Санаторий,профилакторийлер іс-әрекетін медециналық лицензиялауды ұйымдастыру.

Біздің елдің курорттық саланың негізі Қазақстан Республикасының курорттық қоры ретінде анықталатын іс жүзіндегі заңдылыққа сәйкес сол аумақта барлық есептелген және анықталған курорт, емдік сауықтыру мекен және оның табиғи емдік ресурстардың жиынтығы болып табылады.Курорттық саланың табиғи ресурстық базасын минералды сулар, емдік балшықтар, лиман және көл рапасы, емдік климат және демалуды ұйымдастыру және ауру профилактикасы мен емдеу үшін қолданатын бсқа табиғи объектілер және шарттар.Табиғи объектілердің және шраттардың емдік қасиеттері ғылыми зерттеу негізінде, көпжылдық тәжірибе негізінде бекітіледі және денсаулық сақтау сұрақтарымен айналысатын атқару биліктің органдарымен бекітіледі. Табиғи емдік ресурстар мемлекеттік меншік болып табылады. Табиғи емдік ресурстар ауруды емдеу және профилактика жасау үшін, және де демалу мақсаты үшін заңды және жеке тұлғамен ұсынылады. Табиғи емдік ресурстар ҚР үкіметімен анықталатын лицензия тәртіп негізінде ұсынылады. Табиғи емдік ресурстарды заңмен қарастырылмаған мақсат үшін қолдануға жол берілмейді. Экологиялық және санитарлы эпидемиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда сәйкесті аумақтың курорттық рекреациялық потенциалы үшін зиян келтірмейтін болса ғана ҚР үкіметі халықтың демалуына, профилактикасына және емделуіне байланысты емес мақсат үшін қолдануға рұқсат бере алады. Бальнеологиялық практикада көбіне толық зерттелген және кең қолданатын табиғи емдік ресурстар курорттар шегінде шоғырланған.

Дәстүрлі түрде Қазақстан курорттарында және курорттан тыс практикада басты табиғи емдік фактор емдік көрсеткіштің кең спекторын иеленетін сыртық және ішкі қолдануға жататын минералды сулар жатады. Қазақстан Республикасында басқа маңызды табиғи емдік фактор әр алуан емдік балшықтар және емдік климат болып табылады.

Минералды сулар курорттың типін және медициналық профилін анықтайтын негізгі табиғи емдік фактор болып табылады.

Емдік балшықтар курорттарда және курорттан тыс аяда кең қолданатын маңызы бойынша екінші болып табылатын табиғи емдік фактор. Емдік балщықтардың төрт типі бар: теңіздік және континенталды генезистің илдік минералды сульфиттік балшықтары, торфтік және сапропелевтік балшықтар, және де вулкандық типтегі көбіне сирек кездесетін балшықтар.

Курорттық істің міндеттеріне келесілер кіреді:

- курорттық істі ұйымдастырудың ғылыми негіздерін дайындау;

- санаторлы – курорттық емдеудің және сауықтырудың әдістерін және технологиясын дайындау;

- курорттық ресурстарды іздестіру;

- санаторлы – курорттық сауықытурға және емдеуге, соның ішінде рекреациялық тұтынушылыққа халықтың тұтынушылығын зерттеу;

- курорттық қызметтің құқықтық аспектілерін дайындау, курорттық қызметі лицензиялау, стандартизациялау және сертифакаттау;

- курорттық объектілерді қолдану;

- курорттық қызмет көрсетудің технологиясын жетілдіру және сапасын жоғарлату, соның ішінде орналастыру, тамақтандыру, анимациялық іс -әрекетті;

- санаторлы курорттық инфрақұрылымның ғылыми негіздерін және нормативтерін дайындау, соның ішінде курортты санитарлы қорғау.

Емдік демалу мекемелері ең қуатты материалдық базаны иеленеді, өйткені, рекреанттардың демалуы онда емделумен үйлесімділіктің болуын талап етеді, ал ол үшін күрделі медициналық жабдықтар талап етіледі.

Санаторийдің медициналақ жабдығы 2 негізгі факторға байланысты.

1. курортта қолданатын негізгі табиғи-емдік факторларға;

2. оның порфиліне.

Санаторийлер ең жақсы дамыған материалдық базаны және көп аумақты талап етеді. Санаторлы-курорттық мекемелердің аумағы 3 негізгі қызметтік зонаға бөлінеді:

1. Емдік

2. Шаруашылық

3. Селитебтік

Ең кең зона емдік болып табылады. Бұл зонада ұйықтау және емдеу корпусы, қысқы және жазғы спорттық кешендер, асхана, бос уақыттық орталық, климаттық құрал жабдықтар және санаторлық парктер орналасады.

Емдік сауықтырудың сату жүйесін қалыптастыру.

Наши рекомендации