Бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды өз құзыретi шегiнде мыналар жүзеге асырады: 1) уәкiлеттi орган; 2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы; 3) жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган; 4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган;
6) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган; 7) фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 8) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары. 2. Уәкiлеттi орган су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiредi. 3. Уәкiлеттi орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармасы:
1) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуын; 2) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келiсiмдердiң шарттары мен талаптарының орындалуын;
3) су объектiлерi бойынша су пайдаланудың және су бөлудiң белгiленген нормалары мен ережелерiнiң, лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуын; 4) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын;
5) су объектiлерiнен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауын;
6) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауын;
7) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақталуын;
8) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгiленген тәртiбiнiң сақталуын;
9) белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiн;
10) су объектiлерiн өз бетiмен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектiлерi белдеулерiнiң аумақтарында өз бетiмен құрылыс салуға жол берiлмеуiн;
11) суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетiстiктерiнiң және озық тәжiрибенiң, су тұтынудың үлесiн азайту жөнiндегi iс-шаралардың кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы, азаматтық қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық cалауаттылығы, ветеринария саласындағы уәкiлеттi органдар, карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы органдар: 1) өз құзыретiне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады; 2) су қорының сапалық және сандық жай-күйiнiң өзгеруiн тексерудi және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады; 3) су заңнамасының бұзылуын жою шараларын қабылдайды; 4) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық құжаттар дайындауға қатысады;
5) су объектiлерiне белгiленген талаптарды бұза отырып жүргiзiлген ағынды су ағызуды тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiс объектiлерiнiң, цехтар мен кәсiпорындардың қызметiне тыйым салу туралы белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi. Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2006.01.31. N125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.