Збекстан,Қырғызстан мемлекеттерінің экономикасы

Ө. индустриалды-аграрлы мемлекет. 1913 ж. бүкіл ф-ка, з-т өндірісі жалпы өнімінің 85%-ы мақта тазалау мен май айыру саласының үлесіне тиіп, ауыр индустрияның өндірісі 2% шамасында болған. Кеңес өкіметі жылдарында жаңа өндіріс салалары құрылып, ауыр индустрияның үлес салмағы артты. 1990 ж. ол бүкіл өнеркәсіп өндірісі көлемінің 44,4%-ын құрады. Ташкент авиац.-өндірістік бірлестігінде “Ил-76”, “Ил-114”, Ил-114 т.” ұшақтары шығарылады. 1996 ж. Оңт. Кореялық “Daewoo” фирмасымен бірлесіп өндірістік қуаты жылына 200 мың жеңіл автомоб. шығаруға жететін з-т іске қосылды. Сонымен бірге автомоб-дерді жабдықтауға арналған бұйымдар жасайтын кәсіпорындар құрылып, жүк автомоб-дері мен автобустар шығаратын з-ттар салынды. Жеңіл өнеркәсіп орындары республикадағы өнеркәсіп өнімінің 20%-ынан астам бөлігін өндіреді. Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74%-ы Ө-ның үлесіне тиеді. Алтын қоры жөнінен ол әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 – 8-орынды иеленеді. Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында. Ел аумағынан жалпы ұз. 4 мың шақырым құрайтын 9 ірі газ құбыры өтеді. Аса маңыздылары: Орта Азия – Орт. және Бұхара-Орал құбырлары. Жібек шикізатын, жүн, қаракөл елтірісі, жеміс-жидек, алтын, табиғи газды экспортқа шығарып, азық-түлік, шикізат, т.б. өнімдерді сырттан алады.

Ө. мен Қазақстан арасында саяси-экон., әскери, мәдени байланыстар орнаған. 1992 ж. екі ел арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек, 1994 ж. Бірыңғай экон. кеңістік, 1998 ж. Мәңгілік достық туралы шартқа және экон. байланыстарды кеңейту туралы келісімге қол қойылды. 2004 ж. екі ел арасындағы шекара толық делимитацияланды.

Экономикасы нарықтық қатынастарға көшірілген. Негізгі қатынас – автомобиль жолдары. Ыстықкөлде кеме жүзеді. Тұтынуға қажетті өнеркәсіп тауарларының (мұнай, газ өнімдері, машиналар мен электр тауарлары, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдары, азық-түлік) 70 – 100%-ы шет елден әкелінеді. Экспортқа алтын, сынап, ағаш және ауыл шаруашылық өнімдерін шығарады. Тәуелсіздік алғаннан кейін шет елдермен тығыз байланыс орнатып, көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болды. Қазақстанмен тығыз саяси-экономикалық, әскери, мәдени байланыс орнаған.остық туралы шартқа және экон. байланыстарды кеңейту туралы келісімге қол қойылды. 2004 ж. екі ел арасындағы шекара толық делимитацияланды.

Дәл қазір Беларуссия экономикасы тұрақты түрде өсіп келеді. Бірақ беларусь экономикасы Ресейдің арзан энергоресурстарына қатты байланған. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан экономикалық сараптау мекемесінің өкілі Стюарт Хэнсэлдің пікірінше, Беларуссия экономикасы “құмға құрылған”.

Беларусь экономикасы Ресейден импортталатын арзан мұнай мен газға қатты байланған. Осы күні орыс газы үшін Беларуссия ТМД елдерінің ішінен ең аз төлейді – 1 мың текше метр көгілдір отынға ол шамамен 47 доллар. Ал Батыс Еуропа елдері 1 мың текше метр орыс газына шамамен 240 доллардай төлейді. Ал енді ГазПром компаниясының Беларуссияға да газды осы еуропалық бағамен сатуға ұмтылуы – беларусь елін қатты дүрліктірді. С.Хэнсэлдің айтуынша, қуат көздерінің бағасын сәл ғана көтергеннің өзінде де ол Беларуссия экономикасы айтарлықтай кері әсер етер еді. Бірақ, 2007-нші жылға қарай газдың бағасын 3 есе көтерген күнде де, одан қандай өзгеріс болатынын А.Лукашенконың сезе қоятынына Хэнсэл күмәнмен қарайды. Оның пікірінше, А.Лукашенко, бұрынғыдай, газ бағасының күрт өсуіне жол бермеуге ұмтылады.

Украина, Молдова және Грузия сынды бұрынғы совет республикалары өткен қыста газ бағасына байланысты Ресеймен талас-тартысқа баруға мәжбүр болып, ақыр аяғында оның бағасын айтарлықтай көтеруге келісті. Осы аптада ГазПром компаниясы Армениямен жаңа келісімге келгенін хабарлады. Оған сәйкес, Ресей компаниясы Ираннан газ тасымалдау үшін салынған газ құбырын өз бақылауына алады. Беларуссияның Ресеймен арадағы газ жанжалы – оның ішкі газ құбырларын басқаратын БелТрансГаз компаниясын өзінің бақылауынан шығарып алғанын және онымен бірге өзінің экономикалық тәуелсіздігінен де біршама айрылғанын аңғартады. Ресейдің көздегені де осы болса керек – Беларуссияның газ құбырларына бақылау орнату.

Беларуссия экономикасының ахуалы – оның арзан мұнай мен газға тәуелді болып отыруыменбайланысы жоқ. Өзінің билік басында отырған жылдарында А.Лукашенко Беларуссияны бүкіл осы аймақта жүзеге асып жатқан экономикалық реформалардан аластатты. Мұндай іс-әрекет елді шын мәнісінде іс атқаратын нарықтық экономикасыз қалдырды және беларусь өнеркәсібінің шамамен 80 пайызы мемлекет меншігінде қалды. Соған қарамастан, деп атап көрсетеді Стюарт Хэнсэл, Лондондағы экономикалық сараптау мекемесінің өкілі, өзіңнің халық ішіндегі абырой-беделінің деңгейін биік ұстап тұру мақсатында А.Лукашенко зейнатақы мен айлық жалақыны үнемі көтеріп келеді.

ТМД Интеграция тарихы

Кеңес Одағының жетпіс жыл бойы жүргізген саясаты сексенінші жылдардың орта кезінде шайқала бастады. Яғни, халық шаруашылығының экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларында тек тоқталу, тоқырау ғана емес, сонымен қатар құлдырау да етек ала бастады. Алғашқы оның нышаны ретінде Кеңес Одағы коммунистік партиясының XXVII съезінде сол заман бас хатшысы болған М.С.Горбачев мырзаның баяндамасынан-ақ қоғамды қайта жаңартуға бет алған негізгі қағидалар белгіленді. Олар: қайта құру, демократия, жариялылық, көп пікір таластығы т.б. болатын. Одан кейінгі уақыттарда біздің ойымызша, Кеңес одағының ыдырауына негіз болған экономикалық себептермен қатар, саяси себептерде бар еді. Оған Қазақстанда 1986 жылдың желтоқсан айында Кеңес Одағы коммунистік партиясы саяси бюросының ел басшысы етіп Қазақстанда бұрын тұрмаған және халық салт-дәстүрінен хабары жоқ немесе аз Г. В. Колбин мырзаны тағайындауын, Таудағы Карабахтағы ұлт аралық шиеленісін немесе Балтика Республикаларының экономикалық және саяси тәуелсіздікке жету жолындағы қозғалыстарын жатқызуға болады. Екінші жағынан алғанда Кеңес Одағының экономикалық жағдайы да мәз еместін. Жалпы алғанда, сексенінші жылдардың екінші жартысындағы экономикалық, саяси жағдайлар Кеңес Одағының тоқырауы мен күйреуіне негіз болса тоқсаныншы жылдарды бұрыңғы Кеңес Одағы республикаларының жаңа тәуелсіз мемлекеттер ретінде құрылуының алғашқы сатысы деп қарастыруға болады.

80-інші жылдардың аяғы мен 90-ыншы жылдардың басында бірқатар республикаларда қабылданған «егемендік туралы декларациялар» мен «экономикалық дербестік туралы» зандар Кеңес Одағының федеративтік құрылым нысанына тосқауыл қойды. 1991 жылдың август айында Кеңес Одағының болашақ құрылымы туралы келісімнің соңғы варианты дайындалғанды және ол барлық республикалар ойынан шығатындай-ақ еді. Бірақ, сол жылдың август айында Мәскеу қаласында болған көтеріліс бұл келісімге қол қоюға мүмкіндік бермеді.

Осыдан кейін-ақ Кеңес Одағының мемлекет ретінде жойылуының соңғы сатылары жүзеге аса бастады. Литва, Латвия, Эстония өздерінің тәуелсіздігін жариялап, ресми түрде Кеңес Одағы құрамынан шығып, халықаралық қауымдастық тарапынан егемен мемлекеттер ретінде танылды. Ал, 1991 жылдың 7-8 желтоқсанында Ресей, Белоруссия және Украина басшылары ұзақ уақыт келіссөздерден кейін «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру» туралы келісімге қол жеткізді. Бұл оқиғаның тарихи факт ретінде қалыптасуына бұрынғы Кеңес Одағындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік себептер негіз болатын.

1991 жылдый, 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Белоруссия басшылары тарапынан Беловеж келісіміне қол қойылды. Бұл кездегі жағдай былай тұғынды: Кеңес Одағының бөлінуі этникалық негізде славян және түркі республикаларының бір-біріне қарсы тұру жолымен дамып, күтпеген оқиғаларға әкеп тіреуі мүмкін еді. Екінші жағынан алғанда, бұрынғы Кеңес Одағы республикалары арасында мемлекет аралық қатынастар жүйесінің және ТМД елдерінің алыс шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастар жүйесінің болмауы да өз әсерін тигізбей қоймады.

1991 жылдың 13 желтоқсанында Орталық Азия республикаларының басшылары Н.Назарбаев, С.Ниязов, И.Каримов, А.Акаев, Р.Набиев Беловеж келісімін талқылауға және болашақта осы республикаларға қандай бағыт және даму жолын ұстану керек, деген оймен Ашхабад қаласында жиналды. Ұзақ та ауыр келіссөздерден кейін Н.Назарбаев ұсынған және И.Каримов тарапынан қолдау тапқан, славян республикаларының басшыларымен келіссөз жүргізіп ТМД-ға құрылтайшылар ретінде кіру туралы пікір қолдауға ие болды. Күннен күнге өршіп келе жатқан тұрақсыздықты және республикалар арасындағы түсінбеушілікті ауыздықтау мақсатымен Н.Назарбаев Қазақстанда бүкіл мүлделі мемлекеттердің кездесуін өткізу туралы ұсыныс жасады. 1991 жылы 21 желтоқсанда Азербайджан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина басшылары Қазақстанның бұрыңғы астанасында кездесіп «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы» Алматы Декларациясына қолдарын қойды.

ТМД елдерінің экономикалық жақындасу мәселелерін шешетін құжат ретінде 1995 жылдың 6 қаңтарында Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы, кейіннен 1995 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан республикасы қол қойған «Кеден одағы туралы» келісімді айтуға болады. Кеден одағын құрушы тараптар өздерінің мақсаттары ретінде мыналарды атап көрсетті:

— Кеден одағына мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы еркін экономикалық өзара ынтымақтастықты дамыту үшін қолдан келетін бар мүмкіндіктерді пайдалану;

— экономиканың, тауар алмасудың және әділетті бәсекелестіктің тұрақты дамуына кепілдік ету;

— өз елдерінің экономикалық саясатын ұйымдастыруды нығайту және ұлттық шаруашылықтың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету;

— ортақ экономикалық кеңістіктің қалыптасуы үшін жағдайлар жасау;

— Кеден одағы мүше-мемлекеттерінің дүние жүзі рыногына шығуы үшін қолдан келетін бар жағдайды жасау. Жоғарыда айтып өткен Келісімнің бастауында мемлекеттер «Экономикалық одақ құру туралы» шарттың ережелерін жүзеге асыруға талпынады, делінгенді. Сонымен қатар, тараптар Кеден одағын — ортақ кеден территориясы мен шаруашылықтың нарықтық экономикасын ұқсас механизммен реттеуге негізделген, мемлекеттердің экономикалық бірлестігі ретінде анықтайтындарын растайды.

Кеден одағын құруға бағытталған шаралар екі сатыға бөлінеді. Бірінші саты — 1994 жылдың 15 сәуіріндегі «Еркін сауда аймағын құру туралы» Келісім бойынша, өзара саудадағы тариф пен сан бойынша кездесетін шектеулерді алып тастау, сыртқы экономикалық қызметке қатысты сыртқы сауда, кеден, валюталық-қаржылық, салық және басқа да ұлттық зандарды бір қалыпқа келтіру болып табылады. Екінші саты — мемлекеттердің кеден территорияларын ортақ кеден аймағына біріктіру және Кеден одағының халықаралық құқық субъектілігі туралы сұрақты шешу болатын. Кеден одағының болашағы болатыны жайында оған кейіннен қосылған Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы куә.

Кеден одағын және Ортақ экономикалық кеңістік туралы шарттың құқықтық негізі болып жалпыға танымал болған халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары, сонымен қатар, тараптардың ұлттық заңдары табылады. Алғашқыда Ресей, Беларусь арасында жасалған Шартқа, кейіннен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан қосылды. Кеден одағы туралы Шарт жобасы дайындалып жатқан кезде Ресей жағы қосымша «Ортақ экономикалық кеңістік шеңберінде қабылданатын шарттар мен шешімдерді дайындау, қабылдау және жүзеге асыру механизмін» ұсынған болатын. Бұл актінің негізгі мақсаты Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік көлемінде қабылданатын заң актілерінің орындалу механизмін жүзеге асыру болатын, себебі, ТМД шеңберінде қабылданып, бірақ та іс жүзінде орындалмай жатқан келісім-шарттар аз емес.

«Ортақ экономикалық кеңістік» ұғымы қайдан пайда болды деген сұрақ туындауы мүмкін. 1998 жылдың қаңтар айында «төрттік» (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) мәжілісіне Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «қарапайым адамдарға деген 10 қадам» идеясын ұсынды және бұл идея төрт елдің үкіметтері тарапынан қолдау да тапты. Қазақстан тарапынан 1998 жылдың ақпан айында «Ортақ экономикалық кеңістік құру туралы шарт» жобасы ұсынылған болатын. Интеграциялық комитет (бұл органға жұмыстың екінші бөлімінде тоқталамыз) бұл жобаны талдай келе 1998 жылдың маусым айында Шарттың мәтінін негізінен қолдай отырып «Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік (КО және ОЭК) туралы» Шарт ретінде мақұлдады. Мұндай шартты қабылдауға алып келген оқиғалар желісі былай сипатталады: 1993 жылың қыркүйек айында — «Экономикалық одақ туралы» Шартты және 1994 жылғы сәуірде «Еркін сауда аймағын құру туралы» Келісімді 12 мемлекет қабылдады. 1995 жылдың қаңтарында — «Кеден одағы туралы» Келісімді Беларусь, Ресей, сәл кейіннен Қазақстан қабылдады. Бірінші саты — еркін сауда аймағын құру болса, екінші саты — ортақ кеден территориясын құру болатын. 1996 жылдың наурыз айында — «Экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы» Шартты Беларусь, Қазақстан, Ресей қабылдап тауарлар, қызметтер, еңбек және капиталдың ортақ рыногын құруды басты мақсат ретінде алға қойды. 1998 жылдың аяғында Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік Шартына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойды. Бұл құжаттардың негізгі мақсаты, ортақ экономикалық интеграцияны дамыту болып табылады.

ОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев тарапынан ұсынылған Еуро-Азиялық одақ кұру арқылы жүргізілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында ТМД мемлекеттерінің өзара қатынастарын концептуалды, саяси құқықты, әлеуметтік ментальды және мәдени қайта қалыптастыруда бірден-бір өзекті рөл атқарғанын айтқымыз келеді. Ол сапалық тұрғыдан қайта ой елегінен өткізілген Еуразиялық тұжырымдамаға негізделеді. Өйткені жүз жылдықтың басында, оның қалыптасу кезеңінде ұлаңғайыр континенттің болашағын халықтардың және мәдениеттердің тарихи қалыптасқан көп жақты байланыстарымен сабақтастыра қарастырып, бұрынғы Ресей империясы мен КСРО-ның кұрамындағы халықтардың тарихи ортақ тағдырына арқа сүйеді. Жаңаша ой елегінен өткізілген Еуразиялылық идея жаңа дәуірдің талабы ретінде Қазақстан Республикасының халықаралык идентификациясы мен посткеңестік жаңару проблемаларын шешуде негізгі доктрина болды. Ежелгі дәуірде және орта ғасырда көшпелі, отырықшы мәдениет қатар қолданылған аймақтың экономика-жағрафиялық бірлігі тұтас шаруашылық жүйесін қалыптастыру қажеттігін анықтады. Бұнда екі мәдениет бір-біріне қарсы келмей, керісінше бірін-бірі толықтыра отырып дамыды. Көшпелі өркениет Еуразиялық бірліктің тарихи негізінің қалыптасуында зор рөл атқарды. XX ғасырда бұрынғы кеңестік одақ аумағында бұрын әлемдік тәжірибеде болмаған белсенді мәдени даму жүзеге асырылды. Нәтижесінде Қазақстанның және бұрынғы кеңестік республикалардың жаңа тарихында айрықша маңызды, жаһандану дәуірінің талаптарына жауап беретін жаңа сападағы интеграцияның алғышарттары калыптасты. Қазақстанның мултимәдениеттілігін күшейтудің тарихи үрдісі өте маңызды рөл атқарып, нәтижесінде оның халқының кұрамын ұлттық күрделендіре түсті.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан дипломатиясының күшімен Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің халықаралық кепілдігін камтамасыз ететін көпвекторлы сыртқы саяси бағыты бекіді. Көптеген мемлекеттердің толық қолдауына және мойындауына ие болған Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болды. Екінші мыңжылдықтың аяғында биполярлы әлемнің күйреуі, жалпы әлемдік құрылыстың өзгеруі, әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени даму саласында жаңа жаһандық кұбылыстардың пайда болуы қазіргі қоғамды өтпелі жағдайға алып келді. Жаһандану мен аймақтанудың әлемдік үдерісі тұрғысында ТМД кеңістігіндегі интеграция бас тарта алмайтын қажетті құбылыс болды.

Осы тұста Қазақстан үшін Орталық Азия елдері мен көршілес Ресей басым мәнге ие. Халықтардың даму болашағын мақсат тұтқан экономикалық, технологиялық, әскери, мәдени интеграция объективті қажеттілік бола тұра бұл бағыттағы қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтарды ескермеуге болмайды. Олардың ішінде ТМД елдерінің құрылысы мен саяси-құқықтық мәдениетінің әр түрлілігін, осы елдерде жүргізіліп жатқан реформалардың сипаты мен қарқынының сәйкес келмеуін, жалпы бұл үдерістің көп жағдайда ТМД басшылары көзқарастарының қиыспаушылығын атап өтуге болады. Сондықтан да бұрынғы кеңестік республикалар қарым-қатынасының жаңа түрінің жолына қарай алғашқы қадамды Қазақстан жасады.

Наши рекомендации