Басқа да заң актілері.
Азаматтық құқықтың жүйесі
Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлың құқық және өсиетнама.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері
Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.
6-бапта:
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктеиді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,
Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау келілдіктері заңмен белгіленеді.
Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Басқа да заң актілері.
Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттің және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.
Заңға негізделген нормативтік құықтық актілер.
Заңға негізделген нормативтік құықтық актілерге әр түрлі министрліктердің, атқарушы органдардың, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқықтық актілері жатады.
Әдеттегі құқықтар.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген.
Халықаралық шарттар (конвенциялар).
Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық құқықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға қарағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халықаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз — тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т.б. жатады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз — шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру немесе мүліктік салмақ салу нысанында болып келетін жауап кершіліктің түрі.Азаматтық-құқықтық катынастың көпшілік бөлігі міндеттеменің бұзылуынан пайда болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүліктік қатынастармен байланыста болғандықтан ол төмендегідей қасиеттерімен ерекшеленеді:
а) борышкордың міндеттемені бүзуынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге өндіріп беру;
ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын кадағалау;
б) борышқорды міндеттемені орындамаганы немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу;
г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше дәлелдеу болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мынадай негізгі қызметтерді аткарады: жазалау, қалпына келтіру, тәрбиелік.
Жазалау қызметі— міндеттемені бүзған немесе шығып келтірген түлғаның мүлкінің азаюы.
Тәрбиелік қызметі— құқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.
Қалпына келтіру қызметі— шығын келген тұлғаныц мүліктік жағдайын қалпына келтіру.