Санаторлы – курорт шаруашылығын сертификаттау, лицензиялау ерекшеліктері

Біздің елдің курорттық саланың негізі Қазақстан Республикасының курорттық қоры ретінде анықталатын іс жүзіндегі заңдылыққа сәйкес сол аумақта барлық есептелген және анықталған курорт, емдік сауықтыру мекен және оның табиғи емдік ресурстардың жиынтығы болып табылады.Курорттық саланың табиғи ресурстық базасын минералды сулар, емдік балшықтар, лиман және көл рапасы, емдік климат және демалуды ұйымдастыру және ауру профилактикасы мен емдеу үшін қолданатын бсқа табиғи объектілер және шарттар.Табиғи объектілердің және шраттардың емдік қасиеттері ғылыми зерттеу негізінде, көпжылдық тәжірибе негізінде бекітіледі және денсаулық сақтау сұрақтарымен айналысатын атқару биліктің органдарымен бекітіледі. Табиғи емдік ресурстар мемлекеттік меншік болып табылады. Табиғи емдік ресурстар ауруды емдеу және профилактика жасау үшін, және де демалу мақсаты үшін заңды және жеке тұлғамен ұсынылады. Табиғи емдік ресурстар ҚР үкіметімен анықталатын лицензия тәртіп негізінде ұсынылады. Табиғи емдік ресурстарды заңмен қарастырылмаған мақсат үшін қолдануға жол берілмейді. Экологиялық және санитарлы эпидемиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда сәйкесті аумақтың курорттық рекреациялық потенциалы үшін зиян келтірмейтін болса ғана ҚР үкіметі халықтың демалуына, профилактикасына және емделуіне байланысты емес мақсат үшін қолдануға рұқсат бере алады. Бальнеологиялық практикада көбіне толық зерттелген және кең қолданатын табиғи емдік ресурстар курорттар шегінде шоғырланған.

Дәстүрлі түрде Қазақстан курорттарында және курорттан тыс практикада басты табиғи емдік фактор емдік көрсеткіштің кең спекторын иеленетін сыртық және ішкі қолдануға жататын минералды сулар жатады. Қазақстан Республикасында басқа маңызды табиғи емдік фактор әр алуан емдік балшықтар және емдік климат болып табылады.

Минералды сулар курорттың типін және медициналық профилін анықтайтын негізгі табиғи емдік фактор болып табылады.

Емдік балшықтар курорттарда және курорттан тыс аяда кең қолданатын маңызы бойынша екінші болып табылатын табиғи емдік фактор. Емдік балщықтардың төрт типі бар: теңіздік және континенталды генезистің илдік минералды сульфиттік балшықтары, торфтік және сапропелевтік балшықтар, және де вулкандық типтегі көбіне сирек кездесетін балшықтар.

4.4.Курорттардың пайда болу уақытынан бастап, табиғатты қолдану және қоршаған ортаны қорғау мәселесі әрқашанда өзекті болып табылады.

Негізгі табиғатты қорғау талаптары:

v Емдік сауықтыру жерлер мен курорттар шекарасында емдік қасиеттерді иеленетін табиғи ресурстар мен объектілердің сапасы мен құнарлығының нашарлауына қауіп әкелетін іс әрекетпен айналысуға тыйым салу

v Халықтың ауруын емдеуді және ауру профилактикасын ұйымдастыру үшін қолайлы табиғи факторларды сақтау мақсатында емдік сауықытур орындарды және курорттарды ерекше қорғау тәртібі бекітіледі және санитарлы немесе тау санитарлы қорғау округтері ұйымдастырылады.

4.4. Халық шаруашылығы саласын жоспарлы реттеу және аймақты ұйымдастыру тиімділігі тікелей түрде ғылыми тұрғыда ауданданыруға байланысты, өйткені ол табиғи-географиялық шарттармен ресурстарды жан-жақты зерттеумен бағалаумен және де аумақтың шаруашылық және басқа да аймақтық ерекшеліктерін зерттеумен, бағалауымен айналысады. Рекреациялық іс-әрекеттің өсуі қандай да болмасын рекреациялық қызметті орындауға бір қатар аумақты мамандандыруға әкеледі.

Туризм мақсаты үшін туризмнің дамуы, оның материалды-техникалық базаларын құру және кеңейту, табиғи және мәдени –тарихи элементтерді интенсивті түрде қолдану, оның өсуі ауданның экономикалық - әлеуметтік өміріне әсер етуі туристік аудандандыру мақсаты үшін аумақты зерттеудің арнайы тәсілін қалыптастыруды талап етеді. Көптеген зерттеушілер және ғылыми ұйымдар рекреациялық мақсатта елдің барлық масштабында, немесе жеке аудандар бойынша аудандандыру қағидалары мен әдістемелерін дайындауға тырысуда. Бірақ та, қазіргі уақытқа дейін аудандандырудың әдістемелік қағидасы бойынша ортақ көзқарас жоқ.

Рекреациялық аудандандырудың ішінде 2 бет алыс көрсетілген:

1-шісі келесі түрде сипатталады: демалу мен туризм ауданы жеке физикалық және географиялық ауданының ішінде көрсетіледі. Осылайша әрбір ірі физика-географиялық бірлікте бірнеше аудандар болуы мүмкін.

2-ші бағытта физико-географиялық ауданның шектері рекреациялық ауданның шегі ретінде қабылданған.

Туризм мәселесін дайындауға экономико –географтардың қатысуы рекреациялық аудандыру негізіне экономикалық аудандырудың қағидалары жатқызуға әкелді. Туристік ауданды аумақтық бірлік ретінде анықтай отырып, туристік ауданның шегі әкімшілік ауданның шегімен анықталады деп айтуға болады. Әкімшілік аудан – біздің елімізде қабылданған аумақтың экономикалық аудандандырылуы.

Географиялық әдебиеттерде «туристік аудан» және «туризм ауданы» түсініктерін шатыстырады. Егерде бірінші түсінік объективті аумақтық бірлікті көрсетсе, екіншісі туризмнің таралу ареалын көрсетеді. Туристік аудан экономико- географтардың зерттеу объектісі болып табылады, туризм ауданы жоспарлаушы- архитекторлардың және т.б. зерттеу объектісі. Л.И: Мухин туристік аудан түсінігін анықтай отырып, келесі қорытынды жасайды: «егерде белсенді демалудың формасы ретінде туризмнің барлық әртүрлігін ескере отырып, қандай да болмасын аудан туризмнің қандай да болмасын түрі үшін қолданса, ол туристік деп аталуы мүмкін. Бұл жерде әртүрлі рангтегі аудандарды ерекшелеу қажет – жергілікті, облыстық, жалпы ұлттық, халықаралық туризм үшін».

Наши рекомендации