Тақырып: XX ғасырдағы Батыс философиясының негізгі бағыттары

Қазіргі замандағы Батыс философиясында әртүрлі ағымдар бар. Олардың ең ірілеріне тоқталамыз. Аналитикалық философия. Негізгі мәселелері философияның мәні, онтология мен гносеология, методологияны тілдің логикалық талдауы арқылы түсіндіру. Р.Карнап, Б.Рассел, Дж.Айер-логикалық позитивизмнің өкілдері- талдауда символикалық логиканың тәсілдеріне жүгінеді, ал Л.Витгенштейн қарапайым тілдің талдауымен айналысады. Аналитикалық философияның өзі ішінде ,ғылым философиясының дамуымен дағдарыс пісіп жетілді. И.Лакатос өзіндік сипаттағы ғылыми-зерттеу бағдарламасын жасады. Онда ғылымның дамуы бірі-бірі тығыз байланыстағы әртүрлі теориялардың өзара ауысуымен түсіндірілді. Г.Кун жалпы теориялық стандартқа, методологиялық қалыптар мен дүниетанымдық ұстанымдарға негізделген белгілі ғылыми қауымдастықтың іс-әрекетінің моделін жасады. Бұл моделді ол парадигма деп атады. К.Поппер ғылыми білімдердің өсуі туралы пікір қорытты. Ғылыми білімдердің өсуі-мықты теориялардың ұсынылуымен тығыз байланысты. Прагматистікфилософия (Ч.Прис, У.Джеймс, Дж.Дьюи)-негізінен АҚШ-та даму рөлінде, өйткені бұл елде іскерлік, әрекет пен табыс бәрінен де жоғары қойылды. Осы жағдайды түсіну мақсатында алдыңғы қатарға іс-әрекет жоспары мен таным шығып, отырады. Бұл ілімнің негізгі ұғымы-тәжірибе. Тәжірибенің қайнар көзі- түйсіктер, кез-келген, эмоциялық жағдай, еріктік импульстер. Заттар белгілі бір анықтық ретінде тәжірибеде берілмеген. Олар субъектінің еркінің күшімен түйсіктер ағынынан шығарылады, сондықтан шындық адамның еркінің күшімен түйсіктер ағынынан шығарылады, сондықтан шындық адамның еркінің күшімен жасалады деген қорытынды туындайды. Яғни, тәжірибенің объективті жағы еске алынбайды, ол рухани теориялық іс-әркекет деп есептелінеді. Прагматиктер ақиқатты анықтауда оның құндылықтық сипатына мән береді. Пайда әкелетін нәрсенің бәрі ақиқат деп жарияланады. Ғылым мен білім де оның пайдалығы, керектігі тұрғысынан бағаланады.

Психикалық талдау философиясы. Оның негізінен З.Фрейд қалады. З.Фрейд –дәрігер, ми анотомиясын зерттеген, жүйке ауруларын бақылаған. Дәрігерлік практикасында адамның қояншығы ұстап қалуының табиғатын бақылап, оның себептерін білуге тырысқан. Адам санасында не боып жатады, неліктен адамның психикалық саулығы бұзылады, күйрейді. өзінің «Қояншық туралы зерттеу» деген еңбегінде осындай сұрақтарға жауап берген. Адам өмірі оңай емес, онда әртүрлі жағымды, жағымсыз жағдайлар болып тұрады. Кейде тіпті өте қиын жағдай болуы мүмкін. Бірақ адам өзін әруақытта қалыпты формада ұстауға тырысады, ішкі жан дүниесіндегі күйзелістерін сыртқа шығармауға күш салады. Жағымсыз түйсіктер бірте-бірте ұмытылады, бірақ олар қайда кетті. Олар адамның санасының алыс бір түпкірінде жинала береді, ал оны ұмытып та кетеді. Осы ұмытылған жағымсыз түйсіктер бір кезде бірден кенеттен сыртқа шығуы мүмкін. Сананың бір түпкірінде жинала беретін жағымсыз оқиғалар туралы түйсіктердің жиынтығын Э.Фрейд бейсаналық деп атады.

Адам санасының түпкірінде жинақталған психикалық тәжірибесін түсіндіруді және анықтауды Э.Фрейд психикалық талдау деп атады. Адамның өзі саналы түрде ығыстырған жағымсыз эмоциялары түсінде, кейбір байқаусызда шығып кететін сөздерінде көрініс беруі мүмкін. Э.Фрейд либидо ұғымын енгізіп, оған анықтама берді. Либидо дегенімз алғашқы іргелі сексуалды ұмтылыстың психикалық күші. Ол санамен бірге, адамның көптеген іс-әркеттерін басқарады. Адамда либидодан басқа да психикалық энергияның күшті түрлері кездесіп отырады. Психикалық талдауды Э.Фрейд адамдардың өзара қатынасын, бұқара психологиясын, мәдени факторларды зерттеуде кеңінен қолданды.

Герменевтика. Бұл бағыттың күре тамыры- тексті түсіндіру, игеру. Көрнекті өкілдері –Г.Гадамдер, П.Ришкер, Э.Бэтти. Герменевтика -әлемдегі адамның болмысын тіл мен ойлану арқылы игеру туралы философия. Оның негізгі идеялары:

· Әлемдегі адамның болмысы

· Әлем мен адамның өзара байланысы

· Адамның әлемге тасталуы, оның қорқынышы, күтуі, өзінің уақытша екендігін сезінуі

· Заттардың тылсым табиғаты, оның жасырын сырлары мен қасиеттері.

· Адам мен заттардың көкжиектері

· Түсіну, игеру адам мен заттар шекарасының өзара кірігуі немесе бірігуі

· Түсіндірудің тарихилығы

· Герменевтика мен поэтиканың бір-біріне жақындауы.

ХХ ғасыр ғылыми –техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми –техникалық прогресте көзқарастан байқауға болады. Біріншісі сциентизм деп атайды (лат. Schenic-ғылым). Екіншісі антисциентизм деп аталады. Неопозитивизм.Негізгі позитивизм –дұрыс пікір (лат. Positives) деп аталатын ұғым болып дүниеге келді, оның бастамасын салған Огюст Конт(1798-1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. ХІХғасырдың аяғы –ХХ ғасыр басында позитивизмнің жаңа дәірі туды. Ол кезеңде оны эмпириокрицитизм деп атады. Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар, бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы дегенін алдында айттық. Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда шындықтан әлдеқайда алшақ. Айталық, позитивизм философияны емес, нақты ғылымдарды зерттеу керек десе, эмпириокритицисизм біздің сезімімізден тыс ешнәрсе жоқ, барлық дүние біздің сезіміміздің нәтижесі деген қотынды жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдырады.

Неотомизм - котолик шіркеуінің діни философиясы. Негізін аслғандар ХVIII ғасырда өмір сүрген әулие Августин және Фома Аквинский. Өкілдері: Жан Матитен, Э. Жильсон, Г. Марсель, В. Соловьев, Н. Бердяев, И. Бохенский,т.б. Бұл діни философияның мақсаты – адамдар жүрегіне жол салу. Неотомисттер ғылымды жоққа шығармайды, бірақ оны дінге қарсы да қоймайды. Тке ғылымдардың адамзатқа тигізіп отырған кейбір жағымсыз ықпалын сынайды.

Экзистенциализм.Философияда құдайшылдықты, жалпы тағдырды, жаратушыны мадақтау жайында көп жазылды. Бірақ адамды мадақтауға –антрополицияға кезек келмей жүрді. Енді адамды арнайы зерттейтін кез туды. Философияда ол ағым –эксизтенциолизм деп аталады. Өкілдері: Н. Бердяев, Л.И. Шестов, К. Ясперс, М. Хайдаггер, Ж. П. Сартр, А. Камю, Г. Марсель.Экзистенциолизмнің басты категориялары – жалғыздық, жаттандылық, үрей, жауапкершілік, ажал, т.б.; мақсаты – адамның «мәндік» сипатын, оның қайғылы дәрменсізжағдайын ескере отырып, оған рақымшылық, кешірім жасау.

Наши рекомендации