Ағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi

Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:


1. Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi жетiлдiру

Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi дамыту қоғамның ақпараттық қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, e-қызмет көрсетулердi тұтынушылардың құқықтарын қорғау, құзыретiн белгiлеу, сондай-ақ е-Үкiметтің жұмыс iстеу жағдайларында мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестіру бөлiгiнде ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеуге бағытталатын болады.
Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi жетiлдiру жөніндегі іс-шараларды iске асыру жүйелілiк, объективтiлiк және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының нормаларына сәйкес принциптерi бойынша жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттiк органдардың e-қызметтер көрсетуi үшiн құқықтық негіз қалыптастыру мақсатында ақпараттандыру саласындағы әртүрлi аспектiлердi реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына талдау жасау жүзеге асырылатын болады және е-Үкiметтiң жұмыс iстеу тәртiбi мен жағдайларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер кешенi әзiрленедi.
Мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру мақсатында е-қызмет көрсетулерді қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк қызмет көрсетулер мен әкiмшiлiк процестердi жүзеге асыру регламенттерiне талдау жүргiзiлетiн болады, соның негiзiнде тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленедi.
Базалық құрамдас бөлiктер мен ведомстволық ақпараттық жүйелердi құрған кезде бiрыңғай көзқарасты жүзеге асыру және олардың үйлесiмдiлігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнiң деректерi мен сервистерiн ықпалдастыру бiрыңғай тетiгiн қамтамасыз ететiн ұлттық технологиялық стандарттар әзiрлеудi және/немесе халықаралық технологиялық стандарттар қабылдауды көздейтiн e-Үкiмет инфрақұрылымының бiрыңғай әдiснамалық базасы әзiрленетiн болады.

2.Мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулерiн қалыптастыру мен дамыту;
3. е-Үкiметтің қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
4. e-Үкiметтiң инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру;

E-Үкiмет инфрақұрылымының жұмыс iстеуi оның базалық құрамдас бөлiктерiн құруға негiзделетін болады, оларға e-Үкiметтiң порталы мен шлюзi, "төлемдік шлюз", ұлттық бiрегейлендiру жүйесi, мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктік ортасы жатады.
Е-Үкiметтiң бiрыңғай сәулетiн құру мақсатында e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiгін қалыптастыру бойынша техникалық тапсырма әзiрленетiн болады.
Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң техникалық құралдары мен ведомстволық ақпараттық жүйелердiң резервтiк орталықтарын орналастыру үшін серверлiк орталық ғимаратын салу аяқталады және оны технологиялық жарақтандыру жүзеге асырылатын болады.

5. Ведомствоаралық және үлгілiк ведомстволық ақпараттық жүйелер құру және дамыту;
6. Жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерiн құру және дамыту;
7. Халықаралық стандарттар базасында e-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету;

Мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулер ұсынуы ақпаратты қорғау үшiн белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын болады, ол ақпараттың жоғары деңгейде қорғалуын және e-қызмет көрсетулердi пайдаланушылардың сенiмiн қамтамасыз етедi.
Осы мақсатта базалық құрамдас бөлiктерге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiне қойылатын техникалық талаптар ескерiлетiн e-Үкiмет инфрақұрылымының ақпараттық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы әзiрленетiн болады. Тұжырымдамада құрылымды жетiлдiру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелер қауiпсiздiгін материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету мәселелерi көрiнiс табатын болады.
Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде ақпаратты қорғау саласындағы ұлттық стандарттар әзiрленедi және/немесе халықаралық стандарттар қабылданатын болады, оларға сәйкес e-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту кезiнде ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар айқындалатын болады. E-Үкiмет инфрақұрылымының құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру аяқталуына қарай олардың әрқайсысы үшiн қауiпсiздiк саясатын айқындайтын нормативтiк құжат әзiрленедi.
Ақпараттық ресурстар мен жүйелердi қорғау жөнiндегi үлгiлiк жобалық шешiмдер әзiрленетiн болады, олар e-қызмет көрсетулердi жобалау сатысында ақпараттардың қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
"Open source" (бағдарламалық қамтамасыз етудi түрлендiруге және еркiн пайдалануға құқық берушi, компьютерлiк бағдарламаларды лицензиялауды әзiрлеу әдiстемесi) технологиясы базасында қорғалған ұлттық операциялық жүйенi құру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу жоспарланып отыр.
E-Үкiмет инфрақұрылымының сапалы әрi сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында нормативтiк актiлерге, тұжырымдама талаптарына және ақпараттық қауiпсiздiк саясатына сәйкестiгiн сертификаттау жүйесi құрылатын болады. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған техникалық тапсырмаларды келiсудiң бiрыңғай тәртiбi айқындалатын болады.
Интернеттiң қазақстандық сегментiнiң домен кеңiстiк мемлекеттiк реттеу домендердi бөлудiң бiрыңғай тәртiбiн белгілеу және kz доменiн басқару орталығын құру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу арқылы қамтамасыз етiлетiн болады.

Наши рекомендации