Курорт шаруашылығының даму тарихы.

Курортология» сөзінің түсініктемесі.

Курортология (курорт және грек. ‘’Logos’’ – ілім) – емдік қасиеті бар табиғи факторларды зерттеп, оларды пайдалану жолдарын қарастыратын медицинаның бір саласы. Курортология микробиология, химия, физика, биофизика, физиология, ғылым салаларымен тығыз байланысты. Оның медициналық климатология, климатотерапия, бальнеология, бальнеотерапия, балшықпен емдеу, қымызбен емдеу, т.б. салалары бар. Курортологияның негізгі шұғылданатын мәселелері: жұмыс істеп тұрған курорттардың және әлі іске қосылмаған курорттық жерлердің емдік қасиеттерін тексеріп, дұрыс пайдалану жолдарын іздестіру; кейбір табиғи минералды суларды, шипалы балшықтарды, т.б. басқа жаққа тасымалдағанда емдік қасиеттерін жоғалтпауын қадағалау; аурулардың түр-түріне, кезеңіне байланысты оларға курорттық емнің қалай әсер ететінін анықтап, сауықтандыру орындарында олармен емдеу әдістерін ұсыну; курорттардың медициналық тұрғыдан жұмысын дұрыс ұйымдастыру жолдарын қарастыру, т.б. Курортология ғылымының жетістіктері нәтижесінде курорттық факторлардың (климаттық, минералды сулардың, емдік балшықтың, т.б.) адам организміне әсерінің механизмдері анықталды. Бұлар адам денсаулығына рефлекстік жолмен, яғни жүйке жүйесі арқылы гуморальдық, гормондық өзгерістерге дәнекерлік жасайды; тікелей зат алмасуға әсер етіп, организмнің ауруға қарсы тұру қабілеттілігін арттырады; организмде пайда болған зияндымикрофлораны жойып, улы заттарды аластататын факторлардың пайда болуының нәтижесінде емдік шараларды қолдану тәртібін іске асырады. Сондықтан Курортология ғылымының негізгі мақсаты – курорттық факторлардың қандай аурулардың қандай түріне және олардың қай кезеңінде пайдалы екенін анықтау болып есептеледі. Қазақстанда Курортология саласындағы зерттеулер КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің Эксперименттік және клиник. институтында (қазіргі Хирургия ғылыми орталығы) Курортология бөлімі ұйымдастырылғаннан (1945) кейін басталды. Бұл бөлім 1950–84 ж. Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы), ал 1984 жылдан Кардиология ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты) құрамында.

Курорт шаруашылығының даму тарихы.

Ежелгі гректер мен римдіктер шипалы жерлер мен климаты тамаша жерлерді өздерінің денсаулықтарын сауықтыру мақсатында қолданған. Мұндай шипажайларға ауру адамдармен қатар сау адамдар да тынығу үшін келетін. Емдеу құдайы Асклепийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды, классикалық кезеңде (б.з.д. 5-6 ғғ..) олардың саны 60-тан астам болады. Олар қаладан қашық, қыраттау, жақсы климаты бар жерде салынды.

Уақыт өзгергенімен саяхаттар мотивациялары өзгермей қала берді. Табиғаттың шипалы ерекшелігі ауру адамдарды шипажайларға келуіне негіз болды.

Алғашқы санаторийлер дәулетті адамдар үшін 19 ғ 2 жартысында Батыс Еуропада салына бастаған. Санаторийлер үлкендерге, балалар мен жастарға, сонымен қатар ата-анасы мен балаларға арналған деп ажыратылады. Санаторийлер бір профильдік (ұқсас аурулар үшін) және көп профильдік (екі және көп мамандандырылған бөлімдер) деп бөлінеді.Бұрынғы КСРО елдеріндегі емдік туризмінің пайда болу тарихы терең. Ол Қаратеңіз аймағынан бастау алады. XVIII ғ. басындағы Рессей патшасы тұсынан емдік туризм бастамасын алады. Оның дамуына Петр 1 үлесін қосады, ол кейбір шетелдік курорттарды білетін, сөйтіп өз елінде «бұлақ көздерін» іздеу жұмыстарын жүргізді. Ал 1717 жылы алғашқы заң шықты, яғни «О приискании в России минеральных вод». 1719 жылы жарық көрген жаңа бұйрық, жаңа емдік курорттардың ашылуына бастама болып табылды. Сондықтан Рессейдің емдік курорттың басты тарихы 1719 жылдан басталады деуге болады.XVIIІ ғ. біраз уақыттан кейін ғана Кавказдың минералдық су қорлары з зерттеліне басталды. 1803 жылы «қышқыл су» бастуының қасында тұрғын үйлердің пайда болуына байланысты, бұл қалашық «Кисловодский» атына ие болды. Осыдан кейін Ессентуки мен Железноводск минералды сулары да ашылды. XVIII ғ. екінші жартысынан және XIX ғ. дейін курорттық даму деңгейі тез өсті деуге болады. 1815 жылы «Старая Русса» курорты пайда болды, ал 1830 жылдары Одессалық емдік балшық курорты, 1833 жылы Сергеевские минералды суы, 1838 жылы – Юрмала және т.б. XIX ғ. екінші жартысында Крым-Сакское мен Генакское балшық көлдері, Сибирде -Ямаровка, Дарасун; Орталық Азияда – Ыстық көл, Ақсу, Джалал-Абад, ал Қазақстан территориясында Алма-Арасан, Қапал-Арасан; Грузияда – Боржоми, Цхалтубодта емдік климаттық зерттеулер жүргізілді. Осы аймақты зерттегеннен кейін, қолдануға болады деген тұжырым жасады .
XIX ғ. ғасырдың соңында ресейліктер арасында екінші таулы аудан Қырым әйгілі бола бастайды. Ол кезде Қырымның емдік климаты демалу жүйесінде ауруы бар адамдар үшін оңды және шипалы қасиеттерге ие болды. Осы қасиетіне байланысты Қырым Ресейдің ең көп барылатын жеріне айналды.
Жаңа ашылған курорттар және салынып жатқан курорттар толығымен мемлекет қазынасында болатын. Бірақ оған қарауға мүмкіндік болмады. Сондықтан көптеген курорттар жеке меншікке немесе жалға берілді.

Наши рекомендации