Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi мiндеттерi

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi мiндеттерi:

1) экономика салаларын сумен қамтамасыз етудi талдау және бағалау, кемшiлiктердi анықтау және оларды жою жөнiндегi шараларды айқындау;
2) су ресурстарының қолда бар көлемiн, олардың сапасын және оларды пайдалану құқықтарының болуын айқындау;

3) су тұтыну, су беру және су қорғау технологияларын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

4) қолда бар су ресурстарының көлемiн ұлғайту және су тапшылығын жабу үшiн оларды ұтымды қайта бөлу жөнiндегi iс-шаралардың болжамы және оларды ұйымдастыру;

5) жылдың сулылығына қарай суға қажеттiлiктi қанағаттандыру басымдығы бойынша су ресурстарын бөлiп су пайдалану құрылымын белгiлеу т.б

Азақстан Республикасы Үкiметiнiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Yкiметi:

1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқаруды ұйымдастырады;

3) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;

4) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйесiнiң тiзбесiн бекiтедi;

5) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтер құнын субсидиялау тәртiбiн бекiтедi т.б.

Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;

2) экономиканың су секторының даму бағдарламаларын әзiрлейдi;

3) негiзгi өзендердiң бассейндерi мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектiлерi бойынша су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлейдi;

4) экономика салаларында су тұтынудың үлестiк нормаларын келiседi;

5) ортақ су пайдаланудың үлгi ережелерiн бекiтедi;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне лицензия немесе рұқсат берудi, олардың күшiн тоқтата тұруды жүзеге асырады;

7) бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде су пайдалану лимиттерiн бекiтедi т.б.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құзыретi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:

1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен үлгi ережелердiң негiзiнде аймақтық жағдайлардың ерекшелiктерiн ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерiн белгiлейдi;

2) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

3) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға беру және алып қою тәртiбiн белгiлейдi;

4) жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын бекiтеді.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құзыретi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

2) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi;
3) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға бередi;
4) бассейндiк кеңестердiң жұмысына және бассейндiк келiсiмге қатысады

5) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды әзiрлейдi, оларды iске асыруды қамтамасыз етедi т.б.
3. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы

Су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк не жеке меншiкте болуы мүмкiн.

Жеке меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға, иемденуге және оларға билiк етуге байланысты қатынастар, егер Су Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.

Наши рекомендации