Бап. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы заңдары

1. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. алып тасталды
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07 № 183 Заңымен.

Бап. Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi

Халықты және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау Азаматтық қорғаныстың бiрiншi кезектегi мiндетi болып табылады және осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде нұқсанды азайту мүдделерi үшiн халықтың iс-қимыл жасауының оңтайлы тәсiлдерiн ғылыми тұрғыдан анықтау және аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн дер кезiнде дайындау негiзiнде жүргiзiледi.

Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

1) басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстау;

2) Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстау;

3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшiлерiн даярлау және халықты оқыту;

4) радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау;

5) Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын жұмылдыруға әзiрлiктi қамтамасыз ету;

6) шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу;

7) қорғану құрылыстарының қажеттi қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте ұстау;

8) халыққа, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда iс-қимыл жасау тәртiбi туралы хабарлау;

9) iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн және оларды қауiптi аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;

10) азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ шикiзаттарын, жемшөптi, мал және өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен қорғау.

Бап. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптерi мен тәртiбi

Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады.

Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады.

Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi.

Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiнтәртiппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп берiп отырады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді

Бап. Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары

Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс іс-шаралары алдын ала жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдары мен халқы үшiн мiндеттi болып табылады.

Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында:
1) уәкілетті орган:
халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді, сондай-ақ оны Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына бекітуге беруді;
шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын бекітуді;
шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін бекітуді;
төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды және оларды қолдануға әзірлік жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек көрсетуді;
мониторинг жүйесін ұйымдастыруды, халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргізу объектілерін техногендік авариялар, ықтимал су тасқындары, селдер, көшкіндер мен басқа да қауіпті экзогенді құбылыстар туралы құлақтандыруды;
2) жергілікті атқарушы органдар:
ықтимал су тасқындарын, селдерді, көшкіндерді және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстарды ескере отырып, аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;
төтенше жағдайлар кезінде баспанасыз қалған халық үшін уақытша тұрғын үй резервін жасауды;
тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінде азық-түліктің, дәрі-дәрмектің және материалдық-техникалық құралдардың қорларын жасауды;
3) ұйымдар:
шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді;
шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуді;
төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды және оларды қолдануға әзірлік жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек көрсетуді;
мониторинг жүйесін, персоналды, шаруашылық жүргізу субъектілерін және халықты техногендік авариялар туралы құлақтандыруды ұйымдастыруды;
ықтимал су тасқындарын, селдерді, көшкіндерді және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстарды ескере отырып аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;
тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінде азық-түліктің, дәрі-дәрмектің және материалдық-техникалық құралдардың қорларын жасауды жүргізеді.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Наши рекомендации