VІ. Үйге тапсырма беру. Үйге: Азияның дамушы елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Үйге: Азияның дамушы елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы:Қытай, Түркия.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қытай мен Түркияның халқы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, ішкі айырмашылықтары, экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже:Қытай, Түркиямен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Кестемен жұмыс.
3. Тірек-сызбамен жұмыс.
4. Топтастыру.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Азияның шаруашылығының негізгі даму бағыттары?
2. Азиядағы экономикалық кеңістіктің жалпы сипаты?
3. Азияның әлеуметтік-экономикалық даму үлгілері?
4.Азия аймақтарының мамандану салалары?
5. Азиян елдерінің топтастырылуы?
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Қытайдың өнеркәсібін түсіндіру.
Отын-энергетика | Бұл саланың бастысы-көмір, мұнай, электр энергиясын өндіру. |
Машина жасау | Бұл сала ел өнеркәсібін барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде. |
Қара металлургия | Елдің 21 металлургиялық кәсіпорындары әрқайсысы жылына 1 млн т-дан астам болат қорытатын қуатқа ие. |
Авиациялық өнеркәсіп | Бұл салада жойғыш-ұшақтар, бомбалаушы, барлаушы ұшақтар, пассажирлік және көліктік ұшақтар мен тікұшақтар жасалады. |
Тоқыма өнеркәсібі | Мақтадан, жүннен, жасанды талшықтардан мата тоқу және бояу, тоқыма мата, киім-кешек дайында т.б. өндіріс салалары кіреді. |
Жеңіл өнеркәсіп | 44 саланы қамтиды және 200 мың түрлі тауар шығарады. |
3. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы Түркияның ауыл шаруашылығын түсіндіру.
4. Топтастыру.
Топтастыру арқылы Қытай мен Түркияның көлігін түсіндіру.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
1. Қытай мен Түркияның өнеркәсібі?
2. Қытай мен Түркияның ауыл шаруашылығы?
3.Қытай мен Түркияның көлік жүйесі?
4.Қытай мен Түркияның халқы?
5. Қытай мен Түркияның ішкі айырмашылықтары?
V. Қорытындылау, бағалау.