Экономиканы реттеудің қаржылық механизмі
Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақты нәтижелерге – қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімдерінің, матриалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады.
Қаржы механизмі- экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді. Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді.Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.
3.Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мем-к реттеудегі жүзеге асырудың негіздері.Экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі, Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейеді, өндіріс пен капиталдың бірігуі әр түрлі елдің бір бірімен өзара тәуелділігі өсті. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін нарық пен іс –әрекеттің қарама – қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етті. Мемлекет – саяси биліктің институты. Ең алғаш рет stato терминін Н.Маккиавелли мемлекетті саяси биліктің институты ретінде бейнелеу үшін енгізді. Мұндай институт еңбектің қоғамдық бөлінуінің, жеке меншік пен кластардың пайда болуының заңды нәтижесі болып табылды.Мемлекет – бұл тек саяси басқару органы ғана емес, бұл саяси билік органы, бұл экономикалық жағынан үстемдік етіп отырған кластың қолындағы саяси қару.
Билет
1.ЭМР әдістерінің құрамы мен оларды реттеу об.ЭМР – дің объектілері – бұл автоматты түрде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мүмкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы –әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты даму үшін қажетті. ЭМР – дің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін, ақша айналымын; төлем балансын; бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қаайта дайындауын; қоршаған ортаны; сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады. ЭМР – міндеті «экономиканың қызып кетуіне» жол бермеу үшін, яғни тауарларды артық өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың, күрделі қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет.ЭМР аумақтық құрылым мен салалық шеңберде маңызды рһл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай қамтамасыз етіледі.Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды объектісі – капиталды жинақтау болып табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар үшін экономикалық кезең мен құрылымға ықпал ететін, қосымша ынталандырулар жасалады. ЭМР объектілерінің шешілетін міндеттерге фирманың деңгейінен, салалардың ұлттық және интернационалдық деңгейіне дейін байланысты айырмашылықтары және иерархиялық сипаты болады. ЭМР –дің құралдары. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінде мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеще құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына –қазыналық және қаржылық саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады. ЭМР –дің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекетт билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді.