Азақстан Республикасындағы технологиялық даму
Негізгі түсініктер: Технологиялық интеграция, еуразиялық интеграция экономикалық кеңістікБіртұтас экономикалық кеңістік
Әдебиеттер тізімі:
Мансуров Т.А. Бизнес в ЕврАзЭС в условиях Таможенного союза и Единого экономического пространства. «Литер», Казахстан, 26 сентября 2011 г.
Путин В.В. Новый интеграционный проект для Евразии — будущее, которое рождается сегодня // «Известия», 3 октября 2011 г.
Лукашенко А.Г. О судьбах нашей интеграции // «Известия», 18 октября 2011 г.
Назарбаев Н.А. Евразийский Союз: от идеи к истории будущего // «Известия», 26 октября 2011 г.
Бүгінде Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде еңсесі биік мемлекеттердің қатарында орын алып отыр. Бұл дәрежеге еліміз аймақтық және жаһандық қауіпсіздік үшін жасаған еңбегінің арқасында жетті десек қателеспейміз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Орталық Азия елдері өзінің даму стратегиясын белгілеп, аймақтағы саяси тұрақтылық пен экономнкалық даму мәселесiн көтерген еді.
XXI- ғасыр бастауында әлемдік мәдениеттердің тоғысы, олардың сан- салалы диалогы мен тұтастығы ең басты тенденцияға айналып отырған бүгінгі таңда «Еуразия» идеясының Шығыс пен Батыс өркениеттері арасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністікке дәнекер болатын әлеуметтік теңдік пен өркениет аралық ынтымақтастық идеясы екендігі дау тудырмайды. Өйткені өзіндік төлтума қасиетімен ерекшеленетін бұл идея – жаңа рухани- өнегелік кеңістігінің қалыптасуы және оның негізінде әpбip халықтың ұлттық санасының жаңғыруының, одан қалды бейбітшілік пен молшылық көзі бола алатын қуатты мемлекет құрылуының кепілі бола алады. Олай болса бұл идеяның ойдағыдай жүзеге асырылуы әлемдік мәнділігі мен қатар, Еуразиялық өркениеттің бip бөлшегі болып табылатын тәуелсіз Қазақстан үшін және оны мекендейтін басқада халықтардың ұлттық, рухани, эстетикалық-өнегелік және т.б. мұраларын одан әpi өркендетуге даңғыл жол ашып беретіні ақиқат.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың идеясын сөз жүзінде емес, iс жүзінде нақтылай icкe асыру халықтарымыздың бірлігінің интеграциясын жаңартуға, саяси, экономикалық, қорғаныс міндеттерін шешуге және мемлекеттеріміздің лайықты өмip cүpyiн қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Еуразиялық одақ» идеясының өзi осындай мақсаттарды көздеп отыр. Тәуелсіз мемлекеттерің «Еуразиялық одақ» құрудың негізгі қағидаттары – халықтардың өзін- өзі билеуге, мемлекеттік егемендікке, аумақтық және мәдени аутономияға қол сұғылмайтын құқығы бола алады. Күш-жігерді «Еуразиялық одақтың» басты негізі pетінде ТМД-ны сақтауға, қазір пайда болып келе жатқан салауатты үрдістерді қолдауға шоғырландыру өте пайдалы, өйткені оның күйреуі экономикалық байланыстарды одан әpi үзуге ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз мемлекеттердің өздері ыдырауының, түгелдей берекесіздіктің тіпті азамат соғысының болу мүмкіндігеіне әкеп соғу мүмкін.
Экономикалық, қорғаныс, сыртқы саясатты реттеуді мақсат тұтқан халықаралық органдарды «Еуразиялық одақтың» негізінде құру болып табылады. Стратегиялық мәселелерді шешу үшін «Еуразиялық одақ» үкіметі мен мемлекет басшыларын құру жоспарланып, Еуразиялық одаққа кіретін елдердің заң шығару қызметін қадағалайтын жалпы парламентке тікелей сайлау өткізу де басты назарға алынып, осының негізінде «Еуразиялық одаққа» мүшелік екі жақты қарым-қатынастардың үшінші елдермен орнатылуына еш кедергі жасамайды. Ұсынылып отырған одақтың негізгі принциптері - теңдік, мемлекттердің егемендігі мен тәуелсіздігін, әрбір мемлекеттің жекелігі мен тұлғалық құқығын сыйлау, ұлттық ерекшелігі мен болмысына нұқсан тигізбеу болып табылады. Бұл жобаны нақты icкe асырудың екі нұсқасы болуы мүмкін: бipiнші, егер достастық мемлекеттері неғұрлым тығыз өзара ic-қимыл тәртібіне көшуді қажет деп тапса, Еуразиялық одақ -ТМД ішінде құрылатын болады, сөйтіп Еуразиялық одақтың ТМД ішіндегі құрылымы неғұрлым жетілдірілген жүйе ретінде өмір cүpyi мүмкін. Keлeci нұсқасы - ТМД-ны біртіндеп Еуразиялық одаққа айналдыру. Атап айтқанда, Достастық елдерінің интеграцияның тарихы болмай қоймайтын нәрсе, ал ТМД-ны Еуразия тәуелсіз мемлекеттері одағына немесе конфедерацияға жеткізер жолдағы кезең деп есептейді.
Еуразиялық идеяны практикалық түрде icкe асыру барысында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, Еуразиялық даму банкі, Л.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет, Еуразия университеттерінің ассоциациясы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ортаазиялық одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Кеден одағы т.б сияқты жаңа құрылымдар өмірге келіп, өздерінің өміршеңдігін баршаға көрсетіп келеді. Болашақта еуразиялық аймақтың, еуразиялық аймақтық интеграцияның, еуразиялық идеяның рөлі арта түспек. Әсіресе, қазіргі ұзаққа созылған әлемдік қаржылық- экономикалық дағдарыстан еліміз жүйелі түрде жаңарып, орнықты даму жолына түсіп, әлеуметтік тұрақтылық пен халықтардың бірлігін одан әpi күшейтуде. Еуразия аймағындағы елдер арасындағы экономикалық интеграцияны өpicтeтy арқылы ғана ұлттық тәуелсіздікті нығайта аламыз.
Еуразияшылдық Қазақстанға не берді немесе не беріп жатыр?
Біріншіден, еуразияшылдық – қоғамның тарихи тұрақтылығын, жаңаруын, дәстүрін сақтайтын қарқынды даму үйлесімі. Мұның рәмізі ретінде Астана құрылысы мен мәдениетін алсақ та жеткілікті.
Екіншіден, еуразияшылдық – Еуразиялық Одаққа, посткеңестік кеңістіктің ықпалдасуына бағдар жасау. Еуразиялық ықпалдасу -экономикалық даму талаптарын басшылыққа ала отырып, егемендік пен демократияны сақтау мен нығайту қағидасы.
Үшіншіден, еуразияшылдық – Еуроодақ пен әлемдік игілікті қауымдастыққа ықпалдасуға орайласқан бағыт. Бұл – ТМД және Орталық Азия елдерімен, Қытаймен, сондай-ақ Түркиямен, араб әлемімен өңірлік серіктестіктің дамуы.
Еуразияшылдықтың осы үш бағдары қазіргі Қазақстан басшылығының практикалық саясатында көрініс тапқан. Бұл – тарихи жоспардың жүзеге аса бастауы және қазақ тарихының нақтылануы[33, 2].
Сонымен,жаңа, қазақстандықЕуразия идеясы 4 тұғырлы ерекшелігімен сипатталады. Ол, біріншіден, уақыт тұрғысынан алғанда қысқа кезеңге емес, адамзат аяқ басқан жаһандану дәуірінің үрдісіне сай келеді. Екіншіден, кеңістік жағынан қарастырғанда Еуропа, Азия, Солтүстік Африканы( кең мағынада ) қамти алатын үдерістік құбылыс.Шынында да бұл еуразиялық идея континенталдық мазмұнға ие.Оған барлығына да орын бар.Үшіншіден, мазмұны жағынан бұл доктрина ұлттық, аймақтық және жаһанданудың өзекті мәселелерін кешенді тұрғыда қамтиды. Төртіншіден, бұған дейіңгі теориялар мен тұжырымдардың ұтымды және прогресшіл жақтарын өз бойына сіңірген және оларды қазіргі жаһандану дәуіріне сай байытып, іс жүзіне асатындай жасампаз идея дәрежесіне көтерді [34].
Еуразияшылдық идеясының қазіргі кездегі мәнісі - бірнеше ірі еуразиялық мемлекеттердің стратегиялық тұрғыда бірігуі арқылы жаһанданудың барлық түрлерінің (экономикалық, әскери-қарулы күш, демографиялық, мәдени,экологиялық және т.б.) жиынтығын қамтыған континентальдық қоғамдастықты құру десе де болады.
Жалпы еуразияшылдық - тарихнамаға тағзым ету емес, осы көзқарастың негізін қалаған зиялылардың идеяларын жай ғана ретроспективті талдау емес, сондай-ақ дана тарихшы Лев Гумилевтің мұрасына деген сүйіспеншілік пен қызығушылық та емес. Бүгінгі еуразияшылдық - жаңа кезеңнен болашаққа тартылған өзіндік тарихы бар өзекті және жаңашыл құбылыс. Еуразияшылдықтың мән-мағынасын аз сөзге сыйдырсақ: ол – мәдени және еларалық тұтастықты сақтау негізіндегі әлеуметтік жаңару, экономикалық даму.
Дәріс 13.