Бап. сапасыз салынған қурылыс
1.Қүрылыс уиымдары басшыларының, жұмыс жүргізушілердің жэне қурылыстың сапа-сын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынган, аяқталмаган немесе шарттың және жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтін ғимараттар мен құрылыстарды, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, электр станция-ларын, тургын үйлерді немесе өзге де қурылыс объектілерін пайдалануга тапсыруы және (немесе) қабылдауы, сол сияқты оларды сапасыз жөндеуі, егер Бұл абайсызда адамның денсаулыгына ауыр немесе ауырлыгы орташа зиян келтіруге әкеп соқса -
2. Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер -
3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқңан іс-әрекеттер -
Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - құрылыс жұмыстарын жүзеге асырудың қауіпсіздік ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстық құдық бұзушылықтың қосымша тікелей объектісі - адамның өмірі, денсаулығы.
Объективтік жағынан Бұл қылмыстық қү_қык бүзушылық құрамы қү_рылыс ұйымдары басшыларының, жү-мыс жүргізушілердің жэне құрылыстың сапасын басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынған, аяқталмаған немесе шарттың жэне жобалау кұжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтін ғимараттар мен қүрылыстарды, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, электр станцияларын, тұрғын үйлерді немесе өзге де қүрылыс объектілерін пайдалануға тапсыруы жэне (немесе) пайдалануы қабылдауы, сол сияқты оларды сапасыз жөндеуі, егер Бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр зиян келтірумен көрініс табады. Қылмыс құрамы - материалдық.
Кінэлінің іс-эрекеті салдарынан 278-баптың негізгі құрамында көрсетілген зардап орын алған сэттен бастап қылмыс аяқталған деп табылады.
Заңсыз іс-эрекет пен одан пайда болған зардаптың арасындағы себепті байланыс анықталуы қажет.
Қылмыстық құ-қық бүзушылық құрамы бланкеттік диспозицияға негізделген.
Құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүзеге асырудың ережелері арнаулы нормативтік-қү_қық актілермен реттеледі.
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істелуі мүмкін. Қылмыстық қүқық бұзушылық субъектісі - арнаулы: құрылыс ұйымдарының басшылары, жұмыс жүргізушілердің жэне құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асырған лауазымды түлғалар.
Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға экеп соққан эрекеттер осы қылмыстың ауырлататын (278-бап 2-тармағы), ал абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне экеп соктырған әрекеттер қылмыстың өте ауырлататын (278-бап 3-тармағы) түріне жатады.
Сапасыз құрылыс құрамының ауырлататын жэне өте ауырлататын құрамы субъективтік жағынан абайсыздықпен істелінеді.
Бап. Сәулет, қала құрылысы және қурылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу
1.Сәулет, қала қурылысы және құрылыс қызметі саласындагы қагидаларды немесе нормативтердің талаптарын абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соққан бузу -
2.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет -
Сэулет, қала құрылысы жэне құрылыс қызметі саласындагы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын абайсызда адам өліміне немесе озге де ауыр зардаптарга экеп соққан бұзу - үшін қылмыстық кұқық бұзушылық үшін жауаптылық көрсетілген. Қылмыстық құқық бүзушылық объектісі - сэулет, қала құрылысы саласындағы кағидалар талаптарын реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстық қүқық бүзушылық объективтік жағынан эрекетсіздік арқылы, сэулет, қала кү-рылысы жэне қүрылыс қызметі саласындағы қағидаларды, нормативтік талап-тарды сақтамағандықтан абайсызда адам өліміне, өзге де ауыр зардаптарга экеп соғады. Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен істеледі.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне экеп соққан іс-эрекет-үшін қылмыстық құқык бұзушылық үшін жауаптылықтың ауыр түрі көзделген (279-бап, 2-бөлігі).
Қылмыстық құқық бұзушылық 16-ға толған, есі дұрыс құрылыс саласындағы қағидаларды сақталмаған адам.