Жергілікті және өзін – өзі басқару органдары
Келесі мемлекеттік басқару нысаны бұл- жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйін жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өкілді органдар мәслихаттар әкімшілік-аумақтық, бөліністегі халықтың еркін білдіреді және мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, іске асыруға қажетті шараларды белгілейді және олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Мәслихаттарды тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге халық сайлайды. Мәслихат депутаты болып 20 жасқа толған азамат сайлана алады. Сонымен қатар мәслихат мәселелерімен жергілікті атқарушы орган мәселелері конституцияның 87-88-89 баптарында бекітіліп көрсетілген. Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңда көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді. Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Әлемде, негізінен, жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық француздық, кеңестік үлгілері қолданылады.
Кімшілік құқығы және оның әдіс – тәсілдері, әкімілік қатынастар және әкімшілік құқық нормалар
Әкімшілік құқық қатынастары дегеніміз— әкімшілік- құқықтық нормалармен реттелінген атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастар. Мұндай құқықтық қатынастар қолданылып жүрген заңнамаға (кодекске) немесе заңға тәуелді әкімшілік құқықтық нормаларға сәйкес атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен және олардың жұмыс істеушілерімен байланыста пайда болады, өзгереді және тоқтатылады.
Әкімшілік құқық қатынастарын үш түрге бөліп қарастыруға болады. Олар : тік (субардинациялық құқықтық қатынастар), көлбеу (үйлестіру) қатынастары, үшінші атқарушы билік органдарымен және атқарушы билік жүйесіне кірмейтін оларға бағынышты емес қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастар (азаматтар, мемлекеттік емес кәсіпорындар, мекемелер, т.б.)
Әкімшілік құқық қатынастары мазмұны жағынан материалдық және процессуалдық болып екіге бөлінеді.
Әкімшілік құқығы өзіне тиісті басқару барысындағы қатынастарды белгілі бір әдістерге сүйене отырып жүзеге асырады. Олар: өкім (әмір) түріндегі мемлекетік нұсқама арқылы реттеу әдісі, тиым салу, рұхсат ету әдісі.
Әкімшілік құқық қатынастарының құрылымы оған қатысушылармен байланысты құқық қатынастарының қатысушылары (тараптар) басқарудың субьектісі мен обьектісінен тұрады. Субьектіге басқарушы тарап ретіндегі мемлекетің еркі мен мүддесін білдіретін атқарушы билік органдары және оның лауазымды адамдары, басқа да құқықтық қатынасқа қатынасушылар. Әкімшілік құқығының обьектісіне құқықтық қатынасқа қатысушы (тарабы) жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік қызметкерлер, басқару органдарының әкімшіліктері, шетел ұйымдары және т.б..
Сондай- ақ, әкімшіліқ құқықтық қатынастарды реттеу әкімшілік нормалар арқылы реттеледі. Әкімшілік құқық нормалары экономиканың барлық саласында ( атап айтсақ, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, қоршаған орта, сауда, халыққа қызмет көрсету, т.б.) қолданылады.
Мемлекетті басқару қызметінде әкімшілік құқық нормаларының алатын орны ерекше. Әкімшілік құқықтық нормаларына Қ.Р.- ның конституциясы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, басқа салалық кодекстер мен президенттің, үкіметтің, орталық атқарушы билік органдарының актілері, Қ.Р.- ның мемлекеттік қызмет туралы заңы және басқаруды реттеу барысындағы т.б. заңдар жатады. Осы әкімшілік нормаларының ішіндегі ең негізгісі— бұл Қ.Р.- ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі. Бұл кодекс 2001 жылы 3 қаңтарда №155-ІІ Қ.Р.- сы заңымен қабылданды. Ал кейінгі жылдары бұл кодекске көптеген өзгертулер енгізілді. Бұл кодекс екі бөлімнен тұрады. Олар жалпы және ерекше бөлімдер. Жалпы бөлім әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар және олардың міндеттері мен принциптері, әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық мәселелерінен тұрады.
Ал ерекше бөлім жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық және бұл құқық бұзушылықтардың түрлі қызмет түрлеріндегі құқықтық негізі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуы сияқты мәселелер қарастырылады.
Атқарушы билік органдары мемлекеттік биліктің тармақтарын жүзеге асыратын субьектілер болып табылады. Бұл органддарсыз мемлекеттік қызметті басқаруды жүзеге асыру мүмкін емес. Жалпы атқарушы билік органдарын екіге бөлуге болады. Олар: республикалық және жергілікті. Ал атқарушы билік органдарына үкімет, республика минстрліктерінің және басқа республикалық атқарушы билік органдары жатады . Бұл жерде бір айта кететін мәселе бұл Қ.Р. Президенті 1995 жылғы Конституция бойынша президент ресми түрде атқарушы биліктің басшысы болмаса да, оның Конституцияның 40- бабының 3- тармағына сәйкес мемлекеттік билік жүйелерінің келісіп жұмыс істеуінде және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуде және басқа да минстрлерді қызметке тағайындау мен босату сияқты мәселелерде алатын рөлі зор.
Атқарушы билік және мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметтерің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері
Атқарушы билік органдары мемлекеттік биліктің тармақтарын жүзеге асыратын субьектілер болып табылады. Бұл органддарсыз мемлекеттік қызметті басқаруды жүзеге асыру мүмкін емес. Жалпы атқарушы билік органдарын екіге бөлуге болады. Олар: республикалық және жергілікті. Ал атқарушы билік органдарына үкімет, республика минстрліктерінің және басқа республикалық атқарушы билік органдары жатады . Әкімшілік құқығындағы әкімшілік құқық қатынастардың негізі бұл әкімшілік құқық бұзушылық пен әкімшілік жауаптылық мәселелері. Әкімшілік құқық бұзушылықдегеніміз-құқыққа қарсы, кінәлі жеке адамның немесе заңды тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі. Әкімшілік құқық бұзушылық мәселелерін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс реттейді. Ол бойынша 16 жасқа толғанжеке адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 32 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Кімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық және оның құқықтық негіздері мен әкімшілік құқығының қайнар көздері
Әкімшілік құқық бұзушылықдегеніміз-құқыққа қарсы, кінәлі жеке адамның немесе заңды тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі. Әкімшілік құқық бұзушылық мәселелерін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс реттейді. Ол бойынша 16 жасқа толғанжеке адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 32 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ осы кодекстің 11- бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдар заң алдында тең және тегіне, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына , нәсілі мен ұлтына, сеніміне, жұмысына, тіліне, дінге көзқарасына және істейтін жұмысының сипатына, тұратын жеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатынасына, сондай-ақ, кез—келген өзге де мән жағдайларға қарамастан әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:құқыққа қарсылығы, кінәлілігі, әкімшіліктік жазалану.Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы:обьекті, субьекті, обьективтік және субьективтік жақтардан тұрады.
18.Әкімшілік жауаптылық және әкімшіліік жаза және оның түрлері
Әкімшілік жауаптылық— өкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның әкімшілік құқықтық нормаларда қаралған,құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі жеке адамдарға немесе заңды тұлғаларға қолданатын шара. Жалпы негізде әкімшілікке жауаптылыққа тартылу: 1.Ақыл- есі дұрыс, осы кодекс бойынша белгіленген жасқа жеткен жеке адам. 2.Заңды тұлға тартылады. Ал әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән- жайларға мыналар жатады: қажетті қорғану, аса қажеттілік, негізгі тәуекел, т.б. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау барысында қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы— бұл әкімшілік жаза (44-бап). Әкімшілік жаза дегеніміз— заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Әкімшілік жазаның мақсаты Ә.Қ.Б. туралы кодекстің 44- бабының 1-2-3-4 тармақтарында айқындалған. Сондай- ақ, осы Қ.Р. Ә.Қ.Б. туралы кодекстің 45- бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке адамға мынадай әкімшілік жазалардың түрлері қолданылады
Азаматтық құқық түсінігі, азаматтық құқықтық қатынастар және азаматтық заңдар туралы түсінігі
Азаматтық құқық дегеніміз— бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, товар ақша қ,атынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы. Азаматтық қатынастарды реттеу азаматтық норма арқылы жүзеге асады. Мұндай нормаға Қ.Р-ның азаматтық кодексі жатады.
Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне:Қазақстан Республикасының конституциясы, азаматтық кодекс (жалпы және ерекше бөлім (1999 ж. 1шілде) және т.б азаматтық нормалары бар, басқа да заңдар мен осы заңдарға сәйкес қабылданған өзге де нормативтік актілер жатады.
Азаматтық құқық қатынастарын реттеу азаматтық құқықтың субъектілері мен объектілері арқылы жүзеге асады.
Азаматтық құқықты реттеу барысы арнайы тәсілдерге сәйкес жүзеге асады. Мұндай тәсілдерге заң теңдігі, екіншіден жеке және заңды тұлғалардың азаматтық құқық пен міндетті өз ниеттеріне сәйкес жүзеге асыруы және ол бойынша субьектілердің теңдігі мен заң алдында заңға ғана сәйкес қорғалуы жатады. Жалпы азаматтық құқық диспозитивтік нормаларға негізделген.
20. Азаматтық құқықтың субьектілері мен обьектілері. Заңды және жеке тұлға Азаматтық құқық субьектілеріне: жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және әкімшілік- аумақтық бірліктер жатады.
Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi 1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады. 2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға: заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. 2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға, егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың құқықтық режимi қолданылады. 3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.
Жеке тұлғаға Қ.Р.- ның азаматтары, басқа елдердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Заңды тұлғаға әртүрлі құқықтық нысанда құрылған мекеме, кәсіпорындар және ұйымдар жатады. Заңды тұлғадегеніміз— өзіндік оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелеріне жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болып оларды жүзеге асыра алатын, сотта жауапкер және талапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылада. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы және оның атауы жазылған мөрі болады.