Р шетелдердің құқықтық жағдайы.

Адам құқықтарын қорғау мәселесінің негізгі халықаралық - құқықтық базасын қалаған халықаралық деңгейдегі құжаттардың оңайшылықпен қабылданбағандығын, оның қалыптасу үрдісі қалай жүзеге асқандығы көп жағдайда қоғам үшін беймәлім. Әсіресе халықаралық деңгейге жеке тәуелсіз мемлекет санатында шыққан біздің еліміз үшін бұл мәселенің орны бөлек қой деп түсінемін. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы, Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пакт, Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пакт және соңғысына қарасты екі Қосымша хаттама, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі мәжілісінің Хельсинки Қорытынды Актісі, Жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Копенгаген құжаты, Еуропалық қауіпсіздік Хартиясы және тағы басқа да халықаралық деңгейдегі құжаттар, мүше-мемлекеттердің бірлесе отырып келісімге келу барысында, ұзақ уақыт бойғы зор еңбектің нәтижесінде, айтып жеткізуге қиын «дипломатиялық» талқылаулардан кейін қана қабылданғаны айқын.

Осы құжаттардың БҰҰ-ң көлеміндегі кездесулерде, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ң жоғарғы деңгейдегі кездесуі барысында қабылдануы, күрделі қатынастар мен кейде беделді халықаралық ұйымдарға қатысушы - мемлекеттердің кейбіреуінің ымыраға келгісі келмейтін бағыттарының адам құқықтарына байланысты халықаралық құжаттарды қабылдау барысына елеулі ықпал жасап, маңызды рөл атқаратындығын көрсету де, біз үшін өте өзекті мәселе.

Жаңа үшінші мыңжылдық алдында көптеген халықтар бостандық пен тәуелсіздікке жетті. Яғни адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің дәуірі туғандай. Бүгінгі таңдағы ең беделді халықаралық ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі онжылдықты, 1995 жыл мен 2005 жыл аралығын - Әлемдегі адам құқы онжылдығы деп жариялаған болатын. Адам құқықтарын қорғау мәселесінің жеке мемлекеттік мәселе болудан қалғанына талай уақыт болды, ендігі жерде адам құқықтарының негізгі болатын жан-жақты халықаралық-құқықтық үлгілердің болуына қажеттілік туды. Бұл деген адам құқықтары мен еркіндіктері нақтылы жеке мемлекеттің ғана ісі болып қоймай, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың мәселесіне айналғандығын білдіреді. Осыған орай, әлемде өзінің әлеуметтік құрылымы, экономикалық даму деңгейіне қарай және мемлекеттік билік мәніне сай әр қилы мемлекеттердің болуына байланысты, бірыңғай халықаралық-құқықтық ереже құру негізінде барлық мемлекеттер өздерінің ұстаған бағыттарын келісім арқылы, бірыңғай ымыраға келу және өзара ыңғайлы шешімдерге келу арқылы жүзеге асыруға тырысуда, өз кезегінде бұл өте күрделі де, қиын жол.

БҰҰ Жарғысының өзі «Дүниежүзілік Конституция» іспеттес, кемсітушіліктің кез келген нәсілдік, діни немесе саяси түрін қабылдамаған, яғни демократиялық парықтардың нағыз мазмұнын көрсете білген. Ешқандай нәсілшілдікке, жынысқа, тіл мен дінге бөлмей Адам құқы мен жалпыға бірдей негізгі еркіндіктерді дамыту мен кеңейтуге құрметпен қарай отырып халықаралық қатынасты өркендетуде Жарғы БҰҰ өкілеттігімен қамтамасыз етеді. БҰҰ-ның Бас Хатшысының пікірі бойынша, демократияландыру үрдісі- адам құқын қорғаудың ажырамас бөлігі. Егер нақтылы айтатын болсақ, адам құқын нәтижелі қорғау тек демократиялық шеңберде ғана мүмкін. Сол себепті адам құқын қолдаудағы БҰҰ - ның қызметін демократияландыру жолындағы басты мақсаттардан бөліп қарау мүмкін емес. Тіпті, 1995 жылдың 30 тамызында өткен бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында да, Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте тыныштық пен тұрақтылық орнатудың кепілі және қоғамымыздың алға қарай еркін дамуы үшін бірден-бір дұрыс жол - азаматтардың ұлтына, дініне, нәсіліне не басқа қандай да әлеуметтік бірлігіне қарамастан - олардың құқығы мен бостандығына кепілдік бере алатын жол - демократия жолы деп тұжырымдалған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында былай дейді : «Саяси демократияға бірнеше жағдайлар керек. Солардың ішінде қоғамда, әсіресе элиталық қоғамда кең қанат жайған өзара түсінік қана емес, жеткілікті мөлшерде бұқаралық сипатқа ие, мемлекетке экономикалық жағынан тәуелсіз орташа таптың, бұғанасы бекіген құқықтық мемлекеттің мәні зор. Егер осының бәрі жоқ болса немесе жеткілікті дәрежеде дамымаса, демократияның әлеуметтік және институттық негізі берік болмайды».

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымы – халықаралық қатынастар тарихында оның ішінде халықаралық ұйымдар тарихында өз кезегінде заманына сай құрылған өте маңызды халықаралық ұйымдар. Сол себепті де осы екі ұйымның адам құқықтарын қорғаудағы қызметінен тәлім- тәрбие алудың маңызы өте зор.

Адам құқықтары — туған сәттен әр жеке тұлғаға тән бостандықтар мен құқықтар жиынтығы.

Халықаралық азаматтық құқық жүйеде адам құқықтары БҰҰ-ның арнайы декларациясында бекітілген.

Тарихы

«Адам құқықтары» ұғымы алғаш рет 1789 жылы Францияда кабылданған Адам мен азамат құқықтарының декларациясында пайдаланылады.

Бірақ бұған дейн де британдық Ұлы еркіндіктер хартиясында (1215 жыл) мен Құқықтар жайындағы бильде (1689 жыл) адамға жаратылысынан тән құқықтар туралы идеясы айқындалып көрсетіледі.

XIX ғасырда дамыған мемлекеттерде адамның негізгі азаматтық пен саяси құқықтар жиыны қалыптасады (бостандық және теңқұқылық, жеке еркіндігі, жеке меншік құқығы, сайлау құқығы т.с.с.). Ал XX ғасырда бұл жиынға қоғамдық пен экономикалық құқықтар қосылады (мысалы, кәсіподаққа ену құқығы, жұмыс істеуге және демалуға құқықтары).

1922 жылы адам құқықтарын қорғайтын неміс және француз лигалары бастамасымен Адам құқықтары үшін халықаралық федерациясы құрылады. Бұл осы салада дүниедегі тұңғыш халықаралық ұйым болып саналады.

1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қабылданды. 1950 жылдан бастап әр 10 желтоқсанда Адам құқықтар күні атап өтіледі.

Адам құқықтар түрлері

Негізінде, құқықтық теорияда адам құқықтарының келесі топтастыру жүйесі қарастырылады.

Тұлғалық құқықтар

Бұлар азаматтыққа, жынысқа, жасқа, нәсілге, ұлтқа, дінге қарамастан әр адамға тән және жаратылысынан беріледі.

  • Өмір сүруге құқығы
  • Жеке еркіндігі құқығы
  • Тұлға абиырлығы құқығы
  • Жеке өмірге жанаспаушылық құқығы
  • Өзін-өзі қорғау құқығы
  • Баспанаға жанаспаушылық құқығы
  • Өзінің ұлттық пен мәдениеттік тәнділігін идентификациялау
  • Намыс бостандығы және пікір бостандығы
  • Жылжып кету мен тұратын орнын ауыстыру бостандығы
  • Ұлт пен тілді таңдау бостандығы
  • Сот қорғанышын иелену құқығы
  • Дін тұту бостандығы
  • Жеке меншік құқығы (кейде экономикалық құқықтарға жатқызылады)

Саяси құқықтар

Бұлар адамның азаматтығымен тығыз байланысты болады.

Наши рекомендации