Дәріс. тауар қорларын логистикалық басқару
1. Материалдық қорлар түсінігі
2. Материалдық қорлардың түрлері
3. Қорлар жағдайын бақылау жүйесінің жалпы сипаты
Негізгі түсініктер:сатып алулогистикасы, логистикалық ағым,
Жасау немесе сатып алу» міндетін шешкеннен кейін және кәсіпорын қандай шикізат пен материалдарды сатып алу қажет екендігін шешкен соң, жеткізіп берушіні таңдау міндетін шешеді. Бұл міндетті шешудің келесі кезеңдері бар:
1. Потенциалды жеткізіп берушілерді іздеу.
Мұнда келесі әдістер қолданылады:
· конкурс жариялау;
· жарнамалық материалдарды зерттеу (фирмалық каталогтар, БАҚ-дағы хабарландырулар);
· көрмелер мен жәрмеңкелерге бару;
· мүмкін жеткізіп берушілермен хат алысу және жеке қатынастар.
Аталған шаралардың нәтижесінде потенциалды жеткізіп берушілердің тізімі құрылады. Ол әрдайым жаңаланып және толықтырылып тұрады.
2. Потенциалды жеткізіп берушілерді талдау. Потенциалды жеткізіп берушілердің құрастырған тізімі арнайы белгілер бойынша талданады (сапа, баға, жеткізіп беру сенімділігі, жеткізіп берушінің қашықтығы, тапсырыстарды орындау мерзімдері, психологиялық климат, жеткізіп берушінің қаржылық жағдайы және т.б.). потенциалды жеткізіп берушілерді талдау нәтижесінде келісімдік қатынастар жасау жөніндегі жұмыс жүргізілетін нақты жеткізіп берушілер тізімі құрастырылады.
3. Жеткізіп берушілермен жұмыс нәтижелерін бағалау. Жеткізіп берушіні таңдауға жасалып қойған келісім-шарттар бойынша жұмыс нәтижелері әсер етеді. Ол үшін жеткізіп берушінің рейтінгісін (шкала бойынша белгілі бір құбылысты субъективтік бағалау) есептеуге мүмкіндік беретін бағалардың арнайы шкаласы өңделеді. Рейтингті есептеу алдында сатып алынатын еңбек заттарының дифференциациясын жасау қажет, себебі олар өндірістік немесе саудалық процесс көзқарасынан тең емес. Кейбіреуі маңызды болады, яғни олардың жоқтығы өндірістік процестің тоқтатылуына алып келеді, демек мұндай затты жеткізіп берушіні таңдаудың негізгі белгісі – жеткізіп берудің өнімділігі болады. Ал егер еңбек заттары онша маңызды болмаса, оларды жеткізіп берушіні таңдағандағы басты критерий – оларды табуға және жеткізіп беруге кететін шығындар болады.
Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі.
Бүгінгі нарық талаптарына қарай автокөлік тек қана тасымалдау жүмыстары емес, сонымен қатар соған керекті қосымша іс-шараларды ұйымдастыруды да атқаруына тура келіп отыр. Өйткені жүк тасымалдаушылар тұрақты ірі өндіріс орындары болмағандықтан автокөлік кәсіпорын иелері кәсіпкерлерге, тасымалдауға тапсырыс берушілерге мүмкіндігінше толықтай қызмет көрсетуге ұмтылады. Басты логистикалық тасымалдау жүйесінің мақсаты - жүкті дайындау, сақтау, тиеп-түсіру, тасымалдау және иелеріне тапсыру, яғни басынан аяғына дейінгі қызмет түрлерін толықтай өз мойынына алу болып табылады.
Осындай амалдардың әсерінен тұтынушыларға қызмет етудің барлық саласын қамтиды, ол үшін автокөлік кәсіпорындары жүргізушілер мен қатар маркетингтер, делдалдар, жүктерді жинап сақтау қоймаларын, оған тиеп-түсіруге керекті техникаларды игереді. Осындай іс-қимылдардың арқасында автокөлік кәсіпорындары өздерінің шаруашылығы жанынан тасымалдауға арналған жүктерді жинау, дайындау, орау, тиеп,- түсіру, сақтау сияқты қосымша қызметтері үшінде қаржы табуды жолға қойып отыр. Ал тасымалдау мәселесі бұндай жағдайда өзгеше шешім қабылдауды керек етеді. Себебі кез- келген жүк көлемі немесе салмағы арнаулы автокөлік жіберуде тиімсіз болуы мүмкін. Егер автокөлікке салмағы немесе жүк көлемі толмаса жіберген автоколік шығындары, төленген қаржыдан аз болып зиян әкеледі. Демек тапсырушының берген уақыты арасында жүкті жеткізу үшін басқа жақтан сол бағытқа жүргелі тұрған автокөлікті іздестіріп, сол арқылы жүкті жеткізуді қамтамасыздандыру тиіс. Олай болмаған жағдайда тапсырушы келер жолы келмейтіні анық. Демек, автокөлік кәсіпорындары тек қана тасымалдаушы ғана емес сонымен қатар тапсырушыларға қосымша көмек көрсетуші және жүктерін тасымалдауда делдалдықта қызмет көрсетеді. Кейбір жағдайларды, соның ішінде күнделікті халық тұтынар тауарларды жіберуде, делдалдық жұмыстан коп пайдатабылады. Өйткені арнаулы автокөлік жібермегесін мекемеден шығар шығын және жол үстіндегі қауіп-қатер мәселесінен арыласың, бірақ тасымалдаудан кәрер пайдаң кемиді. Екінші жағынан тасымалдауға тапқан автокөліктің иесіненде көп байланысты. Олай болар себебі Алматы сияқты Республиканың барлық ірі қалаларында сырттан келген жүк автокөліктері тұратын арнаулы орындар бар. Сол жерден керекті бағыттан келген автокәліктер иелері өздері жүкпен келіп, қайтар жолға бос кетпесі үшін қосымша табыс ретінде жүк іздейді. Бірақ олардың тасымалдау бағасы, арнаулы баратын автокөлікпен тасымалдау бағасынан екі-үш есе кем болады. Мысалы Алматы-Астана бағытына тасымалдау бағасы бір куб. метрге шаққанда 6...7 мың теңге болса, ал Астандан-Алматыға жүкпен келіп, кері қайтатын автокөліктер оларды 1.5...2,0 мың теңгеден алып кетеді.