Азақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары.

• Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отырҚазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б. 1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:

• Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.

• 2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.

• 1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).

• Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.

• Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.

• 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.

• АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.

• 70.Қазақстан -2050 стартегиясы: мазмұны мен мақсаты, міндеті

Қазақстан әлемдік аренада Еуразия кіндігіндегі қарқынды дамушы ел, халықаралық қауымдастыққа мықты экономикалық серіктес, аймақта қозғаушы күш, лидер ретінде де өзінің лайықты орнын еншілеп келеді. Қазақ елі кемел басшысы мен бірлігінің арқасында 22 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, экономикасын тұрақтандырды. Елбасының: «Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандастарымыздың жүрегінде еліне деген шексіз мақтаныш сезімін ояттық. Қазақстандықтар ертеңіне, елдің болашағына сеніммен қарайтын болды» демекші, тәуелсіздік алғалы бері ауыз толтырып айтарымыз көп. Бұл жұмылған, бірлігі жарасқан елдің табысы.

Жаңа Жолдау алдағы атқарылар іс пен қыруар жоспарларды айқындап бергені анық. Елбасы тапсырмасына сәйкес, Қазақстан тарихына енетін 10 ілкімді идеяны жүзеге асыруда еңбектенуіміз қажет. Олар – нағыз отансүйгіштікті қалыптастыратын патриотизм, экономикамыздың жаңа даму сатысын дамытатын инновациялық технологиялар, жер қойнауындағы кен байлықты игеру, инвестиция тарту үшін геологиялық зерттеулер, ауыл шаруашылық, ғылым-білім, аумақтық даму, көлік, энергетика, шағын және орта бизнес, экономика бағыттары бойынша бұдан кейінгі Қазақстанның айқын өрістеуін нақтылап бермек.

Білім беру саласында болашақ ұлт тәрбиелеуші, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаушы оқу ордасы ретінде Қыздар университетін толғандыратын мәселе – отандық ғылым-білімнің дамуы, оның тәрбиемен астаса берілуі және жастар мәселесі. Елбасының Қазақстан халқына жасаған жаңа Жолдауында осы құндылықтарға баса назар аударылған. Енді шетелдік инвестициялар елімізге ілім-білім мен жаңа технологияларды транферттеуге толықтай қолданылмақ. Студенттеріміздің әл-ауқатын көтеру мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен Үкімет 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап шәкіртақы көлемін 25 пайызға арттыруды көздеп отыр. Бұл бастама жоғары үлгерімі бар студенттерді қолдаудың тиімді жүйесі болмақ. Біз педагогикалық бағыттағы жоғары білім беретін оқу орындарының үздігі ретінде аталмыш идеяны өскелең ұрпақ үшін жасалып отырған ерекше қамқорлық деп санаймыз. Сондықтан, жастар өз тараптарынан да сапалы білім алып, еліміздің өсіп, өркендеуіне барынша атсалысулары қажет. Ал университет басшылығы осыған барлық жағдайды жасауы керек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына тікелей қатысты тапсырма берілгенін білесіздер. Университеттер алдағы уақытта академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшуге жоспарлы түрде кіріспек. Бұл тек қана қыз балаларға тәрбие беретін, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қамқорлығындағы Қыздар университеті үшін де өте маңызды.

Жылдан жылға осындай аға буын үлгісін көрген өскелең ұрпақ әрқашан зияты мен көрегендігі, парасаты мен ақылы, даналығы мен даралығы арқылы көріне бермек. Көрегенді басшы осындай тәлім мен өнеге айтқанда, жас буын қол құсырып тұруы жараспас. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса – ел болғаның қайсы?!». Сондықтан осы Жолдау арқылы біз де қарап қалмай әрекет етіп, жарқын болашағымыздың іргесін бірге қалауға атсалысқанымыз жөн. Бұл алдағы сүбелі межеміз болмақ. Бір сөзбен айтқанда, біз нұсқауланған нақты бағыт арқылы жол жүріп, оған белсенді түрде үлес қосып, іске кірісуіміз керек. Осы бағытта Қыздар университетінің ұжымы Елбасы Жолдауының толықтай жүзеге асуына барлық күш-жігерін аямайды.

Елбасы ел асыға күткен биылғы Жолдауында ата-бабамыз арман еткен «Мәңгілік Қазақстан» жобасының тұсауын кесті. Бұл дегеніміз – Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену бағытында уақытпен бәс тігіп отыр деген сөз. Мезгіл мен мерзімге тасталынған бәсеке, ерен күш-қайратты қажет ететін тың идея. «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін естіп, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!», – деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бұл «Мәңгілік Қазақстан» идеясы әлемде теңдесі жоқ жоба екені сөзсіз. Ол мемлекет басшысының болашаққа көз тіккен көрегендігі мен кемеңгерлігін айғақтайды.

Ал азаматтық көзқарасымыз бен патриоттық тұрғыдан Жолдаудағы мемлекеттік тілге жасалған құрметті үлкен қуанышпен қабыл алмау мүмкін емес деп ойлаймын. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», – деп мәлімдеген Елбасы шешімін таба алмай келе жатқан ұлттық мәселеге нүкте қойып, ұлтымыздың ұлық тілін биік деңгейінде жоғары бағалады.

Елбасының «Қазақстан – 2050» – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан» дегеніндей, бұл бағыт-бағдар еліміздің өмірін жақсартып, жандандыра түспек. «Қазақстан – 2050» – айқын болашаққа жол бастайтын бағдаршам, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енгізетін шамшырақ.

Наши рекомендации