Ақырыптың мазмұны. 1 страница

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аппараты бүтiндiк және күрделi жүйеде сипатталатын барлық белгiлерден тұрады. Осылайша, ол дербес жүйе бола тұра, өз кезегінде бірнеше элементтерден тұрады. Бұдан басқа, мемлекеттiк аппаратқа (бөлiмшелер) құрылымдық элементтердiң бiртұтастылығы, iшкi келiсушiлiк қасиеттері тән. Бұл қасиеттер өз кезегінде құрылымға ұйымшылдық және реттiлiктi береді. Егер жүйеде бір-бірімен байланысты біртұтастылықты құраушы элементтер көп болатын болса, онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты дәл осындай жүйені қарастырады.

Сонымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты - заңнамада бекітілген бірыңғай қағидалар мен билік бөлінісі негізінде құрылған және қажетті материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілген мемлекеттік органдар жүйесі. Мемлекеттік аппарат билігі қарулы күштер мен түрлі күштеу құрылымдарына сүйенеді. Осындай біртұтас жүйеде мемлекеттік органдардың әртүрлі топтары мен тарамдары өзара қарым-қатынаста әрекет ету арқылы мемлекеттің жалпы міндеттері мен қызметін іске асырады.

Берілген анықтама 2 негізден тұрады.

Ең алдымен, мемлекеттік аппараттың құрылымы мемлекеттің функциялары мен тарихи дәстүрлер шеңберінде түзілген. Бұл мағынада мемлекеттің құрылым жүйесі объективті. Мемлекеттік ұйымды дамытуда заңдылықтарды есепке алусыз, өз бетімен жұмыс жасауға, құруға болмайды. Жаңа мемлекеттік органдарды құру кезінде және бұрынғы мемлекеттік органдарды реформалауда құрылған жүйеге сай емес сұрақтарды шешуде заң шығарушы еркіндікке ие емес.Бұл процессте субъективті факторлар да қатысады. Бұл жоспар бойынша объективті түрде мемлекеттік құрылымдар жүйесі Қазақстан Республикасы үшін тарихи дәстүрлерге оралу болып табылады. ҚР Конституциясының 49 және 50-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті екі палатадан тұрады: Сенат және Мәжіліс. Орталықтандырылған демократиялық принцип бойынша құрылған Халық депутаттары кеңесінің орнына, қазіргі таңда жергілікті өкілетті органдар (облыстық, қалалық, т.б.) жүйесі қызмет етуде. Мемлекеттік органдар жүйесі мемлекеттік ұйымды жетілдіру жолында бірнеше методологиялық әдістерді іздейді.

Мемлекеттік аппаратқа тиесілі жүйелілік басты негізі болып табылады. Ол өз тағайындалуы, ерекшеліктері, құрылым қағидалары бойынша біртұтас болып келеді. Мемлекеттік ұйымды мемлекеттік органсыз елестету мүмкін емес.

Жүйенің бірлігі (біртұтастылығы), Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымдарының, Қазақстан Республикасының көп ұлтты халқының мемлекеттік еркімен негізделген. Референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік органдар жүйесін және оның өкілеттіктерін бекітеді. Конституция бойынша мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық екендігі айтылған. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi.

Биліктің бөлінуі бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесінің теориялық және заң шығарушылық негізі болып табылады. Конституциялық құқық теориясы бұл қағиданы кең мағынада Қазақстан Республикасының мемлекеттік демократиялық көрсеткіші ретінде қарастырады. Кеңестік мемлекеттік құқық биліктің бөлінуін теріске шығарды. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша: мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiнеді, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады.

Биліктің бөліну қағидасы мемлекет функциясымен негізделеді. Сонымен қатар өзара бақылау және өкіметтің шектеуі қажет. Осы аталған шарттарды ескере отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесі айқын түрде жұмыс жасайды. Сонымен қатар біржақты бақылау және билік шегі болуы қажет. Бірақ биліктің бөлінуін көздеген мақсат ретінде қарастыруға болмайды. Ол тек қана мемлекеттік органдардың функционалдық жүйесі ғана емес, сонымен қатар барлық билік тармағының жемісті ынтымақтастығы болып табылады. Мұндай ынтымақтастықтан бас тарту мемлекеттік биліктің барлық жүйесінің ыдырауына алып келеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесінің тұрақтылығы мен оның қағидалары заңшығарушылық реттеуіштермен тікелей байланысты.

ҚР мемлекеттік органының демократиялық жүйесі бойынша, Қазақстан Республикасы – ол сенімді өмірді және халықтың еркін дамуын қамтамасыз ететін шарттар жасауға бағытталған әлеуметтік мемлекет. ҚР демократиялық және әлеуметтік маңызы, мемлекеттің құрылым жүйесіне кіреді. Демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің әрбір органы мен оның жүйелері қоғам мен адамзатқа қызмет етуге шақырады. Сонымен бірге жалпы адамзат құндылықтары аймақтық және топтық құндылықтар алдында басты мәнге ие болуы керек.

Оларды құрастыру реті, ҚР-ның мемлекеттік органдар жүйесінің демократизмі, олардың қызмет қағидаларымен айқындалады. Қазіргі таңдағы мемлекеттік органдар демократиялық тәсілмен құрылу шарты - сайлау болып табылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының Президенті, барлық мемлекеттік орган өкілеттіктерінің депутаттары және жергілікті басқару органдары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес негізде барлығына ортақ, тең жүргізілетін сайлау құқығы, құпия дауыс беру арқылы сайланады.

Мемлекеттік органның демократиялық жүйесі сайлаушылар алдындағы өкілеттік органдардың депутаттарының есептілігімен қарастырылады, ал барлық деңгейдегі лауазымдық тұлғалар Қазақстан халқы мен еңбек ұжымының алдында қарастырылады. Конституциялық заңнама - мемлекеттік органның мемлекеттік-құқықтық жауапкершілігін қарастырады. Ол мемлекеттiк қызметтен мемлекеттiк құрылымды қысқарту және лауазымды тұлғаны жұмыстан шығаруымен айқындалады.

ҚР мемлекетінің мемлекеттік аппаратының ішкі бірлігі мемлекеттік органдардың түрлері бойынша оны құрама бөліктерге бөледі. Мұндай саралау әртүрлі негізде жүргізіледі, олар функционалды түрде бір-бірімен біртұтас жүйе ретінде байланысты.

Мемлекеттік аппараттың әрбір бөліктері бойынша біртұтас бөлімшесі тек қана дұрыс сипаттамалық жіктеу бірлігінде алынады.

Мемлекеттік аппараттың жеке түрдегі органдарына бөлінуі, автордың мемлекеттік ұйымдардың қандай жіктелген өлшемдерді негізге алатындығына тәуелді. Конституциялық құқық ғылымы кеңестік мемлекеттану ғылымының жетістігімен негізделген. Ол бірмезгілде, уақытта мемлекеттік-құқықтық ойларды ескеру жағдайында, жаңаша қорытынды жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бұл құқықтың саласы мемлекеттік құрылымдар жүйесінің басты қағидаларын бекітуге шақырады. Басқа құқық салаларының қатынастарын дамыту және оны реттеу оның басты мазмұны болып табылады. Осылайша, конституциялық құқық ғылымынан басқа, мемлекеттік органдар әкімшілік және азаматтық құқық ғылымы түрлеріне бөледі. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады. «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі № 1 Нормативтік Қаулысымен берілген түсініктемені, ҚР Конституциялық Кеңестің 1996 жылғы 28 қазандағы № 6/2 Қаулысын және ҚР Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3 қаулысын қараңыз

Конституциялық құқық ғылымында біртұтас мемлекеттік аппарат ұйымы, біріншіден – ҚР мемлекет құрылымының формасымен, ал екіншіден биліктің бөліну қағидасымен негізделеді. Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болғандықтан, мемлекеттік құрылымдарды ортақ жүйеге алуы керек.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының жалпы жүйесіне ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, министрліктер және агенттіктер, жалпы республикалық ведомстволар кіреді. Сонымен қатар бұл жүйеге ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Прокуратурасы кіреді. Сондай-ақ олардың құрамына жалпы юрисдикциялық соттар, әскери қызметкерлер, жергілікті прокуратура, жергілікті атқарушы органдар кіреді.

Сонымен қатар жалпы жүйеге басқарушылық құрылымдар - әкімшілік мемлекеттік ұйымдар да жатқызылады. Республика мәртебесі мен мемлекеттік органдар жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады. Барлық мемлекеттік органдар өз принциптеріне сай заңшығарушылық, атқарушылық, сот билігіне бөлінеді.

Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы болып табылады. (ҚР Конституциясының 49-бабына сәйкес)

Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. (ҚР Конституциясының 64-бабына сәйкес).

Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.

Қазақстан Республикасының Соттық жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясы және конституциялық заңдылықтар арқылы ұйымдастырылады. Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi. Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайда, тәртiпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

2.Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жайы туралы ҚР Конституциясының ІІІ бөлімінде айтылады. Президент - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Қазақстан Республикасының Конституциясына сай Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi, халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi болып табылады.

Мемлекеттік билік пен мемлекетті басқаруда ең жоғарғы органдар жүйесінде Президенттің алатын орны ерекше. Қазақстан Республикасында мемлекет басшысының орны Үкімет басшысының орнымен қатар жүргізілмейді. Сондықтан да, осы қасиеттерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті кең түрде конституциялық заңдылықтарға сай, еркін түрде билік жүргізеді.

Жалпы халықтық сайлаумен қабылданған Қазақстан Республикасының соңғы Конституциясы президенттік басқару жүйесін бекіткен болатын. Сонымен бірге әлеуметтік жоспарда Президенттің конституциялық-құқықтық мәртебесі қажет.

ҚР Конституциясының 40-бабы бойынша Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) Республика Президентi болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.

2011 ж. 02.02. № 403-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырПрезиденттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайын­да­лады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.

алынып тасталдыДауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi.

Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күнiнен бастап бiр ай iшiнде ант бередi. Президенттің өкілеттік мерзімі — 7 жылға белгіленеді.

Қазақстан Республикасының Президентi: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiне жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi.

Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң қатысуымен өткiзiледi.

Ел Президентіне куәлік, арнайы құрмет белгісі – төсбелгі мен байрағы ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы – мемлекет басшысының жоғары лауазымдық белгілерінің бірі. ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылуы тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес ресми айырым белгілері мен орналасатын жерлері белгіленді. Ол көгілдір түсті (мемлекеттік тумен түстес), тікбұрыш нысанындағы ені мен ұзындығы үштен екіге сәйкес келетін кездеме. Ортасында қанатты барыстың үстінде оң қолын жоғары көтеріп отырған сақ дәуірінің жас көсемі алтын шеңбер ішінде бейнеленген. Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Сабына ҚР Президентінің мемлекеттік тілде тегі, есімі мен әкесінің аты және сайланған уақыты өрнектеліп жазылған күміс тақтайша бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы үнемі Елбасының жанында болады және шет елге сапарға шыққанда бірге алып жүреді.

Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасының ресми айырым белгісі болып саналады. Оны ресми пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы №2736 «Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айрым белгілерінің ресми пайдалану тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес айқындалған. Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1995 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысымен белгіленген.

1995 жылы 12 желтоқсандағы №2676 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» ҚР заңына сәйкес, «Алтын Қыран» ордені жоғары дәрежелі айырым белгісі болып саналады. Онымен мемлекетке айрықша еңбек сіңірген азаматтар марапатталады.

Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентiнiң өкiлеттiгi қалған мерзiмгеберіледі.

Республиканың Президентi өзiнiң мiндеттерiн атқару кезiндегi iс-әрекетi үшiн тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап бередi және бұл үшiн Парламент оны қызметiнен кетiруi мүмкiн.

Қазақстан Республикасының Президентi науқастануына байланысты өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиiстi салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзiмiнен бұрын босату туралы шешiм Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында комиссияның қорытындысымен белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негiзiнде әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiгiмен қабылданады.

Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентiнiң өкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына көшедi; Сенат Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасына көшедi; Мәжiлiс Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министрiне көшедi. Өзiне Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған тұлға тиiсiнше Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының немесе Премьер-Министрдiң өкiлеттiгiн тапсырады. Бұл жағдайда бос тұрған мемлекеттiк лауазымдарды иелену Конституцияда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

3.Биліктің бөлінген-біріккен жүйесіндегі ерекше орын елдегі Қазақстан Республикасының Парламентіне - заң шығарушы билікке тиесілі. ҚР Конституциясының 49-бабында: Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы – деп жазылған.

Қазақстан Республикасы Парламентінің басты қызметі – заң шығарушы, яғни заңдар және басқа да нормативтік актілерді қабылдау, мемлекет пен қоғам қызметінің нормативтік негізін қалыптастыру. Басқаша айтқанда, ол стратегиялық басқаруға қатысуға және мемлекеттік, қоғамдық өмірдің ұзақ мерзімді стандарттары мен іргелі құндылықтарын тіркеу мен қалыптастыруға мамандандырылады, жедел-басқару, белсенділік пен құқықты қолдану субектілері, мемлекеттің органдардың бастапқы деп танылуы жатады.

Қазақстан Республикасының Парламенті ҚР Конституциясының 53, 54-баптарына сәйкес оның құзыретіне қатысты барлық сұрақтарды заңдандырады. Бұл сұрақтар біріншіден, Палаталардың бірлескен отырысында Парламент: Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді

Егер Парламент әрбір Палатадағы жалпы депутаттардың жалпы санынан үштен екі дауыс берушілері ерте қабылданған шешімді растаса, Призидент жеті күннің ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі: Егер Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы; Республика Президентiнiң, Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерiнiң, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының кез келген отырыстарға қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар. Бағдарламадан қайта бас тарту әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен жүзеге асуы мүмкін. Көпшіліктің жоқ болуы Үкімет бағдарламасының мақұлданғанын білдіреді; жалпы санының үштен екісінің дауысымен Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді: соғыс және бітім мәселелерін шешеді; Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды; Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды; Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Екіншіден, бұл сұрақтар мыналарды анықтайды: ҚР Парламенті палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде: республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді; мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды; мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді; рақымшылық жасау мәселелерін шешеді; Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.

Наши рекомендации