Умақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау. 1 страница

ір жағдайының оң және кері жақтарына баға беру, сондай-ақ олардың еліміздің қоғамдық-саяси дамуына әсері.

Талдықорған қаласы Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында Жоңғар Алатауының батыс және Алматы облысының орталығында орналасқан. Қаланың орналасқан жері маңызды геосаясаттық мәнге ие. Осыған байланысты, тұрақты дамуды қамтамасыз ету экономиканың ғана емес, саясаттың да тұрақтылығына септігін тигізеді.

Талдықорған қаласының экономикасының негізі өнеркәсіп өндірісі болып табылады, оның базасы тиімді көлік-географиялық жағдайын есепке алып құрылған.

Бүгінгі күндегі өнеркәсіптің құрылымы және оның мамандандырылуы Талдықорған қаласын түрлі және жеткілікті дамыған өнеркәсіптік аймақ ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.

Минералды-шикізат ресурстарының және өндірістік қуаттың болуы «Құрылыс материалдары» кластерінің дамуына мүмкіндік туғызады.

Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қаланың қолайлы топырақты-климаттық жағдайының мүмкіндігі бар. Талдықорған қаласының және жақын орналасқан аудандардағы шикізат базаларының болуы, жеміс- жидек және сүт кластерінің, сонымен қатар Алматы қаласының төңірегінде азық-түлік негізін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Талдықорған әлеуетті инвесторлар үшін тартымды болып келетін белгілі факторларға ие. Бұл маңызды өндірістік-экономикалық әлеуеттің болуы – әрекет ететін Оңтүстік өнеркәсіптік аймақ, «Талдықорған» индустриалдық аймағының бос алаңы, дамыған өндірістік инфрақұрылымы, дамыған әлеуметтік инфрақұрылыммен үйлескен қолайлы су және экологиялық жағдайы.

Сонымен қатар оңтайлы жақтың бірі – көптеген байланыс қызметтерін іске асыруға мүмкіндік беретін, Талдықорған қаласының көлік-географиялық жағдайы.

Экономикалық реформа мен аумақ құрылымының қарқынды дамуы соңғы жылдары қаланың экономикалық белсенді тұрғындар санының 11,2%-ға көбеюіне, бір жанға шаққанда ақшалай табыс көлемінің 2,6 есе артуына, жұмыссыздық деңгейінің 6,0%-ға дейін төмендеуіне әкелді. Білім беру, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет нысандарының материалдық-техникалық жағдайы едәуір жақсарды.

Білім беру ұйымдары өзіндік даму мен шығармашылыққа талпынған, білімді, адамгершілігі жоғары, сыни ойланатын, дене бітімі мен рухани жағынан дамыған азаматты қалыптастыруға ықпал ететін дағдыларды дамытады және академиялық білім ұсынады.

2005 жылдан 2009 жылға дейінгі уақыт аралығында балаларға арналған мектепке дейінгі оқыту ұйымдар желісі 9 бірлікке (3-шағын-орталықтар, 6 балабақшалар) артты, 3 жалпы білім мектептері қолданысқа берілді.

Сонымен қатар, білім беру саласындағы келеңсіз жақтар 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуының төмен болуынан, білім беру ғимараттарының рухани және физикалық тұрғыда едәуір тозғандығынан, мектепке дейінгі, орта және кәсіптік-техникалық білім беру нысандарының тиісті жабдық және мүлікпен қамтылу дәрежесінің төмендігінен көрінеді.

Сонымен бірге, қала экономикасының дамуын тежейтін және бар әлеуетті толығымен қолдануға мүмкіндік бермейтін келеңсіз жақтар да бар.

Бұл ең біріншіден, мекемелер көпшілігінің негізгі өндірістік қорларының едәуір ескіруі мен жаңа технологиялық құрылғылармен жабдықталуының төмендігі энергия-, еңбек-, материалдар сыйымдылығының артуына әкеледі және шығарылған өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

Техникалық және жұмысшы мамандықтардың кәсіби кадрларының жетіспеушілігі, сонымен қатар төменгі кәсіби дайындығы қала кәсіпорындарының Техникалық және мамандандырылған білім беру ұйымдарымен жетілдірілмеген байланыс салдары болып табылады.

Ауыл шаруашылығындағы шаруашылықтың ұсақ тауарлылығы мен жер үлесі өлшемінің шағын болуы ірі көлемді (селекциялық-асыл тұқымды) жұмысты жүргізуге және ғылыми-негізделген ауыспалы егісті сақтауға, жаңа технологияларды кеңінен қолдануға, өндіріс процестерін автоматтандыру мен механикаландыруға мүмкіндік бермейді.

Суару жүйесінің техникалық жағдайының нашарлауы суғарылатын егістікті тиімсіз қолдануға және ауыл шаруашығы дақылдары өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соқты. Суару жүйесі қайта құру және күрделі жөндеуді талап етеді, оның тозуы 90%-дан астам құрайды.

Ауыл шаруашылығы техникасының жоғары тозу дәрежесі (80%-дан астам) еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өнімнің өзіндік құнының көтерілуіне және бәсекеге қабілеттілік дәрежесінің төмендеуіне әкеледі.

Жылу сақтау кешендеріндегі негізгі және қосалқы құрылғылардың едәуір тозуы байқалады, жылужелілеріндегі шығыстар 35,4%-ды, оның ішінде нормативтен тыс – 9,1%-ды құрайды.

Қазіргі кезде, жылдан жылға жүктеменің ұлғаюына байланысты істегі жылумен жабдықтау көздерінің өндірістік қуат тапшылығының қауіпі туындауда.

Өзіндік энергия көздерінің жоқтығы Республикада ең жоғарғы болып саналатын электр қуатының тарифіне өз әсерін тигізуде.

Сервистік қызмет көрсету дәрежесінің төмендігі мен білікті мамандардың болмауы республика экономикасындағы облыстың стратегиялық мамандану бағыттарының бірі болып табылатын туризмнің дамуын тежейді.

умақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау.

2.2.1 Экономикалық дамуы

Талдықорған қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі параметрлер динамикасы аймақтың өсу қарқының жылдарға және едәуір тұрақты даму деңгейін көрсетеді.

Талдықорған қаласының 2004-2009 жылдарға әлеуметтік –экономикалық дамуының көрсеткіштері

Көрсеткіштер Жылдар
Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі, % 120,8 124,9 101,3 107,1 107,9 71,4
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі ағымдағы бағамен, млрд.тенге 1,5 1,7 1,7 2,4 3,7 4,1
Барлық қаржыландыру көздерінен негізгі капиталға салынған инвестициялар динамикасы, өткен жылмен салыстырғанда %-бен 74,3 113,5 80,7 141,8 147,4 62,1
Құрылыс-монтаж жұмыстары, млрд.теңге 1,9 3,9 2,3 5,9 11,1 16,9
Бөлшек тауар айналым көлемі, салыстырмалы бағада %-бен 105,1 98,6 114,9 115,1 100,2 106,9

Талдықорған қаласының экономикасының өсу қарқынына осы салалардың үлесіне бағалау көсеткендей, көрсеткіштері бойынша салалардың ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс белсенділік танытуда.

Республикада жүргізілген экономикалық реформалар, қала экономикасының нақты секторының белсенді дамуына мүмкіндік берді.

Өнеркәсіп

Қалада 21 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорын жұмыс жасайды, олардың үлесіне өндірілген өнімнің жалпы көлемінің 81,6 % келеді.

Өнеркәсіп өндірісініңқұрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі - 75,2%, электр қуатын, газ және су өндіру және бөлу, сумен қамту үлесі - 23,9 %, кен өнеркәсібі – 0,9 %.

Өңдеу өнеркәсібі

Машина жасау саласы – 33,3%, металлдық емес минералдық өнім – 13,5%, дайын металл өнімдерін шығару – 15,5%, азық-түлік өнімдерін шығару – 10,5%, текстиль бұйымдары – 0,2% қағаз және қағаз өнімдері – 0,1%, химиялық өнеркәсіп – 0,9%, фармацевтикалық өнімдер – 0,1%, пластмасса өнімдері – 0,4%, металлургиялық өнеркәсіп өнімдері – 0,2% құрайды.

Талдықорған қаласы республикада электр аккумуляторлар, жоғары вольттық электр желілір үшін темірбетон және металл тіректерін, өртке қарсы гидранттар, сорғыштар, силикон және синтепон, ыстық мырыштаумен металлоқұрылымдар шығаратын жалғыз өндіруші болып табылады.

Машина жасау саласында 50% жуық өнімдерін Ресейге және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына экспортқа жіберуші ірі кәсіпорындар – «Қайнар - АКБ» ЖШС, «ZHERSU POWER» ЖШС.

Жалпы қалалық көлемнің 16% «Қайнар - АКБ» ЖШС (1974 жылы құрылған) үлесіне кіреді. Соңғы жылдары кәсіпорында өндірісті жетілдіру іске асырылды, жаңа технологиялар енгізілуде, бәсекеге қабілетті жаңа аккумулятор түрлерін шығаруға арналған қосымша итальяндық желісі орнатылды.

«ZHERSU POWER» ЖШС жаңа итальяндық технологиялар бойынша өзіне қызметті аз қажет ететін стартерлі аккумуляторларлық батареяларды жасап шығарады.

«АСПМК-519» ЖШС Холдингтік компаниясы «Электржүйелік құрылыс саласында құрылыс материалдары» кластеріне жетекшілік етеді. Оның құрамына 5 өнеркәсіптік («Темірбетон ЖШС, «Казинвестизолятор» ЖШС, «Интеграл» ЖШС) және 2 қызмет көрсетуші кәсіпорын кіреді. Холдинг кәсіпорындары шикізат шығару, өнім дайындау, құрылыс, құрылысы аяқталған обьектілерін монтаждау және қолданысқа беру, қолданысқа берілгеннен кейінгі қызмет көрсету бойынша өндірістік қызмет атқарады.

«Азия–Электрик» АҚ құрамына 3 өнеркәсіп кәсіпорындары кіреді («Талдықорған кабель зауыты» ЖШС, «Электр құралдары зауыты» ЖШС, «Тоқсым» ЖШС). 2010 жылдың қазан айында кабель-өткізгіш өнімдерін шығарушы екі зауыт «Талдықорған кабель зауыты» ЖШС-не біріктірілді. Бірлестіктің құрылымдық бөлімшелері кабель-өткізгіш өнімдерін және электрқуатын есептегіштерін шығарады. Биылғы жылы кабель зауытында Қазақстан бойынша жалғыз алюминий катанкаларын өндіру желісі іске қосылды.

Жеңіл өнеркәсіп бойынша «ТФ Ажар» ЖШС, «Жоңғария» ЖШС жұмыс істейді. «ТФ Ажар» ЖШС 100-ден астам түрлі тігін бұйымдарын шығарумен, оның ішінде қарулы күштер құрылымына арнайы киімдерді тігумен айналысады.

«Темир- ЭЗКО» ЖШС өндірістік-техникалық бағыттағы (түрлі люктер, қоқыс контейнерлері, өрт гидранттары және т.б) өнімдерді шығарады.

Сонымен қатар, Талдықорғанда Қазақстанда жалғыз тереңнен сорғыш өндіру зауыты «ALAKOL PLANT» ЖШС жұмыс жасайды, 2 арнайы технологиялық құрал-жабдықтар мен металлқұрылымдарын өндіру зауыты «Мирас» Машина жасау зауыты» ЖШС және «Бас Арлан» ЖШС, силикон және синтипон өндіру, олардан бұйымдар тігетін (жылы арнайы киімдер, көрпелер) «Араб ЛТД» ЖШС, май сүзгілерін шығарушы Қазақстандық зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны.

2007 жылы құрылыс саласына өнім шығаратын 2 зауыт іске қосылды: жергілікті шикізатты қолдана отырып, жаңа технология бойынша итальяндық жабдықтармен жабдықталған, керамо-граниттік тақтайшаларды шығаратын «Гранито Плюс» ЖШС және базальт талшығынан дайындалатын жылу оқшаулағыш тақталар шығаратын «Базальт ЛТД» ЖШС.

Қалада азық-түлік өнімдерін шығарумен негізінен шағын кәсіпорындар айналысады. Сүт өнімдерін «Laktis LTD» ЖШС және «Ләззат» АТК шығарады, сонымен қатар 23 шағын-наубайхана, 5 шұжық цехы, 4 макарон цехы бар.

«Ащы-Бұлақ» ШҚ жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өңдеуді іске асырады, көбінесе джем және шырындар шығарады.

«Когер ЛТД» ЖШС қала тұрғындарын жұмыртқа және құс етімен қамтамасыз етеді.

2004 жылдан 2009 жылға дейін өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2 есе өсті және 20,6 млрд. теңгені құрады. 57 жаңа нысандар қолданысқа берілді, жұмыс істейтін 33 өнідіріс кеңейтілді, 1 кәсіпорын қайта жаңғыртылды, 2274 жаңа жұмыс орны құрылды.

Өнеркәсіп құрылымында оң өзгерістер болды: жалпы өндіріс көлемінде өңдеу саласының үлесі 2004 жылғы 76,3% дан 2008 жылы 87,1% өсті, электр қуатын, бу және су өндіру және бөлу 23,5% дан 12,8% төмендеді.

Бірақ 2009 жылғы дағдарыстың салдарынан өндіріс көлемінің төмендеуіне жол берілді. Өндірістің төмендеуіне 2 экспортқа шығарушы кәсіпорын неғұрлым әсер етті «Кайнар АКБ» ЖШС және «ZHERSU POWER» ЖШС (50% дейін өнімдер ТМД елдеріне экспортқа шығарылды), сонымен қатар «АСМПК-519»ЖШС кәсіпорын желілері.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 қарашадағы «Индустриалды аймақтарды құру концепциясы туралы» №1098 Қаулысын жүзеге асыру аясында «Талдықорған» индустриалдық аймағын құру үшін қаланың шығыс өнеркәсіп аймағынан жалпы алаңы 180 гектар 2 жер учаскесі бөлінген. ТЭН бекіткеннен кейін және қаржы бөлінген соң барлық салынатын ауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымымен бірге бөлшектеп жоспарлау жобасы әзірленеді.

«Талдықорған» индустриалдық аймағына 12 млрд.тенгеге меншікті инвестицияларды тарту, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылық үшін механизациялау құралдарын өндіру, жел диірмендерін өндіру, кен өндіру өнеркәсібі үшін техника шығару, құрылыс материалдарын өндіру 15 жақын кәсіпорынды орналастыру жоспарлануда. 1000 жаңа жұмыс орны құрылады.

2009 жылы индустриалдық аймақтың аумағында ELD GLOBAL» ЖШС бетон қоспасын өндіру бойынша шағын зауыты салынған.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Оңтүстік өнеркәсіп аймағында инфрақұрылымды дамыту бойынша техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленген. Қазіргі кезде ТЭН-ге бағалау жүргізілуде. Оңтүстік өнеркәсіп аймағында қазіргі өндірісті кеңейту мен бірге жаңа өндірістерді құру бойынша 20 жуық жобалар жүзеге асыру күтілуде.

Өнеркәсіп дамуындағы негізгі мәселелер:

· Кәсіпорындардың көпшілігінде техникалық құрылғылармен аз жабдықталуы, өндіріс қорларының едәуір ескіруі («ТФ Ажар» ЖШС, «Темір-ЭЗКО» ЖШС, «Темірбетон» ЖШС, «Талдықорған электр құралдары зауыты» ЖШС, «Жетісу УПП КОС» ЖШС, «ТК Интеграл» ЖШС);

· бар өндірістік қуаттар жүктемесінің толымсыз болуы («Қайнар АКБ» ЖШС, «ТФ Ажар» ЖШС, «Бас Арлан» ЖШС, «Темірбетон» ЖШС және т.б.);

· салаға салынатын инвестициялар төмен және тұрақсыз сипатқа ие;

· кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендігі;

· екінші деңгейдегі банктерден алынатын несиелердің жоғарғы пайыздық мөлшерлемесі;

· индустриялық аймақ құру бойынша нақты механизмнің болмауы.

Индустриалды-инновациялық даму

2004 жылдан бері азық- түлік өндірісін, құрылыс материалдарын, тігін бұйымдарын және т.б арттыруға бағытталған 2,1 млрд.теңге сомаға 12 инвестициялық жоба аяқталды.

Олардың ішінде «Гранито-Плюс» ЖШС тарапынан керамо-граниттік тақтайшаларды шығару, «Базальт ЛТД» ЖШС жылу оқшаулағыш тақталарды өндіру, «SCT Казахстан» жапсырма ленталарын шығару, арматура шығаратын 2 шағын зауыт «Кенс-21» ЖШС, «LZ» ЖШС, «Араб ЛТД» ЖШС синтипон және силикон шығару, «Арқабаев» ЖК сүт өнімдерін өндіру, «Талдықорған Ет» АТК - ет өнімдерін өңдеу цехы.

2 кәсіпорын инновациялық технологияларды енгізді:

- «Токсым» ЖШС 2006 жылы полиэтиленмен қапталған кабель шығару желісін іске қосты;

- «Метакон» ЖШС 2007 жылы Қазақстанда бірінші рет металды қию және мырыштау бойынша итальяндық желісін іске қосты, электр тасымалдау желілері үшін мырышталған металл тіректерінің барлық түрлерінің өндірісі жолға қойылған.

Инновациялық іс-әрекет

2009 жылдың нәтижесі бойынша қала бойынша технологиялық инновациялар «Қайнар - АКБ» ЖШС-де енгізілген, инновациялық белсенділік көрсеткіші 1,2 құрады.

Төменгі деңгейлі иновациялық белсенділіктің себебі – шығарылған өнімге нарық сұранысының төмендеуі және сәйкесінше инновациялар енгізуге айналымдағы қаражаттың болмауы.

Мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру

Мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының аясында қалада «Кайнар АКБ» ЖШС-де Қазақстанда бұрын шығарылмаған құны 570 млн.теңгені құрайтын индустриалдық (стационарлық, жүк) қорғасын-сілтілі аккумулятор батареяларын игеру жобасын жүзеге асыру қарастырылған.

2010 жылы осы жобаны орындау барысында кәсіпорынмен «Қазақстантеміржолы» АҚ ҰК үшін семафорлық аккумуляторлар шығару игерілді. Тәжірибелі партия шығарылды және сынауға берілді. Өнімдерді сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2011 жылы апаттық резервтік қамтамасыз ету үшін аккумуляторлық батареяларын игеру жоспарлануда.

2010 жылы «Тоқсым» ЖШС алюминий катанкаларын өндіру цехы іске қосылды, бұл дайын өнімнің өзіндік құнын неғұрлым төмендетуге мүмкіндік берді, «Инфраэнерго» ЖШС SM-5 үйшік инновациялық өнімін шығаруды игерді.

«Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасын жүзеге асыруда 6 өнеркәсіп кәсіпорны қатысады. Жалпы несие сомасы 3 млрд.теңгені құрайтын 4 жоба бойынша 2 зауыт («Қайнар АКБ» ЖШС және «ZHERSU POWER» ЖШС) ЭДСМ мақұлдауын алды.

Алдағы жылдары келесі жобаларды жүзеге асыру белгіленген: жүн өнімдерін алғашқы қайта өңдеу зауытының құрылысы «Талдықорған ПОШ» , «JLC Сүт» ЖШС сүт зауытын іске қосу, «Инжетек» фракциясында автоматтандырылған ұнтақтағыштарды және бөлушілерді сатып алу және іске қосу, аккумулятор ломын қайта өңдеу цехы «ZHERSU POWER» ЖШС, «Талдыкорганстройдеталь» ЖШС жылу блоктарын шығару желісін іске қосу, құрылыс-өңдеу материалдарын өндіру бойынша «ТерракоКазахстан» ЖШС зауытын салу, «Көгер ЛТД» ЖШС құс етін қайта өңдеу цехын іске қосу, керамограниттік тақтайшаларды өндіруді жетілдіру және керамикалық бұйымдарды шығаруды енгізу «Гранито Плюс» ЖШС, ВЛЭП қайта құру және «Талдықорған кабель зауыты» ЖШС-де кезеңмен ескірген құрал- жабдықтарды ауыстыру және т.б. Жобалардың жалпы құны 108 млрд.теңгені құрайды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 15 жоба бойынша жұмыс атқарылуда, олардың ішінде:

- бірінші бағыт бойынша «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бойынша – 6 жоба, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша жалпы құны 204,4 млн.теңге сомаға 4 жоба («Талдықорған ЕТ» АТК, «Дедов» ШҚ, «Шарипов М.Н» ЖК, «Бомед Индистриал» ЖШС) және инфрақұрылымды дамыту бойынша 2 жоба «Қайнар АКБ» ЖШС, «Талдықорған кабель зауыты» ЖШС).

- екінші бағыт «Кәсіпкерлік саланы сауықтыру» сомасы 1 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба («Азия-Электрик» АҚ, «Талдықорған кабель зауыты» ЖШС, «Шарипбаев Д.Т.»ЖК, «Скворцов» ЖК, «Доскенов» ЖК, «АщыБұлак» ШҚ, «Алакол Плант» ЖШС). «Азия-Электрик» АҚ жалпы сомасы 757,6 млн. тенгені құрайтын 2 жоба мақұлданды және үш жақты келісімге қол қойылды.

- үшінші бағыт бойынша «Экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау» бойынша жалпы сомасы 4,6 млрд.теңгені құрайтын 2 жоба «Қайнар АКБ» ЖШС, «ZHERSU POWER» ЖШС. Бүгінгі күнде екі жоба мақұлдау алды, «Қайнар АКБ» ЖШС банкпен келісім-шартқа қол қойылды.

Қазақстандық мазмұнды дамыту

Қалада ұлттық компаниялардың, мемлекеттік мекемелердің, жүйеқұраушы кәсіпорындардың тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін сатып алуда қазақстандық мазмұнды ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ірі, орта және шағын кәсіпорындардың шығарылатын өнім түрлері мен өндіріс қуаты туралы толық ақпарат Облыстық тауарөндірушілер Каталогында орналасқан.

Қала республикадағы аккумулятор батареяларын, оқшауланған сымдар және кабельдер, тұрмыстық электр энергия есептегіштерін, тереңдіктен сорғыштар өнеркәсіп өнімдерінің кейбір түрлерінің негізгі өндірушісі болып табылады.

«ТФ Ажар» ЖШС Талдықорған тігін фабрикасы, «Араб ЛТД» ЖШС арнайы киім және арнайы киіммен Қарулы күштер министрлігін, ІІМ, ҰҚК, ТЖМ, «НК «КТЖ», «Қазақтелеком» АҚ қамтамасыз етеді.

Республика бойынша екі жалғыз аккумулятор зауыты ұлттық компаниялардың, республиканың ірі кәсіпорындарының, министірліктер мен ведомстволардың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді.

«АСМПК-519» ЖШС өз өнімін «КЕГОК» АҚ, «Казахтелеком» АҚ, «МРЭК» АҚ үшін жеткізеді және электр жөндеу жұмыстарын орындайды.

«Азия-Электрик» АҚ кабель-өткізгіш өнімдері мен электр энергия есептегіштерін Қазақстанның барлық аймақтарына, сонымен қатар келесі ірі компанияларға – «Қазақтелеком» АҚ, Астанадағы «Alageum Elektrik» ЖШС, Алматыдағы «Электрокомплекс-2» ЖШС, Қызылордадағы «КОР «Мұнай компаниясы» АҚ және т.б жеткізуді іске асырады.

«Мирас» Машина жасау зауыты» ЖШС - «Қазақтелеком» АҚ, «СК Кулагер» ЖШС және т.б үшін өнімдерін жеткізеді.

«Alakol Plant» ЖШС 2010 жылы химиялық сорғыштарды шығару өндірісін игеріп, «Казатомпром» үшін химиялық сорғыштарды жеткізу бойынша тендерді ұтып алды.

«Темір-ЭЗКО» ЖШС, «Бас Арлан» ЖШС, «Жоңғария» ЖШС, «Жетісу УПП КОС» ЖШС ұзақ мерзімге жасалынған келісім-шарт бойынша тұрақты тапсырыс берушілер үшін өз өнімдерін жеткізуді жасайды.

2009 жылы қазақстандық мазмұнды мониторингілеу бойынша қала кәсіпорындарымен 13,3 млрд.теңгені құрайтын келісімдер жасалды, соның ішінде 1,1 млрд.теңге ұлттық компаниялармен, жер қойнауын пайдаланушылармен және министірліктермен жасалынды.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Қаулы бойынша қазақстандық мазмұнның мониторингісін жүргізу үшін кәсіпорындар тізбесіне екі ірі кәсіпорын «Қайнар АКБ» ЖШС және «ZHERSU POWER» ЖШС енгізілген.

Өнеркәсіпті дамытудың негізгі мәселелері:

· дайын өнімге сұранысты төмендету;

· шикізат пен материалдардың кейбір бөлігі елімізде болмағандықтан сырттан әкелінеді;

Наши рекомендации