Азақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды аймақтық және көп жақты реттеу
Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды аймақтық реттеу тәуелсіз мемлекеттердің ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылады. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бірнеше жыл ішінде өндірістік, әлеуметтік және гуманитарлық салаларда ынтымақтастық туралы 1300 келісім, оның ішінде ұжымдық қауіпсіздік туралы мәселелер де түзілді. (оның ішінде, «Достастық мемлекеттерінің шаруашылық заңдарын жақындастыру принциптері туралы» келісім, «Өндірістік, коммерциялық, несиелік, қаржылық, сақтандыру, аралас трансұлттық бірлестіктер құру және дамытуға ықпал ету туралы» келісім және т.б. Аймақтық өзара ықпалдасуды бейнелі мысалына инвестициялық қызмет ету саласында Әзірбайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Армения Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстан, Өзбекстан Республикасы және Украина арасындағы ықпалдастық туралы келісімдер жатады. (Ашқабат, 1993 жылғы 24 желтоқсан). Инвестордың құқын қорғау туралы Конвенция 1997 жылғы 28 наурызда Мәскеуде 1999 жылғы 30 желтоқсандағы №24-ІІ Заңмен қабылданып, 2000 жылғы 16 мамырда күшіне енді. Конвенция мемлекеттің ұлттық экономикасына инвестицияларды тартуға бағытталған.
Шетелдік инвестицияларды көп жақты реттеу екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. 1929 жылы Париж қаласында Ұлттар Лигасының бастамасымен халықаралық көп жақты конвенцияны жасау мақсатымен құрылды. Жоба ережесі бойынша шетелдіктерге ұлттықтан көрі қолайлы жағдай жасалу керек еді. 1965 жылы «Мемлекеттік және шетелдік тұлғалар арасындағы инвестициялық дауларды реттеу тәртібі туралы» Вашингтон Конвенциясы қабылданды. Вашингтон Конвенциясы 1966 жылғы 14 қазанда күшіне енді, оған 149 мемлекет қол қойды. (оның ішінде Қазақстан Республикасында 2000 жылғы 21 қазанда күшіне енді). Қол қойған 149 мемлекеттің 134-і осы келісімді қолданды, 15 мемлекет қол қойғанымен келісімді қолданбады.( салыстыру үшін келесі сандарды келтіруге болады: 1996 жылы Вашингтон Конвенциясына 139 мемлекет қол қойды, оның ішінде 120 мемлекет бұл келісімді қолданды. Конвенция дауларды ұлттық сотқа шешуге тыйым салады. Бұл жағдайда ұтылған тарап ИКСИД бас хатшысына шешімді жоюға арыздануына болады.
1985 жылғы қазанда «Инвестциялардың кепілдері жөніндегі көп тарапты агенттікті құру туралы» Конвенцияға қол қойылды. Агенттік заңды тұлға болып табылып, келісім-шарт жасауға құқықлы Агенттіктің негізгі міндеті мүше елдер, әсіресе дамыған елдер арасындағы инвестициялар әлеуетін ынталандыру. Осы мақсатқа жету үшін инвестицяға қатысты коммерциялық емес мүмкіндіктерден сақтандыру кепілдігін береді.
Көп тарапты келісімдер арасында 1994 жылы Лиссабонда қол қойылған энергетикалық xартияға келісім ерекше орын алады. Энергетикалық қауымдастық құрылумен қатар келісімге қатысушы ел халықаралық ұйым қатарының мүшесіне айналады. Отандық әдебиетте энергетикалық xартияға келісімге қол қою ҚР мүддесімен толық келісіледі. Келісім инвесторлардың құқын қорғауға бағытталған, Қазақстан қабылдайтын мемлекет ретінде өз құқының бөлігімен сот иммунитетінен бас тартуға, мемлекеттік шенеуніктердің тиісе беруінен қорғау жолымен шетелдік инвесторлар келісімін күшейту.
1995 жылы экономикалық ықпалдастық Ұйымы аясында инвестициялар бойынша көп тарапты келісім құру блогінде келісімдер басталды. (1961 жылы құрылған бұл ұйым дамыған елдердің мүдделерін көздеп, екі тұрақты комитет құрды «халықаралық трансұлттық корпорациялар бойынша комитет және капитал қозғалысы жөніндегі комитет). 1995 жылғы қыркүйектен 1997 жылдың басына дейін келісім техникалық сипатта болды, 1997 жылдан осы келісім үкіметтік емес ұйымдардың назарында болды.
Инвестициялар жөніндегі көп тарапты келісімді дайындағандар жөніндегі көп тарапты инвестициялық қатынастарды реттеу механизмін жасағанда инвестициялық режимдерді либерализациялық дауларды шешу мен олардың инвестицияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелеріне негізделген. Осы жобада 1) келісім ережелері барлық инвесторларға қатысты қолданылуы мүмкін.; 2) «инвестициялар» ұғымы жеке меншікті қамтиды. Осыған байланысты Д.К. Лабин инвестициялар бойынша келісім-экономикалық әріптестік жөніндегі ұйымға қатысушы мемлекеттер мен Еуропалық Одақ мемлекеттеріне, сондай-ақ аталған халықаралық ұйымдарға мүше емес мемлекеттердің көп тарапты келісім жасай алатынын атап көрсеткен. Негізгі ережелердің келісім процессіне қарамай, көп тарапты келісім халықаралық инвестициялық қатынастарды реттеу ісіне үлкен қадам болып табылады.
Осылайша, шетелдік инвестицияларды халықаралық құқықтың реттеу үш деңгейде жүзеге асыралады, атап айтсақ: екі жақты, аймақтық және көп тарапты реттеу. Отандық заң әдебиетінде шетел инвестицияларын реттеу толық зерттелген.
Шетелдік инвестицияларды ұлттық-құқықтық реттеу инвестициялық қатынастардың дамуындағы ролі үлкен. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Германия, Англия, Франция) шетелдік инвестицияларды ұлттық—құқықтық реттейтін арнайы заңдары жоқ, шетелдік инвесторларға ұлттық инвесторлардың қызметіне қолданылатын нормалар мен ережелер шетелдік инвесторларға да қолданылады. Үлкен салалы экономикасы бар елдерде (Африка, Латын Америкасы,Азия елдері) шетелдік инвестициялар туралы арнайы заңдар бар (шетелдік инвестициялар туралы Кодекстер немесе шетелдік инвестициялар туралы заңдар). Жалпы, халықаралық тәжірибе шетелдік инвестициялар саласында арнайы заңдардың қабылдануы шетелдік инвестицияларды ел экономикасына тартуға қолайлы жағдай жасады. Шетелде Канадада инвестициялар туралы заңмен өзгертілді. Әр түрлі елдердің шетелдік инвестициялар туралы ұлттық заңның дамуында жалпы тенденцияны анықтауға болады, инвестициялық саясаттың нәтижесінде шетелдік және ұлттық инвестициялардың құқықтық режимдері арасындағы ерекшеліктерді жою процессі басталады.
Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2003 жылғы 8 мамырдағы Қаулысын қабылдады. Осы қаулыға сәйкес инвестициялық префернцияларды қарайтын инвестицияларды жүргізуге модельдік келісім-шарт, экономикалық қызмет түрлерінің классификаторы деңгейінде қызметтің басымды түрлерінің тізімі, инвестициялық салықтық преференциялардың іс-қимыл мерзімі мен инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласында уәкілетті органның мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің кеңесшілері мен эксперттерді жұмылдыру Ережесі бекітілді.
Қазақстан экономикасы саласында білікті жұмысшылардың тапшылығынан инвестордың шетелдік мамандарды жұмылдыруы тәжірибесі қалыптасты. Сондықтан, шетелдік мамандарды отандық мамандарға, олардың біліктілігін арттыру жолымен ауыстыруға бағытталған процессті қалыптастыру туралы шешім қабылданды. Бір жағынан, Заңдағы бұл өзгерту жоғары классты отандық мамандарды көтере алады. Сонымен қатар, мамандандырылған шетелдік жұмысшыларды қазақстандық еңбек рыногынан толық ығыстыруға мүмкіндік жасайды. Бұл шетелдік мамандардың ғана емес, сондай-ақ елімізде жұмыс істейтің трансұлттық компанияларды шығаруға алып келеді, өз кезегінде тікелей шетелдік инвестициялардың ағылуын едәуір азайтады. Қазақстанның инвестициялық заңнамасы соңғы жылдары ерекше өзгеріске ұшырағанынан инвесторлар өз құқын қорғай алмайды деп айтуға болмайды.
Көп жағдайда Қазақстанның ұлттық заңнамасында жеткіліксіз мазмұндалған құқықтық талаптардың соқтығуын шешу үшін халықаралық келісімдер шетелдік инвесторлардың құқын қорғауға қолданылады.
Халықаралық арбитражға шағымдану мүмкіндігін Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған көптеген халықаралық келісімдер қарайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасы Үкіметі арасындағы 2007 жылғы 9 қаңтардағы инвестицияларды өзара қорғау туралы Келісімнің 9 бабы, дау орын алған кезеңнен 3 ай ішінде шешілмеген жағдайда, дау инвестордың қалауынша жазбаша үлгіде:
- инвестициялар жүзеге асырылған аумақтағы тараптың құзырлы сотына, немесе
- 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтон қаласында қол қою үшін ашылған өзге мемлекеттердің заңды және жеке тұлғалары мен мемлекет арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы Конвенцияға сәйкес бекітілген, инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталық арбитражына, немесе
- тараптардың біреуі ғана жоғарыда көрсетілген Конвенцияға қатысушы болып табылса, Орталықты қосымша ережелеріне сәйкес арбитражға; немесе
- Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық сауда құқы бойынша Комиссиясының арбитраждық ережелеріне сәйкес құрылатын, кез келген «ad hoc» арбитраждың сотына;
- Бұрын келісілген кез келген «ad hoc» арбитраждың сотына қарауға жолданады.
Қазақстан Энергетикалық Хартияға келісімге қол қойды. Осы келісімге сәйкес келісімге қатысушы әрбір мемлекет халықаралық арбитраждық органдарға инвестициялық дауларды өткізуге келісім береді. Бүгінгі таңда Қазақстан арбитраждық соттардың шешімдерін өзара орындау тәртібі туралы бірнеше келісімдер қатарына қол қойды: 1992 жылғы 20 наурызда Киевте ТМД елдері арасында жасалған шаруашылық қызметтер жүргізумен байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісім, 1992 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бекітілген; 1998 жылғы 6 наурызда Мәскеуде жасалған ТМД елдері аумағында арбитраждық шаруашылық және экономикалық соттарды өзара орындау тәртібі туралы Келісім, Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 30 желтоқсандағы заң негізінде бекітілген.
Шетелдік арбитраждық соттардың шешімдерін орындау мәселелері 1959 жылғы 7 маусымда күшіне енген, 1958 жылғы 10 маусымдағы арбитраждық шетелдік шешімдерді орындау туралы Нью-Йорк Конвенциясымен реттеледі. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 қазандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы осы Конвенцияға қосылады. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы «Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы» Заңы, «шетелдік мемлекетте шығарылған арбитраждық шешім құзырлы сотпен танылады және өзара бастамаларда атқарушы өндіріс органдарымен орындалады» деген ережені қамтиды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы көптеген елдермен екі жақты келісімдер жасады. Инвестицияларды қорғау туралы бұл келісімдерде келісім жасаушы тараптар мемлекет инвесторларына екі тәртіп: қолайлы немесе ұлттық тәртіпті ұсынады. Соңғы жылдары инвестицияларды қорғау саласында мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер «Еуропалық экономикалық қауыдастық елдері мүшелерін өзара қорғау, Швеция Корольдігі Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара қорғау Келісімі; Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасында инвестицияларды өзара қорғау Келісімі қатары» бекітіліп, қол қойылды.
Қазақстанда мемлекет пен шетелдік компаниялар арасында өзара қатынастар тараптарымен қатар, шетелдік компаниялардың көпшілігі қазақстандық еңбек заңдылығын бұзып, жергілікті жұмысшылардың құқын шектейді.
Қазақстан Республикасында 13 жыл ағымында шетелдік инвестициялар туралы арнайы заңнама болды. Бұл салада бірінші заң актісі Қазақ КСР 1990 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақ КСР шетелдік инвестициялар туралы» Заң болды. Кейін 1994 жылғы 27 желтоқсанда ҚР «Шетелдік инвестициялар туралы» Заңның қабылдануына байланысты алдыңғы акт өзгертілді. 2003 жылғы 8 қаңтардағы инвестициялар туралы»Заңның қабылдануымен 1994 жылғы ҚР «Шетелдік инвестициялар туралы» заң күшін жойды. Алғашқы шетелдік инвестициялар туралы заңда шетелдік инвестицияларға қолайлы және ұлттық режим беру бекітілді.
Осымен қатар, заң тәртібімен шектеулер қою мүмкіндігі белгіленді. Біріншіден, шетелдік инвестициялар кез келген объектіге енгізіле алатын болды. Екіншіден, заңнамамамен бекітілген аумаққа шетелдік инвесторлар немесе шетелдіктердің қатысуымен кәсіпорындардың қызметі шектелінді.
Ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамамен ҚР ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында, оның ішінде өнеркәсіптік әлеуетті сақтау мен нығайту үшін мемлекет шетелдік инвесторлардің кепілдерін сақтаумен және Қазақстан экономикасының объектілерінің жағдайы мен қолданылуына бақылау жүргізеді. ҚР стратегиялық ресурстарының қолданылуы бойынша келісім-шарт жасауда міндетті ұлттық қауіпсіздіктің қамтамасыз ету бойынша талап қойылды. Осы актіде халықаралық келісім-шарттарды жасауға жол берілмейді.
Шетелдік инвесторларға бекітілген шектеулер әлемдік тәжірибеде кең тәжірибеленуде.
ҚР тікелей инвестицияларды қолдау туралы заңның қабылдану сәтінен басталған инвестициялық саясат шарттарында шетелдік инвесторларға олардың қызметін жүргізу үшін қосымша кепілдер беру қажеттігі пайда болды. Нәтижесінде құрылған ҚР Президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің кеңестік-консультативтік органға айналды. Кеңесті ҚР Президенті басқарады және Кеңестің күн тәртібін бекітіп, отырыстарын басқарады. Кеңес құрамына ҚР Премьер-министр, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы, ҚР сыртқы істер минситрлігі, инвестициялар жөніндегі Комитет төрағасы және шетелдік инвесторлардың арыздарын қарау бойынша ведомствоаралық комиссияның төрағасы. Халықаралық қаржылық ұйымдар, шетелдік компаниялардың Кеңес құрамына бірінші басшылар немесе олардың орынбасарлары енеді.
ҚР Президенті бекіткен Кеңес құрамына халықаралық ұйымдар, мен шетелдік компаниялар атынан Еуропалық қайта құру және даму банкінің Президенті, «Бейкер энд Мак Кензи» атқарушы комитетінің төрағасы, «Бритиш Газ Интернешнл» атқарушы директоры, «Шеврон Оверсиз Петролиум Инк» компаниясының президенті, «Мицубиси Корпорейшн» корпорациясының директоры, Орталық Азия және өзге елдердегі «Самсунг» корпорациясының президенті.
Шетелдік инвесторлардың арызын уақытылы қарауды қамтамасыз ету мақсатында шетелдік инвесторлардың арызын қарайтын ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссия ҚР Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңес органы болып табылады. Комиссияның негізгі мақсаты біздің елде инвестициялық ахуалды жетілдіру іс-шараларын жүргізеді.
Жаңа заңда халықаралық келісім-шарт ережесі қолданылады. Халықаралық келісімдермен инвестицияларды жүргізу үшін ерекше шарттар анықталған.
Отандық әдебиетте шетелдік инвестицияларды басқару жөніндегі арнайы мемлекеттік органның қажеттілігі туралы мәселе көтерілген. Шетелдік тәжірибені талдау негізінде (Финляндия,Канада, Португалия, Мексика, Ресей, Грузия және басқа) К.С.Мәуленов Қазақстанда шетелдік капитал, шетелдік инвестициялар қызмет аясын жүргізгенде инвестициялар жөніндегі Комитет уәкілеттігін асырады. Мұндай орган бізге қажет болғандықтан таяу 10-15 жылда оны тарату жөнінде мәселе болмауы керек.
1996 жылғы 6 желтоқсандағы «Каст труба консорциум –р» ЖАҚ құру туралы» Қаулысымен, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Сұлтанат Оман үкілеттері арасындағы акционерлердің келісімдері, «Оман Ойл Компани Лимитед», «Шеврон Оверсиз Петролиум Инк», «Лукойл мұнай компаниясы» ААҚ, «Аджип Сп А», «Бритни Газ эксторейшн энд Продакшн» компанияларымен, «Мұнайгаз» мемлекеттік холдингтік компаниямен, «Орикс лимитед» келісімдері мақұлданған.
Шетелдік инвестицияларды қабылдайтын мемлекет тәжірибесінде Бенилюкс елдерінде (Бельгия, Нидерланд, Люксембург) А.В. Крин шетелдік инвестициялар салық және қаржы жеңілдіктері мен преференциялармен дәстүрлі қабылданатынын атап көрсеткен.
Инвестициялық қатынастарды реттеуде шетелдік инвесторлардың қатысуымен кедендік реттеудің ролі ерекше. Осы салада тауарды өткізудің ерекшілігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған жетістіктерге кедендік одақты енгізуге болады. Кедендік Одақ еркін сауда аймағына қарағанда бірлесудің жоғары деңгейін көрсетеді.
Шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу халықаралықпен қатар ішкі құқықтық деңгейде де жүреді және аймақтықпен қатар әмбебап унификация арқылы жүзеге асырылады.
Көбінесе реттеу капитал салымдарды қорғау немесе қосалқы салықтардан босату туралы екі жақты келімдерді бекіту жолымен жүргізіледі. Екі жақты келісімдердің кеңінен таратылуы себебі, екі елге инвесторлардың шеңберін анықтау, шетелдік жеке және заңды тұлғаларды шаруашылық қызметке кіруіне жол беру, шетелдік инвесторлар үшін белгілі режим белгілеу сияқты сұрақтарды бірыңғай реттеуді қамтамасыз ету әмбебап унификациялаудан қарағанда жеңілірек болар еді.
Шетелдік инвесторларды қорғау бойынша Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі шеңберінде жасалған және қабылданған екі әмбебап халықаралық конвенциялар ерекше маңызға ие: 1965 жылғы «Мемлекеттер және шетелдік тұлғалар арасындағы инвестициялық дауларды шешу тәртібі жөніндегі» Вашингтон Конвенциясы және 1985 жылғы «Инвестициялардың кепілдігі бойынша Көпжақты Агенттік құру жөніндегі» Сеул Конвенциясы. Вашингтон Конвенциясы шетелдік инвесторлар - жеке және заңды тұлғаларды - реципиент-мемлекеттің иммунитетінен қорғау мақсатында құрылған. Мұндай қорғау инвестициялық дауларды ұлттық соттардың юрисдикциясынан шығарып, оларды арнайы құрылған Инвестициялық дауларды реттеу бойынша халықаралық орталықтың қарауына өткізуді көздеп, Орталық дауды келістіруші және арбитраждық тәртіпте шешеді. Сеул Конвенциясы шетелдік инвесторларды коммерциялық емес тәуекелдерден қорғау мақсатында құрылған. Осы Конвенцияның негізінде инвестициялық тәуекелдерді сақтандырумен айналысатын Инвестициялар кепілдіктер жөніндегі көпжақты агенттік құрылды. Конвенцияға сәйкес инвесторлар оның негізінде сақтандыру жағдайлары пайда болған сәтте ақшалай компенсациялар төлеу жүзеге асырылатын Агенттікпен келісім бекітеді.
ХЖҚ аспектісінде ұлттық-құқықтық реттеу коллизиялық әдіспен жүзеге асырылады. Яғни, құқық қолданушы ұлттық құқықтың материалдық нормаларын қолданбас бұрын алдымен қолданылатын құқық жөніндегі мәселені алдын ала шешіп алады. Әр мемлекеттің заңнамасында инвесторлардың шеңберін анықтау, шетелдік инвестициялар ұғымын квалификациялау, шетелдік инвестициялардың құқықтық режимін белгілеу үшін құқықты таңдау ережесін көздейтін коллизиялық нормалар бар.
Қазіргі кезде көптеген елдердің заңнамаларында “дедушкина (стабилизациялық) оговорка” атты ескертпе әрекет етеді. Оған сәйкес, заңнаманың өзгеру нәтижесінде шетелдік инвестордың жағдайын нашарлататын ережелер пайда болғанда 10 жыл уақыт аралығында, ал уәкілетті мемлекеттік органдармен бекітілген ұзақ мерзімді контрактілер бойынша онымен өзгеше көзделмесе контрактінің әрекет ету мерзімі біткенге дейін инвестицияны жүзеге асыру сәтінде әрекет еткен заң қолданылады. Бұл ескертпе мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі, ұлттық қауіпсіздігі, экологиялық, денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясындағы заңнамалардың өзгеруіне қатысты әрекет етпейді.
Шетелдік инвесторлар басқа мемлекетпен концессилық шарт негізінде ынтымақтаса алады, оған сәйкес концессионерге қандай да бір жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделеді.
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік инвесторлардың практикалық қызмет ету процесінде әр түрлі қаржылық-шаруашылық, құқықтық даулар мен конфликтілер туындауы мүмкін. Республиканың заңнамасына сәйкес шетелдік инвесторлар мен олардың қызметімен байланысты пайда болған барлық келіспеушіліктер мен даулар келіссөздер негізінде немесе алдын ала белгіленген инвестициялық дауларды шешу процедураларына сәйкес қаралуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіның 259-бабына сәйкес, меншік иесі өзінің затына деген меншік құқығының танылуын оның қайда орналасқанына (Қазақстанның немесе кез келген елдің аумағында) қарамастан талап етуге құқылы.
Қазақстандық заңнамасында жоғарыда аталып өткен басқа елдердің заңнамаларына тән заттық құқытардың пайда болуы мен тоқтатылуына қатысты ережелер ұқсас болып келеді. Яғни, мүлікке заттық құқықтардың пайда болуы мен тоқтатылуы заттық құқықтың пайда болуы не тоқтатылуы үшін негіз болған іс-әрекет немесе өзге де мән-жайлар орын алған кезде сол мүлік орналасқан елдің құқығы бойынша анықталады. Ал мәміленің нысанасы болып табылатын мүлікке заттық құқықтардың пайда болуы мен тоқтатылуы lex loci contractus байламына сәйкес шешіледі.
Заттың адал иеленушісінің мүдделерін осы заттың меншік иесі болып табылатын тұлғаның виндикациялық талап-арызынан қорғау кезінде заттың орналасқан жер заңы приоритетті болып табылады. Алайда кейде талап-арыз берілген елдің құқығын қолдану мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.
Қазақстандық заңнамадағы коллизиялық ережелерге сәйкес, мүліктің қозғалмайтын немесе қозғалатын заттарға жататындығы, өзге де құқықтық саралануы осы мүлік орналасқан елдің құқығы бойынша анықталады. Мемлекеттік тіркелуге тиісті көлік құралдары мен өзге де мүлікке заттық құқық осы көлік құралдары немесе мүлік мемлекеттік тізілімге енгізілген елдің құқығы бойынша анықталады.
Жолдағы қозғалатын мүлікке меншік құқығы немесе өзге де заттық құқықтар мүлік жөнелтілген елдің құқығы бойынша анықталады.
Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау үшін арыз берушіге қолданылатын құқыққа қатысты таңдау берілген: мүлік орналасқан елдің немесе сот елінің құқығы.
Пысықтау сауалдары:
1. Меншік құқығының пайда болуы мен тоқтатылуы үшін негізгі коллизиялық принциптерді ата.
2. Меншік қатынастарына байланысты жалпы қандай коллизиялық байламдар қолданылады?
3. Құқықта ұлттандыру деп не түсініледі және оған тән белгілері қандай?
4. Инвестициялық заңнамалардың ерекшелігі қандай?
Тарау