Зерттеуді экологиялық-экономикалық талдау

Зерттелініп отырған диверцификациялық дақылдардың экономикалық тиімділігін есептегенде біз келесі көрсеткіштерді қолдандық: өнімділік, кіріс, сатудан түскен пайда (1 га) және рентабельділік деңгейі.Зерттелінген технологиялық тәсілдерді бағалау нақты шақтағы аймақтық бағалар мен белгіленген бағалар бойынша есептелінді.

Алайда, азот пен фосфордың қолайлы тепе – теңдігі өнімділікті жоғарылатып, сәйкесінше экономикалық көрсеткіштерді де жақсартты. Ең жоғарғы өнім N90P90 болғанда алынып N60 салыстырғанда арпада 16456 теңге пайда әкелді.

Нұсқалар Өнімділігі, ц/га Сату бағасы, теңге/ц Өнімнің құны, теңге/га Өндірістік шығын, теңге/га Тыңайтқыштың бағасы, теңге Таза пайда, теңге/га Рентабельдік деңгейі, %
1. N0P0   15,8 - 28,4
2. N60 (300 кг/га)   21,9 10,9
3. N60P60 (300 кг + 450 кг)/га   25,0 5100 + 2550 + 12150 13,7
4. N60P90 (450 кг + 450 кг)/га   25,4 5100 + 12150 22,7
5. N90Р90 (300 кг+150кг+450кг)/га   28,7 7650 + 12150 31,8
НСР0,5 1,94            

21 Кесте- Арпа егісінде тыңайтқыштарды қолданудың экономикалық тиімділігі

Міне, сондықтан қазіргі кездегі арпаның өнімінің сатылатын бағасы, сондай-ақ минералды тыңайтқыштардың құны экономикалық жағынан азотты және азотты-фосфорлы тыңайтқыштарды негізгі енгізудің тиімді болатындығын көрсетіп отыр. Және мұндайда өсімдіңтің осы екі элементінің теңгерімділігінің болуын ескеру керек екендігін көрсетті.

Жалпы айтқанда, жүргізілген зерттеулер жаздық арпа өнімділігіне минералды тыңайтқыштардың оң әсер ететіндігін және топырақтың қоректік режимін оңтайландыру жолымен климаттың қолайсыз жағдайын біршама баяулатуға болатындығын көрсетті.

Қазіргі кездегі өсімдік қорғау ауылшаруашылық дақылдарының өсіру технологиясына енеді және оның мақсаты жекелеген зиянды организмдерді жою ғана емес, жалпы егістің фитосанитарлық жағдайын оптималдық жағдайғакелтіру.

Оны жүзеге асыру үшін аулшаруашылық өсімдіктерінің жағдайын және зиянды, пайдалы организмдер туралы жан-жақты мәліметті қажет етеді. Тек осындай мәлімет негізінде ғана өсімдік қорғау шараларын экологиялық, экономикалық тиімді болатыны сөзсіз.

Егіншілікте озық технологияны енгізу ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді көбейтеді. Осындай технологияда ең маңызды дақылдың дамуына оптималды жағдай жасау өсімдік қорғаудың маңызы зор.

Өсімдік қорғау шараларының тиімділігі танаптағы белгілібір экологиялық жағдайға байланысты, дақылды өсірудің агротехникалық жағдайын дұрыс қолдану, фитосанитарлық жағдайды дер кезінде өткізу, өсімдік қорғау шараларына қажетті препараттар және аппаратуралардың болуы. Ғылыми ұсыныстарды қолдануда әрбір танаптың ерекшелігіне, дақыл түрін, сорттарын, жер пайдалану жағдайын және климаттық факторларды ескереді, сонда ғана өнімнің жоғарылауына жағдай жасалады.

Астық дақылдарын зиянды организмдерден қорғау жүйесінде тұқымды дәрілеудің болашағы зор, экономикалық тиімді, экологиялық таза және қоршаған ортаға қауіпсіз болып табылады.

Зерттеу жұмысында арпа тұқымын дәрілеу колфуго супер Венгрия 1,0 л/т, Сұңқар 1 -3 л/т 10% , Сұңқар 4- 1,0 л/т доксиметилмочевина Сұңқар ЖШС. АПК Қазақстан пайдаланылды. Экономикалық тиімділік Қазақ күрішшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының 2006-2008 жылдары жүргізілген 042 бағдарламасының негізінде «Қазақстанның Арал өңірінде өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағытында күріш ауыспалы егістігіне енгізілген дақылдардың зиянкестері, аурулары және арамшөптермен күресу шаралары тақырыбы бойынша жасалған.

Арпа тұқымын себер алдында дәрілеудің экономикалық тиімділігі 22 кестеде көрсетілген

22 -кесте. Арпа ауруларына қарсы тұқымды өңдеудің экономикалық тиімділігі

Тәжірибе нұсқасы Өнімді лік,ц/га Қосымша өнім, ц/га Бір тоннаға кеткен препарат шығыны,л/т Препарат бағасы, теңге Қосымша өнімнің бағасы, теңге Таза пайда, теңге /га
Бақылау (өңделмеген) 8,7 - - - - -
Сұңқар-1 11,2 2,5 3,0
Сұңқар-4 13,6 4,9 1,0
Колфуго супер 14,6 5,9 1,0

Кестеде көрсетілгендей себу алдында арпа тұқымын дәрілеу кезінде Сұңқар -1 препаратында 4,9, Сұңқар -4 препаратында 10,9, Колфуго супер препаратында 13,4 мың теңге гектарына таза пайда түсетіні анықталды.

Қорытынды

1. Зерттеулер минералды тыңайтқыштардың арпа сорттарының өсімдіктерінің өнгіштігіне және сақталғыштығын оң әсері бар екенін көрсетті. Сыр Аруы сортының өміршендігі 92,8 %-дан (бақылау нұсқа) 99,4 % -ға (N90P90) дейін көтерілді. Жалпы арпа сорттарының бұл көрсеткіш бақылау нұсқасымен салыстырғанда 6,0 – 6,6 % пайыз жоғары болды;

2. Негізгі тыңайтқыш ретінде Р60 мөлшерде фосфор тыңайтқышын енгізгенде өміршендігі жоғарлағаны байқалады. Екінші және үшінші нұсқадағы өміршендігін салыстырғанда олар тек фосфор тыңайтқыштар мөлшеріне байланысты ажыратылады яғни өміршендігін жоғарлағанын көреміз: Әсем сорты – 2,8 %, Сәуле сорты - 5,2 % және Сыр Аруы – 4,4 % -ға дейін жоғарлауын көрсетті. Яғни осыдан көруге болады дәл қазіргі кезде күріш жүйесінде топырақтың фосфор тыңайтқышына қажеттілігі өте жоғары;

3. Минералды тыңайтқыштарды қолдану барлық зерттелген сорттарының өсінді кезеңінің ұзаруына әсер етті және де белгілі бір өзгергіштікпен, яғни тыңайтқыштың мөлшесі артқан сайын өсінді кезеңінің ұзақтығы 2–3 күнге ұзара түсті. Өсу кезеңінің 6-8 күнге дейін ұзаруы тыңайтқышсыз аямен салыстырғанда N90P90 нұсқасында байқалынды. Бұл өз кезегімен генеративті мүшелердің байлануына және қалыптасуына қолайлы әсер етті. Міне, сондықтан бұл нұсқада арпаның масағының дәнденуі және дән саны ең жоғарғы деңгейде болды;

4. Астықтың (тұқым) ең жоғарғы өнімі, өсімдіктің өсуіне және дамуына (өнгіштік, өсімдік сақталуына, оңтайлы сабақ биіктігі, масақтың және бұршаққаптар мен бұршаққындардың мол дәнділігі, өсінді кезің ұзаруы ) ең қолайлы жағдай қалыптастырды N90P90 нұсқасында, аталынған белгілердің үйлесімділігі соңында жоғары өнімділіктің қалыптасуына мүмкіндік жасады;

5. Әртүрлі мөлшедегі минералды тыңайтқыштар арпа сорттарының құрамында ақуыз мөлшерін молайтуға оң әсер етті, ең қолайлы жағдай N90P90 нұсқасында болды. Зерттеу жұмыстарының қортындысы бойынша арпа дәнінде ақуыз мөлшері 15,7 % ға дейін көтеріледі, бақылау нұсқасына қарсы – 11,5 %;

6. Бірінші рет күріш ауыспалы егісінде арпаны жалға егіп өсіру жұмыстары жасалған. Нәтижесі көрсеткендей арпаны жалға егу технологиясын қолданып өсіргенде қанағаттанарлық өнім алуға болатынын және аталған технология бойынша суаруға жұмсалатын су 40-50 пайызға кем жұмсалатынын, ал тұқымдық дән арпада -80 кг/га үнемделетінін көрсетті;

7. Әр түрлі экологиялық-географиялық жағдайға бейімделген арпа сорты Арна (Қазақстан), Марни (Чехия) және сорт үлгісі 88/99-1 (Е және ӨШҒӨО), арпаның 14-күндік өскінінің ауруларға төзімділігін зертханалық жағдайда анықтау кезінде жоғарыдағы сорттар мен сорт үлгілері фузариозды тамыр шірік ауруына төзімділік көрсетті;

8. Қазақстанның Арал өңіріндегі тұзды топырақты күріш жүйесіндегі арпаның негізгі ауруларына фузариозды тамыр шірік, тозаңды және тасты қаракүйе екені анықталды;

9. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей арпа тұқымын себер алдында Сұңқар – 4, , Колфуго супер препараттарымен дәрілеу, аурудың дамуын азайтып, тұқымның өнгіштігіне жақсы әсерін тигізді;

10. Тәжірибе көрсеткендей арпаны кеміргіш және сорғыш зиянкестер зақымдайтыны анықталды: оларға швед шыбыны, сабақ бүргесі, астық биті, цикада, шегірткелер, бұзаубастар, шыртылдақ қоңыздар және сабақ көбелегі, дақылды көктеу кезінде зақымдайды, зақымдау дәрежесі 12,4 – 16 пайыз шамасында болды;

11. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей арпа тұқымын себер алдында Сұңқар- 4 және Колфуго супер фунгицидтерімен өңдеу аурудың төмендеуіне және тұқымның өнгіштік қасиетіне әсер ететіні анықталды. Сондықтан тұқымды себер алдында өңдеуді өңдіріске ұсынылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Система сельскохозяйственного производства Кызылординской области.Рекомендации. Алматы ТОО «Изд-во «Бастау» -2002.с.7-21.

2 Кенбаев Б.Қ Арпа және тары өсіру технологиясының агроэкологиялық негіздемесі . Қызылорда, 2009 3-4 бет

3 Жанзақов М.М. Жаздық арпа. Өсімдік шаруашылығы. Қызылорда,» Тұмар» 2007. с.51

4 Разработать и внедрить новые более гибкие экологически чистые схемы короткоротационных севооборотов для производства продуктов здорового питания населения экологически бедствующего региона Казахстана: Отчет о НИР (промежуточ.) / Казахский НИИ рисоводства; Руководители К. Шермагамбетов, Л.А. Тохетова – ОНТП 0243; № ГР 0106РК01094. – Кызылорда, 2008. – С.18-22

5 Баймбетов К., Сагимбаев С. Агромелиоративный мониторинг орошаемых земель и перспективы рисосеяния в условиях Приаралья // Вестник с.-х. наук Казахстана. - № 4. – 2005. – С. 12-14

6 Сагимбаев С., Баймбетов К. Годовой отчет Кызылординской гидрогеолого-мелиоративной экспедиции: О гидрогеолого-мелиоративном состоянии орошаемых земель по Кызылординской области. – 2004. – 100 с.

7 Шомантаев А., Зубаиров О. Экологическая оценка влияния сброса сточных и коллекторно-дренажных вод на гидрохимический режим реки Сырдарьи // Поиск. – 2001. - № 6. – С. 89-92

8 Воробьев С.А., Буров Д.И., Туликов А.М. Земледелие. – М.: Колос, 1977. – 480 с.

9 Вильямс В.Р. Основные травопольные системы земледелия //Советская аг­рономия. – 1946. - № 7. – С. 7-15.

10 Масолов В.Т. Сочинение ТСХА. – М.: СельхозГИЗ, 1958. – 536 с.

11 Воробьев С.А. Севообороты интенсивного земледелия. – М.: Колос, 1979. – 386 с.

12 Лысогоров С.Д. Орошаемое земледелие. – М.: Колос, 1971. – 375 с.

13 Егоров Б.В. Из результатов опыта ТСХА с удобрениями, севооборотами и монокультурами // Известия ТСХА. – 1968. - № 6. – С. 17-21.

14 Натальин Н.Б. Рисоводство. – М.: Колос. – 280 с.

15 Қарлыханов Т.Қ., Бәкірұлы Қ., Шермағамбетов К., Құтышев С. Қызылорда облысында күріш ауыспалы егістерінің жаңа үлгілерін енгізу жайлы ұсынымдар.-Қызылорда,-2000.-22 б.

16 Шермағамбетов К., Жайлыбай К.Н., Сатыбалдиева Г.И., Ерғалауова Б.А. Күріш алқаптарының сортаң топырағын қалпына келтірудің агробиологиялық тәсілі. Жаршы.-2001.-№ 2.- 48-54 б.

17 Өмірзақов С.Ы., Бәкірұлы Қ., Шермағамбетов К. Т.б. Қызылорда облысының күріш шаруашылығында топырақты минимальды өңдеу әдісін және жалға егу технологиясын қолдану жөніндегі ұсынымдар. Қызылорда, 2009. -30

18 Қожабаев Ж.І.Қуаңшылық аймақтардағы жаздық арпа сорттарының өнімділігі. Жаршы, Алматы Бастау 2008 №6 12-15 б.

19 Жаңабаев Қ, СаудабаевТ, Сеитов И. Жаздық арпа.Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.Алматы «Қайнар».- 1994- 228-231б.

20 Ожанов Ә.С. Батыс Қазақстан облысы жағдайында жаздық арпа өніміне себу мөлшері мен қоректену аясының әсері. Жаршы №6 Алматы «Бастау» 2007,29-30 б.

21 Досжанов М.С. Арпа селекция үшін бастапқы материалды бөліп алу.Қазақстанда және шет елдерде күріш шаруашылығын дамытудың ғылыми-инновациялық негіздері. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. 78-80б.

22 Тохетова Л.А. Шермағамбетов К. Результаты селекционной работы по ячменю в Казахстанском Приаралье. Қазақстанда және шет елдерде күріш шаруашылығын дамытудың ғылыми-инновациялық негіздері. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. С. 131-134.

23 Бәкірұлы Қ.Б.,Кенбаев Б.Қ.Демесінова А., Есіркесінқызы Б. Күріш ауыспалы егістігіндегі әртараптандыру дақылдары –рапс, қытай бұршақ және арпаны жалға өсіру технологиясын әзірлеу.Жаршы КГУ. Қызылорда, 2011 .1-4б.

24 Тохетова Л.А., Сариев Б.С.., Шермағамбетов К., Кожабаев Ж. Диверсификационные культуры в условиях рисовых систем Казахстанского Приаралья. Алматы,2008.

25 Өмірзақов С.И., Таутенов И.А., Шермағамбетов К., Тохетова Л.А. т.б.Күріш ауыспалы егісі дақылдарына минералды тыңайтқыш қолдану жүйесін жетілдіру жөнінде ұсынымдар. Қызылорда,2012, 19 бет.

26 Бәкирулы К., Ертуов К. Изучение гребневого метода возделывания риса //Материалы Х-ой Международной конференции «Проблемы экологии ПАК и охраны окружающей среды». –Кызылорда.-2008.-с. 98-100.

27 Тохетова Л.А. Хозяйственно - биологическая характеристика перспективных сортов ячменя. Селекция ячменя на засоленных почвах Приаралья. Автореферат.Республика Казахстан Алмалыбак,2009. С.36-37

28 Жиенбаев Ж. Арпаның тозаңды қара күйесі. Дәнді дақылдардың аурулары. Алматы «Қайнар» 1974. с.38.

29 Қойшыбаев М. Болезни ячменя. Болезни зерновых культур. Алматы. «Бастау», 2002 с.77.

30 Шварцман С.Р. Головневые грибы. Флора споровых растений Казахстана. Алма-Ата АН Каз ССр, 1956 431 с.

31 Әлмұратов А. Арпаның қара күйе аурулары. Алматы «Қайнар» 1975 189 б.

32 Пересыпкин В.П. Болезни зерновых культур. М. «Колос» 1979. 279 с.

33 Турапин В.П. Ржавчинные болезни зерновых культур и меры борьбы с ними Алма-Ата,1991. 48 с.

34 Казенас Л.Д. Болезни ячменя. Болезни сельскохозяйственных растений Казахстана. Алматы «Қайнар», 1965. 48 с.

35 Науанова А.П. Биология и агроэкология микроскопических грибов возбудителей корневых гнилей и альтернариоза семян зерновых культур и совершенствование способов борьбы с ними. Автореферат. Алматы, 2005.

36 Абилдаева Ж., Тохетова Л.А. Болезни, вредители, сорные растения ячменя и меры борьбы с ними в условиях засоленных почв рисовых систем Казахстанского Приаралья ( рекомендации). Кызылорда, «Тұмар» 2007

ОСЫМША

А 1 - Дәнді астық дақылдарын өсіру технологиясы. Агротехника деңгейін талдау

Жаздық арпаның операциялық өсіру технологиясы, 2010 ж.

Дақыл: Арпа, сұрып: Асем, Көлемі: 100 га

Б 2 – Ескерту

Агротехникалық шаралар Жұмыс көлемі мерзімі АШМ тракторлар Жалпы еңбека қы, теңге Жанармай құны, мың.теңге Шығын көлемі, теңге
мөлшері Өлшем бірлігі
Ерте көктемгі өңдеу 25-27 см га 20.03-25.03 К-701, ПН-835 120,3
Дискілеу 8-12 см га 26.03-30.03 К-701, БДТ-7 108,3
Екі ізді тырмамен тырмалау 2-3 см га 30.03-3.04 Т-150, К09, БЗСС-1 108,3
Топырақтың беткі қабатын тегістеу га 3.04-5.04 Д-719, ПА-3 117,3
Тұқымды қолмен тиеу т 5.04-10.04 қолмен -
Тұқымды сепкішке арту т 5.04-10.04 қолмен -
Себу 5-6 см га 5.04-10.04 МТЗ-82, СРН-3,6 34,15
Тегістеу га 10.04-15.04 МТЗ-82, ЗКК-6 20,28
Егісті гербицидпен өңдеу Аксиал- 1 л/га га 15.04-20.04 АН-2    
Тікелей орып бастыру га 20.06-25.06 Енисей-1200 РМ 125,5
Астықты қырманға тасымалдау     25.06-30.06 МТЗ-82, 2ПТС-4 72,8
  Барлығы:            
Материалдар түрі Мөлшері Құны, тенге
Тұқым 20 т
Гербицидтер 100 л
Жағармай  
Барлығы  

Тыңайтқышсыз 100 га арпаға кеткен жалпы шығын:

1665853+ 1534117= 3200000 тенге/100га

1 га-ға кеткен шығын 3200000 : 100 = 32000 тенге

Б 3 - Тыңайтқышқа кеткен шығын:

Нұсқалар Тыңайтқыш бағасы (аммония сульфаты + жай суперфосфат), теңге Тыңайтқышты енгізуге және артуға кеткен шығын, теңге 1 гектар жерге кеткен шығын
N60
N60P90 5100 + 12150
N90P90 7650 + 12150
N60+30Р90 5100 + 2550 + 12150 850 + 550 (үстеп қоректендіру)

Наши рекомендации