Азақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы

2013 жылы Қазақстанның метрологиясы өзінің Қазақстандағы өсіп өркендеуінің 80 жылдық тарихын атап өтті.

Қазақстандағы өлшеу техникасы мен өлшемнің даму тарихы Ресейдегі метрологияның қалыптасуымен тығыз байланысты.Қазақстан территориясындағы алғашқы кеңсе 1923 жылы Семей бөлімінің Омск салыстырып тексеру палатасы ретінде пайда болды. Оның мақсаты приборлардың қолдануға жарамдылығын анықтау болатын. Салыстырып тексеру палатасы өндірістегі, сатылымдағы приборлардың өлшемдері мен нақты өлшем мәндерін салыстырып тексерді. Бұны салыстырып тексеру, ал кеңсені Салыстырып тексеруші орган деп атады.

1925 жылы Семей бөлімінің аты Өзіндік жеке салыстырып тексеру палатасына ауыстырылады. Олардың жұмыс аумағына Семей және Жетіқара облыстары кірді. Қазақстанның қалған территориясы Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан салыстырып тексеру кеңселеріне қарасты болды (Саратов, Оренбург және Орта Азия өлшем және таразы палаталары).

1929 жылы 1 қазанда Семейдің өлшем және таразы палатасының аты Қазақстанның аймақтық өлшем және таразы салыстырып тексеру палатасына өзгертілді, оны Вильковский Н.З. басқарды.

Қазақ Халық Комисарлар Кеңесінің шешімі бойынша 1930 жылы Қазақтың аймақтық палатасы Семейден республиканың астанасына Алматыға көшіріледі.Бұл кезде Қазақстанда тек қарапайым приборлар таразы, кірлер, сыйымдылық пен ұзындық өлшемдер мен манометрлер болған еді.

Қазақстандағы өндіріс пен мәдени-эканомикалық өмірдің дамуы, салыстырып тексеру органдардың санының өсуі мен приборлардың тексеру номенклатурасының кеңеюіне әкелді.

1931 жылы Қазақстанның Аймақтық салыстырып тексеру палатасының аты Қазақстанның аймақтық стандарттаубюросына ауыстырылды. Аймақтық бюроға метрология мен стандарттаудың қолданылу масштабтарын кеңейтіп, халық шаруашылығының барлық салаларындағы сапа мен өндіру деңгейлерін көтеру үшін тиімді амалдарын табу тапсырылды.

1933 жылы Қазақстанның аймақтық стандарттау бюросының аты Қазақ ССР ІІХК өлшем мен таразының өкілетті басқару басқармасына ауыстырылды. Одан кейін 1935 жылы Қазақ ССР ІІХК өлшем мен таразы бөліміне өзгертіледі, ал 1938 жылы Қазақ ССР өлшеу құралдары мен өлшем істері жөніндегі өкілетті басқару комитетіне ауыстырылды.

Басқарудың құрылымы орталық аппараттан және 14 облыстың өлшеуіш құралдардан және өлшем жұмысының басқармаларынан құралды. Қызметкерлер құрамы облыстарды қосқанда 129 адамнанқұралды.

1955 жылы 1-ші дәрежелі Алматы мемлекеттік басқару зертханасы құрылды, кейіннен Республикалық мемлекеттік қадағалау зертханасы болып аты ауысты.

Қазақстандағы метрологияның қарқынды дамуы 60 жылдардан басталды. Осы кездері облыстарда 2-ші және 3 ші дәрежелі зертханалары салынып жатты.

КСРО Мемстандартының Қазақстан Республикалық басқармасы 1971 жылы ақпанында құрылды.

КСРО Мемстандартының негізгі мақсаты болып келесілер табылды: елімізде стандарттау және метрология жүйесін жетілдіру, өнімдерді өндіру және пайдаланудағы шығындарды азайту, өндірістің техникалық деңгейін арттыру және өнім сапасын жоғарлату.

70 жылдары Алматыда физикалық шама бірліктердің қайта қаралуына және олардың сақталуына арнайы ғимараттар салыну негізделді. Құрылыстың бітуіне байланысты 1974 жылы аккустикалық өлшеу құралдарын, жоғары күштерді өлшеу құралдарын, жылдамдықты жәнедірілді, жоғары және төмен температураны, қысымды, жоғары жиілікті тексеруге арналған жаңа зертханалар құрылды. Бұл зертханалар тек қана Қазақстан кәсіпорыны ғана емес, сонымен қатар Орта Азия және Батыс Сібір елдерін де қамтамасыз етіп отырды.

1972 жылы Қапшағайда радиациялық бақылау құралдарын тексеру зертханасы құрылды. Зертхана үлгілі құралдармен жабдықталынды, мұнда альфа, бетта, гамма сәулелерін өлшеу құралдарымен тексеруге мүкіндік болды. Бұл 1996 жылға дейін Республикадағы жалғыз зертхана болып келді.

70 жылыдың басында Өскемен, Шымкент және Жамбыл облыстарында зертханалар салына бастады, олар 2-ші және 3-ші дәрежелі жаңа тексеру құралдарымен жабдықталынды.

1975 жылы өлшеу техникасын және стандартты қадағалайтын ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік зертханасы стандарттардың ендірілуі мен сақталуын, өндірілетін өнімнің сапасын, өнімді өндіру мен әзірлеудегі метрологиялық қамтамасыз етілуін қадағалайтын Қазақстан Республикалық стандарттау және метрология орталығы болып қайта құрылды.

1977 жылы КСРО Мемстандартыныңтапсырысы бойынша Алматы сатандарттау және метрология орталығында түсті металдар құрамындағы мемлекеттік стандарты үлгілер өндірісі құрылды.

1992 жылы ҚР - сы өз алдына дербес мемлекет болуы мемстандарт жүйесінің және республика экономикасының өзгеруіне себепші болды, өйткеніКСРО Республикаларымен байланыс үзілген еді.

Республикадағы мемстандарттың күрделі тапсырмасы болып келесілер табылды: Қазақстандағы Ұлттық эталондық базасын құру және дамыту, ұлттық нормативті құжаттарды жасау және олардың халықаралық талаптарын үйлестіру. Жоғарыдағы көрсетілген талаптарды жүзеге асыру үшін ҚР - ның Үкіметі 1993 жылы 18 қаңтарда "Өлшем бірлігі туралы" ҚР- ның Заңы қабылданды.

Наши рекомендации