Экономикалық теорияның пайда болуы және оның қалыптасуы. 3 страница

25. Нарықтың негізгі элементтері. Рынок тетіктерінің негізгі элементтері рынок бағасы, сүраныстар қатынасы, ұсыныстар мен бәсекелестік болып табылады. Сұраныс- белгілі бір уақытта, қалыпты баға жағдайында сатып аланатын тауарлар саны. Ұсыныс- өндірушінің нарықта сататын тауарларының саны. Баға жоғарлаған сайын өндірушілердің нарықта сатқысы келетін тауарларының саны артады және керісінше. Рыноктық тетіктердің өзін келесі жағдайда көрсетуге болады: сатушьлардың арасында күшті бәсекелестік болған сайын, соншалықты үлкен көлемде тауарлар ұсыну сатып алушылардың сұранысынан асатын болады, ал, рынок багасы түседі. Бұл өндірісті қысқартуға әкеп согады. Керісінше, сатушылар арасында бәсекедестік төмендегенде, төлем қабілетінің сұранысы тауар ұсынудан аса бастайды. Нәтижесінде баға өсіп, тауар өндіру пайдалы болып, ол кеңи бастайды. Бәсекелестік - бұл капиталды салу жагдайындағы ең жоғары пайда үшін кәсіпкерлер арасындағы бәсекелестік. Бәсекелестік күрестің нысаны - салааралық жэне ішкі салалық болады. Салааралық бэсеке қоғамдык ондірістегі әр түрлі салалардағы кэсіп-керлер арасында жүргізіледі, ал, ішкі салалык бәсеке - біртекті тауарлар шыгаратын кәсіпкерлер арасында болады. Бэсекелестік пайдаланатын әдістеріне байланысты бағалық және бағалық емес болып бөлінеді. Багалық бәсекелестік өндірістің көбірек оидіруші факторларын пайдалану есебінен өнімге бағаны төмендету жолымен жүргізіледі. Ал, бәсекелестіктің бағалық емес әдісіне онімнің сапасын көтеру, жарнама, сатудан кейінгі қызмет, өндірістік тыңшылық ж/е т.б. жатады.

26. Нарықтың артықшылығы мен кемшіліктері.Артықшылығы:өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу; шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану; шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі; әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті. Кемшіліктері:нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді; қоғамда теңсіздікті туғызады; тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды; нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.

27. Сұраным заңы, қисығы және оған әсер ететін факторлар. Сұраныс- белгілі бір уақытта, қалыпты баға жағдайында сатып аланатын тауарлар саны. Ақша қаражатымен қамтамасыз етілген сұраныс төлемқабілетті сұраныс деп аталынады. Сұранысқа көптеген факторлер әсер етеді, солардың ең маңыздысы-баға. Бағамен сұраныс арасында кері байланыс, баға өскен сайын сұраныс төмендейді және керісінше. Осы байланыс сұраныс заңыдеп аталынады. Бұл байланысты қисықта көрсетуге болады. Графиктегі D қисығы сұраныс қисығы, Р –баға,Q- сүраныс көлемі. D қисығы солға төмен орналасқан, себебі бағамен сұраныс арасындағы байланыс кері. Сұраныс көлемінің графикалық өзгеруі сұраныс қисығының бойымен жылжуды білдіреді. Сұраныс қисығының бойымен жылжуы, баға өзгеруінің салдарынын тауар ды сатып алу көлемі азайғанда бақалады. Сонымен қоса егер сұраныс бағалық емес факторлер әсерінен өзгеретін болса, қисықтың өзіде ығысуы мүмкін. Бағалық емес факторлерге келесілер жатады: тұтынушылық талғамның өзгеруі; сатып алушылар саны; тұтынушылар табысы; алмастырғыш және байланысты тауарлар бағасы; сатып алушылар күтулері.

Р

Q

28. Ұсыным заңы, қисығы және оған әсер ететін факторлар. Ұсыныс- өндірушінің нарықта сататын тауарларының саны. Баға жоғарлаған сайын өндірушілердің нарықта сатқысы келетін тауарларының саны артады және керісінше. Баға және ұсынылатын тауарлар саны арасындағы тура байланыс ұсыныс заңы деп аталынады. Бүл байланысты графикте үсыныс қисығы түрінде беруге болады. Графиктегі S қисығы ұсыныс қисығы, Р –баға,Q- сүраныс көлемі. S қисығы оңға жоғары орналасқан, себебі бағамен сұраныс арасындағы байланыс тура. Ұсыныс көлемінің графикалық өзгеруі ұсыныс қисығының бойымен жылжуды білдіреді. Сұраныс қисығының бойымен жылжуы, баға өзгеруінің салдарынын тауарды ұсыну көлемі өзгергенде бақалады. Сонымен қоса егер бұрыңғы шығындар көлемінде ұсынылатын тауарлар саны артса, ұсыныс қисығы оңға ығысады, ал тауарлар саны азайса, солға ығысады. Ұсыныс қисығының ығысуы бағалық емес факторлер әсерінен болады, ол факторлер: ресуртар бағасының өзгерісі; технология; салық және дотациялар; басқа тауарлардың бағасы.

Р

Q

29. Сұраным және ұсыным икемділігі. Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды. Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады. Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.∆ Q% ЕPD = ───── ∆ Р%;∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды. Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауардың бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді. Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.

30. Капиталдың мәні, ауыспалы айналымы, оның үш сатысы. Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады. Капиталдың ауыспалы айналымы- өндіріс факторлерінің құнының өндіріс және айналыс сферарасы арқылы қозғалысы, нәтижесінде олар үш кезеңнен өтіп, сәйкесінше өндіргіштік, ақшалай және тауарлы формаға айналады.

Өндірістік цикл кезеңдері:

ӨҚ

А – Т .....

Ө ..... Т '– А'

ЖК

А- бастапқы капитал (ақша); Т- тауар; ЖК – жұмыс күші; ӨҚ- өндіріс құралдары; Ө – өндіріс процесі; Т '–өндірілген тауарлар мен қызметтер; А' – өскен бастапқы капитал. Әр кезең белгілі бір қызмет атқарады: бірінші кезеңде өндіріс жағдайлары қалыптасады; екіншіде тауарлар мен қызметтер өндірісі жүзеге асады; үшіншіде тауарлар мен қызметтер сатылып, пайда алынады. Үнемі жаңарып отыратын ауыспалы айналым процесі - айналым деп аталынады. Ауыспалы айналым мен айналым арасында айырмашылық бар: бір ауыспалы айналымда (мысалы, аяқ киімнің бір партиясының өндірісі) фирмаға салынған ақшаның тек бір ғана бөлігі қайтады, бір айналым кезінде барлық салынған ақша көлемі қайтады, ол үшін бірнеше ауыспалы айналым қажет болуы мүмкін.

31. Авансталған капиталдың барлық қозғалысының үзілмей қайталанып жүріп отыруын капиталдың айналымыд.а. Айналым уақыты- ресурстар өндіріс және айналыс сферасын өтіп, бастапқы формасына қайтып келетін уақыт аралығы. Айналым уақыты өндіріс және айналым уақытынан тұрады.

32. Айналмалы капитал- өндіріс процесіне бір рет қатысып, өз құнын дайын өнімге толығымен өткізетін құралдар, олар материал, шикізат және т.б.

Негізгі капитал- өндіріс процесіне бірнеше рет қатысып, өз құнын өнімге біртіндеп өткізетін құралдар, олар ғимарат, қондырғы және т.б.

Өндіріс процесі кезінде негізгі капитал физикалық және моралды тозуға шалдығады.

Материалдық тозу:негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:

-жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;

-табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.

Материалдық тозудың екі жағы болады:

-техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;

-құндық - құнның жаңа өнімге көшуі.

Моральдық тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:

1.еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары
арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;

2.құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық
жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жогары болады.

33. Айналым жылдамдығы – бір жыл ішіндегі ресурстардың айналым саны.

Негізгі қорды (капиталды) пайдалануды сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

-қор қайтарымы - бір теңге қор құнына келетін өнім көлемін көрсетеді.

ҚҚ = Q / Қнег

ҚҚ- қор қайтарымы, Q- шығарылған өнім құныі, Қнег - негізгі өндірістік қорлардың құны.

-материал сыйымдылығы –1 теңге айналым қор құнына келетін өнім көлемін көрсетеді.

МС= Қайн / Q

МС- материал сыйымдылығы, Қайн – айналмалы қор.

34. Шығындар- иеленілген өндіріс факторлері үшін төлем.

Экономикалық әдебиеттерде «шығындар» «залал» түсініктері қатар пайдаланылады. «Залал» түсінігі материалды, табиғи және т.б. ресурстарды өндіруге жұмсалымдарды білдіреді. «Шығындар» - олар тек залалдар ғана емес, нарықта құнды формаға айналған ресурс залалдарын білідіреді.

Шығындардың әр түрлі классификациясы бар.

1.Бағалау әдісіне қарай шығындар: бухгалтерлікжәне экономикалықболып бөлінеді.

Бухгалетр іс жүзіндегі шығындарды есептейді, оның мақсаты – жүргізілген опреацияларды сипаттау. Демек, бухгалтерлік шығындар- белгілі бір өнім көлемін өндіруге кеткен өндіріс фактрорлерінің құны.

Экономист бухгалтерге қарағанда болашақты ойлайды, ол бір ресурсты қандай жолдармен пайдалануға болатынын қарастырады.

35.Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.

36.Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.).

Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады. Нақты ЖҰӨ = номинальды ЖҰӨ

баға индексі

Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.

ЖҰӨ дефляторы = номинальды ЖҰӨ

нақты ЖҰӨ

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.

ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо

Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.

Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі: ТҰӨ = ЖҰӨ - А, Мұнда А– амортизациялық жарнаның сомасы.ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.

ҰТ = ТҰӨ - ж.с.

Мұнда: ж.с. – жанама салықтар.

Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.

ЖТ = ҰТ – С+Т

мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;

Т - трансферттік төлемдер.

Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс- тұрғындардың билігінде болатын табыс.

37. Шығындар бойыншаЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:

-жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;

-кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.

-тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.

-таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.

ЖҰӨ = С+G+І+Х;

Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары; G – мемлекеттің сатып алуы; І – жалпы инвестициялар,

Х – таза экспорт.

Табыстар бойыншаесептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:

ЖҰӨ =W+R+I+P;

Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы; R – ренталық төлемдер; I – жинақ капиталының пайызы (%); P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.

38.Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.

Жиынтық ұсыныс (АS) - бағаның әр түрлі деңнейлерінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің жалры көлемі, оған келесі бағалық емес факторлер әсер етеді: табиғи және еңбек ресурстарының саны және сапасы, негізгі капитал қоры, технология деңгейі.

Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

- Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.

- Нарықтық құрырылымы.

- Өнімділік.

- Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.

Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.

39.Экономикалық өсу- барлық елдер алдында тұрған орталық экономикалық мәселе. Экономикалық өсу динамикасы бойынша ұлттық экономиканың даму деңгейін, тұрғындардың өмір сүру жағдайын сипаттайды.

Экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсудің ортақ анықтамасы жоқ. Кейбір экономикстер ЭӨ-ді екі әдіспен есептеуге болады дейді:

ü ЖҰӨ есептеу арқылы.

ü ЖҰӨ-ң жан басына шаққандағы өсімін есептеу арқылы.

Экономикалық өсу екі түрлі болады:

Интенсивті өсу- ұлттық өнімді техника мен технологияны жэетілдіру арқылы ұлғайту.

Экстенсивті өсу- қосымша өндіріс факторлерін пайдаланғаннан ұлттық өнімнің артуы.

Аралас өсу (нақты)- өндіріс факторлерін азайту және жаңа техникамен технологияны еңгізу арқылы өндірістік қуаттылықты арттыру.

Экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен %- пен есептелінеді.

Экономикалық өсудің мақсаты тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту болы табылады. Экономикалық өсудің жағамсыз салдады да бар:

-қоршаған ортаның ластатуына әкеледі;

-кейбір тұрғындарда болашаққа деген сенімсіздікті тудырады;

Экономикалық өсу көптеген факторлермен анықталады: ұсыныс факторлері, сұраныс факторлері және бөлу факторлері.

Ұсыныс факторлері: жиынтық ұснысқа әсер ететін факторлер.

Наши рекомендации