Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с нің тұылуы және балалық шағы
Пайғамбарымыз 20 cәуір (12–рабиғул әууәл)571 жыл Меккеде туды. Әкесі Абдулла ,анасы Әмина. Әкесі дүниеден өткеннен кейін пайғамбарымыз атасының қамқорлығында болады. Абдулмутталиб немересіне Мұхаммед (көп мақтаулы) деген есімді қойды. Анасы да бұл есімді қалаған болатын. Бұл есімді сол кезге дейін ешкім қолданбаған болатын. Атасы Меккеліктерге үлкен дастархан жазып немересінің туылғанын тойлады. Меккеліктердің әдеті бойынша, балдарын дені сау болып өсуі үшін, тіліде дұрыс шықсын деп қаладан ауылға жіберетін болған. Пайғамбарымызды да біраз уақыт емгеннен кейін, сүт анасы Халимаға береді.Сол отбасыда пайғамбарымыз төрт жыл қалады. Екі жылды толтырған кезде оны Халима ана Меккеге келіп анасына тапсырмақ болады. Бірақ сол кезде бір жұқпалы дерттің тарағаны себепті, тағы біраз сол сүт анасымен қалуын жөн көреді. Сағынышын басу үшін кейде Меккеге алып келіп тұратынеді. Жалпы пайғамарымыз төрт жасқа толған кезінде анасы Әминаға қайта тапсырады.
1Пайғамбарымыз туған үйдің орнындағы кітапхана |
Пайғамбарымыздың құранда және хадисте келген есімдері: • Ахмет:Аллаға көп шүкір жасаушы, мадаққа лайық. Саф сүресі 6. • Рауф-Рахим: Аса мейрімді.Тауба ,128. • Рахмет:Мейрімді. Анбия, 107. • Нәби:Пайғамбар, Хабаршы. Шаһид:Күагер. Мубашшир:Сүйіншілеуші. Нәзир:Ескертуші. Дағи:Дағуатшы.Сираж:Жарық. Ахзаб, 45- 46. •Расул:Елші. Фатх, 29. • Мустафа:Таңдаулы. Ахмед бин Ханбәл, Муснәд, том 5, бет. 25. • Мұхаммед:Көп мақталған.Құранда төрт жерде келгенАлі Имран 144, Ахзаб 40, Мұхаммед 2 . Фатх29. •Құранда 47- ші сүре Мұхаммед есімімен аталған. |
АНАШЫМ! ! Пайғамбарымыз сүт анасы Халиманы кездестіріп тұратын. Оған деген сезімі шексіз болып, «анашым», деп , құрметін орнына қойып жүретін. Халиманың ауылы бірде құрғақшылық болып жағдайлары нашарлап, малдары қырылып қалады. Сөйтіп пайғамбарымызды іздеп келеді. Мән жайды түсінтіреді. Ол кезде Хадиша анамызбен отандасқан болатын. Халиманы жақсы қарсы алып, ас суын беріп қонақ етеді. қайтарында Хадиша анамыз пайғамбарымыздың сүт анасына қырқ қоймен бір түйе беріп шығарып салады. Бұл берілген Һадияларды алып ырза болып ауылына қайтты.(қысқартылған) Ибн Сағд Китабу’т-Табақат. 1. Том . 113- 114 бет |