Лихан Бөкейхан мемлекеттілігі.
1905-1906 жылдары мен кейбір қазақ студенттерімен бірге Орал қаласында үгіт жұмыстарын жүргізіп, халықка елде болып жатқан оқиғаларды түсіндірдім. "Фикр" және "Уральский листок" газеттерінде мақалалар жарияладым. 1906 жылы қырдағы ауылдарды аралап жүргенімде полицляның көзіне іліктім де саяси жұмыс жүргізуіме тиым салынды.[№1].
Бұл құжат қазақ интеллигенциясының алғашқы легінің Халел Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов, Мұметжан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Жаһанша Досмұамедов сияқты белгілі өкілдерінің көпшілігі ғасыр басындағы Россияда орын алған саяси хал-ахуалға сергектікпен әрі сын көзімен қарағандығын, ал содан кейін барып қандай саяси ұйымнан үлгі алу мәселесін шешкендігін көрсетеді.
Солардың алғашқы көрінісінің бірі 1905 жылдың соңында Орал қаласында өткен Ә.Бөкейханов, Жаһанша Сейдалин, М.Дулатов, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов сияқты қазақ зиялылары өкілдерінің "бес облыстық делегаттар съезі" аталған бас қосуда жасаған "қазақ конституциялық- демократиялық" партиясын құру жөніндегі әрекеті болды. Бұл әрекет сол кезде Петербургте оқуда болған Халел Досмұхамедов тарапынан да қолдау тапты.
Демек, бірінші орыс революциясы жылдарында Ә.Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары өздерініңсаясатқа араласқан алғашқы қадамдарында сол кездепатша үкіметіне оппозицияда болған кадеттер пар-тиясын өздеріне белгілі дәрежеде үлгі тұтты.
Бұл пікірімізді Әлихан Бөкейхановтың 1910 жылғы жарияланған "Қырғыздар" (қазақтар — авт.) атты әйгілі мақаласындағы ой — тұжырымдары растай түседі.[№2,14б]. Бұл мақала 1910 жылы Петербург қаласында А.И.Костелянскийдің редакциясымен жарық көрген "Формы национального движения в современных государствах" деген кітапқа енген болатын. "Қырғыз (қазақ — авт.) халқының арасында, — деп жазды Ә.Бөкейханов осы еңбегінде, — саяси партиялар әлі пайда бола қойған жоқ ... орыстандыру саясатының ауыртпалығын көтерген басқа шет аймақтардың халықтарындай, қырғыз халқы да үкіметке қарсы пікірде және орыстың оппозициялық партияларына көңіл қояды. Жақын болашақта қырғыздар арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси бағытка сай екі саяси партия құрылуы мүмкін. Оның бірін ұлттық-діни бағыттағы деп атауға болар, ал оның мақсаты қырғыздарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі қырғыз келешегі кең мағынадағы батыс мәдениетін енгізуге байланысты деп есептейтін бағыт. Бірінші бағыт мұсылман — татар партияларын үлгі тұтар, екіншісі — оппозициядағы орыс партияларын, атап айтқанда, халық бостандығы партия-сын үлгі етпек". Осы үзіндіден анық көрініп тұрғанындай, XX ғасырдың алғашқы он жылдығында Ә.Бөкейханов пен оның пікірлестері қазақтың ұлттық саяси партиясын әуел баста патша үкіметіне оппозицияда болған либералдық орыс буржуазиясының өздерін халық бостандығы партиясы деп анықтаған конституциялық демократтардың (кадеттердің) үлгісінде құруға бейім тұрғандығын аңғару қиын емес.
1905-1907 жылдар Қазақстанның саяси өмірі мен ұлттық интеллигенциянын тарихында І жәнс II мемлекеттік Думаға сайлауға дайындық пен оны өткізуге байланысты оқиғалар ерскшеленді. Бұл науқандарға ұлттық интеллигенцияның белгілі өкілдері белсенді түрде араласты.Бұл тақырып көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кіші еңбектер жазды.Солардың ішінде Ғ.Ахмедовтың таңдамалы шығармасы осы тақырып бойынша жазылған деректер болып отыр.[№3,204-211б.]
І Мемлекеттік Думаға Семей облысынан депутаттыққа түскен Ә.Бекейханов кептеген кедергілерді және отырып, депутат болып сайланды.
Алайда Ә.Бекейханов небәрі бірнеше ай ғана I Мемлекеттік Думаның депутаты болды, тіпті ол оның бірде-бір мәжілісіне қатынасып та үлгерген жоқ. Өйткені ол I Дума өз жұмысын бастаған кезде Омбы генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен үш айлық мерзімге Павлодар абақтысына отырғызылған болатын.
Өз жұмысын 1906 жылы сәуірдің 27-сінде бастаған I Мемлекеттік Думаны Николай II патшаның тікелей нұсқауымен елдің ішкі істер министрі П.Столыпин шілденің 9-нда күштеп таратып жіберді. Ә.Бөкейханов Петербургке Дума таратылғаннан соң жеткен еді. Патшаның осы әділетсіз жарлығымен келіспеген мемлекеттік Думаның либералдық, және социалистік ағымды жақтайтын депутаттарымен бірге Ә.Бөкейханов Финляндияның Выборг қаласына келіп, онда "Выборг манифесі" аталған наразылык, үндуіне қол қояды. Онда патша жарлығына наразылық ретінде халық жеңіл түрдегі қарсылық жасауға: салық төлемеуге, әскер қатарынаадам бермеуге, т.с.с. шақырылды. Полиция осы үндеуге қол қоюшыларды, олардың қатарында Әлихан Бөкейхановты да тұтқындады.
1905 жылы желтоқсанда Оралға кадеттердің Орталық комитеті басшыларына етене таныс Әлихан Бексйханов,оған бас иуші Ж.Сейдалин, жетісулықтар атынан Б.Сыртанов және М.Тынышбаев келді. Қазақ интеллигенциясының аға, орта және жас буынының екілдері бас қосқан осы мәжілісте (жоғарыда айтылғандай, "Қазақстанның бес облысы өкілдерінің бас қосуында") Россиялық кадеттер партиясының үлгісімен қазақтың ұлттық саяси ұйымын құру әрекетін жасалды .
Жаңадан дүниеге келген осы саяси ұйымның жетекшісі болып Ә.Бөкейханов бір ауыздан мойындалды. Зерттеуші Қойгелдиев өзінің Ә.Бөкейханов туралы зерттеуінде: қазақ кадеттерінің бағдарламасы... сол кезде Оралда Камиль Тухватуллиннің басқаруымен шығып түрған "Фикер" газетінде жарияланған", — дей келіп, "онда қазақ жерін бүтіндей сол елдің меншігі етіп жариялайтын заң қабылдау, ішкі Ресейден көшіп келіп қоныстану толқынын тежеу, кедей жұмысшыларға еркіндік, теңдік беру, оларға пайдалы заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу туралы, , т.с.с. талап-тілектер айтылған", — деп жазды.[№4,7б.] Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов 1913 жылдан бастап Орынборда жалпы ұлттық биресмилік "Қазақ" газетін шығара бастады. Көп ойланудын, жақсы дайындық жұыстарының нәтижесіндс дүниеге келген осы газет бірден жалпы ұлттық мәнге ие болған басылымға айналды. Оны Қазақстанның барлық аймақтарының өкілдері жаздырып алып оқи бастады. Газет 1913 жылы ақпанның 2-сінн 1918 жылы наурызға дейін шығып тұрды. Осы кезеңде оның 265 саны жарық көрді. Алғашқы жылғы оның таралымы 3 мың дана болса, кейінгі жылдары 8 мыңға жетті. "Қазақ" газеті алғашқысанынан бастап халықты ағарту, онңн саясатқа деген ынтасын арттырып, тарихи зердесін ояту және ұлттық сана-сезімді тәрбиелеу міндеттерін қойды.
Бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуы, оған байланысты отарлық езгінің күшеюі, соғыс мұқтатдарына жиналатын алым-салықтардың қисапсыз өсуі "Қазақ" төңірегіене топталған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жағдайын күрделендірді. Соғысқа оның барысында 1916 жылы майданның қара жұмыстарына Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халықтарының өкілдерін шақыру жөніндегі патша жарлығына жән осылардан туындаған салдарларға байланысты өз көзқарастары мен позицияларын анықтау ұлттық-де-мократиялық қазақ интеллигенциясы үшін оңай болған жоқ.
Қазақ қауымында патшаның маусым жарлығы мен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ ауылдың феодалдық-байшыл билеуші тобы мен жергілікті әкімшіліктің ("Туземная администрация") белгілі бөлегі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды; қазақ интеллигенциясының радикалды батыл іс-қимылға бейім аз ғана өкілдері (мәселен, Тоқаш Бокин, Жанабай Ниязбеков, Тұрар Рысқүлов, Әубәкір Жүнісов, Әліби Жангелдин,Сейітқали Меңдешев, Бәймен Алманов т.б.) халықты қарулы көтеріліске шакырып, оған өздері де қатынасты.
Ал "Қазақ" газетінің төңірегіне топтасқан либералды-демократиялық интеллигенция өкілдерінің жетекшілері (мәселен, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов) патша жарлығы мен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына байланысты радикал интеллигенттер сияқты батыл әрекеттерге бара қойған жоқ. Олар, бір жағынан, халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, оны орындамаған жағдайда қазақтар қантөгіске ұшыруы мүмкін деп санады және осыған байланысты үлкен аландаушылық білдірді. [№5,150б.]
«Қазақ» газеті 1916 жылы шілденің 6-сындағы санында патшаның жарлығы — ақиқат, сондықтан оған қарсы тұруға болмайды, деп жазса, сол жылғы тамыздың 11-індегі санында Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың және М.Дулатовтың атынан халықты ешбір қарсылықсыз патша жарлығын орындауға шақырды, ал бұлай етпеген жағдайда үкімет органдары елге жазалаушы жасақтарын шығарып, қантөгіске дейін баруы мүмкін деп сақтандырды. "Қазақ" газетінің 1916 жылғы 192-ші санында осы үш қайраткер "Алаштың азаматы" деген мақала- хаттарында:" ... қазақ қарсылық қылса, елге отряд шығады, отряд шықса, елдің берекесі кетеді, бас пен малға әлегі бірдей тиеді, елдің іргесі бұзылады", — дей келіп, қантөгіс болдырмау үшін халықты патша жарлығын орындауға шақырды. Осы газеттің 1916 жылы 207-санында "Торғай һәм Ырғыз уезінің халқына" арналған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сейітәзім Қадырбаев және Мүхамедияр Түңғашин қол қойған үндеу мақала жарияланды. Онда атап айтқанда былай делінді: "... біздің Торғай һәм Ырғыз уездерінен қазанның 15-інен бастап кісі алынбақшы еді, жастар келмеді. Сондықтан елге неше мың әскер зеңбірек шығып тұр ... көнбесеңдер Жетісу, Жизақтың күні сендердің де бастарыңа туады. Қырғын болады, босқа кан төгіледі, шаруа күйзеледі ... Қатын-бала бір қырылады, жігіт екі алынады... Бұл хатты жазушы біздер — өз балаларың, тумаларың. Бұл Кеңес осыған дейін айтылып жүргендей патша жарлығы шығысымсн "қазақтың буржуазияшыл ұлтшылдарының лидерлері ... өкімет органдарына көмек көрсету"' үшін шақырылған жоқ, керісінше, мүмкіндік болғанша қазак, жігіттерін майдан жұмыстарына жіберуді кешеуілдетудің жолдарын іздестіруге, ал майдан жұмысына алынғандар мен олардың отбастарына мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасау мүмкіндіктерін қарастыруға арналды.[№6,45б.]
Уакытша үкімет империяның Қазақстан сияқты отарлы аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-либералдық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өз комиссарларын тағайындады. Мәсслен, 1917 жылғы сәуірдің 7-сінде кадет Н.Щепкин басқарған құрамында М.Тынышбаев, Ә.Бөкейханов бар Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті қүрылды. Көп кешікпей Ә.Бөкейхнов Семей облысындағы, ал халықшыл социалист О.Шкапский мен М.Тынышбаев Жетісу—облысындағы Уакытша үкіметтік комиссарлары болып тағайындалды. М.Шоқаев, А.Бірімжанов, А.Кенесарин сияқты қазақ зиялыларының өкілдері де Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары-атқару комитеттер, коалициялық комитеттер, азаматтық комиттеттер жүйссі қалыптасты.
Ақпан революциясы женіске жетісімен Ә.Бекейханов бастап қазақ зиялыларының 15 өкілі "Қазақтарға, жаңарған Россияның ерікті азаматтарына" арналған мәлімдеме жариялады. Онда атап айтқанда былай делінді: "... Россияның барлық халықтары үшін бостандықтын, тендіктің және туысқандықтың күні туды. Жаңа қоғам мен жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтар ұйымдасуы керек. Жаңа коғамды қолдайтын барлық ұлттармен байланыса жұмыс істеу қажет.
1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бекейхановтың көзқарасы күрт езгерді. Мүны Ә.Бөкейханов кейінірек "Қазақ" газетінің 1917 жылғы 23 желтоқсандағы 256-санында жарияланған "Мен кадет партиясынан неге шықтым?" деген ашық хатында (хат "Сарыарқа" газетінің 1918 жылғы 25 қаңтарындағы № 29 санында көшіріліп басылды) жан-жақты негіздеді. Осы "сұраққа Ә.Бөкейханов негізгі үш мәселеге оқырмандардың назарын аударған: "кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн" дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сытырылып, жалаңаш шыға келеді. "
Кадет партиясы ұлт автономнясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиналып, ұлт автономиясын тікпек болдық.
Француз, орыс һәм өзге жүрттың тарихынан көрінеді, молда хүкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болмақ. Жалование алған молдалар хүкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, хүкімет ісінен бөліп қойған оң бола-ды. Мұны орысша "отделение церкви от государства" дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше қарайды.
Осы үш жол айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім. Мен мүны июлдегі жалпы қазақ съезіндеайтқан едім".[№2,174б].
Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Фергана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты. Съезге қатынасушылар саны аса көп болмағанына қарамастан (20-дан аса адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ сьездерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары болып саналғандары жалпықазақтық құрылтайға ұсынылар еді. Олар мыналар: " 1) Мемлекет билеу түрі. 2) Қазақ облыстарында авто-номия. 3) Жер мәселесі. 4) Халық милициясы. 5) Земство. 6) Оқу мәселесі. 7) Сот мәселесі. 8) Дін мәселесі. 9) Әйел мәселесі. 10) Учредительное собрание сайлануына даярлану һәм қазақ облыстарынан депутаттар. 11) Бүкіл Россия мүсылмандарының кеңесі (Шура и ислам). 12) Қазақ саяси партиясы. 13) Жетісу облысынан Петерградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.[№7,187б]. Халел Досмүхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Әлмұхамбет Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық сьезд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай съезіне дайындық және қазақтың саяси партиясын құру проблемаларына аударды.
Съезде А.Байтұрсынов пен М.Дулатов "автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру" идеясын ұсынды, ал Ә.Бөкейханов "демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы" қазақтың ұлттық-территориялық автономиясы болуын қолдады.Съезд делегаттары күн тәртібіндегі жер туралы мәселені аса ұқыптылықпен әрі жан-жақты талқылады. Осы мәселе бойынша съезд 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Оның бастылары мынаған саяды: "қазақ халқы өзіне еншілі жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін. Қазақ даласында жарамды жер аз болғандықтан қазақ пайдасынан алынып кеткен мынандай учаскалар қазақтың өзіне тоқтаусыз қайрылсын: дворянский, скотоводческий, торгово-промышленный, курортный, монастырский, переселенец... Бос учаскелерге жазылу тоқтатылсын ... Қазақтан алынған қыстаулар, тоғайлықтардағы қазак, шабындығы өзіне қайтарылсын ... Жер хақында қазақ өз алдына жер жобасын жасасын. Съезд Құрылтай съезінің болашақ депутаттарына "жер мәселесі туралы басқа саяси партиялармен келісуді" тапсырды.
Бір өзі бірнеше ғасырға татырлық ХХ ғасыр тарихы да белгілі обьективті себептерге байланысты, тек соңғы жылдары ғана жалпы адамзат тарихы контексінде, ұлттық мүдде тұрғысынан бастап зерттеле бастағандығы белгілі. Бұл ретте тарих ғылымы үшін ғасыр айнасы іспетті болған мерзімді басылымда жарияланған материалдың деректік орны ерекше. [№8.48б.].
Соңғы жылдары алаш ардагерлерінің еңбектерін жеке жинақ етіп бастыруда ұлт басылымдары материалдарының ғылыми зерттеу жұмыстарына көптеп тарылу барысында дерек авторларын қате көрсету бірінің еңбегін екіншісіне таңу сияқты осы бастан абай болатын фактілер де кездесіп жүр. Мысалы, 1994 жылы М.Қойгелдиевтің құрастыруымен Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларынан тұратын, «Шығармалары»жарық көрді. Сол жинақтың 96-99 беттерінде , «Үшінші Дума һәм қазақ » деген басылған, осы мақала ,1997 жылы шыққан Міржақып Дулатұлының шығармаларының ІІ томының 64-67 беттерінде, соңына «М.Д.» деген белгі қойылған, М.Дулатұлының мақаласы ретінде басылған. Автор ын анықтау мақсатында түпнұсқамен салыстырып қарау бұл мақаланың «Қазақ» газетінде ,1913 жылы 2 , 13 сәуірдегі, 9-10 сандарында жарияланғандығын көрсетті.Ал, «Қыр баласы» Ә.Бөкейхановтың баршаға белгілі бүркеншік аты.[№8,59-62б.].
Әлихан Бөкейхановтың 1910 жылы Санк Петербургте басылып шыққан «Киргизы» деген еңбегінде: «На киргизском языке пока нет ни одной газеты, точно так же киргизиы не распологают до сих пор своей типографией. Мысль о том и другом возникала в Киргизской степи в счастливые дни свободы, но не осуществилась... Киргизская степь покорно несла беззакония, глубоко затаив ненависть и злобу»-деп жазуы сол қажеттіліктен туындаған еді. Ол туралы тарихшы М.Қойгелдиев: «ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ ұлттық интелегенциясы үшін жалпы елдік зәру мәселелерді көтеретін қоғамдық ойға қозғау салып, бағыт бере алатын газет журналдар шығару үлкен қоғамдық мәселеге айналған болатын. Қарқаралы петициясында өкімет алдына қойылған негізгі талаптардың қатарында қазақтардың «күнделікті мұқтажын айқындап отыру үшін қазақ тілінде газет шығару қажеттілігі» деп айтылған еді»,-дейді.[№9,141б.].
Ү.Суханбердинаның аталған мазмұндалған библиографиялық көрсеткішіне енген, 1913 жылы газетте жарияланған 215 мақалааның 44-ін Ә.Бөкейхан, 32-ін М.Дулатов, 23-ін а.Байтұрсынұлы жазған. 1913 жылы ғана жер туралы айтылған. Жерге қатысты мақалалардың көбін ғасыр басындағы осы мәселенің ел таныған маманы Ә.Бөкейхан жазған.
1918 жылдың 16 қыркүйегіндегі, 265 санынан кейін «Қазақ» газеті өзінің шығуын тоқтатты. Елде Кеңес үкіметінің, большевиктер диктатурасының орнауы «Қазақ» газетінің де, Алаш ардагерлерінің де, мұндай ата салтына, ұлт дәстүріне сай ерлік істерінің бұрынғыдай жыр-дастандарға арқау болып, ауыздан-ауызға тарап, атадан балаға жетіп ұлт, ұрпақ мақтанышына айналуына кедергі болды. Елін сүйген ерлерді өз халқына жау етіп, елін сатқан ездері ер етіп көрсеткен күндер басталды. Газетте жарияланған мақалалардың басым бөлігін, ел жағдайының терең белгілері, халқымыздың ойларын озық, қаламдары жүйрік азаматтары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы және М.Дулатұлы үшеуінің жазған.
Әлихан Бөкейхан қазақтарды руға да, жүзге де жіктемеді, әлеуметтік мәртебесіне де, біліміне қарай да бөле-жармады. Қазақты біртұтас халық ретінде көргісі келді. Осы орайда ол ұсынған Алаш атауы ұлтты ұйыстыруға мұрындық болатын тамаша идея болып шықты. Бұл идеяны Әлихан Бөкейхан Алаш қозғалысы пайда болғанға дейін-ақ әрдайым айтып жүрген еді. Сонау 1910 жылдың өзінде-ақ «Қазақтар» деп аталатын тарихи очеркінде қазақтардың соғыс ұраны «Алаш деген мифтік тұлға» екенін атап өткен болатын.
1913 жылы жазған «Қазақтың тарихы» деп аталатын мақаласында Алаш атауына тереңірек тоқталып, Алаш атауының астарында «жетекші» деген мағына жатқанын айтады. «Жошы ханды халық «Алаш» деп атап кетті. Бұл «Алаштың – алаш жұртының басшысы» екенін білдіреді» деп жазады «Түрік баласы» («Қазақ», 1913, № 7).
Тәуелсіздікті байырғы хандық басқару институттары негізінде қалпына келтіруді Әлихан Бөкейхан дұрыс деп санамады. Сол себепті де ол өзгеше стартегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға ұмтылды. Бұл ұмтылыстарының бір парасы «Қарқаралы петициясы» деген атпен тарихта қалған 1905 жылғы «Қазақтардың петициясында» көрініс тапты.
«Қазақтардың петициясының» басты ұйымдастырушы және негізгі ауторы Әлихан Бөкейханның қазақ халқының бейбіт саяси талаптарын орыс императорына дереу поштамен жіберуді қолға алғаны туралы оның «Дала өлкесіндегі сайлаулар» деп аталатын очеркінде жан-жақты айтылады.
Әлихан Бөкейхан бұл талаптарды Петербургтің «Сын отечества» газеті мен Омбының «Иртыш» газетінде жариялап, оларды өзі редакциялап шықты. «Қазақтардың петициясының» төртінші тармағында «қазақ отырған жерлердің қазақтың меншігі болып саналатынын патша өкіметінен мойындауды» талап еткен Әлихан Бөкейхан «жерсіз мемлекет болмайды» деген ұстанымда болды. Қазақ жерін сақтап қалу және Ресейдің қазақ жеріне орыс шаруаларын орналастыруына жол бермеу мақсатындағы қажырлы күресті ол Санкт-Петербургтегі оқуынан Омбыға оралысымен бастап кетті.
Қазақ халқы петицияда қазақ балалары білім алатын барша бастауыш мектептерге ана тілі мен жазуын енгізуді, қазақ тілінде газет шығарып, іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді талап етті.
Әлихан Бөкейхан кейінірек сырттан таңылған жат заңдармен емес, қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін жосын-жоралғылар бойынша үкім шығаратын қазақтың байырғы билер сотын қалпына келтіруді ұсынды. Бұл ретте мысал ретінде Англиядағы сот билігін алға тартты. Ол үшін билер мен билердің сот билігін әкімшілік билікке тәуелсіз ету қажет деп санады.
Әлихан Бөкейхан кезіндегі құдыретті Қазақ хандығының бірлігі мен күш-қуатынан айырылып, отарлық тәуелділікке қалай түскенін егжей-тегжейлі зерделеп шықты.
Ол қазақ хандары мен сұлтандарының, ру көсемдері мен билерінің Ресей империясы өкілдерімен жазысқан хаттарын зерттей келе кейбірін газеттер мен арнайы жинақтарда жариялады. Сондай-ақ даланың тағы бір көшпелі элитасы – Кенесары хан бастаған қарулы көтеріліс туралы ел ауызындағы аңыз-әңгімелерді жинақтады. Әлихан Бөкейхан осы ізденістердің арқасында бірнеше келелі тұжырымдар жасап, ой қорытты.
Қазақтың бірлігі мен тәуелсіздігін сақтай алмауының ең басты себебін ол ел тізгінін ұстағандардың, тіпті ең қатерлі кездің өзінде, яғни жоңғар шапқыншылығы кезінде де ел ішінде ауызбірлік орната алмауынан көреді.
«Алаш» қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне қатысты Қошмұхаммед Кемеңгерұлы (Қошке Кемеңгеров) «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан», – деп жазды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комптетінің архиві, іс — 06610, іс-том 3 52-парақ.
2. .Бөкейхан Ә. Таңдамалы. Алматы: Өлке. 2003,224б. [№21,14б.]; [№21,174б.]
3. Ахмедов Ғ. Таңдамалы шығармалар жинағы. Естеліктер мен тарихи деректер. Алматы: Жібек жолы. 2005. Т-2. 280б.[№23,204-211б]; [№24,20б]
4. Қойгелдиев М. Алашты бұғаудан қашан босатамыз?. // Арай. 1990. № 8. [№7,6-9б.]; [№7,7б.]
5. Нысанбаев Ә. Қазақ газеті. Алматы: Қазақ. 1998.560б. [№24,150б.]; [№24,234б.]; [№281б.]; [№24,115б.]
6. Нүрпейісов К. Он алтыншы жыл және Алаш қозғалысы. // Ақиқат. 1996. №6. маусым [.25,45б.]
7. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы: Алаш, 2005. Т-2.496б.[№5,187б.]; [№5,295-297б.]; [№5,149б.]; [№5,158б.]; [№5,96б.]; [№5,76б.]
8. Атабаев Қ. Қазақ баспа сөзі Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы: Қазақ университеті. 2000.358бет. [№44,48бет]; [№44,59-62б.]; [№44,24б.]
9. Қойгелдиев М.К. Алаш қозғалысы. Алматы: Санат. 1995.303б, [№15,28-29б.]; [№15,141б.]