Азақстанның инвестициялық климаты
Қазақстанда 2013 жылы қолайлы инвестициялық климат сақталады. «Баяу болса да, Қазақстандағы экономикалық жағдай тұрақты күйде қалады. Ұлғайған мемлекеттік шығындар мен сақталған жоғары экспорттық бағалар ықпал етіп отырған жоғары тұтынушылық сұраныс қызмет көрсету мен бөлшек сауда секторының қарқынды өсуіне әсер етеді. Экспорттық бағалар, негізінен мұнайға қатысты, ағымдағы операциялар есебінің (2012 ж. 9 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ 7,7%) мен шоғырланған бюджеттің пайдасы (2012 ж. 9 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ 11,6%) жоғары деңгейде қалып отыр», – деді ЕАДБ басқарма төрағасының орныбасары.
Оның мәліметі бойынша, ақша көлемінің өсуі кезінде мемлекеттік шығындардың да ұлғаюы 2012 жылғы қарашада инфляция көлемінің 5,6% күйде сақталуына ықпал етті. Бұл көрсеткіш ел Үкіметінің мәлімдеген мақсатына сәйкес келеді.
«Халықаралық резервтердің деңгейі жоғары болуына байланысты теңгенің құбылмалылығы төмен сипатқа ие. Ішкі сұранысты қолдайтын экспорттық кірістің ағымдағы деңгейінің сақталуы салық түсімдерінің артуына және ҚРҰҚ ұлғаюына ықпал етеді. Инфляция көлемі ҚРХБ болжамына сәйкес 6-8% көлемінде сақталуы тиіс.Экономикалық тұрақтылық Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат құрады және бұл шетелдік инвесторлардың қызығушылығының сақталуына әсер етеді.
«Әрине, елдің инвестициялық тартымдылығы мен инвестициялық салымдардың өсімі көптеген өзге де факторларға байланысты, өйткені инвесторларды тарту мен ұстап қалу үшін мемлекет тарапынан нормативтік құқықтық базаны, құқық қолдану тәжірибені жетілдіру, инфрақұрылымды дамытуды сынды іс-әрекеттер жасалуы тиіс. Инвесторлардың елден кетпеуі үшін оларға қолайлы бизнес-орта құрып, олардың ақылға қонымды тілектерін орындауға тырысу керек. Мұндай орта Қазақстанда ақырындап құрылып келе жатыр. Қазақстан Республикасы Президенті жанынан құрылған Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысы осыған дәлел. Кеңес аясында түрлі инвестициялық жобалар талқыланып, іске қосылады»
Аккредитивтер, олардың түрлері. Аккредитивпен есеп айырысу ерекшеліктері
Аккредитив (лат. аccredіtіvus – сенімділік) – Банк есебінің бір түрі. Төлеушінің тапсырмасы бойынша банкте ашылады. Қолма-қол ақшасыз есептеудің түрі ретінде аккредитив халықаралық коммерциялық операциялар бойынша есеп айырысуға және ұйымдар арасындағы төлемдерді жүзеге асыруға қолданылады.
Жеке тұлғаның банктен ақша алу құқығын растайтын бағалы қағаз. Бұл жағдайда аккредитивте ақша алушының аты-жөні мен берілетін ақшаның мөлшері анық көрсетіледі. Есеп айырысу жөніндегі банктер арасындағы келісімдерге сәйкес аккредитивте көрсетілген ақшаны тиісті банк қолма-қол төлеуге міндетті. Аккредитив түрлері: ақша және тауар түрінде болады. Ақша түріндегі аккредитивті қызмет бабымен, саяхатқа шетелге шыққан, не ел ішінде жүрген адамдар кеңінен пайдаланады. Тауарлық аккредитив негізінде халықаралық саудадан сатып алушы мен тауар жеткізушінің арасында есеп жүргізгенде қолданылады.[1]
Аккредитивтердің қайтарылмалы (аккредитив жұмыс істеген кезеңде аккредитивті ашқан фирма оның күшін жоя алады) және қайтарылымсыз (эмитент банктің қатаң міндеттемесі беріледі), расталған (яғни оны ашқан банк кепілдік берген) және расталмаған (импорттаушының тапсырмасымен экспортгаушының банкінде ашылады, бұл орайда аккредитивтерді төлеу жөніндегі жауапкершілік импорттаушы банкінің ғана мойнында болады), револьверлік (лимиттің жалпы сомасы мен оның күшінде болу мерзімі ауқымына пайдаланылуына сәйкес өздігінен толықтырылып отырады), аудармалы (өзге тұлғалар толығынан немесе ішінара пайдалана алады).[2]
Билет
1. Қарыз алушының несие қабілеттілігінің түсінігі.Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақытында есеп айырысу қабілеті. Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында көңіл аударатын ең бір формалды көрсеткіш болып табылады. Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.Қарыз алушының занды тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен түрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипатайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетінен байланысты: 1)шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру; 2) несиені қайтару; 3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;5) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады. Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады.