестiктерде, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен - азаматтарда болады. Президенттiкке кандидаттар ұсыну сайлау жарияланған күннен кейінгі күні басталып, сайлауға екi ай қалғанда аяқталады. Президенттiкке кандидаттарды қоғамдық бiрлестiктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады. Қоғамдық бiрлестiктер осы қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамдарды депутаттыққа кандидаттыққа ұсынуға хақылы. Қоғамдық бiрлестiк Президенттiкке бiр ғана кандидат ұсынуға хақылы. Президенттiкке кандидат ұсыну туралы шешiм республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады да, хаттамадан үзiндi жасалады. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиясы хаттамаларының негiзiнде сайлаудан кейiн жетi күндiк мерзiмнен кешiктiрмей Президент сайлауының қорытындыларын белгiлейдi және тиiстi қаулы қабылдайды.
3. Қазақстан Республикасының атқарушы органы Үкіметтен басқа да, жергілікті атқарушы органдар да кіреді. Жергілікті атқарушы органдар – әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.
4. Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты. ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Міндетті әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.
2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы
3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.
4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шліде № 178-///ҚРЗ
5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28 б.
6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы наурыздың 27-сі. № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.
8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.
9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.
10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.