Санаторлы – курорт шаруашылығында орналастыру мәселелері
Қонақүйлік мекемелердің басты функциясы - қаржылай ақы төлемі үшін уақытша тұрғын жай ұсыну.
Орналастыру құралдары қызметтері - туристерді орналастыру және қонақ үйлік және арнайы қызметтер (емдеу-сауықтыру, санаторлық, спорттық, туристік және т.б.) көрсету бойынша орындаушының қызметі.
Орналастыру жолдарын ұжымдық және жекеге бөлуге болады.
Ұжымдық орналастыру жолдарына келісілерді жатқызуға болады:
* қонақ үйлер, соның ішінде пәтер типіндегі және орналастырудың өзге ұқсас түрлері: мотелдер, тұрғын орны бар клубтар, пансионаттар, жиһаздалған бөлмелер, жатақханалар;
* арнайы мамандандырылған орналастыру жолдары: санаторийлер, профилакторийлер, еңбек және демалыс лагерлері, демалыс үйлері, туристік баспаналар, бекеттер және т.б., туристік, спорттық базалар, демалыс базалары, аңшы (балықшы) үйлері, конгресс-орталықтар, қоғамдық көлік құралдары (поездар, круиздік кемелер, яхталар), құрлықтағы және су транспорттары, түнеу үшін қайта жабдықталған орналастыру үйлері, кемпингтер (кемпингке арналған алаңдар, автофургондар).
Орналастырудың жекелеген түрлеріне: пәтерлерді, пәтерлердегі бөлмелерді, жалға алынған үйлерді, коттедждерді жатқызады.
Орналастыру жолдарында:
* қажетті жол белгілері бар жайлы подъездер, жөнделген жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, орналастыру түрлеріне кіретін жабдықталған және кешкі уақытта жақсы жарықтандырылған террриториялар, автокөлікті қысқа мерзімге қоюға арналған қатты жабындымен жабылған алаңдар, қажетті ақпараттық-анықтамалық нұсқау белгілер (Мысалы: ГОСТ Р 51185-98 «Туристік қызмет көрсетулер. Орналастыру жолдары. Жалпы талаптар»);
* тұрғын үй және қоғамдық орындарды жарықтандыру – табиғи және жасанды, коридор – тәулік бойы табиғи және жасанды жарық (СНиП 3.05.01);
* суық және ыстық су, канализациямен қамтамасыз ету (СНиП 2.04.01, СНиП 3.05.04, СНиП 23-05);
* тұрғын жайларда 18,5 С-дан төмен ауа температурасын сақтап тұратын жылуды қамтамасыз ету;
* тұрғын жайда ауа циркуляциясын қамтамасыз ететін және өзге иістердің кіруін болдырмайтын вентиляцияның (табиғи немесе әдейі) болуы;
* телефондық байланыстың болуы;
* жолаушыларға арналған лифтінің болуы (қажеттілігіне қарай) (СНиП 2.08.02).
Тұрғын бөлменің (нөмірдің) минимальды ауданы 9 кв.м.-ден кем емес көлемді құрауы тиіс (СНиП 2.08.02).
Ғимарат ішіндегі бір тұрғынға арналған нөмірдің минимальды ауданы: егер жыл бойы қызмет көрсететін болса – 6,0 кв. м.-ден кем болмауы; егер маусымдық (жаздық) қызмет көрсетуде – 4,5 кв.м.-ден кем болмауы тиіс.
Нөмірде төмендегілер болуы тиіс:
* жиһаз (кереует, тумба, үстел, орындық, шкаф), инвентарь ( кереует қасына төселетін кілемше, айна т.б.) және тұрғындар санына қарай төсек жабдықтары;
* бөлменің қараңғылануын қамтамасыз ететін қалың перде немесе жалюзилер;
* радиохабар тарататын қабылдағыш (барлық нөмірге желі);
* төбеге (қабырғаға) және кереует жанына шам-шырақ, кернеуі көрсетілген электр розеткасы;
* ішкі сақтандырғыштары бар есік құлыптары.
Нөмірдегі санузел (санитарлық торап) бет жуғышпен, дәрет алу құрылғысымен (унитаз), ванна немесе су себермен (душ) жабдықталуы тиіс. Нөмірде санузел болмаған жағдайда ортақ қолданылатын санитарлық нысандар болуы тиіс (ерлерге және әйелдерге бөлек, 10 адамға бір унитаз, бір жуынғыш және бір су себер есебімен).
Туристерді ұжымдық орналастыру жолдары бойынша төмендегілер көзделуі тиіс Мысалы: (ГОСТ Р 50762-95):
* тұрмыстық өзіне өзі қызмет көрсету бөлмесі, қажетті жабдықтар және инвентарьлары бар кір жууға және киім кептіруге арналған орындар;
* тамақтандыру қызметін ұсынатын орын және (немесе) өз бетімен тамақ дайындауға арналған ас бөлмесі;
* телехабарлар және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шаралар қарауға арналған бөлме немесе бөлменің бөлігі;
* сақтау камерасы;
* жергілікті жағдайды есепке ала отырып, мүгедектерге ыңғайлы қолжетімді құрылғылар; сыртқы есікте мүгедек арбасына кіруге арналған еңіс пандустар, лифтілер, арнайы жабдықталған нөмір және дәретханалар және т.б. (СНиП 2.08.02 және ВСН 62).
Ұжымдық орналастыру жолдарымен тұратын туристерге қызмет көрсетудің минимальды ассортименті ұсынылуы тиіс (ГОСТ Р 51185-98):
* тәулік бойғы қабылдау;
* қоғамдық тамақтандыру қызметі немесе өз бетімен ас дайындауға арналған жағдайлар;
* тұрғын бөлмеге және дәретханаға (жатақхана, еңбек және демалыс лагерлері, туристік баспаналар, бекеттер, кемпингтер есептемегенде) күн сайын тазалық жұмысын жүргізу (төсектерді жинауды қоса алғанда);
* аптасына бір реттен кем емес - төсек жаймаларын ауыстыру, үш күнде бір реттен кем емес – орамалдар ауыстыру;
* хат және жеделхаттар жіберу, алу және жеткізу;
* бағалы заттарды, жүктерді сақтау қызметі;
* медициналық жәрдем: «жедел жәрдем » шақыру, аптечкаларды пайдалану;
* туристік ақпараттар.
Орналастырылған туристерге қызмет көрсететін қызмет көрсетуші персоналдар, орындайтын жұмыстарына сәйкес біліктілікке ие болуы, қонақжайлық, жайлылық ахуалын құруға, ізеттілік пен мейірімділік көрсетуге тиіс.
Қонақүйлер келесі белгілерімен сипатталады:
* саны белгілі минимумнан аспайтын нөмірлерден тұрады; бірыңғай басшылыққа ие;
* әртүрлі қонақүйлік қызметтер көрсетеді;
* ұсынатын қызметінің сапасы мен номенклатурасына сәйкес, мемлекеттің стандарты мен қолда бар құрал-жабдықтары арқылы қызмет көрсету деңгейіне орай категориялар мен класстарға топталады.
Қонақүйлерде ұсынылатын қызметтер негізгі (міндетті) және қосымша болып бөлінеді, ақысыз және ақылы болуы мүмкін.
Қонақтарға ақысыз көрсетілетін қызмет түрлері:
* «жедел жәрдем» шақыру;
* медициналық аптечканы пайдалану;
* оған келіп түскен пошталық хат-хабарлардың нөмірге жеткізілуі;
* қайнаған су, ине, жіп, ыдыстың бір жиынтығы және ас құралдары және т.б.
Қосымша ақылы қызметтер тізімі және сапасы бойынша қонақүйге берілген категория талаптарына сәйкес болуы тиіс (ГОСТ Р 50645 - 94).
Қызмет көрсететін мекемелер қолжетімді, ыңғайлы жерде (көбінесе бірінші қабатта) орналасуы тиіс. Қабаттарда, вестибюльде, нөмірлерде қайда және қандай қызмет алуға болатыны туралы ақпарат болуы тиіс, олардың қабылдау уақыттары да қонақтарға ыңғайлы болуы тиіс.