VІ. Үйге тапсырма беру. Тақырыбы: Жаңа индустриялы елдер

Үйге: Қытай мен Түркия.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Жаңа индустриялы елдер. Корея Республикасы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Жаңа индустриялы елдер, Корея Республикасының өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, салалары, таралуы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже:Жаңа индустриялы елдер, Корея Республикасымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесімен жұмыс.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Қытай мен Түркияның өнеркәсібі?

2. Қытай мен Түркияның ауыл шаруашылығы?

3.Қытай мен Түркияның көлік жүйесі?

4.Қытай мен Түркияның халқы?

5. Қытай мен Түркияның ішкі айырмашылықтары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Корея Республикасын толық түсіндіру.

Географиялық орны Корея түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Құрамын Жапон және Сары теңіздегі 3 мыңдай ұсақ аралдар енеді. Ең ірісі-Чеджудо аралы.
Табиғаты және табиғат ресурстары Ел аумағының 70%-ға жуығын аласа таулар алып жатыр. Ел аумағына ылғалды шығыс азиялық муссондық климат тән. Жері пайдалы қазбаларға кедей; тек вольфрам кенінің д.ж. маңызы бар. Сонымен қатар кварц, каолин, алтын, темір, мырыштың шағын кен орындары кездеседі. Өзендері қысқа болғанымен мол сулы, жазғы муссондар кезінде тасиды.
Халқы Халқы 48,3 млн адам. Бір ұлтты ел. Халқының 99%-ы корейлер. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – 484 адамнан келеді.Адамдардың өмір жасының орташа ұзақтығы ерлерде-72 жас, әйелдерде-79 жас. Халықтың 79%-ы қалаларда тұрады.
Экономикасы Кеме жасау ел өнеркәсібінің жетекші саласы. Елдегі басты кеме жасау орталығы Пусан болып табылады. Жеңіл автомобиль жасаудан д.ж. 1-ші орында. Жылына 2,2 млн жеңіл автомобиль шығарады. Аса ірі автомобиль компаниялары – «Хундай», «Дэу», «Киа». Металлургия саласы д.ж. 6-шы орында. Д.ж. өндірілетін болаттың 4%-ын береді, электролиттік мыс, мырыш, қорғасын және құйма алюминий өндіруден де көзге түседі. Бұл салада аса ірі концерні ПОСКО. Қазіргі кезде ел д.ж. мұнай химиясы өнімдерінің 5%-ға жуығын береді. Соңғы онжылдықта ғылымды көп қажет ететін өнеркәсіп салалары дами бастады. Ғарыштық күрделі техника жасау игеріле бастады; 2003 жылы елде 8 ғарыштық серік жұмыс істеді. Бұл салада бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтары мен тәжірибелік зауыттарды біріктіретін «Корея Аэроспейс Индастриз» компаниясы жетекші орын алады.
Сыртқа экономикалық байланыстары Халықаралық экономикалық ынтымақтастық аясында Корея Республикасы 1989 жылы құрылып, 24 елді біріктірген аса ірі Азиялық-Тынық мұхиттық еркін сауда аймағына енеді.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Жаңа индустриялы елдер, Корея Республикасы.

Сарамандық жұмыс №5

Тақырыбы: Азияның дамушы елдері.

Мақсаты: Азияның дамушы елдерін, шаруашылығын анықтау.

Көрнекілік: Оқулық, қосымша деректер, д.ж. экономикалық картасы т.б.

Жоспары.

1. Азияның дамушы елдері қандай аймақтарға бөлінеді.

 
  VІ. Үйге тапсырма беру. Тақырыбы: Жаңа индустриялы елдер - student2.ru

2. Азияның дамушы елдерінің ірі шикізат ресурстары

Шикізат ресурсының түрлері Шикізат қоры орналасқан елдері
Темір, марганец Хромит Никель Мыс Полиметалл Сынап Алмас Алтын Қытай, Үндістан, Қазақстан Қазақстан, Түркия, Үндістан Филиппин, Қазақстан Қытай, Қазақстан, Ресей Монғолия, Қазақстан Қытай, Қырғызстан Қытай, Қырғызстан Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан

3. Сыртқа мұнай шығаратын және жаңа индустриялы елдер.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы:Кавказ елдері.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Кавказ елдерінің халқы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, салалары, таралуы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже:Кавказ елдерімен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұоақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

Наши рекомендации