Есімше. Көсемше. Етістіктің щақ және рай категориялары

ЕСІМШЕ. КӨСЕМШЕ. ЕТІСТІКТІҢ ШАҚ

ЖӘНЕ РАЙ КАТЕГОРИЯЛАРЫ

Көсемше екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады: 1) күрделі етістіктің құрамында келіп, негізгі іс-әрекетті білдіреді.2) қимыл- әрекеттің әр түрлі сипатын, амал-тәсілін, себеп-мақсатын білдіреді. Мысалы, Тапсырманы орындап болды. Орындап болды -күрделі етістік;орындап – негізгі іс-әрекет;болды – көмекші мәндегі етістік.Әңгімені құмарта тыңдады. Құмарта –қалай? Іс-әрекеттің амал-тәсілін білдіріп тұр.

Көсемше үштүрлі жолмен жасалады:

1) -а, -е, -й жұрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ көсемше жасалады. Мысалы, Боран соғады, мал төлдейді, ит үреді;

Ып, -іп, -пжұрнақтары арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Мысалы,Сыпайы сызып айтады, шорқақ үзіп айтады. Көсемшелер:сызып, үзіп, айтады.

Алы, -гелі, -қалы, -келіжұрнақтары келер шақ көсемше жасайды. Мысалы:айтқалы отыр, кеткелі жатыр, оқығалы жүр, келгелі отыр.

Көсемше тұлғасынакөптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды,яғникөсемше көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді.Тек -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер ғана жіктеледі, ал

-ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді.

Көсемшенің жіктелу үлгісі:

  I II   III   айт-а-мын,-мыз айт-а-сың, -айт-а-сыңдар айт-а-сыз, айт-а-сыздар айт-а-ды   бере-мін,-міз бер-е-сің, бер-е-сіңдер бер-е-сіз, бер-е-сіздер бер-е-ді   айт-ып-пын,-пыз айт-ып-сың, айт-ып-сыңдар айт-ып-сыз, айт-ып-сыздар айт-ып-ты   бер-іп-пін, бер-іп-піз бер-іп-сің, бер-іп-сіңдер бер-іп-сіз бер-іп-сіздер бер-іп-ті

КӨСЕМШЕНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ

1.Күрделі етістіктің құрамында жіктеліп келген жағдайда көсемше баяндауышқызметін атқарады.Мысалы:Біз ақырынәңгімелесіп келеміз(не істеп келеміз?)

2. Іс-әрекеттің амалын, мақсатын, т.б. білдіріп пысықтауышқызметін атқарады. Мысалы: Қасқырлар жылқығатоптанып(қалай?)келіп шапты.

ЕСІМШЕ

Есімше де – екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметтеқолданылатын етістіктің ерекше түрі.

Есімше ешқандай қосымшасыз қандай? қай? деген сұраққа жауап беріп,анықтауыш қызметінде: Айтылған (қандай?) сөз – атылған (қандай?) оқ;кім? не?деген сұраққа жауап беріп, бастауыш не баяндауыш қызметін атқарады: Көрмес (кім?) түйені де көрмейді. Ақылды байқап сөйлер.(қайтер?)

ЕСІМШЕНІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

Есімше төрттүрлі жолмен жасалады:

1)-қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады;

2)-ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін – с жұрнағы арқылыболжалды келер шақ есімше жасалады;

3)-мақ, -мек, -бақ, -бек,- пақ, -пекжұрнақтары мақсатты келер шақ есімшежасайды;

4)-атын, -етін, -йтын, -йтінжұрнақтары ауыспалы өткен шақжасайды.

Есімше көптеліп, тәуелденіп, септеліп, жіктеліпқолданылады.

Есімшенің тәуелдену үлгісі

  Оңаша     I II   III   айт-қан-ым айт-қан-ың айт-қан-ыңыз айт-қан-ы   бер-ер-ім бер-ер-ің бер-ер-іңіз бер-ер-і   кел-етін-ім кел-етін-ің кел-етін-і кел-етін-і   бар-ма-с-ым бар-ма-с-ың бар-ма-с-ы бар-ма-с-ы
  Ортақ     I II   III   айт-қан-ымыз айт-қан-(дар)ың айт-қан-(дар)ыңыз   айт-қан-(дар)ы   бер-ер-іміз бер-ер-(лер)ің бер-ер-(лер)іңіз бер-ер-(лер)і   кел-етін-іміз кел-етін-(дер)ің кел-етін-(дер)іңіз кел-етін-(дер)і   бар-ма-с-ымыз бар-ма-с-(тар)ың бар-ма-с(тар)ыңыз     бар-ма-с-(тар)ы

Есімшенің септелуүлгісі

  А.с. І.с Б.с Т.с Ж.с Ш.с К.с   айт-қан айт-қан-ның айт-қан-ға айт-қан-ды айт-қан-да айт-қан-нан айт-қан-мен   бер-ер бер-ер-дің бер-ер-ге бер-ер-ді бер-ер-де бер-ер-ден (септелмейді)   кел-етін кел-етін-нің кел-етін-ге кел-етін-ді кел-етін-де кел-етін-нен кел-етін-мен   бар-ма-с бар-ма-с-тың бар-ма-с-қа бар-ма-с-ты бар-ма-с-та бар-ма-с-тан (септелмейді)

Есімшенің жіктелу үлгісі

  I   II   III   ат-қан-мын ат-қан-быз айт-қан-сың айт-қан-сыңдар айт-қан-сыз айт-қан-сыздар айт-қан   бер-ер-мін бер-ер-міз бер-ер-сің бер-ер-сіңдер бер-ер-сіз бер-ер-сіздер бер-ер   кел-етін-мін кел-етін-біз кел-етін-сің кел-етін-сіңдер кел-етін-сіз кел-етін-сіздер кел-етін   бар-ма-с-пын бар-ма-с-пыз бар-ма-с-сың бар-ма-с-сыңдар бар-ма-с-сыз бар-ма-с-сыздар бар-ма-с

ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК

Тұйық етістік – жақпен де, шақпен де байланысты болмайтын, зат есімдерше түрленетін, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрі. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –ужұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жаз+у, сұра+у, кел+у, сұрама+у, айтыспа+у, жүгірме+у, даурықпа+у, алыстат-у, байла-у, күл-у, жалға-у, оқ(ы)-у, жіб-у, қағу, тө(к)гу, се(п)б+у, т. б.

Бұл сөздер іс-әрекеттің атауы болып тұрғандықтан, тұйық етістік мағынасында да, зат есім мәнінде де жұмсалады. Мысалы:Тұсау –жылқы малына қолданылатын құрал. Тұсау (не?) – зат есім. Жылқыны тұсаулады.Тұсаулады (қайтті?) – етістік.Тұйық етістік септеледі, тәуелденеді, бірақжіктелмейді.

Тұйық етістіктіңсептелуүлгісі:

А. с. Бару, күлмеу, дайындалулары

І. с. Барудың, күлмеудің, дайындалуларының

Б. с. Баруға, күлмеуге, дайындалуларына

Т. с. Баруды, күлмеуді, дайындалуларын

Ж. с. Баруда, күлмеуде, дайындалуларында

Ш. с. Барудан, күлмеуден, дайындалуларынан

К. с. Барумен, күлмеумен, дайындалуларымен

Тұйық етістіктіңтәуелденуүлгісі:

І ж. Оқуым, бітіруім, сөйлесуіміз

ІІ ж. Оқуың, бітіруің, сөйлесулерің

Оқуыңыз, бітіруіңіз, сөйлесулеріңіз

ІІІ ж. Оқуы, бітіруі, сөйлесулері

Наши рекомендации