Лшеу құралдарын салыстырып тексеру

Өлшеу құралдарын салыстырып тексеруді өлшеу құралдарын белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау және де олардың қолдануға жарамдылығын бекіту мақсатында жүргізеді.

Салыстырып тексеру аралық интервалының ішінде өлшеу құралдарының қолдануға жарамды екендігі, салыстырып тексерудегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жасалғандығы, берілген өлшеу құралдарының метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестігі расталып, салыстырып тексерулері жарамды деп танылады.

Салыстырып тексеру кезінде салыстырып тексеруге қолданылатын эталондар Қазақстан Республикасының шама бірлігінің эталондарына бағынышты болуы керек.

Кейбір өлшеу түрлеріне мемлекеттік эталондар болмаған жағдайда, республикадағы шама бірлігін ең жоғарғы дәлдікпен қайталайтын, бастапқы эталондармен өлшенген салыстырып тексеру құралдарына шама бірлігінің өлшемін беруге болады немесе олардың салыстырып тексеруі ҚРСТ 2.40 сәйкес жүргізілуі тиіс.

Салыстырып тексеруге мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласында қолданылатын, өндірістен немесе жөндеуден шыққан, типі бекітілгеннен кейін пайдаланылатын және шеттен әкелінетін немесе метрологиялық аттестатталған және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген өлшеу құралдары кіреді.

Қазақстан Республикасының аймағында 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейін өндірілген немесе енгізілген және бекітілген салыстырып тексеру әдістемесі бар өлшеу құралдары бар сынаулар, метрологиялық аттестаттаулар және ҚР МӨЖ тізіліміне енгізу бойынша қосымша шараларсыз Қазақстан Республикасының аймағында салыстырып тексереді.

Өлшеу құралдарының тізімі мен салыстырып тексеру кезеңділігі, сондай –ақ, оны жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшеу құралдары калибрленеді.

Шама бірліктеріндегі физикалық шама мәндерін бағалауға арналмаған, тек өзгеруін бақылау үшін нормаланған дәлдікпен қолданылатын техникалық құралдар индикаторларға жатады және салыстырып тексеруге жатпайды.

Индикаторларға өткізу тәртібі және олардың дұрыстығын бақылау ҚР СТ 2.8 сәйкес жүргізіледі.

Индикатор ретінде қолданылатын өлшеу құралдарына анық түрде басылған «И» белгісі басылады.

Оқу (көрсету) мақсатындағы өлшеу құралдары салыстырып тексеруге жатпайды.

Оқу (көрсету) мақсатындағы өлшеу құралдарының дұрыстығын бақылау, оқу процесіндегі бекітілген пайдалану ережелеріне, талаптарына сәйкес жүргізіледі. Оқу (көрсету) мақсатындағы өлшеу құралдарына анық түрде бастырылған «У»белгісі басылады.

Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшеу құралдары иесінің өтініші бойынша салыстырылып тексерілуі мүмкін.

Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық қызметпен іске асырылады, сондай –ақ, ҚР СТ ИСО\МЭК 17025 талаптарына сәйкес акккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметімен іске асырылады.

Өлшеу құралдарын салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызметтің салыстырып тексерушілері немесе ҚР СТ 2.63сәйкес әзірленген өлшеу құралдарын салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүргізеді.

Салыстырып тексеруді рәсімдеу тәртібі салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес іске асырылады.

Салыстырып тексерудің оң нәтижелері өлшеу құралдарына және \немесе пайдалану құжаттамаларына басылатын салыстырып тексеру таңбасымен және \немесе салыстырып тексеру туралы сертификатпен расталады.

Егер өлшеу құралдары салыстырып тексеру нәтижесі бойынша қолдануға жарамсыз болып танылса, онда қолданыстағы салыстырып тексерудің басылған таңбасы өшіріледі және (немесе) қолдануға жарамсыздығы туралы хабарлама жазылып беріледі.

Салыстырып тексеру туралы сертификатты, уәкілетті органмен бекітілген тәртіп бойынша, мамандандырылған бағдарламалық қамсыздандыру арқылы толтырылады.

Егер нақты өлшеу құралдарына салыстырып тексеру әдістемелерімен салыстырып тексеру туралы сертификат беру қарастырылмаса, онда мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыздандыру арқылы осы өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың электронды түрі рәсімделуге тиісті.

Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру бойынша жұмыстарға төлем жүргізу келісім –шарт негізінде жүргізіледі.

Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру жұмыстарының бағасын белгілеу кезінде ҚР ст 2.48 сәйкес талаптар мен нормалар қолданылуы мүмкін.

Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру құқығын алу үшін аккредиттелген заңды тұлғалар салыстырып тексерілетін өлшеу құралдары туралы деректерге электронды есеп жүргізуді және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беруді жүзеге асырады.

Наши рекомендации