Модуль. ҚаржылыҚ талдау.

[gl] 10 ТАҚЫРЫП. ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ[:]

Сабақ мақсаты:Қаржылық талдау негіздерімен таныстыру, қаржылық талдау мен басқарушылық талдау арасындағы өзара байланысты көрсету.

Түйінді сөздер: қаржылық талдау, басқарушылық талдау, баланс, деңгейлес талдау (горизонталды), сатылас талдау (вертикалды), трендік талдау, салыстармалы (кеңістікті) талдау, факторлы (интегралды) талдау, қаржылық коэффициенттер әдісі.

Дәріс жоспары 1 (сағат)

1. Қаржылық талдаумақсаты және міндеттері

2. Басқарушылық шешім қабылдауда қаржылық талдаудың ролі

3. Қаржы талдау мен басқарушылық талдау арасындағы өзара байланыс. Қаржы талдаудың әдістері

1. Қаржылық талдау қаржылық ресурстармен және ақша құралдарының ағынын қалыптастыру және қолдануға әсер ететін кәсіпорынның жоғарғы басқарушы буындарының шексіз құқығы болып табылады. Өнімнің бағасына, материалдар мен шикізат партиясын сатып алу мөлшеріне, технологияны және құралдарды ауыстыру қорларының көлеміне, бағаларды анықтаумен байланысты жеке басқарушылық шешеімдердің нәтижелілігі жалпы кәсіпорынның және оның экономикалық өсуі тұрғысынан алғанда бағалануы тиіс.

Қаржылық талдаудың негізгі қызметіне төмендегілер жатады:

- шаруашылық жүргізуші субъекттің нраықтық және іскерлік белсенділігіндегі қаржылық нәтижелердің, қаржылық жағдайлардың объективті бағасы;

- қаржылық жағдайға әсер ететін факторлрды анықтау және болашақта оған болжам жасау;

- қаржылық және инвестициялық қызмет саласындағы басқарушылық шешімдерді негіздеу және әзірлеу;

- кәсіпорынның қаржылық қызметін жақсартудағы қорларды іздеу және жұмылдыру;

- жоғарыда айтып өтілген қызметтер ұйымның қаржылық басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын қаржылық талдаудың негізгі сипатын білдіреді. Ол ұтымды басқару құрылымын қалыптастыру, ақша құралдарының қозғалысын және қаржылық нәтижелерді басқару және жоспарлаудағы іс-әрекеттердің реттелген үрдісін білдіреді.

Айтып өту қажет, жалпы басқару жүйесін құрайтын барлық тәсілдер кәсіпорынның құны мен табысын ұлғайту және коммерциялық тәуекелдерді азайтуды ұтымды етіп жүргізуі керек.

Кәсіпорынмен қабылданатын қаржылық стратегия қаржылық талдаудың барлық бағыттарын қамтиды: ішкі, сыртқы, инвестициялық және қоржындық, сонымен бірге табыс әкелетін жылжымайтын мүлікті талдау. Мұнда талдаудың барлық циклдері қолданылуы мүмкін: ретроспективті (тарихи), ағымдағы, оперативті (жедел) және болашақтағы талдау.

Бюджеттік басқару жүйесін құру үрдісінде құрылымдық бөлімшелер, қаржылық жауаптылық орталықтары (шығындар, табыстар, пайда мен инвестициялар), бизнес түрлері (тауар өндіру, сату, делдалдық және тағы басқалар), сонымен бірге қызмет бағыттары (ағымдағы, инвестициялық және қаржылық) бойынша талдамалық ақпараттар қолданылады.

Қаржылық талдаудың мазмұнын кәсіпорын басшылығы (қаржылық директор, экономика және қаржы бойынша бас директордың орынбасарымен) кәсіпорын қызметінің шаруашылық – қаржылық мақсаты және талдамалық ақпаратқа деген қажеттілікке байланысты анықтайды.

Кәсіпорын қызметіне толық талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметінің бір жылдық нәтижесіне сай жүргізіледі. Онда ұйымның, кәсіпорын немесе компанияның бірігуі және қосылу жағдайындағы банкроттыққа ұшырауына баға беріледі.

Желілік талдау қаржылық жауаптылық орталықтарының (қаржылық есептілік орталықтары), кәсіпорынның рентабельсіз бөлімшелерінің жойылуы жағдайында бюджеттендіру және бақылау жүйесінің тиімділігіне баға беру арқылы жүргізіледі.

Қаржылық талдау әдістері кәсіпорынның басшылығының алға қойған мақсатына сәйкес талдамашылар тарапынан таңдап алынады.

Әр түрлі талдау әдістерін қолдану кезінде көп түрлі факторлардың әсерлерін де есепке алу керек. Ол факторларға жоспарлау және бақылау әдістерінің қолданылу тиімділігі, бухгалтерлік есепке сенімділігі, активтер және міндеттемелерді есептеудің әртүрлі нұсқаларын қолдану шаруашылық қызметті әртараптандыру факторлары жатады.

Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын көрсететін негізгі көрсеткіштер санына ие болу табылады, яғни:

- активтер мен пассивтер құрылымының өзгеруіне;

- дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысу серпініне;

- активтердің, меншікті капитал және сату көлемінің рентабельділік деңгейі және табыстар мен шығындар мөлшеріне;

- объектінің ақша ағының құрылымындағы өзгерістерге және тағы басқалар.

Бұл жағдайда талдаушы мен басқарушыны (менеджерді) кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайы және оған жақын болашақта болжам жасау мәселелері ең қызықты болып саналады.

Қаржылық талдаудың бастапқы негізі болып бухгалтерлік есеп пен есептілік көрсеткіштері табылады. Оларды зерттеу коммерциялық қызметтің барлықаспектілерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді және жиынтық түрде жүзеге асырылған операциялар талдаушы үшін қажетті агрегатталған ақпараттарды жинақтауға жағдай жасайды.

3. Тәжірибе қаржылық талдаудың негізгі әдістерін өндіріліп шығарды. Олардың арасында келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:

- есептілікті үйрену;

- деңгейлес талдау (горизонталды);

- сатылас талдау (вертикалды);

- трендік талдау;

- салыстармалы (кеңістікті) талдау;

- факторлы (интегралды) талдау;

- қаржылық коэффициенттер әдісі.

Бухгалтерлік есептілікті үйрену – бұл баланс көрсеткіштері бойынша, балансқа қосымшалар және табыстар мен шығындар туралы есептер бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайымен танысу болып табылады. Есептілікті үйрену – бұл талдаушының талдау субъектісі мен алдын ала танысу кезеңі болып табылады.

Ол есептілік көрсеткіштері бойынша кәсіпорынның мүліктік жағдайын кәсіпорын қызметінің сипаттамасын, активтер мен пассивтер құрылымы мен құрамын білдіреді. Есептілікті үйрену үрдісінде түрлі есептілік формаларымен, олардың басқа есептілік формаларымен өзара байланысын қарастыру қажет. Сонымен, активтердің өзгерісі сату көлемімен мақсатты түрде байланысуы керек. Айтып өту керек, түрлі есептілік формалары талдау субъектісі туралы ақпаратты теңдестік болмаған күйде білдіруі мүмкін. Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның есептік кезең соңындағы мүліктік жағдайын, ал табыстар мен шығындар туралы есеп есептік кезеңдегі (ширек, жылдық) өсіп отыратын қаржылық нәтижелерді көрсетеді. Сондықтан баланс бойынша басқаша беталыстар (мысалы, көрсеткіштердің төмендеуі) ал табыстар мен шығындар туралы есепте басқаша беталыстар (мысалы, сатылу көлемі мен табыстар) белгіленуі мүмкін. Көрсеткіштер серпінінің әр түрлі бағытта болуы бухгалтерлік есептілікті құру әдістемесімен немесе талдаушының талдау жүргізу барысында анықтайтын басқада ішкі және сыртқы сипаттағы факторлармен шарттасылған болу керек

Деңгейлес талдау (уақыттық) бухгалтерлік ,есептіліктегі көрсеткіштерді өткен кезеңдегі көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі

Деңгейлес талдаудағы кең таралған әдістерге төмендегілер жаттады:

- есептілік статьяларын қарпайым салыстыру және олардың өзгерісін үйрену;

- басқа статьиялардың ауытқуларымен салыстыру және олардың өзгерісін үйрену.

Мұнда бір көрсетіштің өзгерісінің басқа көрсеткіштер өзгерісіне сәйкес келмеу жағдайы болатын болса көбіне назар соған аударылады

Сатылас талдау (құрылымдық) жалпы көрсеткіштердегі кейбір баланс статьияларының үлес салмағын анықтау және алынған нәтижені өткен кезең көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі. Ол бастапқы немесе огрегаталған есептілік бойынша жүзеге асырылады. Балнысты сатылас талдау кәсіпорынның айналым және айналымнан тыс активтерін, меншікті және қарыз капиталын элименттері бойынша құрлымын анықтауға мүкіндік береді .

Сатылас және денгейлес талдау олар бір бірін толықтырып тұрады және талдамалық есептерде біргелікте қолданылады.

Трендтік талдау базистік кезең денгейінен бірнеше кезендердегі есептілік параметірлерінін салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделген. Трендтік талдау көмегімен болжамдық талдау жүзеге асырылады.

Салыстырмалы талдау кәсіпорынның ішкі шаруашылықтағы жеке көрсеткіштер негізінде жүргізіледі немесе бәсекелес компания болып табылатын фирманың шаруашылықтағы аралық көрсеткіштері арқылы да жүргізілу мүмкін.

Факторлық талдау - бұл зерттеудің детерминделген немесе стохастикалық тәсілдерінің көмегімен нәтижелі көрсеткіштерге әсер ететін жеке факторлардың (себептердің) әсерін үйрететін құбылыс. Мұнда факторлық талдау тура (жеке талдау) әрі кері (синтез) түрінде болуы мүмкін. Тура талдау әдісінде нәтижелі көрсеткіш екі құрамдас бөліке бөлінеді, ал кері талдауда жек элименттер жалпы нәтижелі көрсеткішке бірігеді. Факторлық талдауға мысал ретінде Дюпонның үш факторлы талдауын айтуға болады. Дюпонның үш факторлы талдауын меншікті капитал мен таза табыстың өзгеруіне әсет ететін себептерді үйренуге несесе зерттеуге мүмкіндік береді және (1) формуламен есептеледі. [kgl]

Наши рекомендации