Жалпы теорияның әдісі, оның мазмұны.

Методология – дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми- методологияның негізі- материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы – оның ғылыми, зерттеу әдіс- тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді – теория мен методика. Теория- ғылым нені зерттейді? – деген сұраққа жауап береді. Метод – ғылым қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді ? –деген сұраққа жауап береді. Методологияның екі түрі болады: жалпы ғылыми әдіс-тәсіл және жекелік ғылыми әдіс-тәсіл. Жалпы ғылыми әдіс-тәсілді ғылымды зерттеудің методологиялық негізі деп атайды. Қазіргі замандағы ғылыми зерттеулер философияның материалистік және диалектикалық заңдарына сүйене отырып жүргізіледі.

Материализм – философияның бір бағыты. Ол материя, табиғат, болмыс алғашқы, ал сана, рух, ой материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеолизмге қарама-қайшы ғылыми философиялық бағыт.

Диалектика – табиғаттың, қоғамның және адам ойының дамуы мен қозғалысының жалпы заңдары жайындағы ғылым, дүниені танудың әдісі мен теориясы. Диалектика объективті күрделі заңдылықтардың, қажеттігін қарама - қайшылыққа толы табиғатын зерттейді. Диалектиканың негізгі заңдары: қарама- қарсылықтардың бірлігі мен күресі; сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы; терістеуді терістеу заңы.

Жекелік ғылыми – зерттеу әдіс – тәсілдерінің түрлері: жүйелік , функционалдық, статистикалық, социологиялық, үлгілік, салыстыру теңестіру т.б.

Жүйелік тәсіл – қоғамдағы мемлекеттік – құқықтық құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеу.

Функционалдық тәсіл – қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу. Бұл әдіс мемлекеттің аппаратын, функциясын, құқықтық құрылымын, жүйесін, құқықтық сананы,жауапкершіліктің түрлерін т.б. құбылыстарды зерттеуде пайдаланады.

Статистикалық әдіс – заңды құбылыстардың санды деректеріне, фактлеріне сүйене отырып зерттеу жүргізу. Оның кезеңдері: бақылау, деректерді, фактілерді жинақтау, жиналған материалдарға анализ жасау.

Үлгілік әдіс – болған құбылыстың үлгісін жасап сол арқылы істің мазмұнын , көлемін жобалап келтіріп барып зерттеу жүргізу.

Социологиялық тәсіл - жүйелік функционалдық, статистикалық, үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілетін зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру.

Салыстырмалы-теңестірмелі әдіс- бірнеше мемлекеттерді , құқықтарды салысмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі әдістермен зерттеу жүргізу.

Математикалық әдіс – ЭВМ, компьютер, автоматика, телемеханиканы қолданып зерттеулер жүргізу. Осы зерттеулердің әдіс- тәсілдерін барлық қоғамдық ғылымдар пайдаланады. Бұл әдістерді жеке сирек қолданады. Олар көбінесе біріктіріліп, зерттеу барысында бірін-бірі толықтырып отырады.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық негіздері пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

· Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

· Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

· Қажетті қортындылардың жасалуы

· Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

· Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:

Реферат тақырыптары:

1.Мемлекеттің басқару нысаны: ұғымы мен түрлері.

2.ҚР-ның мемлекеттік басқару нысаны.

3.ҚР-да қазіргі мемлекеттік басқару нысанының дамуы.

4.Мемлекет типі мен нысанының ара-қатынасы.

5.Бір типтегі мемлекет шегінде басқару нысанының көптүрлілігі.

6.Ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік - аумақтық құрылымның нысандары.

7.Федеративті құрылым.

8.Саяси-режим: ұғымы мен түрлері.

9.Демократиялық тоталитарлық авторитарлық режим

10.Қазіргі Қазақстанның саяси режимі.

11.Монархиялық басқарудың ұғымы.

12.Республикалық басқарудың ұғымы.

13.Қазіргі мемлекеттік құрылым.

14.Біртұтас мемлекет: оның негзгі элементтері.

СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

· Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

· Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

· Рәсімдеу сапасы

· Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:

Осы пәннің түсінігі мен пәнін ажырата білу, әдістерін толық көрсету.

Үй тапсырмасы:

Мемлекеттердің басқару нысанына, құрылым нысанына салыстырмалы схема құру.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 1998.

2. Малько А.В. Теория государства и права

3. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы

4. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы

5. Алексеев С.С. Теория государства и права

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

Наши рекомендации