Модуль Жоғары май қышқылдары негізінде жуғыш заттар синтездеу
(2 сағат)
Жоғары май қышқылдары негізінде ББЗ синтездеу жолдары. Алкилсульфаттар синтезі: ЖМҚ сульфирлеу және сульфотуындыны этерификациялау. Біріншілік және екіншілік алкилсульфаттар синтезі. Фенолдар мен олардың алкил туындыларын ЖМҚ-ның хлорангидридтерімен конденсациялау. Линджер әдісі. Алкилоламидтермен реакция. Игопен А мен Игепон Т синтезі. ЖМҚ-ның ақуыздармен конденсациясы. Ламепон, медилан, мелиоран. ЖМҚ негізінде катионыдқ ББЗ синтездеу.
ЖМҚ негізінде ББЗ синтездеу.
ЖМҚ-дан сапасын арттыру үшін әр түрлі туындылары алынады.
1) Сульфирлеу:
Одан әрі сабындау:
II - әсіресе жуғыш әсері күшті
2) Этерификация:
Бұлар да жақсы жуғыш заттар
3) Фенолдар мен олардың алкил туындылары ЖМҚ хлорангидридтерімен конденсациялау арқылы БАЗ-дар алынады:
2-ші реакция басым жүреді.
Немесе Линдмер әдісімен:
4) Алкилоламидтермен реакция:
5) Оксиэтансульфоқышқыл мен олеин қышқылының хлорангидридін конденсациялау арқылы шетелде Игепон А өндіріледі:
Тоқыма өндірісінде ылғалдандырғыш ретінде қолданылады.
Игепон Т` - одан да бағалы, жұмсақ, қышқыл ортада химиялық тұрақты. Оны олеин қышқылының хлорангидриді мен метилтауринді конденсациялау арқылы алады:
игепон Т
6) ЖМҚ белоктармен конденсациялау арқылы шетелде ламенон және медилан алады:
Ыдыратылған ақуыздық заттармен былай әрекеттеседі:
RCOCl + H2NR`(CONHR``)xCOONa + NaOH ®
® RCONHR`(CONHR``)xCOONa + NaCl +H2O
Ламепонды өндіру үшін былғарыны илеу өндірісінің қалдық-полипептидтері немесе төменгі сортты жануар клейі қолданылады:
R- CON – CH2 – COOMe
½
CH3
Мелиоран: R – COCl + C6H6 ® R – COC6H5 + HCl
R – COC6H5 + H2SO4 ® R – COC6H4SO3H + H2O
7 модуль Жоғарғы спирттерді синтездеу (2 сағат)
Жоғарғы спирттерді ЖМҚ эфирлері арқылы алу: гидрлеу металл натриймен тотықсыздандыру. Этерификацияның периодты және үздіксіз тәсілдері, процестің технолдогиясы мен оңтайлы жағдайлары. Жоғарғы спирттердің алудың басқа әдістері: ЖМҚ тікелей гидрлеу. Оксосинтез, СО2 мен Н2-тен алу, металлоорганикалық қосылыстар арқылы синтездеу. Олефиндерді озондау, теломерлену және Прис реакциялары.
8 модуль Жоғарғы спирттер негізінде ББЗ синтездеу (2 сағат)
Біріншілік спирттерді сульфирлеу. Жоғарғы спирттерден аниондық ББЗ синтездеу, біріншілік және екіншілік алкилсульфаттарды алу. Процестердің технологиялық схемалары. Жоғарғы спирттер негізінде катионды ББЗ синтездеу: төртіншілік аммоний тұздары, пиридинді ББЗ. Бейионогенді БАЗ негізгі түрлерін синтездеу жолдары. Оксиэтилденген спирттер, спирттердің полигликоль эфирлері. Плюроник және тетраник.