Тақырып халықаралық шарттар құқығы

1. Құжаттардың құқығы, оның қайнар көздері және кодификациясы.

2. Халықаралық шарттарды бекітудің негізгі салалары.

3. Халықаралық шарттардың орындалуы.

Халықаралық қатынастар саласын жан-жақты зерттеу халықаралық құқық жүйесінің үздіксіз және үдемелі түрде дамып келе жатқандығы жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бүгінде халықаралық-құқықтық реттеу саласына мүлде жаңаша, бұрын қарастырылмаған тіршілік әрекет аспектілері жатқызылуда. Мемлекеттердің өзара келісімшарттарды барған сайын көптеп жасасуы және халықаралық міндеттемелердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге деген талпыныс мемлекеттердің өзара тәуелділігінің артуына негіз болуда. Мемлекеттер халықаралық міндеттемелердің едәуір санын орындай отырып өз тәжірибесінде халықыралық келісімшарттық нормаларды жүзеге асырумен және олардың орындалуын қамтамасыз етудің анағұрлым жетілген механизмдерін әзірлеумен байланысты болып келетін бірқатар мәселелерге кез болып отырады. Халықаралық келісімшарттық нормаларды жүзеге асыру проблемасының Кеңестік кезеңде жеткілікті дәрежеде зерттелгеніне қарамастан, біздің пікірімізше, аталмыш мәселені Қазақстан Республикасының дербес халықыралық-құқықтық қызметіне қатысты ой елегінен өткізудің қажеттігі орын алуда.

Қазақстан егемендігін алған сәттен бергі тарихи тұрғыдан алғанда қысқа болып келетін кезең ішінде жеткілікті дәрежеде кең халықаралық-құқықтық базаны қалыптастырып үлгерген. Қазақстан Республикасы деңгейі бойынша, реттеу тақырыбы, ену тәртібі мен көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығы бойынша әртүрлі болып келетін 2300-ден артық халықаралық келісімшарт жасасты. Халықаралық келісімшарттық нормалардың Республикамыздың аумағында жүзеге асырылуы жайлы айта отырып, олар мүлтіксіз түрде орындалып жатыр деп біржақты түрде тұжырым жасау қиын. Бұл тұрғыда белгілі бір қиындықтар кездесуде. Әрине, өзге кез келген мемлекет тәрізді Қазақстан өзінің халықыралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету барысында орын алып отырған проблемалық мәселелерді шешіп отыруға тырысады. Бұл мәселелер құқықтық механизмдердің кемшілігімен, сондай-ақ саяси жігердің жоқтығымен байланысты болуда Саяси жағдайлармен негізделген жүзеге асыру проблемаларының шешілуі шын мәнінде халықыралық келісімшарттық нормалардың талаптарын орындау барысында кездесіп отыратын барлық кедергілерді ысырып тастайды. Бұл ретте айта кететіні, ішкі мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердегі халықаралық міндеттемелердің орындалмау мәселелерін іздестіру мен келісімшарттық нормаларды жүзеге асырудың тиімді механизмдерін әзірлеу шаралары саяси сипаттағы проблемалардың мемлекет қабылдаған халықаралық міндеттемелердің орындалу барысына тигізетін әсерін азайтуға ықпал етуі мүмкін. Осыны ескерумен бізді халықыралық-құқықтық норманы жүзеге асыруды қамтамасыз етудің құқықтық жағы қызықтыруда және бұл еңбекте нормативтік-құқықтық сипаттағы мәселелерге көбірек көңіл бөлінген.

Қазақстан Республикасының ішкі мемлекеттік құқықтың халықаралық құқықтың нормаларымен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін конституциялық нормаларына келер болсақ, олар жеткілікті дәрежеде прогрессивті болып табылады деп мойындаған жөн болады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген халықаралық келісімшарттар ішкі мемлекеттік актілерге қарағанда басымдылыққа ие, ал заңдарда егер халықыралық келісімшартта өзгеше ережелер бекітілген болса, соңғысының ережелері қолданылуы тиіс екендігі көрсетілген.

Келісімшарттық тәжірибені, сондай-ақ халықаралық келісімшарттық нормаларды жүзеге асырумен байланысты болып келетін мәселелерді зерттеу ісінің теориялық тұрғыдан алғанда да, практикалық тұрғыдан алғанда да маңыздылығы жоғары екендігі түсінікті жағдай. Халықаралық келісімшарттарды, ішкі мемлекеттік рәсімдерді жүзеге асыру мәселесін ғылыми тұрғыдан зерттеу ісі әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарынан өз орнын табуға талпынып отырған мемлекет үшін ерекше маңызды болуда. Әңгіме халықаралық-құқықтық нормаларды орындауды қамтамасыз етудің өзара үйлесімді түрде ұласып жатқан ішкімемлекеттік және халықаралық механизмдерін дамыту жайында болуда. Осы тұрғыдан алғанда халықаралық келісімшарттық нормаларды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру мәселелерін зерттеу ісі бұрын-соңды кешенді түрде жүргізіліп көрмеген.

Наши рекомендации