Есептелген параметрлер бойынша электр аппараттарын таңдау
Аппараттар мен өткізгіштерді таңдағанда,олардың қандай жағдайда жұмыс істей алуынан бастайды,олардың құрылысы ішке (жабық) және сыртқа (ашық) орналастыру талаптарын қанағаттандыру керек.
Өткізгіштер (шина,кәбіл) үшін қажетті материал (альюминии немесе мыс) орындау және ауада немесе жерде орналастыру жағдайларын ескерілуі керек. Көбінесе өткізгіштердің материалы ретінде альюминий және өте айрықша жағдайда мыс қолданылады. Аппараттар мен өткізгіштер жұмыс режимдері қалыпты ауырлау және қысқа тұйықталу режимі деп бөлінеді.
Жоғары кернеулі ажыратқыштар жоғары кернеулі электр тізбегін қосуға және ажыратуға, сондай ақ қысқа тұйықталу кезінде ажыратуға арналған. Оның ажырататын қабілеті жеткілікті, қыска уақытта орындайтын жұмысы сенімді болуы тиіс. Жоғары вольтты ажыратқыштар қопарылудан және өрттен қауіпсіз, құрылымы қарапайым, пайдаланылуы ыңғайлы, мөлшері мен салмағы мүмкіндігінше шағын болғаны жөн.
Ажыратқыш – комммутациялық аппарат, тоқты қосуға және ағытуға арналған. Ажыратқыш электр қондырғыларындағы негізгі аппарат болып табылады және ол кез келген режимдегі тізбекті ажыратып, қосу қызметін атқарады. Ұзақ жүктеме, асқын жүктеме, қысқаша тұйықталу, бос жүріс, синхронды емес жұмыс. Ең қиын және жауапты операциялар бұл қысқа тұйықталу тоқтарының ажыратылуы және берілген қысқаша тұйықталуға қосылуы.
Ажыратқыштың негізгі конструкциялық бөліктері: контактілі жүйе, ұшқын сөндіретін құрылғымен, тоқ жетекші бөлік, корпус, оқшауламалық және жетектік механизм.
Айырғыш-контактілі коммутациялық аппарат тоғы жоқ немесе аз ғана тоғы бар электрлік тізбекті ажыратуға немесе қосуға арналған,техника қауіпсіздігін сақтау үшін ажыратылған жағдайда контактілер арасында оқшауламалық аралық болады.
Айырғыштармен жүктеме тоғын ажыратуға болмайды. Өйткені контактілі жүйеде ұшқын сөндіретін құрылғы жоқ, ал жүктеме тоқтарын қателесіп ажыратса, ұшқын пайда болады, ол фазалық қысқы тұйықталуға және жұмыс істеп жатқан жағдайда, адамдардың жарақатталуына әкеп соқтырады.
Айырғышпен ажыратпас бұрын ажыратқышпен тізбекті сөндіру керек. Номинал кернеу, номинал тоқ, соғылу тоғы бойынша РДЗ-220 типті ажыратқыштарды таңдалады.
К1-3 нүктесіне таңдалған ажыратқыштар мен айырғыштар тоқ трансформаторы келесі кестелерде көрсетілген.
Кесте – К1 нүктесіне таңдалған аспаптар
Таңдау шарты | Есептелген мәндер | Каталогтагы берілгендер | ||
Ажыратқыш HDL-242 | Айырғыш РДЗ-220 | Ток трансформаторы ТФЗМ-220-У1 | ||
1,31 | ||||
5,2 | ||||
19,24 | 40/3 | 40/3 |
Кесте – К2 нүктесіне таңдалған аспаптар